Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата03.03.2017
өлшемі18,4 Mb.
#6205
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39

 
References 
 
1  Vorob'ev V.V. O statuse lingvokul'turologii // Russkiy yazyk, literatura i kul'tura na rubezhe vekov. Tezisy dokladov i 
soobscheniy ІH kongressa MAPRYAL. – T. 2. – Bratislava, 1999. – 126 s. 
2  Maslova V.A. Lingvokul'turologiya» – Moskva: Izd. Tsentr «Akademiya»,  2004. – 205 s. 
3  Krasnyh, V. V. Etnopsiholingvistika i lingvokul'turologiya: Kurs lektsiy / V. V. Krasnyh. – M., 2002. – 69 c. 
4  Prohorov, Yu. E. Russkoe kommunikativnoe povedenie / Yu. E. Prohorov, I. A. Sternin. – M., 2002. – 150 s. 
5  Paul' G.  Printsipy istorii yazyka. – M.: Izd-vo inostr. literatury, 1960. – 46 s. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
R.K. Koilybaeva 

111 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
 
 
 
ƏОЖ  373.1.02:372.8 
 
М.Ə. Мұстафина 
Халықаралық бизнес университеті п.ғ.к. доцент, Қазақстан, Алматы қ. 
E-mail: 
MMA_MAI@mail.ru
 
 
Мектепте көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту мəселесі 
 
Көне дəуірдің қоғамдық-мəдени əрі əдеби тұрмыс-салт өміріне хабар беретін жəдігерлер қазына ретінде бүгінгі 
күні  барлық  түркі  тектес  халықтарға  ортақ  мұра  болып  табылады.  Сөздердің  сыртқы  тұлғаларында  да,  ішкі 
мағыналарында да сəйкестіктер сақталған.  Осынау жоғары тіл мəдениеті мен  білімнің айғағы болып  табылатын 
көне жазба ескерткіштер туралы деректерді меңгерту үлкен əдістемелік дайындықты, еңбекті  қажет ететіні белгілі. 
Мақалада мектепте көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту мəселесін жүйелі түрде  жүзеге асыру жайы сөз болады.  
Түйін сөздер: сына жазу, жəдігер, шығармашылық жұмыс. 
 
M.A. Mustafyna 
Problems of the studyof ancient Turkish writingat school 
 
The article highlights the problem of system approach in teaching of ancient Turkish writingat school.The ancient 
Turkish runic writing reflects the ideology and introduces the concept of a centralized state as the guarantor of the 
freedom and independence of the Turkish people, which has had a common history and a common culture of origin 
for centuries, and also it has become their common heritage.Itlaid theinexhaustible energy andstrong willof 
Turkishalemakersregardinganything related tosuch sacrednotions as"people", "State", "freedom», «independence”. 
Monuments of Ancientwriting –is an extremely valuablesource for thelanguage, history,ethnogenesis, geography, 
written culture.They are witnesses of a high-levellanguageculture and statehoodancestorsof the Kazakh people. 
Keywords: monuments, valuable source, independence, language culture. 
 
М.А. Мустафина 
Проблемы изучения древнетюркской письменности в школе 
 
В статье рассматривается проблема системного подхода в  обучении древнетюркской письменности  в школе. В 
древнетюркской рунической письменности отражена общетюркская идеология и представлена концепция централи-
зованной  государственности  как  гаранта  свободы  и  независимости  тюркских  народов,  в  течение  веков  имев-
ших общую историю и общую по происхождению культуру, ставшую их общим достоянием. В ней заложена неис-
сякаемая энергия и твердая воля создателей Тюркского эля в отношении всего, что касается таких священных понятий 
как «народ», «Государство», «свобода», «независимость».  Памятники древнетюркской письменности – исключитель-
но  ценный  источник  по  языку,  истории,  этногенезу,  географии,  письменной  культуре.  Они  являются  свидете-
лями высокого уровня языковой культуры и государственности далеких предков казахского народа. 
Ключевые слова: памятники, ценный источник, независимость, языковая  культура. 
_______________________________
 
Мектеп  оқушыларына  көне  түркі  жазба  ес-
керткіштері  туралы  берілетін  мəлімет  жалпы 
шолу түрінде ғана болғандықтан, əдебиет пəні-
нен  қосымша  сабақтарда,  əдеби  үйірмелерде 
оқушылар  тиісті  деректерді  меңгеруі    қажет. 
Онда  да  мұғалімнің  ұстанатын  басты  бағыты - 
шығармалардың сюжеттік мазмұнын ғана емес, 
одан  көрінетін  халық  өмірі,  қоғамдық  сипат, 
шығарманың  тілі  мен  көркемдігі  сияқты  та-
рихи-əдеби  мəселелерді  де  ұғындыру  басты 
ұстанымы болуы тиіс. Оқушыларға көне жазба 
ескерткіштердің табылу тарихы, олардың орна-
ласқан жері, бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі 
туралы  мəліметтерді  тарих, география  пəндері-
мен өзара байланыста түсіндірген абзал. Жалпы  
біздің  тіліміздің  түп  тамыры  осынау  кезеңдер- 
ден бастау алатыны, олардың күні бүгінге дейін  
 
құпиясы  ашылмаған  сырларының  мол  екендігі 
оқушы санасына жеткізілуі керек. Тіпті көне жазба 
ескерткіштердегі  тасқа  қашалған  жазулардың 
əр сөзінің, əрбір жолының өзіндік шежіресі бар 
екендігін  зерттеушілердің  еңбектеріне  сүйене 
отырып  жеткіземіз.  Бір  сəт  оқушыларды  сонау 
көне замандағы тарихи оқиғаларға жетелеп əкету-
ге де болады. Бұл жерде тарих пəнінің мұғалімін 
көмекке  шақыруға  болады.  Тарихи  деректерді 
жақсы  меңгерген  оқушыға  əдеби  материалды 
ұғындыру əлдеқайда жеңілірек болады.  
Халықтың  бұл  мəдени  мұрасы – халықтың 
салт-санасы мен философиялық, діни көзқарас-
тары,  тəлім-тəрбиесі  мен  ғылымы,  тарихы – 
бəрінің  басы  түйіскен  үлкен  қазынасы.  Осы 
қазынаны тіл арқылы жеткізудің ұлы күш екені 
белгілі.  Тілсіз  рухани  мəдениет  биікке  жете 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
 
Мектепте көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту мəселесі 

112 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
алмайды,  халықтың  рухани  күші - тілде.  Тілі 
дамымаған  халықтың  рухы  да  дамымақ  емес. 
Өйткені  «Өнер алды- тіл». Тіл- ойдың ең басты 
қаруы. Адам баласының табиғаттағы заттар мен 
құбылыстарды  тануы  тек  тіл  арқылы  ғана 
жүзеге асады десек, осы ойды жеткізетін таңба 
-  жазу.  Жазу - адамның  ой-пікірін,  хабарын, 
мағлұматын  таңбалар  арқылы  жеткізуді  қам-
тамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда 
болуы  адамдардың  қарым-қатынастағы  уақыт 
пен  кеңестік  кедергісін  жойды.  Оның  алғашқы 
нұсқалары  өте  ерте  заманда  жасалды.  Əрбір 
дəуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының 
белгілі  ақын-жазушылары  дастан-жырларға, 
ойшылдары  тарих-шежіреге  айналдырып,  ше-
берлер сəулет өнерінде бейнелеп қалдырған. V-
IX  ғасырларда  түркілер  қоныстанған  Алтай, 
Сібір,  Орталық  Азия  жерінде  жазу,  сызу,  егін, 
əдебиет  өнері,  тарих  ғылымдарының,  діни  се-
німдердің,  Орхон  жылнамасы  мен  Талас  аңға-
рынан  табылған  ескерткіштер  айғақ.  Орхон-
Енисей  жазу  ескерткіштері  табылған  уақыт 
түркі  тілдерінің  даму  тарихындағы  «Көне  тү-
рік»  дəуіріне  сай  келеді.  Шығыс  Түркі  құра-
мында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Ени-
сей  жазуын  қолданып,  осы  жазу  тілінде  сөй-
леген.  Орхон-Енисей  жазу  ескерткіштерінің  ең 
көп  табылған  жері – Орхон,  Енисей,  Селенгі 
жəне Талас  бойы.  Орхон-Енисей  жазуы  өзінің 
жазу  ерекшеліктері  мен  қолдану  өрісіне  сай 
Орхон-Енисей  жəне  Талас  жазуы  делініп  екі 
топқа  бөлінеді.  Енисей  жазба  мұралары  деп  
аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей 
бойынан  табылумен  байланысты.  Ал  Талас 
өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас 
ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің 
бойынан,  Қырғызстан  жерінен  барлығы 23 ес-
керткіш  табылған.  Таластан  табылған  ескерт-
кіштер  көлемі  тар  көлемі  əзірше  өте  шағын 
жəне сан жағынан да аз. Орхон-Енисей ескерт-
кіштері  тектес  таңба  жазулар,  тастар  Əулиеата 
түбінен,  Талдықорған  өңірінен,  Сарыарқадан 
жəне  Алматы  маңынан  табылған.  Сонымен 
ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, 
өзіне  лайық  жазуын,  тілін,  өзге  де  мəдениетін 
дамытқан.  Түркі  тайпаларынан  қалған  бұл  ес-
керткіштер көне дəуірдің қоғамдық мəдени, əрі 
əдеби  тұрмыс-салт  өміріне  хабар  беретін  жəді-
герлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі 
тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Жал-
пы сырын ішіне түйген осынау жəдігерлер  ту-
ралы  біздің  білетінімізден,  əлі  білмейтініміз көп.  
Бұл  турасында  белгілі  ғалым,  түркітанушы 
А.Аманжолов: «Көне түркі жазба ескерткіштері 
–  көне  түркі  тайпаларының  жоғары  тіл  мəде-
ниеті  мен  білім  өресінің  көрсеткіші. VI-ІХ  ға-
сырларда  жазылған  көне  түркі  руникалық  ес-
керткіштері,  негізінен,  Монғолия,  Оңтүстік  Сі-
бір, Қазақстан мен Қырғызстан жерінен табыл-
ғаны  белгілі.  Мысалы,  Монғолияның  Орхон, 
Селенгі  өзендері  бойынан  табылған  көлемді 
ойма  жазулардың  қатарына  əйгілі  Білге  қаған, 
Күлтегін,  Тоныкөк,  Күлі-Шор,  Мойын-Шор, 
т.б.  құлпытас  ескерткіштері  жатады.  Олардың 
зерттелу  тарихы  жүз  жылдан  асса  да,  шешіл-
меген  сырлары  аз  емес»,-  деп  көрсетеді [1,7]. 
Көне түркі жазуларын оқытуға арнайы сағаттар 
жеткілікті  көлемде  бөлінбесе  де,  оқушыларға 
бұл  деректерді  реті  келгенде  жеткізіп  отыру – 
əр  ұстаздың  міндеті.  Өйткені «...қазақ  халқы 
өзінің  ұзына  тарихында  төрт  түрлі  жазуды  тұ-
тынып,  сол  жазулармен  қыруар  рухани  мұра 
жасай алды. Ол жазулардың біріншісі, байырғы 
түріктің  бəдіз  (рун)  жазуы.  Қолданылған  мер-
зімі  біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  ІІ-І  мың-
жылдықтар  мен  біздің  заманымыздың VIІІ-ІХ 
ғасырлар  аралығы.  Екіншісі,  араб  (қадим,  жə-
дит, төте) жазуы. Бұл жазуды ІХ ғасырдан бас-
тап 1929 жылға  дейін  тұтындық.  Үшіншісі, 
байырғы грек əрпінен бастау алып, одан батыс 
грек,  одан  этрусс,  одан  латын  əрпі  болып  жет-
кен  жазу.  Бұл  жазуды 1929-1939 жылдар  ара-
лығында  тұтындық.  Төртіншісі, 1939 жылдан 
бастап,  күні  бүгінге  дейін  тұтынып  келе  жат-
қан,  байырғы  грек,  одан  шығыс  грек,  одан 
классикалық  грек,  одан  Рум(Византия)  арқылы 
жеткен  орыс  кириллицасы.  Осылардың  ішінде 
əрісі  түрк  халықтарына,  берісі  қазақ  халқына 
төл  мұра  болып  табылатыны  байырғы  түрктің 
бəдіз  жазуы.  Яғни,  руникалық  жазулар»  [2,7].   
Шамамен  VІ  ғасырдың  орта  кезінде  Жетісу, 
Алтай,  Орталық  Азияны  мекен  еткен  түрлі  ру-
тайпалар  бірігіп,  Түрік  қағанаты  деп  аталатын 
мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мəлім.  
Міне,  сол  ежелгі  түркі  дəуірінің  қоғамдық, 
əдеби  мəдени  өмірін  жыр  еткен  ғажайып  дас-
тандар  бар.  Бұлар – «Күлтегін», «Білге  қаған», 
жəне  «Тоныкөк»  жырлары  деп  аталады.  Бұдан 
1250  жыл  бұрын  үлкен  құлпытастарға  қашап 
жазылған осы əдеби ескерткіштер идеялық маз-
мұны  жағынан  да,  көркемдік  шеберлігі  тұрғы-
сынан  да  күні  бүгінге  дейін  оқушысын  таң-
дандырып,  тамсандырып  келеді.  Тек  түркі  ха-
лықтары мəдениетінің ғана емес, сонымен бірге 
бүкіл дүние жүзі мəдениетінің тарихында елеу-
лі орын алатын ондай ескерткіштердің мəні өте 
зор.  Сондай  құнды  рухани  мұралардың  қазақ 
жерінде  де  көптеп  жасалғандығы  біздің  хал-
М.Ə. Мұстафина 

113 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
қымыз үшін үлкен мақтаныш. 1889 жылы орыс 
зерттеушісі  Н.М.  Ядринцев  Орхон  өзенінің 
бойынан,  Енисей  өзені  сағасынан  табылған  ес-
керткіштерден  əлдеқайда  үлкен  белгісіз  таң-
бамен  жазылған  зəулім,  қолдан  қашалған  төрт 
қабырғалы биік тасты көреді. Н. Ядринцев тас-
қа мынадай сипаттама береді: биіктігі - 3,5 метр, 
төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 
1,22  метр.  Биіктеген  сайын  жіңішкере  береді, 
жоғарғы  бөлігі  өрнектелген. Тастың  төрт  жағы 
бірдей  жазылған.  Батысқа  қараған  бетінде  қы-
тай  жазуы  да,  қалған  қабырғасы  бірдей  руна-
лық  жазумен  толған.  Н.  Ядринцевтің  айтуына 
қарағанда, ескерткіштен 25 метрге дейін созыл-
ған аласа дөңес жатыр (кейінгі зерттеудің нəти-
жесінде  бұл  қытай  кірпішінен  жасалған  қа-
бырға  екендігі  анықталды).  Осы  қабырғаның 
жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түр-
кі  статуясы  табылған.  Ескерткіштің  батыс  жақ 
бетінде  басы  бір-біріне  қараған,  қираған  екі 
хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға 
кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам 
айтады).  Ал  осы  кіре  берістен  əрқайсысының 
арасы 10-12 метрден,  беттері  шығысқа  қараған 
адам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақы-
рымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерт-
теудің  нəтижесінде  əлгі  мүсіндердің  осында 
жерленген  кісінің  тіршілігінде  өлтірген  дұш-
пандарының  келбеті  екені  жəне  айқындалып 
отыр. Көп кешікпей Н.Ядринцев Россия архео-
логтарының  VІІІ  конгресінде  ғалымдардың  на-
зарын  Орхон  бойындағы  көне  мұраларға  ауда-
рады.  Осыдан  бастап  бұрын  тек  Енисей  ес-
керткіштері  деп  қана  аталып  келген  жазбалар 
енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары деген 
атқа  ие  болады.  Ежелгі  мəдениет  ескерткіш-
терінің  ең  бір  кереметі,  бүкіл  əлемге  əйгілі 
болған  ақын  тас,  жыршы  тас – Орхон  ескерт-
кіштері (VІІІ  ғ.).  Орхон  жазуы  көне  түркі  мұ-
раларының  ішінде  қазіргі  түркі  тектес  халық-
тардың  бəріне  ортақ  көне  түркі  əдеби  тілінде 
жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта 
Азия  мен  Қазақстан  аймағы  тұтастай  Түркі 
қағандығының қол астына қараған болатын. VI 
ғасырдың  ортасында  қазіргі  Солтүстік  Монғо-
лия  жерінде  бас  құраған  түркі  қағандығы  сол 
ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізі-не, 
шығысы  Корей  бұғазына  дейінгі  аралықты 
аралық  алып  жатқан  ұлы  империяға  айналды. 
Кейін  келе  Батыс  Түркі  жəне  Шығыс  Түркі 
қағандығы  деп  аталатын  екі  үлкен  қағандыққа 
бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII 
ғасырларда  жартастардың  беттері  мен  тас  мү-
сіндерге  сондай-ақ  кейбір  ыдыстардың  желгі, 
түбі  жəне  қабырғаларына  ойылып  жазылған 
көне  түркі  жазбаларының  ішіндегі  ең  маңыз-
дысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің 
бойынан  табылған  бұл  ескерткіштердің  ішінде 
тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше 
аталады. Оның біріншісі - 731 жылы өлген хан 
інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Біл-
ге  қағанға,  ал  үшіншісі – Тоныкөкке  арналған 
ескерткіштер.  Көне  Түркі  жазуының  құпиясын 
ашқан дат  ғалымы Вильгельм Томсен болатын. 
Кейін  орыс  түркітанушылары  да  аударып,  көп 
зерттеді.  Ескерткіштегі  жазулар  "руна  (руни-
калық)  жазулары"  деп  аталады.  Оның  себебі 
жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазу-
лар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықта-
рының  жазбаларына  ұқсайтын  еді.  Алайда  ғы-
лыми  зерттеулер  Түркі  жазулары  екенін  анық-
тады. В.Томсен ең алғаш рет "Түрк" жəне "Тең-
рі"  сөздерінен  бастап  оқыған  екен.  Орхон  ес-
керткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағы-
нан  ескі  түркі  жазуының  соңғы – жаңа  дəуірін 
танытады.  Оның  бер  жағында  Орхон  жазуы, 
сірə, халық арасына кеңінен тараған болу керек. 
Жазба  ескерткіштегі  Білге  қаған  –үлкен  ел 
басқарушы,  Күлтегін - өз  заманының  даңқты 
батыры,  Тоныкөк - əрі  батыр,  əрі  шешен,  жы-
рау,  əрі  кемеңгер  ақыл  иесі.  Тастағы  жазбада 
Тоныкөк  мемлекет  қамын  ойлайтын  басшы 
түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қа-
ған кезінде əскер басы болған, оның батырлығы 
сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. 
Сол  жазбалардың  ішінде  күні  бүгінге  дейін  өз 
мəнін  жоймаған  шешендік  сөз  үлгілері  мен 
өлең  ұйқастары,  мақал-мəтелдер, арнаулар  мен 
жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур 
көзум  көрмес  тег  бопты,  білер  білігім  білмес 
тег  бопты, «Түн  қатып»  деген  сияқты  қолда-
ныстар  аздаған  дыбыстық  ерекшеліктері  бол-
маса,  күні  бүгінге  дейін  тілімізде  сол  күйінде 
қолданылып келеді. Көне түркі авторлары, өзі-
мізге  əбден  қанық  қазақтың  батырлар  жырла-
рындағыдай,  болашақ  жорықтарды  немесе  өт-
кен  оқиғаны  ақындық  тəсілмен,  үлкен  пафос-
пен баяндай отырып, өздеріне елеусіз деп есеп-
теген  сəттерді  жыр  арасында  қара  сөзбен  жет-
кізіп  те  отырған.  Өз  кейіпкерін  дəріптеуде, 
оның  жойқын  соғыстарда  көрсеткен  есепсіз 
ерліктерін  сүреттеуде  сан  түрлі  бояуды,  бей-
нелеу тəсілдерін мол пайдалана отырып шабыт-
пен  жырлаған  автор  бір  сəт  прозалық  баян-
дауды  да  қолданады.  Мұны  біз  көне  түркі 
ғұламаларының  эпикалық  мұра  жасаудағы  қа-
лыпты, дəстүрлі əдісі ме деп ойлаймыз» [3,60]. 
Міне,  осы  ерлік  пен  ездік,  соғыс  пен  бейбіт-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
 
Мектепте көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту мəселесі 

114 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
шілік,  құлдық  пен  тəуелсіздік  жайында  тебі-
рене  толғайтын  ғажайып  жыр  жолдарын  ақын 
бұдан  бір  мың  екі  жүз  елу  жылдай  бұрын  жа-
зыпты.  Қиыннан  қиыстырып,  айтар  сөзін  ай-
шықтап, ажарлап, сан түрлі бояумен құбылтып 
жеткізген  ежелгі  заман  ақынының  шеберлігіне 
таңырқап,  талантына  тəнті  боласыз.  Ұрпаққа 
өнеге  болар  атақты  Күлтегін,  Тоныкөк,  Білге, 
Бумын  қағандар  əрі  тарихи,  əрі  əдеби  дастан 
жыраулардың  кейіпкерлеріне,  сомды  тұлғала-
рына айналды [3,62].  Ардақты есімдерді ел жа-
дында сақтау үшін сол заманның данагөй білім-
дарлары  өркениеттің  белгісі  болып  табылатын 
түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.  Түркі 
тайпаларынан  қалған  бұл  ескерткіштер  көне 
дəуірдің  қоғамдық  мəдени,  əрі  əдеби  тұрмыс-
салт  өміріне  хабар  беретін  жəдігерлер  қазына 
ретінде  бүгінгі  күні  барлық  түркі  тектес  ха-
лықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сары 
даласының  ішкі  сырын  бойына  сіңірген  таң-
балы  тастар  қас  батырдың  ерлігіндей  сан  ға-
сырларды  аттап,  өз  заманының  шындығымен 
қайғы-қасіретін,  амал-əрекетін  бейнелеп  еш 
өзгерместен  күні  бүгінге  жетіп  отыр.  Болашақ 
ұрпаққа  мұра  етіп  қалдырған  көне  түркілік 
жазба  ескерткіштер  кең  байтақ  Қазақстанның 
барлық  аймақтарынан  табылып  ескерткіштер 
саны жыл санап өсіп жатыр.  
Бұл  ескерткіштердің  қазақ  жұртшылығына 
жете  таныс  болуы 1960 жылдардың  екінші 
жартысынан  басталады.  Профессор  А.С.Аман-
жолов,  М.Жолдасбеков,  Ғ.Мұсабаев  жəне  т.б. 
ғалымдардың  осы  бағытта  жасаған  еңбектері 
орасан.  Ал  тілші  ғалымдар  Ғ.Айдаров,  М.То-
манов,  Ө.Құрышжанов VI-VIII ғасырлардағы 
тас  жазуларды  оқуға  жол  ашарлық  құралдар 
мен зерттеулер, оқу құралдарын жазды.  
Түріктану ғылымы көне түркі жазба ескерт-
кіштерін  географиялық,  мазмұндық  əрі  дəуір-
лік  мəніне  қарап,  Орхон,  Енисей  жəне  Талас 
деп үш топқа бөледі. Соның ішінде Талас жаз- 
балары  Қазақстанның  оңтүстік  аймақтарынан  
табылған  ескерткіштердің  тікелей  жалғасы  
 
болып  табылатын  орта  ғасырлық  мұралар  мен 
тарихи  орындар  осмы  таулы-қыратты,  өзенді 
аймақтарда  орналасқан.  Сан  жылдар  бойы  із-
дестірудің  барысында  Орталық  Азия  террито-
риясында  ағаш  тақтайшаға  ойылып  жазылған 
көне  жазу  табылды.  Бұл  жазу  жүйесі  өзінгің 
құрылымы  жəне  тақтайға  ойылғанымен  басқа 
тас  жазулардан  ерекшеленеді.  Іле-шала  Ертіс 
өзені  бойынан  қола  айнадағы  жазу,  ал 70-ші 
жылдары  Іле  өзені  бойынан  (Есік  қорғанынан) 
күміс  тостағандағы  жазу  табылды.  Мұндай  та-
рихи  мəні  зор  жазулардың  бүгінде  Қазақстан-
ның  кез-келген  өңірінде  өз  сырын  ішіне  бүгіп 
жасырып жатқаны бізге беймəлім. Қазіргі кезде 
ежелгі  түркі  тайпалық  одақтары  өмір  сүрген 
аймақтардан  руникалық  жазумен  ойылып  жа-
зылған  үй-тұрмысына  қажетті  заттар,  қой  тас-
тар табылып жатыр.  Орталық Азия мен Қазақ-
стан  жерлерінен  табылып  жатқан  руникалық 
түркі  жазбалары  Орхон  таңбаларынан  өзіндік 
ерекшелігімен  дараланады.  Мұнда  Орхон  не-
месе  Енисей  өзендері  аңғарларынан  табылған, 
жазулардағы барлық таңбалардан бөлек өзгеше 
жазылған көне əріптер кездеседі. Мұның өзі түркі 
жазуы жүйесінің ертеден қалыптасқанын, біздің 
жазу мəдениетіміздің тереңде екенін аңғартады.  
Көркем сөз өнерінің даму жолын халқымыз-
дың тарихымен ұштастыра қарау қашаннан қа-
лыптасқан.  Осы  орайда  Л.Н.Гумилев: «Өзіңнің 
тарихыңды  жете  білмей,  оған  деген  көзқара-
сыңды əбден анықтап алмай тұрып, мəдениетті 
ешқашан  дамыта  алмайсың»  деп  жазады [4, 
380].  Олай  болса,  ата-бабамыздың  мұралары-
ның ішінде бізге жеткен əлі де құпиясы ашыл-
маған  сынықтарынан  бастап,  тұтас  үлкен  ес-
керткіштеріне  дейін  баға  жетпес  мирас.  Ал 
оларды  меңгертуде  оқушылардың  қызығушы-
лықтарын  арттыру  мұғалім  міндеті  болып  та-
былады.  Тарихымыздың  терең  арналарын  ұғы-
нуға  деген  ұмтылыс  жас  ұрпақтың  қолында. 
Тарихты  тану – тамырыңды  тану,  ал  тамы-
рыңды  тану – бабалар  тағылымын  меңгеру  де-
ген сөз.   
 
Əдебиеттер 
 
1 Аманжолов А. Жоғары тіл мəдениеті мен білім өресінің көрсеткіші // Ана тілі. – 1997. – № 35. – 7 б. 
2 Сейдімбек А. Рухани тектілік // Ана тілі. – 1997. –  № 35. – 7 б. 
3 Жолдасбеков М. Асыл арналар. – А.: Жазушы, 1990. –  62 б. 
4 Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1967. –  380 б. 
 
References 
 
1 Amanzholov A. Zhoғary tіl mədenietі men bіlіm өresіnің kөrsetkіshі // Ana tіlі. – 1997. – № 35. – 7 b. 
2 Seydіmbek A. Ruhani tektіlіk // Ana tіlі. – 1997. –  № 35. – 7 b. 
3 Zholdasbekov M. Asyl arnalar. – A.: Zhazushy, 1990. –  62 b. 
4 Gumilev L.N. Drevnie tyurki. – M., 1967. –  380 b. 
М.Ə. Мұстафина 

115 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
 
 
 
УДК 81'1 
 
Ж.Б. Ошакбаева
1
, А. Шерубаева
2
 
1
к.ф.н. ст. преподаватель,
 2
бакалавр ІV курса МКТУ им. Х.А. Ясави, Казахстан, г. Туркестан 
1
E-mail: j.oshakbaeva@mail.ru 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет