Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет25/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Марқа туған. Тілімізде түн сипатына қарай айтылатын айдың
жарығында, айдың қараңғысында тәрізді атаулармен бірге бұрынырақта
айдың көрінуіне байланысты марқа туған
49
деген тіркестің
қолданылғанын кездестіреміз. Айсыз қараңғы түнді тастай маң
қараңғы деп те атаған:
Ел ұйқыға жатқаннан кейін, шамамен екі сағат өткен кез түннің бір
ұйқысында делінсе, бұдан кейінгі екі сағат түннің екі ұйқысында
50
деп
айтылады. Түн жарымда, түн ортасы ауған кез, жеті түнде тәрізді
қолданыстар түннің осы айтылған мезгіліне қатысты деуге болады. Ал
таңға бір ұйқы қалғанда деген тіркес түннің ең соңғы бөлігін білдіреді.
Бұл шақтар әдетте Жетіқарақшы жұлдызының қозғалысына қарап
ажыратылады. Түн ұйқысын төрт бөлді деген фразеологизм түннің
осындай төрт бөлігіне орайлас айтылған деуге болады. Ал түннің таңға
ұласар шағы таң қараңғысы деп аталады.
Сонымен, біз тәулік ішіндегі шақтардың (мезгілдердің) халық
тіліндегі атауларына негізінен, темпоралдық фразеологизмдерге,
қысқаша тоқталдық. Бұл, әрине, шақ атаулары жіпке тізгендей
түгелденіп, барлығының мағынасы мен мазмұны түгел сараланды деген
сөз емес. Ел іші қымбат қазына, әлі де болса іздестірер інжу сөздер көп.
Оларды хатқа түсіріп, әр түрлі деректермен салыстыра отырып, шақ
атауларының, темпоралдық лексика-фразеологияның шығу төркінін,
48
Оңдасынов Н. Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік. Алматы, 1974, 118-б.
49
Будагов Л., II, 196-б
50
Будагов Л. 1, 446-б.
40


мағыналық қырларын, мәдени ұлттық мазмұнын аша түсудің мәні
айрықша.
* * *
Ғасырдан ғасырға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көне
заманнан келе жатса да байырғы бедерін жоғалтпай, сонылығын
сақтаған алуан айшықты, терең мазмұнды тұрақты сөз тіркестері ана
тіліміздің асыл қазынасы іспетті. Бейнелі сөз орамдары дөп тигізіп айтар
дәлдігімен, ерекше көркемдігімен кімді де болса әрдайым баурап алады.
Сөз шеберлерінің тіл кестесінен бейнелі сөз тізбектерінің алуан
үлгілерін кездестіреміз де, әрі қысқа әрі нұсқа ондай өрнектерді ара-тұра
өздеріміз де қолданып отырамыз. Бейнелі сөз орамдарының түп-
төркініне үңіліп, неге бұлай айтылатынына зер салу құр ғана қызықтау
емес. Мұндай ізденіс тіркес мазмұнын терең түсініп, оларды орынды,
дәл, дұрыс қолдануға септігін тигізе түседі.
Айталық, тіліміздегі салы суға кетті, қызғыштай қорыды, тайға
таңба басқандай, шашбауын көтерді, ерғашты болды т.б. тұрақты
тізбектер ұқсатып айтудан пайда болған, әр түрлі құбылыстардың
бейнелі тілдік таңбасы екені белгілі. Мұндай сөз орамдарының неге
бұлай айтылатыны алақандағыдай айқын, өзінен өзі түсінікті де. Кей-
кейде тұрақты сөз тізбектерінің мағынасын жыға танып, әсерін айрықша
сезе білгенімізбен, олардың түпкі төркіні көбімізге жұмбақ.
Әдетте әділ, турашыл адам жөнінде ерекше әсермен айтқымыз келсе,
қара қылды қақ жарған тәрізді бейнелі сөз тізбегінің бірін қолданамыз.
Сырт қарағанда тіркес құрамында түсініксіз сөз жоқ. Ал «неге бұлай
айтылған?» деген сұрақтың жауабын әркім әрқилы ұғындыруы мүмкін.
Бәлкім, кейбіріміз: «қылдың өзі көзге ілінер-ілінбес нәзік нәрсе, оны
таспа тілгендей егіп, қақ жарудың қиындығы ақ-қараны ажыратумен
бірдей емес пе?» – дей отырып, тіркестің түп-төркінін бейнелеп айтудан
немесе ұқсатудан іздейді.
Бірақ, бұл тіркестің шығу төркінінде образды фон жатқан жоқ.
Фразеологизмнің бұлай айтылуына ерте кездегі ескі салт (этнографизм)
негіз болған. Баяғыда шешімі қиын даумен би алдына жүгініске барған
кісілер қылдан ескен жіп ала баратын. Егер дауласқан екі жақ та би
шешіміне тоқтаса, жіпті қақ ортасынан қидырады. Бұл – билік айтқан
41


адамның қара қылды, қақ жарған әділдігіне риза болғандықтарының
белгісі. Қазақ жерін көп аралап, халқымыздың бұрынғы өмірі жайлы
көптеген маңызды дерек қалдырған поляк революционері А.Янушкевич
(1803-1857) осындай уақиғанын куәсі болғандығын былай деп
баяндайды: Екі қазақ бірдеңеге таласып, әділ төрелігін естуге биге келіп
жүгінеді. Ол билік айтқан кезде дауласқандар жіптің екі басын ұстап
биге береді. Даудың шешілгендігінің белгісі ретінде ол жіпті екіге
бөледі. Бұл жолы Тынысбай «даудың қара қылын қақ жарғысы» келмеді.
Ол кінәлі адамның тағдырын «россиялық» жолмен шешуді өтінді.
51
Тіл – өмір шындығы. Сол шындықты уақыт қалдырған қатпарлардан
аршып ала білсек, шежіредей сыр шертіп тұрады. Өмірде болған нәрсе
тілде де із тастамай кетпейді. Сондай іздің сорабын асыл
мұраларымыздың тілінен де кездестіреміз. Өлең сөздің байырғы
шеберлерінің бірі Ығылман Шөрековтің «Исатай-Махамбет»
дастанындағы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет