Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет551/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   677
"ЖАҢА  ӨРІС"  -  газет.  Түркістан  атқару  кеңесінің  және  Түркістан  майданының  саяси  бөлімі 
атынан шығып тұрған. Алғашқы нөмірі 1920 ж. сәуір айында жарық көрген. Оның "Шет елдерде", 
"Кеңестер  ішінде",  "Аймақ  хабарлары"  деген  бөлімдері  болған.  1920  ж.  27  шілдеде  шығуын 
тоқтатқан.   
 
ЖАҢА  СӨЗДЕР  (неологизмдер.  грек.  neos  -  жаңа,  logos  -  сөз)  -  заман,  қоғам  жаңғыруына 
байланысты туатын, жаңа заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін сөздер мен сөздер тобы. 
Жаңа сөз - ауызекі тілде немесе жазушылардың шығармаларында соны ойды таңбалаушы белгі 
ретінде беріледі. Ол заманның дамуына, уақыттың өзгеруіне байланысты тілге, сөздік қорғанып, 
оны толықтыра түседі, өз заманының айғағына айналады.   
 


ЖАҢАБАЙ Қүдайбергенұлы (1865. бұрынғы Жетісу обл. Жаркент уезі. Қырғызсай а. - 12.5.1916. 
Қырғызстан.  Қарақол)  -  би,  шешен.  Жаркент  медресесін  бітірген.  Араб,  орыс,  қытай,  моңғол 
тілдерін  меңгерген.  Жаркент  мешітін  салуға  үлес  қосқан.  1893ж.Тоғызбұлақта  (қазіргі  Ұйғыр 
ауд-нда)  қазақ-орыс  мектебін  ашқан.  Жамбыл,  Тоқтағұлмен  етене  араласып,  Тұтқа,  Көгілдір, 
Шынар, Жәміха ақындармен сөз жарысына түскен. 1916 жылғы Жетісу өңіріндегі ұлт азаттық 
қозғалысына  қатысып,  өз  руластары  қоңырбөріктерді  қаруландырып,  Қарқара  көтерілісшілері 
қатарына  қосқан.  Көтеріліс  басып-жаншылғаннан  кейін,  Ж.  Қарақол  (Қырғызстан)  абақтысына 
қамалып, серіктерімен бірге атылған. Ж. есімі Алматы обл. Ұйғыр ауд-ның орталығы Шонжыдағы 
қазақ орта мектебіне, орт. көшесіне беріліп, ескерткіш орнатылған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет