Н. Т. Байкадамов А. К. Абжанова



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата21.12.2023
өлшемі1,34 Mb.
#142055
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
 
85 % 
 
I деңгейдің капиталы 
 
Консервация буфері-2,5%
 
Контрциклдық буфер 0-2,5% 
1-шідеңгейдің қосымша капиталы-
1,5% 
2-ші деңгейдің базалық капиталы-
2%
 
15 %
 
II деңгейдің капиталы
 
5. Тәуекелдердің кең ауқымы, әсіресе контрагент тәуекелі (CCR).II 
нұсқамен салыстырғанда, Комитет ӛзінің үшінші нұсқасында I деңгейдің 
капиталындағы тәуекелдерді толық жабуды қамтамасыз етуге ұмтылып жатыр 
және сәйкесінше, тәуекелдерді жабуға капиталға талаптарды арттырады. 


66 
Сауда кітабы мен секьютизирленген позицияға талаптардың едәуір ӛсімі 
базель 2,5 ұсыныстарына енгізілген болатын, сондықтан Базель III-те қаржылық 
институттарға ашық позицияларға және нұсқаулар бойынша контрагент 
тәуекеліне әдістерді қосымша түрлендірді.
Сонымен қатар Базель III «ең жаман сценарий» арқылы банк капиталын 
есептеудің маңыздылығын атап ӛту керек. 
Базель ұсыныстарына сын ретінде- «қаржы нарығында банктерден басқа 
тағы паралелльді банк жүйесінің бар болуы ешкімге құпия емес екені белгілі»: 
-Ақшалай 
қаражаттарды аударудың баламалы жүйесі: Индияда 
Хунди,Таяу Шығыстағы Хавала, Тайландта Пхеи-Кван және т.б; 
-
Ӛзара тең ақшалай қорлар: жалпы мәні бар ақша нарығының қорлары, 
қысқамерзімді мемлекеттік міндеттемелердің ақшалай нарығының қорлары, 
салықтардан қорғалған бағалы қағаздар;
 
-Трансұлтты ұйымдардың қаржылық бӛлімшелері; 
-Сақтандыру компаниялары және т.б. 
Олар батыстағы қаржы нарығында ірі ойыншылар болып табылады және 
олардың салдарынан, дәстүрлі банктердің салдарынан емес, қазіргі қаржы 
дағдарысы қалыптасты. 
Солай, Базель III оларға қатысты қолданылмайды. Сондықтан соңғы 
жылдардың қаржы дағдарысының мәселесі әлі де шешілмеген және Базель III 
онымен байланысты емес, яғни ,басқаша айтқанда, экономиканың тек бір 
секторын (банктік) күшейтіп реттеу арқылы қаржылық сектордың мәселесін 
шешуге болмайды, сәйкесінше, болашақ қаржылық дағдарыстардың да алдын 
алу мүмкін емес. 
Банктік сектордың кәсіби ойыншыларының, сарапшыларының пікірін 
талдау арқылы Базель III ережелерін енгізудің негізгі нәтижелерін атап кетейін 
(Кесте 25қараңыз). 
Кесте 25- Базель III ережелерін енгізудің негізгі нәтижелері 
Жағымды 
Жағымсыз 
-капитал мен ӛтімділікке талаптарды кӛтеру 
банктердің несиеқабілеттіліігін кӛтередіғ 
соның ішінде дағдарыс кезінде де 
-тым қатаң ережелерді енгізу банк 
бизнесінің рентабельділігінің тӛмендеуіне 
әкеледі, мұндай жағдайда тәуекелге 
банктердің «тәбеттері» кӛбеюі мүмкін 
-жалпы түрде банк жүйесі мен экономика 
дағдарыстық құбылыстарға аса тұрақты 
болуы тиіс. 
-пайыздық мӛлшерлемелердің жоғарылауы 
мен экономикалық ӛсудің тӛмендеуі 
-капиталдың құрылымы мен сапасына 
жоғары талаптар несиелік потрфельдің 
ӛсуінің шектеуіне әкеледі. 
Банктер қызметіне Базель III әсерінің болжамдары бірмағыналы емес 
болып табылады, бірақ сарапшылардың үлкен бӛлігі «жаңа реформа келесі 
сын-маңызды сұрақтарға қажетті назар аудармады» деген пікір ұстануда: 


67 
-«Кӛлеңкелік банкинг»: сақтандыру компаниялары, хеджерлік пен 
зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар,т.б. сияқты банктік емес ұйымдарға 
Базель III талаптары таралмайды; 
-нақты айыппұлдардың болмауы; 
-реттеуші мен салық арбитражының мүмкіндігі; 
-жаһандық және еларалық регуляторлы қадағалаудың құрылымы 
дараланып қалған. 
Әлемдік қаржы дағдарысы банктік жүйеге меншікті капитал мен 
ӛтімділіктің сапасы мен деңгейін кӛтеру, дамудың циклдылығын 
деңгейлестіретін құралдарды енгізу қажеттілігін кӛндірткені анық.
Базель комитеті ұсынатын ӛзгерістер жетістіктер ұзақмерзімді болашақта 
сақталатындай және ортақжүйелік тәуекелге қатысты тұрақтылықтың жоғары 
деңгейін, левериджтің кем деңгейін банктерге қамтамасыз ететіндей 
жағдайларды қамтамыз етугебағытталған. 
Бір жағынан, Базель III ұсынылған нормативтер жеткілкті түрде қатаң-
оларды орындау банктерді жай емес күйге әкеледі. Екінші жағынан, мерзім-
банктерде ережелерді сәйкес келтіру үшін, мерзім жеткілікті түрде созылмалы, 
банктер капиталды ауырпайтындай етіп, ӛсіре алады. 
2014 ж. 1 қаңтарынан бастап (алғашқы кезде 2013ж. 1 қазанынан бастап 
жоспарланған) «Базель III» нормативтері күшке енеді.
Солай, несиелік мекемелер үшін базалық және негізгі капитал 
жеткіліктілігінің нормативтері 5% және 5,5% мӛлшерінде минималды мүмкін 
мәндері белгіленді (негізгі капитал үшін 2016 ж. бастап-6%). Несиелік 
ұйымдардың жиынтық капиталы жеткіліктілігіне талаптар деңгейі 10% 
мӛлшерінде нормативтің мималды мәні ретінде сақталады. 
«Базель III» сәйкес капитал жеткіліктілігінің нормативтерін қолданар 
кезде, (credit valuation adjustment, CVA) контрагенттің несиелік сапасының 
нашарлауы нәтижесінде несиелік талаптың құнының ӛзгеру тәуекелін қосу 
арқылы биржадан тыс мерзімді мәмілелер мен туынды қаржы құралдарымен 
(ПФИ) мәмілелері бойынша тәуекелдерді қосымша жабу алдын ала 
қарастырылады.
Бірдей уақытта меншікті қаражаттар шамасын есептеу кезінде туынды 
қаржы құралдарымен (ПФИ) мәмілелер бойынша (мәмілелер шарттарына 
байланысты) қайта бағалаудың нәтижелерін қосуға шектеу жойылады. 
Аналитикалық мақсатта CVA кӛрсеткіші Ресей банкіне 2014 ж. 1 ақпанына 
есептілікпен ұсынылуы тиіс. 
«Базель III» сәйкес, капитал жеткіліктілігінің нормативтерін есептеу 
тәртібіне айқындамалар (уточнение) енгізілді. Операциондық тәуекелге 
қатысты қолданылатын коэффициент 10-нан 12,5-ге ӛзгереді. 
Қорыта келе, Базель III Базель II-ң күшін жоймайды, керісінше оны 
толықтырып, банктердің қаржылық тұрақтылығы мен белгісіздік кезеңде 
немесе дағдарыс болған жағдайда олардың ӛз қызметтерін тиімді, тұрақты 
кӛрсету үшін қажетті жағдайларды қалыптаса арқылы Базель II-ң ережелерін 
күшейтеді. 


68 
Базель III талаптары банктердің меншікті капиталының әлемдік, 
қаржылық 
тұрақтылықтың 
ұзақмерзімді 
қолдауына 
бағытталған
стандарттардың күшейтілген формасы болып табылады деп айтуға болады. 
Базель III құжатын кӛшбасшы елдердің орталық банктері қабылдағанын және 
Базель комитетінің алдыңғы құжаттары ұсыныс сипатында болса және оларды 
орындамаудың жаапкершілігі болмаса, Базель III ерекшелігі нақты талаптарды 
белгілеу (оларды орындамау бойынша жауапкершілік қарастырылған) болып 
табылатыны туралы айта кету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет