Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет595/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   677
ЖОЛДИНОВ  Жүсіпбек  (1895.  Қарағанды  обл.  Ульянов  ауд.  -  ө.ж.б.)  -  ақын.  1916  жылғы 
патшаның июнь жарлығына ілігіп, майданның қара жұмысына алынады. 1921 ж. Омбы қ-ндағы 
жұмысшы  жастардың  кешкі  мектебінде  оқыған.  Сол  кездегі  ойын-сауық  үйірмелеріне  қатысып, 
тақпақ  айтып,  шағын  қойылымдарда  ойнайды.  Ұзақ  жылдар  ауылда  жүмыс  істеген,  ақындар 
айтысына қатысқан. "Ойларым" ( 1966), "Өрендерге өнеге" (1969) атты жинақтары жарық көрген. 
 
ЖОЛДЫБАЕВ  Молдабай  (1900.  Алматы  обл.  Жамбыл  ауд.  Қарасай  а.  -  1973.  сонда)  -  ақын. 
Жасынан  Жамбылға  еліктеп,  Жетісу  ақындарынан  тәлім  алып,  жыр  жаттап,  өлең  шығарып, 
шаршы топта көзге түскен. Өлеңдері ауд. газетте басылған. Қазақстанның 50 жылдығына арналған 
респ.  айтыста  М.Байбатыровпен  ("Қазақтың  қазіргі  халық  поэзиясы",  1973),  Жамбылдың  125 
жылдық  мерекесінде  Ж.Жолдиновпен  ("Жамбыл  және  қазіргі  халық  поэзиясы",  1975)  айтысқа 
түскен.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет