ЖАҢАБАЙ Қүдайбергенұлы (1865. бұрынғы Жетісу обл. Жаркент уезі. Қырғызсай а. - 12.5.1916.
Қырғызстан. Қарақол) - би, шешен. Жаркент медресесін бітірген. Араб, орыс, қытай, моңғол
тілдерін меңгерген. Жаркент мешітін салуға үлес қосқан. 1893ж.Тоғызбұлақта (қазіргі Ұйғыр
ауд-нда) қазақ-орыс мектебін ашқан. Жамбыл, Тоқтағұлмен етене араласып, Тұтқа, Көгілдір,
Шынар, Жәміха ақындармен сөз жарысына түскен. 1916 жылғы Жетісу өңіріндегі ұлт азаттық
қозғалысына қатысып, өз руластары қоңырбөріктерді қаруландырып, Қарқара көтерілісшілері
қатарына қосқан. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін, Ж. Қарақол (Қырғызстан) абақтысына
қамалып, серіктерімен бірге атылған. Ж. есімі Алматы обл. Ұйғыр ауд-ның орталығы Шонжыдағы
қазақ орта мектебіне, орт. көшесіне беріліп, ескерткіш орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: