Алғашқы әңгімесі "Замандастар" жинағында жарияланған(1963). "Бекет" (1966), Ащы бал"
(1969), "Мазасыз күндер" (1970), "Қара шаңырақ" (1973), "Тіршілік" (1975) повестер мен әңгімелер
жинақтары, "Қарғын" (1980) романы, "Екі жиырма" таңдамалы повестері (1983), "Жеті желкен"
пьесалар жинағы (1987) жарық көрген. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып,
"Полынь" (1978), "Отчий дом" (1979), "Смятение" (1986), "Новоселье в старом доме" (1986)
деген атпен басылып шықты. И-тің "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977),
"Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл"
(1986), "Анасын аңсаған қыз", "Ескерткіш операциясы", "Ескі үйдегі екі кездесу", т.б. пьесалары
респ., обл. театр сахналарында қойылған. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде
жарық көрген. Гауһар тас" (реж. Ш.Бейсембаев,
1975), "Дермене" (реж. А.Әшімов, 1986),
"Тауқымет" (реж. Ұ.Қолдауова) туындылары бойынша көркем фильмдер түсірілген. ҚР мемл. сыйл.
(1992), Халықар. ПЕН клубы сыйл. (1996) лауреаты, "Құрмет" орденімен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: