Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет516/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   677
ЕСІМСЕЙІТОВА  Қаршыға  (17.12.  1959  ж.т.,  Қызылорда  обл.  Сырдария  ауд.)  -  ақын.  1976  ж. 
Шиелі  ауд.  "Өскен  өңір"  газетінде  еңбек  еткен.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1982).  Қазақ  радиосының 
балалар мен жастар редакциясында қызмет атқарған.. Өлеңдері" Қарлығаш" ұжымдық жинағына 
енген (1986). "Аңсаған атамекен" кітабы жарық көрген (1994).   
 
"ЕСІМ-ЗЫЛИХА"  -дастан.  Халық  ақыны  Нұрқан  Ахметбековтің  төл  шығармасы.  1923  ж.  ел 
аузындағы аңыз-әңгімені дастан еттп жазып, 1936 ж. қолжазбасын Қазақ ұлт мәдениеті ин-тына 
(қазіргі  Әдебиет  және  өнер  ин-ты)  тапсырған.  Дастанда  ер  көңілді,  қайсар  Есім  серінің  Зылиха 
деген қызға ғашықтығы, екі жастың махаббат жолындағы әрекеті жырланады. Шығарма мазмұны 
Нұрқан  ақынның  "Есім-Қадиша"  атты  екінші  дастанымен  ұқсас.  Мұндағы  өзгешелік  қыз  есімі 
Қадиша деп алынған. Дастан нұсқасы толық, 11 буынды қара өлеңмен жазылған, "Есім-Зылиха" 
дастаны ақынның "Тосын толғау" атты жыр жинағында (1958) жарық көрген. Қолжазба нұсқасы 
Әдебиет және өнер ин-ты мәтінтану және қолжазбалар бөлімінде сақтаулы.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет