Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
сәмсем, зұлқажа, зұлпықар) деген фразеологизм бар. Төрт қылыштың
бірі – зұлпықар. От ауызды, орақ тілді Қашаған ақын «домбыраны қу
ағаш» деп тіл тигізген молданы уәжді сөзбен тұқыртады:
Бұрынғы өткен заманда
Болған екен көп ұрыс. 
Көп ұрыстың кезінде
Жәбірейіл жәннеттен
Алып келген төрт қылыш.
Төрт қылыштың атын атайын:
Біреуінің аты - Хәмхам
Біреуінің аты -Сәмсам
Біреуінің аты - Зұлқажа
Біреуінің аты -Зұлпықар
Қынабына солардың
Қап та болған бұл ағаш! (Қашаған Қүржіманұлы). 
Байырғы өлең-жырларда кездесетін көмескі сөздердің мағынасын әр
түрлі ескілікті аңыз, әпсаналарда айтылатын деректермен салыстыра
отырып анықтауға болады. Кейбір сөздіктердің көрсетуінше «Зұлпықар
–Мұхаметтің Бадра шайқасында жаудан тартып алған қылышы, ол
кейіннен Әліге мирас болған»
16
. Бұл сілтемеге қарағанда қазақ тіліндегі
«аса таңдаулы қылыш» мағынасында айтылатын берікәлі атауы осы
дерекпен сабақтас болуы ықтимал: 
14
Оңдасынов Н. Арабша-казақша түсіндірме сөздік. Алматы, 1994, 185-
б.
15
Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, 53-б.
16
Арабско-русский словарь. М., 1985, 604-б.
27


Дүниенің білдім жалғанын, 
Көтердім басқа салғанын. 
Сол болды жалғыз арманым.
Берікәліні шалмадым (Досжан Сексенбайұлы). 
Мұндағы берікәлі сөзінің берік және Әлі сөздерінен бірігуінен
жасалғандығын байқауға болады. Сонымен, берікелі «Әлгіге мирас
болған зұлпықардың» (бұл сөздің дыбыстық өзгеріске ұшыраған –
зұлперін) баламасы. Осындай фольклорлық тәсілдерді I.Жансүгіровтің
образды сөз өрнегінен ұшыратамыз:
Шалғыны шыңғырлатып жанып-жанып,
Жоңқабай жоңышқаға қалды салып
Әлінің кеуір қырған зүлперіндей,
Үйіріп қырып-жойып кетті жарып.
Аспақаны қылыш тіркесі – қылыштың жасалған жеріне байланысты
қойылған атау. 1889 жылы шыққан қазақ мақалдары жинағында «Қатын
алсаң қызылбастан ал, Қылыш алсаң Аспақаннан ал, ат алсаң
Арабстаннан ал» деген мақал бар. Жинақты құрастырушы қызылбасты
– парсы, Аспақанды – «Дағыстан» деп көрсеткен (144-бет). «Елдің атын
ер шығарады» дегендей ұста, мініскерлерімен даңқы шыққан
шаһарларды, ел-жұртты білдіретін байырғы сөз орамдарының аңғартар
сыры аз емес.
Эпостық жырларда садақтың бұқаржа (бұқар жақ//жай) мен саржа
(сар жақ//жай) деп аталатын түрі аса жиі кездеседі. Кезінде Бұқара
қолөнер шеберлерімен даңқы шыққан шаһарлардың бірі болған.
Садақтың бұқаржа аталуы осы шаһармен байланысты екендігі күмән
тудырмайды. Ал башқұрт садағын қазақтар көбіне саржа деп
атағандығын Л.Будаговтың сөздігінен (427-бет) кездестіреміз.
Байырғы қару-құралдарға (бес қаруға) қатысты кейбір көне атаулар
қазіргі оқырманға мүлде түсініксіз. Мұндай «күңгірт» тұстар тексті
оқырманның жете ұғынуына біршама қиындық келтіреді.
Көлторғай адыра қалғыр, көрген жерім
Бұлағай ойран, әлек салған жерім. 
Көк найза, қара санай атылса да,
Қайтармай қайтқаным жоқ аттың терін (Шәңгерей Бөкей-ұлы).
Осындағы санай (қара санай) – садақтың қазақ тіліндегі тағы бір
атауы. Бұлай дейтініміз Л. Будагов тобыл татарларында кездесетін санай
28


сөзін «садақ» деп көрсеткен (169-бет). Садақтың, саржаның,
бұқаржаның, санайдың жебесіне қатысты қозы жауырын көктеме оқ
(Шынтасұлы Төрехан), қармаулы қабыл жебе (Қыз Жібек), Қарға жүнді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет