Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет520/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   677
ЖАЗБА  АЙТЫС  -  ерте  заманда  Шығыс  поэзиясында,  атапайтқанда,  араб.  парсы,  моңғол 
әдебиетгерінде болған үрдіс. Шығыс елдерінде көне заманнан келе жатқан осы айтыс дәстүрі 
20-ғасырдың бас кезінде қазақ арасында кең тарады. Ж. а. ауызша айтыстың жалғасы іспетгі. 
Ж. а. сауаттылыққа, тапқырлыққа, көркем бейнелеуге, ой ұшқырлығына тәрбиелейді. Сауатты 
ақындар  жұрт  алдына  шықпай,  хат  арқылы  сөз  айтысына  түсті.  Бұл  айтыс  Қазақстанның 
оңтүстік өңіріне кеңінен тараған. Егер ауызша айтысқа екі адам қатысса, Ж. а.-қа кейде бірнеше 
ақын араласады,    айтыс ұзап кетсе, сырттан біреу тоқтау сөз салып, төрелік айтады. Мыс., Т. 
Ізтілеуұлы  Кете  Жүсіп  пен  Даңмұрынның,  Қаңлы  Жүсіп  пен  Кете  Жүсіптің  айтыстарына 
аралық сөз айтып, тоқтау салған. Жұмбақтап жазып айтысу әдісі де бар. Оған Ізтілеуовтің Ш. 
Жәңгіровке он  бір  буынмен  жазған  жұмбақ  өлеңін  айтуға  болады.  Ал.  Ырысты  мен  он  алты 
ақынның  айтысы  да  жазу  түрінде  хатқа  түскен  айтыс.  Мұнда  қара  өлең  формасы  мен  ғазал 
араласып келеді.   
 
ЖАЗУШЫ  -  көркем  әдебиетті  жасаушы  адам. Ж.  жазған  шығармаларының  жанрына  қарай 
ақын, прозаик, драматург, сыншы болып бөлінеді. Ж. деген атау кітап басып шығару ісі жүзеге 
асқаннан кейін пайда болды. Халықтың қоғамдық өмірінде, оның мәдениетін дамытуда Ж-ның 
атқаратын рөлі үлкен. Ж-лар еліміздің мемл. және қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет