Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет28/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Құрбы-құрдас. Бұл қос сөздің, былайша қарағанда, екі сыңары да
түсінікті. Жас шамасы қарайлас адамдарды құрбы-құрдас деп
айтатындығы белгілі. Бастапқыда қос сөздің өзгеше мәнде
жұмсалғандығы байқалады. Әйгілі ғалым М.Қашқари (XI ғасыр)
сөздігінде құр сөзі «дәреже», «лауазым»
57
дегенді білдіреді делінген.
Осындай дерекке қарағанша құрдас деп әуелде жасы қарайлас
адамдарды емес, дәреже, лауазымы қатар кісілерді атаса керек.
Ал құр сөзінің байырғы тілде «лауазым», «дәреже» мағынасын
білдіруінің өзіндік себебі бар. М.Қашқаридің «Диуанында» құр сөзі
«белбеу» дегенді де білдіреді. Қазіргі тіліміздегі құрсау, құрсақ осы құр
сөзімен төркіндес екендігі еш күмән тудырмайды. Көне тілде құр сөзінің
бірде лауазымды, бірде бұйым атауын (белбеу) білдіруі, әрине,
кездейсоқ, бір-біріне байланыссыз нәрсе емес. Олай дейтініміз: белбеу
(құр) белге буынатын бұйым болумен бірге ертеде лауазым, дәрежені
көрсететін белгі де болған. Орда, сарай төңірегіндегілер өзінің
лауазымына қарай асыл тас орнатып, күміс құйып, алтын жалатқан
әшекей, зері әр түрлі белбеу (құр) таққан. Лауазым, дәреже немесе
тектілікті белбеу (құр) арқылы ғана емес, өзге де заттар арқылы білдіру
салтының болғандығын байырғы мұралардан кездестіріп отырамыз.
Туыстас қырғыз халқының ұлы эпосы «Манаста» («Көкетайдың
ертегісі». Ш.Уалиханов жазып алған бөлігі. Қазақшалаған академик
Ә.Марғұлан. 1973 ж.):
Көзотаға пиғынып, Көріне төре боламын. Алтай толған көп қалмақ,
Араласа қонамын, – деген жолдар бар. Мұндағы көзотаға – бас киімге
57
Древнетюркский словарь. Л.,1969, 467-б.
46


қадайтын меруерт бұршағы (Ә.Марғұлан). Көзотаға жай ғана әшекей
сәндік бұйым емес. Ол – ақсүйектікті, төре тегін білдіретін ерекше белгі.
Осыған ұқсас жайды қазақтың көркем жырларынын бірі «Арқалық
батырда» да ұшыратамыз:
Бір жерге кеп тұрып ем, үйме-жүйме,
Сары жарғақ, сары шалбар, алтын түйме,
Бір жалғыз қара ала атты тура салды.
Зәнгі екен қызыл тасты тұтқан күйде .
Зәңгілер (моңғолша – дзанги, «лауазымы кіші чиновник») дәрежесіне
қарай ақ, сары, қызыл тас тағып жүреді. Сонымен, құрдас сөзі
бастапқыда жас шамасы қарайлас адамдар жөнінде емес, лауазым,
дәрежеге байланысты қолданылған. Халқымыздың асыл мұрасы
«Қобыланды батыр» эпосынан құрдас сөзінің ерекше қолданысын
кездестіреміз:
Жая менен жал құрдас, Шекер менен бал құрдас. Көбіктінің көп
жылқы, Олжа қоспай ал, құрдас.
Қазіргі тілдің межесі тұрғысынан қараған адамға жая мен жал,
шекер мен бал құрдас деу қисынсыз көрінуі ықтимал. Шындығында,
құрдас сөзінің байырғы кезде дәрежелес, лауазымдас, қатар, тең деген
орайда жұмсалатындығын еске алсақ, жая да, жал да қонақ құрметтеуде
орны бірдей аса сыйлы тағам дегенді аңғартатыны байқалып тұрады.
Мұндайда байырғы мұраның жыр жолдарына қазіргі тілдің межесімен
қарамай, өткендегі жай-күйінен хабардар болып оқудың айрықша әсері
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет