Ұн шығару өнеркәсібінде кәсіпорындарға міндетті шығыстардың базисті нормалары құрастырылған және бекітілген



бет2/3
Дата15.04.2023
өлшемі23,87 Kb.
#82971
1   2   3
Дәннің ылғалдылығы. Біздің мысалымызда дәннің ылғалдығы 12,7%-ға тең, ол базистіден 14,50-12,79= 1,71%-ға төмен.
Дәннің жылтырлығына қарай (54%) «Ережелердің» 4 кестесінде базистіден төмен әрбір ылғалдылық пайызы үшін ұн мен кебектердің суммалық шығуының арту нормасын табамыз. Бұл мысал үшін ол норма +0,5 құрайды. Осылайша, бұл өнімдердің базисті шығуын 1,71 х(+ 0,5) = +0,855% шамаға түзету қажет. Ылғалдылықтың есебінен ұнтақ жармасының, жоғарғы, бірінші және екінші сұрып ұндарының, сондай-ақ кебектердің шығуы артады. Базистік нормаларға сәйкес бұл өнімдердің шығуы суммалық түрде 1+25+ 34+18+18,5 = 96,5% құрайды. Өнімнің аталған түрлерінің базисіне енгізілетін түзетулерді ұнның, ұнтақ жармасының және кебектердің берілген шығуларына сәйкес таратады.





Суммада түзету 0,855%-ды құрайды. Егер дәннің ылғалдылығы базистіден төмен немесе жоғары болса, шығуды нақты кептіру немесе ылғалдандыруды ескере отырып есептейді. Сонымен бірге есеп үшін түзету коэффициенттерін бидай дәнінің жылтырлығын немесе кептіру нормаларын ескере отырып алады.


Дәннің күлділігі. Егер дәннің күлділігі базистіден төмен болса, бұл көрсеткіш бойынша өнімнің шығу шамасын өзгертпейді. Біздің мысалымыз үшін, дәннің күлділігі базистіден төмен (1,68% < 1,97%), яғни есеп жүргізілмейді.
Егер дәннің күлділігі базистіден жоғары болса, күлділіктің әрбір 0,01% үшін базистінің үстінен ұнның жалпы шығуынан 0,18% жеңілдік жасалады. Ол бидайдың сұрыптық ұндарды тарту барысындағы кебектерді шығу есебінен болады, ал қарабидайдың сұрыптық ұндарын тарту мен бидай мен қарабидайдың жапсырмалы ұндарын тарту барысында – 0,20% жеңілдік болады.
Дән натурасы. Егер дән натурасы 750 г/л-ден кем болса, күлділік бойынша есеп жүргізілмейді. Бұл жағдайда ұнның шығуын азайтып, кебектің шығуын 750 г/л-ден кем дән натурасының әрбір грамы үшін 0,11%-ға арттырады.
Қоқыс. Егер дәндегі қоқыс қоспасы базистіден төмен болса, бизистіден кем қоқыс қоспасының әрбір пайызы үшін өнімнің шығу шамасын 1%-ға арттырады. Дәннің бастапқы партиясында қоқыс қоспасы базистіден 1 - 0,50=0,50%-ға кем. Қоқыс қоспасы бойынша өнімнің шығуын есептеуге арналған нормаларды ескере отырып, түзету шамасы 0,50х(+1) =0,50%-ға тең. Жемшөптік қалдықтардың шығу шамасы 0,50%-ға азаяды. Ұнтақ жармасының, жоғарғы, бірінші және екінші сұрып ұндарының, сондай-ақ кебектердің шығуы артады. Өнімдердің аталған түрлерінің базистік шығуына түзетулерді тарату төменде көрсетілген.







Дән араласпасы. Дән араласпасы бойынша түзетулерді есептеуді үш топқа бөледі.
а) Базистен жоғары (1%) дән араласпасы болған жағдайда (бидайға арналған, тесігінің өлшемі 1,7х20 мм болатын електегі қалдық боп қалған қоспалардың, өзіндік жылытуға немесе кептіруге ұшыраған, өніп кеткен дәндерден басқа), базистен жоғары дән араласпасының әрбір пайызы үшін дайын өнімнің шығуын 0,15%-ға азайтады, сонымен бірге жемшөптік қалдықтардың шығуын 0,15%-ға арттырады.
Қарастырылып отырған мысалда, қоспаның бұл түрі бойынша түзетудің шамасы (1,53 - 1)х(+0,15) = +0,08% құрайды. Бұл көрсеткіш есебінен ұндар мен кебектердің шығуы 0,08%-ға азаяды, І және ІІ категориялы қалдықтардың шығуы сәйкесінше артады. Өнім түрлері бойынша түзетулерді тарату келесідей.





б) Тесігінің өлшемі 1,7х20 мм болатын електегі қалдық боп қалған қоспаларға жататын өзіндік жылытуға немесе кептіруге ұшыраған және өніп кеткен дәндердің болғанда, бидай ұнының сұрыптық тартылуы барысында мұндай дәннің әрбір пайызы үшін ұнның шығуын 0,5%-ға азайтып, кебектің шығуын сәйкесінше арттырады. Біздің мысалымызда түзетудің шамасы 0,04Х( − 0,5) = − 0,020% құрайды. Ол өнім түрлері бойынша келесідей болып таралады.





в) Тесігінің өлшемі 1,7х20 мм болатын елек өтпесінде дән араласы пен ұсақ дән болса, бидай ұнының сұрыптық тартылуы барысында ұн мен кебектердің шығуын мұндай дәннің әрбір пайыщы үшін 0,5%-ға қысқартады, І және ІІ категориялы қалдықтардың шығуын сәйкесінше арттырады. Берілген мысал үшін түзету 2,29х(− 0,5) = − 1,145%-ға тең.


Ол өнім түрлері бойынша келесідей таралады.





Өнімнің әрбір түрі үшін алынған жеңілдіктер мен үстемелердің шамасын сәйкес базистік шығуға қосады. Нәтижесінде өнімнің осы түрі үшін есептік шығуды аламыз.
Қарастырып отырған мысалды дайын өнімнің есептік шығуы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет