Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет593/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   677
ЖОЙҚЫНБЕКОВ  Қанат  (2.12.  1937  ж.т.,  Қарағанды  обл.  Нұра  ауд.  Морозов  а.)  -  жазушы. 
ҚазҰУ-ды  бітірген  (1961).  "Жазушы"  баспасында,  "Социалистік  Қазақстан"  (қазіргі  "Егемен 
Қазақстан")  газетінде  қызметкер,  "Социалистік  Қазақстанның"  (казіргі  Егемен  Қазақстан) 
Целиноград  (қазіргі  Ақмола)  обл-ндағы  тілшісі  болған.  "  Махаббат  әндері",  "Азамат  арманы", 
"Оралу",  "Біздің  ауылдың  адамдары",  "Замандастар",  "Өз  тағдырыңа  қожа  бол"  атты  прозалық 
кітаптардың, "Төрт бойдақ пен бір қыз", "Азамат болсаң" пьесаларының авторы.   
 
ЖОҚТАУ - қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының бір саласы. Халықтың асыл перзенті, елдің 
құрметтісі,  сүйіктісі,  әр  шаңырақтың  аяулысы  дүниеден  өткенде  шерлі,  азалы  әуенмен 
айтылады. Оның сүйегіне, тегіне, мінезіне дарыған асыл қасиетгері, ел-жұртқа, бауыр-туысқанға 
жасаған  жақсылықтары,  үлгі-өнегесі,  артына  қалдырған  өшпес  іздері  мен  ақыл-нақыл  сөздері 
көркем  де  мәнерлі  тілмен  жырланады.  Ж-дың  ежелгі  үлгілері  шумерлердің  Гильгамеш  туралы 
жырларында да, үнді эпосы "Махабхаратада" да, Гомердің поэмасы  " Илиадада" да кездеседі. 
Ж-дың  ең  көне  үлгілерінің  бірі  -  "Алып  Ер  Тоңғаны  жоқтау".  Ж.  жырлары  ежелгі  түркі 
халықтарына ортақ басқа әдеби мұраларда да кездеседі. Соның бірі - оғыз-қыпшақ дәуірінің (8-9 
ғ-лар)  ескерткіші  "Қорқытата  кітабындағы"  Дирсеханның  жалғыз  ұлы  Бұқашты  анасының  Ж. 
жыры.  Мұндай  Ж-лар  ауыз  әдебиетіндегі  "Қобыланды  батыр",  "Алпамыс  батыр",  "Ер  Тарғын" 
сияқгы  қаһармандық  эпостарда,  "Қозы  Көрпеш  -Баян  сүлу",  "Қыз  Жібек"  сияқты 
ғашықтықжырлардада ұшырасады. Ж. жырлары, негізінен, айтар ой сарыны, ұйқасы, образды сөз 
кестесі  жағынан  бір-біріне  ұқсас  келеді.  Әдетте  жаттанды  сөздермен  көпке  белгілі  Ж.  үлгілері 
ауызша  тарап,  көпшілігі  кейінгі  ұрпаққа  жеткен.  Осындай  Ж-лардың  бірі  -  "Мамайды  шешесі 
Қараүлек ананың жоқтауы" (1559). Ж-дың айтылған уақыты да, ондағы адамдардың өмір сүрген 
дәуірі де тарихи деректерге сәйкес. Одан бертін келе "аюдай арқыраған, күндей күркіреген" Орақ 
батырды  жоқтаудан  бастап,  Абылайды,  Бөгенбайды,  Қаздауысты  Қазыбекті,  Ш.Уәлихановты, 
М.Әуезовті,  К.Байсейітованы  жоқгайтын  жырлар  бар.  Жамбылдың  "Алғадайындағы", 
К.Әзірбаевтың "Базар-Назарындағы" әуенді ырғақтар - ежелгі халық Ж-ның үлгісімен жазылған. 
Ж. жырларын зерттеу 19 ғ-дан басталады. Ш.Уәлиханов оған алғаш баға беріп, бірнеше үлгісін 
жа-зып  алған.  Ж-ды  ауыз  әдебиетінің  бағалы  үлгісі  ретінде  жинап,  1926  ж.  "23  жоқтау"  деп 
аталатын  кітап  етіп  шығарған  А.Байтұрсынов  болды.  Кеңес  дәуірінде  С.Сейфуллин,  М.Әуезов, 
Б.Кенжебаев,  М.Ғабдуллин  өз  зерттеулерінде  Ж-дың  кейбір  нұсқаларымен  таныстырып,  мәнісін 
түсіндірген.  Онан  кейін  тілші-ғалым  Т.Арынов  Ж-ды  жүйелі  жинап,  зерттеп,  "Боздағым"  деген 
атпен кітап етіп шығарған (1990). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет