Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет2/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 
КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тілдің құрылым жүйесінде фразеологизмдерлің алатын орны ерекше.
Бірақ фразеологиялық бірлікті (единицаны) танып-білуде зерттеушілер
арасында бірауызды пікір жоқ. Сондықтан да мағынаға ие тілдік бірлік
ретінде фразеологизмдер түрлі сөздіктерде әрқилы беріліп жүр.
Зерттеулерде я болмаса лексикографиялық еңбектерде тұрақты сөздердің
белгілі бір типтері фразеологиялық бірлікке жатқызылса, қайсы бірі
мүлде басқа құбылыс деп танылады. Дегенмен зерттеушілер
фразеологизмдерді ұқсас өзге де құбылыстардан ажыратудың ондаған
белгісін ұсынды. Бірақ солардың ішінде негізгілері атап айтқанда
мыналар: фразеологиялық единицаның
мағына тұтастығы
(семантическая слитность), тіркес тиянақтылығы (устойчивость),
қолдану тиянақтылығы (воспроизводимость).
1
Осы негізгі белгілеріне сүйене отырып, фразеологизмге мынадай
анықтама беруге болады: құрылым құрылысы тұрақты әрі тиянақты,
сыңарлары біртұтас мағынаны білдіретін және дара тұлғаланатын,
сондай-ақ тұтас күйінде өзге де сөздермен тіркеске түсе алатын, форма
жағынан синтаксистік единица (сөз тіркесі, сөйлем), мазмұн жағынан
лексикалық единица (сөз) түріндегі тілдің мағыналық бірлігін
фразеологизм деп атаймыз.
2
Фразеологизмдердің құрамы мен құрылысы тұрақты болып келеді.
Мысалы, жерден жеті қоян тапқандай деген фразеологизмнің
сыңарларын басқа сөзбен ауыстырып, орманнан жеті қоян тапқандай
деуге болмайды. Сондай-ақ тіркес арасына сыналап сөз ендіру
фразеологизмдердің құрылым жүйесіне тән нормасын бұзады.
Фразеологизмдердің бұл қасиеті жеке сөздерге тән ерекшеліктерді еске
түсіреді, олай дейтініміз сөздер де морфологиялық құрылысы жағынан
1
Кеңесбаев I. Қазақ тілінін фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977, 590-б.
2
Бұл дефиницияны фразеологизмдер тәрізді күрделі құбылысты жан-жақты толық ашатын
бірден-бір анықтама деп беріп отырған жоқпыз. 
Зерттеу объектіміздін материалдарын айқындай түсетін жұмыс құралы ретінде алып
отырмыз.
6


тұрақты болып, араларына өзге морфемаларды енгізбей тұрады.
Мысалы, егіншілік деген сөз төрт түрлі морфемадан құралған (ег-ін-ші-
лік). Олардың арасына өзге морфеманы сыналап кіргізу мүмкін емес.
Фразеологизмдерге тән тағы бір қасиет, жоғарыда айтылғандай,
дайын күйде қолданылатындығы (тиянақтылығы). Бұл жағынан да
фразеологизмдердің қасиеті жеке сөздерге ұқсас. Өйткені тіл
қолданысымызда жеке сөздер «дайын» күйде ұшырасады. Мысалы,
егіншілік, өнеркәсіп сөздерін сөйлеуші сөйлеу актісінде ег-ін-ші-лік,
өнер-кәсіп деп «жанадан» құрастырып жатпайды. Фразеологиялық
бірліктер де осы тәрізді. Мысалы, қарын шашы алынбаған «әлі жас;
қиындық көрмеген» деген фразеологизм сөйлеу актісінде жасалмайды.
Тілдегі дайын күйінде сөз (речь) материалына айналады.
Фразеологиялық бірліктің құрамына енген сөздер метафоралық
қолданысқа түсетіндіктен, деактуализацияланады да, бір тұтас мағынаға
ие болады. Мысалы, қол ұшын берді деген фразеологизмдердің
сыңарлары деактуализацияланып, біртұтас мағынаны білдіріп тұр, яғни
«көмектесті» деген фразеологиялық мағына қол,ұшы, бер деген жеке
сөздердің лексикалық мағыналарынан туындап тұрған жоқ. Бұл жағынан
да фразеологизмдер жеке сөздердің қасиетіне ұқсас. Сөйлеуші не
тыңдаушы егіншілік, өнеркәсіп деген сөздерді түрлі морфемалардың
мағынасына мүшелеп жатпайды, мағыналық бір бүтін ретінде ұғынады.
Алайда фразеологизмдердің семантикалық тұтастыққа ие болуы, яғни
идиомалану дәрежесі олардың барлығында бірдей болмайды. Кейбір
фразеологизмдердің семантикалық тұтастығы өте жоғары болса, енді
бірінің идиомалануы бәсең, тіпті нөлдік деңгейде болуы ықтимал.
Мұның өзі фразеологизмдерді семантикалық тұтастығына қарай бірнеше
топқа бөліп қарастыруды қажет етеді.
Қазақ тілінде бір алуан фразеологизмдердің идиомалану дәрежесі өте
жоғары. Мысалы: қағанағы қарқ, сағанағы сарқ; жауырды жаба тоқу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет