Педагогикалық шеберлік негіздері



Дата22.12.2023
өлшемі42,5 Kb.
#142945
Байланысты:
12.12.2023 ж. Пед. шеберлік негіздері.Тапсырма


Күні: 12.12.2023 ж.
Топ: 20-ББ-1
Пән: Педагогикалық шеберлік негіздері
Тақырып: Мұғалімнің сырт келбетінің мәдениеті

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:



  1. Педагогикалық такт дегеніміз

Такт латынша tactus – “жанасу, түйсіну” дегеннен, ал тактика – грекше taktike – “тәртіпке келтіру” деген сөзден шыққан. Педагогикалық такт — оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді. Ол мұғалімде оқушыға әсер теудің жағдайға қарай орағытуға болатын әр түрлі құралдарының мол қоры болуын ескереді. Онда бір сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ бірқатар артистік қимыл қозғалыстар және шешендік тәсілдер қоры болуы тиіс.

  1. Педагог этикасы

Педагогикалық этика (әдеп) – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан психологиялық бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К:Д.Ушинскийдің айтқанындай: “түптеп келгенде психологиялық әдеп”.
Педагогикалық әдепке және осы терминді қолдану өрісіне анықтама беру теорияда және педагогика практикасында үш түрлі көзқарасқа негізделеді:

  • жалпы адамзаттың әдептілікті сіңіру;

  • мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;

  • мұғалім шеберлігінің бір бөлігі.

Педагогикалық әдеп жағымды жақтан ғана қаралады. “Педагогикалық әдебі нашар” қайрымдылығы нашар, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар, т.б. деумен бірдей



  1. « Оқушылар мұғалімнің қандай сапаларын ерекше бағалайды?» Төмендегі сілтемелерге толтыр.











4. тапсырма. Төмендегі ұяшықтарды толтыр.

Мұғалімнің сырт келбетіне жатады

Эстетикалық талапқа сай мәнерлілігі

Бет әлпетіндегі жылулық пен мейірім

Жүрісі мен қимылындағы ұстамдылық

Киім-киісі

Бет әлпетіндегі бояу, шаш үлгісі, әшекей-бұйымның шекті талаптан аспауы

Мимика


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет