Н. Т. Байкадамов А. К. Абжанова


 Қазақстан Республикасында Базель III енгізудің болашағы



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата21.12.2023
өлшемі1,34 Mb.
#142055
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
4 Қазақстан Республикасында Базель III енгізудің болашағы 
 
4.1 
Қазақстан 
банк 
жүйесіне 
ӛтімділіктің 
халықаралық 
кӛрсеткіштерін енгзудің болашағы мен қиыншылықтары 
 
Жасалған базель принциптері кеңауқымды және халықаралық сипатқа ие, 
сондықтан Комитет әлемдік банк жүйелеріне Базель III ӛтудің 2012 жылдан 
2019 жылға дейін кезеңдік жоспарды құрды. Кӛптеген сарапшылар пікірінше, 
әлемдік қаржылық салаға банк жүйелерінің интеграциясы ұлттық 
экономикаларға 
халықаралық 
банк 
операцияларының 
теңқұқылы 
қатысушылары болуға мүмкіндік береді. Бұл банктік қадағалаудың 
принциптерін ӛзгертеді және бәсекелестік артықшылықтарды қолдану арқылы, 
шетел инвесторлардың сенімін нығайта,ұлттық экономикалардың жаңғыртуы 
болады.
Moody’s Analytics компаниялардың бас директоры П.Э.Шанабель 
«халықаралық Базель III нормативтерін енгізу коммерциялық банктер үшін 
мүмкіндік те, проблема да болып табылады»-деп мәлімдейді [41].
Базель III нормативтерін енгізу кезінде әрбір ұйым таңдау жасай алады 
және екі әдістің біреуін пайдалана алады-әрекет етуші ортаны кеңейту және 
жаңа норматвиті-құқықтық базаны кеңейту. Сарапшының пікірінше, бірінші
әдіс коммерциялық банк үшін мерзімдері мен шығындарына қатысты ұтымды 
және үнемді болады, яғни қолданылатын жүйеге халықаралық талаптарды 
орындау үшін қажетті ӛзгерістер мен түзетулер енгізіледі. Бірақ ол екінші әдіс-
жұмыс істеуші базаның жаңа регулятивті базаға ауыстыру кейбір ұйымдар үшін 
шығындар бойынша аса тиімді екенін теріске шығармайды, себебі оны 
енгізгенде халықаралық стандарттар дайын түрде қолданылатын болады. 
Сонымен қатар, банктер басқарудың автоматты жүйелерін және кӛрсеткіштерді 
бақылауды қолдану тиіс, себебі мұндай процесстерді қолдан жасау банктерді 
кӛптеген шығындарға, уақытты жоғалтуына, адами фактор қателіктеріне әкелуі 
мүмкін, сондықтан дұрыс модельді таңдау ӛте маңызды элемент болып 
табылады. 
Коммерциялық банктер регулятивті органдарға формалардың жиынын 
тапсыра алатындай болу үшін олар барлық қажетті мәліметтерді жинау мен 
сақтау бойынша орталықтандырылған әдістіқолданулары керек, яғни қаржылық 
бӛлімдерге мен тәуекелдерді басқару бӛлімдерінің ақпараттарына жеңіл түрде 
алуға мүмкіндік берулері қажет. Мәліметтерді орталықтандырылған түрде 
сақтау Базель III нормативтерін сәтті енгізудің маңызды критерийі болып 
табылатын формаларды толтыру мен атқарудың сапасы мен уақытылы болуын 
қамтамасыз етеді. Солай мәліметтерді орталықтандырылған түрде сақтау 
деректерді сақтау мен жеткізуге, стресс-тестілеу мен аудитті сапалы, ықшам 
түрде жүргізуге, тәуекел-менеджерлерге бастапқы тапсырмаларды шешуге 
шоғырлануға мүмкіндік береді. 
Ресей сарапшылары атап кӛрсеткендей, халықаралық стандарттарды 
қабылдағанда, коммерциялық банктердің табыстылығы едәуір түрде 


58 
қысқарады. Бір жағынан, бухгалтерлік баланстың қайта құрылымдауынан, 
тиімсіз капитал қысқаруынан және актвитердің минималды мәнін арттыруы 
есебінен ӛтімділіктің артуынан болады. Екінші жағынан, сарапшылар 
қаржыландыру үшін жобалар жоғары несие бағасына сәйкес болуы тиіс, 
несиелеу мӛлшерінің тӛмендеуі мен банк қызметтерінің қымбаттауын айтады. 
Бұл банк жүйесінің қаржылық нәтижелерінің тӛмендеуіне ғана емес, 
экономикалық ӛсу қарқынының баяулауына алып келеді. 
«ВТБ-Қазақстан» басқармасының тӛрағасы Гусаров ӛз сұхбатында Базель 
III ӛту кӛп уақытты алатынын айтты. Сонымен қатар ол Қазақстандағы 
кәсіпорындар рейтингі жеткіліксіз жоғары деңгейде орналасқандықтан, аталған 
стандарттарды енгізер алдында толық дайындақ жүргізу қажет екенін айтты. 
Банк жүйелерінде бизнес модельдегі түзетулер, меншікті капитал 
жеткіліктілігі мен банк тәуекелін басқару стратегиясын жоспарлауда ӛзгерістер 
болуы тиіс. 
Қорытындылай келе, ӛтімділік коммерциялық банк пен банк жүйенің 
тұрақтылығының, 
орнықтылығы 
мен 
сенімділігінің 
негізгі 
сапалы 
сипаттамаларының бірі болып табылады. Әлемдік қаржылық дағдарыс 
қаржылық және банк жүйелерінің күйреуін болдырмау мақсатында барлық 
банктерді ӛтімділік тәуекелін басқаруға, оны тӛмендетуге қажетті шаралар 
қабылдауға банктерді мәжбүр етті. 
Әлі де активтердің тӛмен сапасы проблемалары шешілмеді, сомма мен 
мерзім бойынша активтер мен міндеттемелер арасында үлкен үзілу байқалып 
жатыр, ал бұл банк секторының кірістілігі мен тұрақтылығына теріс әсер етеді. 
Осыған байланысты, әр банк ӛз бизнес моделін қайта қарастыру керек, ал 
қадағалу органдарына банк тәуекелдерін тӛмендету бойынша жаңа әдістерді 
және ӛзіне сапалы компонентті қосатын оларды бағалаудың жаңа 
нормативтерін жасау керек. 
Солай, Базель III стандарттарын тиімді енгізуді жүзеге асыру тым еңбекті 
кӛп қажет ететін күрделі процесс болады. Бұл нормативтер болашақта банктік 
жүйеге, жеке коммерциялық банкке тұрақты дамуға мүмкіндік береді. Әрине 
жаңа стандартар 2007-2009жж. дағдарысқа тікелей жауап реакциясы болды, 
бірақ қазіргі кӛптеген сарапшылар банктер стандарттарды енгізер алдында ӛз 
баланстарының қайта құрылымдауын ӛткізулері, ӛз несиелік портфельдердің 
сапасын арттырулары және бизнес модельдерін таңдап, ӛзгертулері керек, 
себебі аталған стандарттар толық аяқталмағанын мойындайды. Бұл кӛп уақыт 
және қаржылық шығындарды, сонымен қоса нормативтерді тиімді, сапалы 
енгізу үшін білікті персоналды қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет