Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет672/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   677
ИСАБЕКОВ  Тоқбай  (16.6.1932.  ҚХР, Құлжа  аймағы, Шипанзе  ауд.  -14.6.2003)  -  ақын.  1950  ж. 
мектепте  мұғалім,  1952  ж.  Құлжаға  қ-нда  обл.  әкімш-те  кадрлар  бөлімін  басқарған.  1955  ж. 
Қазақстанға  қоныс  аударған.  Жаркент  пед.  уч-щесін  бітірген  (1957).  Панфилов  ауд-ндағы  Кіші 
Шыған мектебінде мұғалім, 1960-75 ж, осы мектептің директоры, 1981 - 91 ж. сыныптан тыс тәрбие 
жұмыстарын ұйымдастырушы қызметін атқарған. Алғашқы өлеңдері "Іле", "Шыңжаң үнжариясы" 
жинақтарында  жарияланған.  30-дан  астам  ән  шығарған.  Әндері  "Жастық  шақ  әуендері",  "Ән 
шырқайық"  ұжымдық  жинақтарына  енген.  "Тау  гүлі"  (1979),  "Мөлдір  бұлақ"  (1977),  "Жердегі 
жазулар" (1975), "Сырлы дүние" (1982) кітаптары жарық көрген.   
 
ИСАЕВ  Базарбай  (5.10.1941  жт.,  Қызылорда  обл.  Жаңақорған  ауд.  қазіргі  Манап  а)  -  ақын, 
аудармашы. Қызылорда пед. ин-тын (қазіргі Қорқыт ата атынд. гуманит. ун-т) бітірген. Шиелі ауд. 
"Өскен өңір", Қызылорда обл. "Ленин жолы" (қазіргі "Сыр бойы"). респ. "Ленишиіл жас" (қазіргі 
"Жас Алаш"). "Социалистік Қазақстан" (қазіргі " Егемен Қазақстан") газеттерінде қызмет істеген. 
И. 1977 -86ж. ҚР Ішкі істер мин-нің аппаратында жауапты қызмет атқарған. 1986 - 90 ж. "Жалын" 
баспасында аға редактор. 1990 - 95 ж. ҚР Ішкі істер мин-нің "Сақшы - На страже" газетінде тіл-ші. 
редактордың орынбасары, ре-дактор. 1996 жылдан бастап шекара әскерлері Әскери ин-тында бөлім 
бастығының  орынбасары.  1997  жыл-дан  "Ұлан"  -  "Гвардия"  газетінің  бас  редакторы  болған.  Қазір 
"Қазақстан  сарбазы  -  Воин  Казахстана"  газетінде  жауапты  редактордың  орынбасары.  Алғашқы 
өлеңдері "Жас керуен" жинағында (1969) жарияланған. 
 
ИСАЕВ  Ибрагим  (7.1.1949  ж.т..  Қызылорда  обл.  Сырдария  ауд.  Жетікөл  а.)  -  ақын. 
ҚазҰУ-ды бітірген. Сырдария ауд. "Сырдария" газетінде әдеби қызметкер. Қызылорда обл. халық 
шығарм-ғы  үйінде  нұсқаушы-әдіскер.  Қазақстан  Жазушылар  одағында  тілші-әдіскер,  "Ара" 
журналында  фельетоншы,  "Жалын"  альманахында  редактор,  "Сахна-сцена"  журналында  бас 
редактор,  "Сақшы  -  На  страже"  газетінде,  "Арай"  журналында  бөлім  меңгеруші  қызметтерін 
атқарған.  Өлеңдері  венгр,  божар  тілдеріне  аударылған.  Коми  ақыны  И.Кургатов.  орыс  ақыны 
Н.Рубцов өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. "Ән-аға" ән альбомы 
жарық көрген. "Еңбекте үздік шыққаны үшін" медалімен марапатталған. 
 
ИСАЕВА  Гауһар  (10.1.1951  ж.т..  Алматы  обл.  Шелек  ауд.  "Қазақстан"  кеңшары)  -  жазушы, 
публицист. ҚазҰУ-ды бітірген. Қазақ радиосында жұмыс істеген. Қазір акционерлік-коммерциялық 
банк кеңесінің төрағасы және Дүние жүзі кәсіпкер қазақгары орт-ның бас директоры. "Бетбұрыс", 
"Теңізші" повестері мен әңгімелер жинағы жарық көрген. 
 
ИСАҚ Сарманбай (5.5.1952 жт.. Оңт. Қазақстан обл. Ордабасы ауд. Қайтпас а.) - ақын. Шымкент 
совхоз-техникумын  (1977).  Ал-маты  а.  ш.  ин-тын  (1988)  бітірген.  1977  -  84  ж.  Бөген  ауд. 
"Коммунизм таңы" газетінде қызметкер. Төрткөл орта мектебінде мұғалім. "Көкарал" кеңшарында 
агроном, бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1988 - 1994 ж. Оңт. Қазақстан обл. Абай ауд. 
XXI партсъезд кеңшарында агроном. 1994-98 ж. Бозарық а-ның әкімі қызметтерін атқарған. Қазір 


қалалық әкімш-те қызметкер, "Қызыл сәуле" (1992), "Үрей жайлаған дала" (1994), "Құмар" (1997), 
"Сенсация века" кітаптары жарық көрген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет