Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет14/39
Дата03.03.2017
өлшемі18,4 Mb.
#6205
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39

Əдебиеттер 
 
1  Алмаз  Ж. «Қииса-Иусуф»  Али  булгаро  татарский  памятник – В  кн.  Труды XXV международного  конгресса 
востоковедов. – М: Наука, 1860. 
2  Тагирджанов А.Т. Вляние поэмы Фирдоуси «Йусуф и Зулайха» на «Кисса и Йусуф» Али и «Йусуф и Зулайха» Шаяд 
Хамзы.- Палитинский сборник, 1870. Вып. 21 
3  Наджип Э.Н. о языке памятника XIII века « Кысса- и Юсуф» Али – Советская тюркология, 1976. 2 
4  Хисамов Н.Ш. Поэма «Кысса и Йусуф» Кулалы. – М.: Наука, 1979. - 252 стр. 
5  Бертельс Е.Э. Литература народов средней Азий от древнейших времен до XV в. Новый мир. 1939/9с. 275 
6  Қыраубаева А. Шығыстық қисса дастандар. - Алматы: Рауан, 1997. - 140 б. 
 
References 
 
1  Almaz Zh. «Қiisa-Iusuf» Ali bulgaro tatarskiy pamyatnik – V kn. Trudy XXV mezhdunarodnogo kongressa vostokovedov 
Moskva. Nauka, 1860. 
2  Tagirdzhanov A.T. Vlyanie poemy Firdousi «Yusuf i Zulayha» na «Kissa i Yusuf» Ali i «Yusuf i Zulayha» Shayad Hamzy.- 
Palitinskiy sbornik, 1870. Vyp. 21 
3  Nadzhip E.N. o yazyke pamyatnika XIII veka « Kyssa- i Yusuf» Ali – Sovetskaya tyurkologiya. 1976. 2 
4  Hisamov N.Sh. Poema «Kyssa i Yusuf» Kulaly. Moskva. Nauka, 1979. 252str. 
5  Bertel's E.E. Literatura narodov sredney Aziy ot drevneyshih vremen do XVv. Novyj mir. 1939/9s. 275 
6  Қyraubaeva A. Shyғystyқ қissa dastandar. Almaty: Rauan, 1997. 140 b. 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
 
«Қисса Жүсіп» дастанының зерттелуі 

90 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 5-6(139-140). 2012 
 
 
 
ƏОЖ 82.02  
 
С.Б. Жұмағұлов
1
,
 
 А. Жүсіпова
2
 
1
Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры, ф.ғ.д.,
 
Қазақстан, Қарағанды қ.  
E-mail: sagymbai.zhumagul@mail.ru 
2
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ф.ғ.к., доцент,
 
Қазақстан, Алматы қ.  
E-mail: altynai-74@mail.ru 
 
Қ
азақ прозасының зерттелуі (1970-1980 жылдарындағы еңбектер негізінде)
 
 
Мақалада  қазақ  прозасының  зерттелу  үрдісі  қарастырылып,  ұлттық  сөз  өнерінің  жанрлық  түрленуін 
саралауда типологиялық, герменевтикалық əдіс-тəсілдерді ұштастыра қолдану тəжірибесі талданады. Қазіргі 
қазақ  романдарының  сюжет  пен  композициясы,  поэтикасы,  тарихи  роман,  өнердің  эстетикалық  нысанасы 
зерттелген еңбектерге шолу жасалады.  
 Түйін сөздер: əдеби үрдіс, əдебиет теориясы, көркем бейне, қазақ романы, тип, характер, поэтика, əдеби 
дəстүр, стиль, эстетика, психологизм. 
 
S.B. Zhumagulov, А. Zhusupova 
Kazakh prose study (On the basis of published writings 1970-1980) 
 
The article is about the process of literary and theoretical study of the modern Kazakh prose. The experience of 
using typological, hermeneutic techniques and methods for determining the evolution of genre and issues of poetics
art and the specific features of modern Kazakh literature  was analyzed. The relevance of the scientific work on 
literary and theoretical study of the modern Kazakh prose is noted. The novelty of methodological approaches of 
literary definition of new aesthetic facets and poetic forms in the literary process of modern Kazakh literature of 
1970-1980 are assessed. On the basis of the most important scientific works main achievements of estetic concept 
analysis on the theory and aesthetics of literature are identified. Thus the proсess of scientific and theoretical 
development of one of the most difficult direction of Kazakh literature, literary theory is traced. 
Keywords: literary process, theory of literature, artistic image, Kazakh novel, type, nature, poetic, literary 
tradition, style, aesthetics, psychology. 
 
С.Б. Жумагулов,  А. Жусупова 
Исследование казахской прозы (на основе трудов, изданных в 1970-1980 годы) 
 
В  статье  рассматривается  процесс  литературно-теоретического  изучения  современной  казахской  прозы. 
Проанализирован  опыт  применения  типологических,  герменевтических  приемов  и  методов  определения  
жанровых  эволюций  и  проблем  поэтики,  художественно-специфических  особенностей  современной 
казахской  литературы.  Отмечается  научная  актуальность  работ  по  литературно-теоретическому  изучению 
современной казахской прозы. Дается оценка новизны методологических подходов ученых-литературоведов 
к  определению  новых  эстетических  гранией  и  поэтических  форм  в  литературном  процессе  современной 
казахской  литературы 1970-1980 годов.  На  основе  важнейших  научных  трудов  определены  главные 
достижения анализа эстетические концепций по теории и эстетике литературы. Тем самым прослеживается 
процесс  научно-теоретического    развития  одного  из  трудных  направлений  казахского  литературоведения, 
теории литературы. 
Ключевые слова: литературный процесс, теория литературы, художественный образ, казахский роман, 
тип, характер, поэтика, литературная традиция, стиль, эстетика, психологизм. 
 
__________________________ 
 
Қазақ  сөз  өнерінің  түрлі  жанрдағы  көркем-
дік өрлеуі əдеби үрдістегі суреткерлік шеберлік 
пен  поэтикалық  қуаттың  жаңа  эстетикалық 
биікке  көтерілу  барысын  сын  тезіне  салумен 
қатар  теориялық  тұрғыдан  жіті  саралау  тала-
бын  ұштай  түсті.  Сондықтан  ұлттық  əдебиет-
тану  ғылымында  жанр  табиғатына  дендей  ену, 
сөз  өнерінің  сырлы  əлемін  əдеби-теориялық 
жағынан  қарастыру  мəселесінің  зəрулігі  өткір 
қойыла  бастады.  Жетекші  ғалымдардан  бастап  
 
ғылыми  əлеуетін  таныта  алған  жаңа  тың  күш- 
тердің атсалысуымен əдебиет теориясының мəсе- 
лелерін  қазақ  əдебиеті  туындылары  негізінде 
қарастырған  ғылыми  мақалалар  жинағынан  бас-
тап арнаулы монографиялық еңбектерге дейінгі 
зерттеулер  өзегіне  ұласу  белестерінен  өтті.  Атап 
айтқанда,  осы  бағыттағы  əдеби-теориялық  ең-
бектер  арқауын  біріншіден,  қазіргі  қазақ  роман-
дарының сюжет пен композициясы, поэтикасы, 
типтік  характер,  көркемдік  даму    мен  дəстүр 
С.Б. Жұмағұлов,  А. Жүсіпова 

91 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 5-6(139-140). 2012 
 
 
жалғастығы  құрады.  Бұл  арнада  М.Атымовтың 
«Идея жəне композиция» (1970), «Қазақ роман-
дарының  поэтикасы» (1976), «Қазіргі  қазақ  ро-
мандарындағы  сюжет  пен  композиция  пробле-
малары» (1979), А.Тұрбековтың «Реалистік ро-
ман  жəне  типтік  характер» (1970), Ə.Шəріпов-
тің «Қазіргі дəуір жəне қазақ совет əдебиетінің 
проблемалары» (1973), З.Ахметовтың  «Совре-
менное  развитие  казахской  литературы  и  тра-
диции казахской литературы» (1978), «Поэтика 
эпопеи  «Путь  Абая»  в  свете  истории  ее  созда-
ния» (1984), Б.Наурызбаевтың  «Қазіргі  қазақ 
прозасындағы  Б.Майлин  дəстүрі» (1979), Б.Май-
тановтың  «Қазақ  прозасындағы  замандас  бей-
несі» (1982), «Көркемдік нəрі» (1983) еңбектері 
аталады. Екіншіден, қазақ романдарының таби-
ғаты,  тарихи  роман  Ш.Елеукеновтің  «Казах-
ский роман и современность» (1968), З.Серікқа-
лиевтің «Жылдар сазы» (1971), Ə.Кекілбаевтың 
«Дəуірмен  бетпе  бет» (1972), Мұрат  Əуезовтің 
«Времен  связущая  нить» (1972), Р.Бердібаев-
тың «Қазақ романы» (1975), «Қазақ  тарихи ро-
маны» (1979), Б.Шалабаевтың  «История  казах-
ского романа» (1975), В.Владимировтың «Рево-
люцией призванный. Очерки историко-револю-
ционного романов Казахстана» (1976), Ж.Дəде-
баевтың  «Қазіргі  қазақ  тарихи  прозасындағы 
М.Əуезов дəстүрі» (1981) зерттеулерінде қарас-
тырылды. Үшіншіден, өнердің эстетикалық ны-
санасын  көркемдік  дамудағы  дəстүр  жəне  жаңа-
шылдық  тұрғысынан  саралау  М.Қаратаевтың 
«Əдебиет  жəне  эстетика» (1970), Р.Нұрғалиев-
тің  «Өнер  алды  қызы  тіл» (1974), «Өнердің 
эстетикалық  нысанасы» (1979), З.Серікқалиев, 
Э.Серікқалиеваның  «Ақыл  таразысы» (1975) 
зерттеулерінде  жүзеге  асты.  Ал  М.Қараевтың 
«Истоки  реализма  в  казахской  литературе» 
(1984), «Қазақ əдебиетіндегі реализмнің кейбір 
мəселелері  (ХХ  ғасырдың  бас  кезі)» (1985) ең-
бектерінде  көркемдік  əдіс,  соның  ішінде  Абай 
реализмінің  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақтың 
демократияшыл  əдебиетінде  өрісті  арна  тауып, 
ілгерлеу жолына түскені зерделенді.  
Сонымен  қатар  əдебиет  теориясының  оқу-
лығы,  əдебиет  пəнін  оқытуда  теориялық  тал-
даудың  əдістемелік  оқу  құралдары  жəне  кө-
мекші құралдарының зəрулігін өтеуде З.Қабдо-
ловтың  «Əдебиет  теориясының  негіздері» (1970), 
Т.Ақшолақовтың «Көркем шығарманың компо-
ненттерін оқыту» (1968), «Көркем шығарманың 
эстетикалық  табиғатын  талдау» (1975), «Көр-
кем шығармаға талдау жасау» (1983), С.Дүкен-
баевтың «Əдебиет теориясынан алғашқы ұғым-
дар. Көмекші құрал. 4-5 сыныптарға арналған» 
(1981) сынды еңбектері жарық көрді. Бұл ретте 
Б.Майтановтың «Əрине, кеңестік кезеңде басты 
мəселе  кеңес  əдебиетінің  даму  жолы,  Лениана, 
жаңа  адам  бейнесі,  замандас  тұлғасы,  социа-
листік реализм принциптері төңірегінен табыл-
ды.  Бұл  жағдайлардың  өз  кезеңі  үшін  көкей-
кестілігін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Сонымен 
қатар  реализм,  социалистік  реализм,  мазмұн 
мен  пішін,  ұлттық  пен  интерноцианалдық  ту-
ралы  зерттеулердің  құнды  сипаттары,  мəтінді 
уақыт  өңдеуіне  түсіріп  оқыса,  əлі  де  мəнін 
жоғалта қойған жоқ. Оған тек аспаннан түскен-
дей,  бəрін  де  өзі  біліп  туған,  басқалардың 
ақылы  жетпеген  тəрізді  қарайтын  түсініктен 
гөрі  əсіреқызылдықтан  ада,  дұрыс,  байыпты 
көзқарас  қажет»  деген  байыпты  пікірін  назар-
дан  тыс  қалдыра  алмайтынымыз  анық.  Ең  бас-
тысы  сын-зерттеулер  мен  ғылыми  талдаулар 
əдеби  үрдіс  табиғатына  орай  туынды  поэтика-
сына  терең  үңілу  мен  сонылық  сипатын  зерде-
леуде парасат пайымын ұстана отырып, шебер-
лік  шыңындағы  суреткерлер  əлемін  айшықтау 
мен  батыл  ізденістерінің  күретамырын  қарас-
тыруда  төл  əдебиетіміздің  өз  ілкі  қасиетінен 
туған  табыстарын  барынша  танытуға,  насихат-
тауға,  оқырман  танымына  орнықтыруға  күш 
салды.  Оларда  əлемдік  əдебиеттің  ажырағысыз 
бөлігі  ұлттық  сөз  өнерінің  жанрлық  түрленуі-
нің  болмысын  ауқымды  қарастыру  мен  сара-
лауда  маркстік-лениндік  эстетика  аясында 
типологиялық,  герменевтикалық  əдіс-тəсілдер 
ұштастырыла қолданылғанын байқаймыз.  
Əдебиет  теориясының  нақты  бір  проблема-
сын  қазақ  əдебиеті  негізінде  талдау  өзегі  етіп 
алған ғылыми мақалалар жинақтарын жариялау 
ісінің  бұрынғы  кезеңдермен  салыстырғанда 
жүйелі  жолға  қойылғаны  да  əдебиетші  ғалым-
дардың  теориялық  таным-білігінің  артқанын 
əрі эстетикалық толғам, теориялық талдау нақ-
тылығындағы  зерттеушілік  бағыттағы  жаңа 
ізденістер  арнасының  кеңейгенін  көрсетеді. 
Атап  айтқанда, сөз  өнерінің  сырлы  əлемі  түрлі 
аспектіде  зерделенген  «Қазақ  əдебиетіндегі 
жанр  проблемасы» (1971), «Əдебиеттану» 
(1972), «Стиль  проблемасы» (1974), «Стиль 
сыры» (1974), «Сөз өнері» (1978), «Дəстүр жəне 
жаңашылдық» (1980), «Қазақ  поэзия-сындағы 
дəстүр  ұласуы» (1981), «Көркемдік  кілті - 
шеберлік» (1985) атты  ғылыми  моногра-
фиялық сипаттағы жинақтар соны айқын таны-
тады.   М.Атымовтың  «Қазақ  романдарының 
поэтикасы»  еңбегінің  жаңашылдық  сипаты  қа-
зіргі  қазақ  романдарының  сюжет  жəне  компо-
зициясының  теориялық  тұрғыдан  зерттелуі. 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
 
Қазақ прозасының зерттелуі (1970-1980 жылдарындағы еңбектер негізінде) 

92 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 5-6(139-140). 2012 
М.Əуезов  роман-эпопеясының  көркемдік  ерек-
шелігі, С.Мұқанов романдарындағы өмір шын-
дығын берудегі шеберлік қырлары,  З.Шашкин, 
Т.Əлімқұлов, Т.Ахтанов, І.Есенберлин, С.Жүні-
сов,  З.Шүкіров,  З.Қабдолов,  С.Бақбергенов, 
Ж.Молдағалиев, 
М.Сүндетовтердің 
қазіргі 
заман тақырыбындағы романдарының компози-
циялық  сипатттары,  образ  сомдаудағы  көркем-
дік  тəсілдері,  Х.Есенжанов,  Ə.Нүрпейісов  ро-
мандарындағы  стильдік  ізденістер  талданған 
зерттеу  қазіргі  қазақ  романының  құрылысын 
композиция құру қағидасына қарай топтай оты-
рып талдауда тың қадам жасады.  
Қазақ əдебиетіндегі ұнамды образ жəне тип-
тендіру  мəселесі  Абай  шығармашылығындағы 
типтілік  жəне  эстетикалық  мұрат,  С.Мұқанов, 
З.Шашкин,  Ғ.Сланов,  Ə.Нұрпейісов  туындыла-
рындағы  тақырып  жəне  көркемдік  шешім, 
М.Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясын-
дағы  əлеуметтік  өмірдің  мəні  жəне  типтендіру 
проблемасы,  дəуір  тынысы  жəне  замандастар 
бейнесі негізінде М.Хасеновтің «Ұнамды образ 
жəне  типтендіру» (1966) кітабында  алғаш  қа-
растырылған  болатын.  Еңбек  күрделі  теория-
лық  мəселедегі  алғашқы  тың  қадам  бола  оты-
рып, қазақ прозасындағы типтік характер таби-
ғатында  жан-жақты  зерттелетін  келелі  мəселе-
лерінде қолға алынуы тиіс тақырып арнасына із 
салған еді. Міне, А.Тұрбековтің «Реалистік ро-
ман  жəне  типтік  характер»  еңбегінде  осы  күр-
делі  теориялық  тақырып  М.Əуезовтің  «Абай 
жолы»,  Ғ.Мүсіреповтің  «Оянған  өлке»,  Ғ.Мұс-
тафиннің  «Дауылдан  кейін»  эпикалық  роман-
дары  негізінде  реалистік  сипат,  идеялық  жəне 
көркемдік  ерекшеліктер,  шындық  болмыс  пен 
соған орай қаламгер дүниетанымынан туындай-
тын көзқарас ұстанымы, конфликт жəне типтік 
характер жасаудағы əдіс-тəсілдер жүйелі зерде-
ленді [1].  
Ұлттық  əдебиеттегі  дəстүр  жалғастығын 
əдеби  даму  үрдісімен  тығыз  байланыста  сара-
лаудың  терең  қатпарларындағы  ғылыми  қиын-
дықтарды  атамағанда  оның  түп-төркініне  та-
рихи  сабақтастық  тұрғысынан  бойлау  кеңес 
дəуіріндегі  идеологиялық  қысыммен  де  сабақ-
тас  күрделі  мəселе.  Осы  жағынан  алғанда 
Ш.Елеукенов, Ə.Шəріпов, З.Ахметов еңбектері-
нің  өзектілігі  де  дəстүр  ұласуы  мен  жаңашыл-
дық  сабақтастығына  дендеп  барып,  ұлттық  си-
паттағы  сөз  өнерінің  даму  заңдылықтарын  ба-
рынша  дəлелдеуге  күш  салуында.  Мəселен, 
Ш.Елеукеновтің «Казахский роман и современ-
ность» (1968) кітабында  қазіргі  қазақ  романы 
алғаш нақты зерттеу нысанына алынып, жүйелі 
сараланды. Əдебиеттану ғылымының əдіснама-
лық  негіздерінің  жаңаша  талдау  өзегіне  ойы-
сып,  қазіргі  қазақ  əдебиетіндегі  жаңашылдық 
сипаттардың  ұлттық  топырақтағы  құнарлы 
қайнарлардан  өсіп-өнгенін  жүйелі  зерттеуде 
тың қадам жасаған Ш.Елеукенов еңбегінде ұлт-
тық  прозаның  бастапқы  қайнарлары,  яғни 
фольклордан  бастап  кейінгі  реалистік  əдебиет 
пен  бүгінгі  тақырып  өрісі  түрленген  эпикалық 
романның  арасындағы  табиғи  үйлесімнің  көр-
кемдік  ұласудағы  дəстүрлі  арналары  айқын-
далды  [2]. Өз  кезегінде  З.Ахметовтің  «Совре-
менное развитие и традиции казахской литера-
туры» кітабы қазақ əдебиетіндегі эпикалық жанр 
табиғатын  қарастыруда,  сөз  қисынының  күр-
делі  мəселелерін  тұтастықта  екшеуде  типоло-
гиялық,  құрылымдық  тұрғыдан  зерттеу  əдісін 
ұштастыра қолдану талабында болған тың ізде-
ністің айқын мысалы болып табылады [3].   
Б.Майтановтың «Қазақ прозасындағы заман-
дас бейнесі» еңбегі замандас бейнесін сомдаған 
қаламгерлердің дəстүр сабақтастығын меңгеру, 
көркемдік  тəжірибе  жетістіктерін  жаңа  стиль-
дік өрнектермен жаңғыртып еселеуі, қаһарман-
ның  рухани-адамгершілік  ізденістері,  характер 
ашудағы  психологизм  мəселелерінде  дендеп 
барған  зерттеулердің  бірі  болды [4]. Бұл  ретте 
еңбектің  «Дəстүр  жалғастығы», «Қаһарманның 
рухани-адамгершілік ізденістері», «Характер ашу-
дағы  психологизм табиғаты», «Ұлттық пен ин-
тернационалдық  сипаттардың  бірлігі»  тараула-
рындағы мəтіндік талдаулардағы əдеби-теория-
лық  түйіндер  де  тың  ізденіс  бағытын  айқын-
дайды.  Зерттеуші  осы  бағыттағы  жаңа  методо-
логиялық  ұстанымдарды  орнымен  пайдалана 
білді.  Бұл  құбылыстың  көкейкестілік  сипаты 
əрдайым  зор.  Автор  ғылыми  мəні  ауқымды  да 
терең поэтика мен психологизм құбылыстарын 
өзара сабақтас қарастырды [5, 371]. 
Қазақ  тарихи  романдарының  əдебиеттегі 
жетекші  де  басым  бағытты  құрауы  жанр  таби-
ғатын жан-жақты зерттеу талабын алға шығар-
ды. «Қазақ  əдебиеттану  ғылымының  тарихын-
дағы  соңғы  жиырма  жыл  ауқымында  тарихи 
роман проблемасы əр қырынан зерттеліп, жеке 
арна  тарта  бастады» [6, 8]. Осы  ғылыми  арна-
ның  бастауында  тұрған,  яғни  қазақ  тарихи  ро-
мандарының  табиғатын  қарастырудағы  Ш.Елеу-
кенов,  З.Серікқалиев,  Ə.Кекілбаев,  М.Əуезов, 
Р.Бердібаев  еңбектері  айрықша  аталады.  Бұл 
еңбектерді  тоғыстыратын  басты  өзек  əдебиет-
шілердің  қазақ  тарихи  романдарын  теориялық 
жағынан  терең  зерделеуге  ұлттық  əдебиеттің 
өзіндік табиғаты тұрғысынан келуінде.  
С.Б. Жұмағұлов,  А. Жүсіпова 

93 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 5-6(139-140). 2012 
 
 
З.Серікқалиевтің «Жылдар сазы» əдеби сын-
зерттеу  кітабындағы  «Проза  парасаты», «Та-
рихи  роман  табиғаты», «Жылдар  сазы»  тарау-
ларындағы проблемалық мəселелердің зерттеу-
шілік маңызы тарихи романы табиғатына эсте-
тикалық  талғамдағы  теориялық  тереңдіктегі 
талдау  өнерінің  биігінен  келуі [7]. Қазақ  про-
засындағы  тарихи  роман  бастауларын,  тарихи 
туынды ерекшелігін кеңінен саралаған зерттеу-
ші  қаламгерлердің  суреттеліп  отырған  дəуір 
тынысын,  заман  ағысын  беруде,  уақыт  рухын 
шынайы  түйсіндіруде  жанр  жауапкершілігінен 
туындайтын  күрделі  мəселелерді  өнердің  та-
биғи  көркемдік  заңғарынан,  шеберлік  биігінен 
зерделейді. «Біз жазушы жасаған осы кесек ха-
рактерлердің,  өмір  суретінің  қаншалықты  та-
биғи, көркем бейнеленгендігіне қарап характер 
логикасын  қадағалай  отырып,  сол  өткен  заман 
рухына бойлаймыз. Автор көзқарасын, бағасын 
шығарманың  өзінен,  ішкі  дүниесінен,  бар  əле-
мінен, көркемдік бітімінен аңғарамыз» деп түйеді.  
«Концептуалдық  жүйелі  пікірге  құралған 
философиялық» (Т.Тоқбергенов)  сипаттағы  күр-
делі  теориялық  зерттеулер  қазақ  əдебиетта-
нуында  тууы  міндетті  болатын.  Міне,  М.Əуе-
зовтің  «Времен  связующая  нить»  зерттеуінің 
ғылыми  өзектілігі  мен  сонылығы  қазақ  əде-
биетіндегі  дəстүрлі  ұлттық  сипаттағы  көркем-
дік бейнелердің сомдалу эволюциясын сөз өне-
рінің  ұлттық  ерекшеліктерімен  тығыз  бірлікте 
саралап,  əдеби  үрдістегі  көркемдік  ойлаудың  түп 
төркіндерінің күретамырын құрайтын тарихи ой-
лау  жүйесіндегі  көшпенділер  дүниетанымына 
сай  қалыптасқан  əрі  ғасырлар  бедеріндегі  уақыт 
пен кеңістік арқауында үзілмеген ілкі қасиеттер 
желісімен бүгінгі дəуірдегі эстетикалық таным-
да дəнекерленіп жаңғыруын ашуында [8].  
Р.Бердібаевтың «Қазақ романы» (1975), «Қа-
зақ  тарихи  романы» (1979) еңбектері  қазақ  та-
рихи  романын  жүйелі  зерттеудің  əдіснамалық 
негіздерінің  барынша  жетілдіріле  даму  үстінде 
екенін  айқындай  түсті.  Халық  мəдениет  уни-
верситетінің тыңдаушыларына арналған «Қазақ 
романы»  кітапшасында  Р.Бердібаев  ерлік  пен 
өрлікке толы тарих қойнауындағы түркі жазуы, 
əл-Фараби  мұрасын  игеру - өткенге  үңілудегі 
елдік  сананың  өсуі  екенін  байыптап,  тарихи 
тақырыптағы  туындылардың  ұлт  əдебиетінде 
санаулы  екенін  айта  келіп,  осы  олқылықтың 
орынын  толтырудағы  Д.Досжановтың  «Жібек 
жолы», «Отырар», І.Есенберлиннің «Алмас қы-
лыш»  туындыларының  маңызын  баса  көрсе-
теді. Зерттеуші І.Есенберлиннің аталған шығар-
масына  кеңінен  тоқталып,  айрықша  маңызын 
«өзге  маман  түгіл  тарихшыларымыздың  өзі  де 
əлі  күнге  дейін  жете  зерттеп  болмаған  кезең - 
ХҮ  ғасыр  оқиғаларын  роман-хроника  түрінде 
тұңғыш рет жүйелі өріп, аса көп керекті мағлұ-
мат  бере  алатындығында.  Қалың  оқушы  бұл 
кезге дейін ХҮ ғасырда Жəнібек пен Керей бас-
таған  қазақ  рулары Сарысу, Шу, Талас өзенде-
рінің алқабында, Мойынқұм бойында алғаш рет 
қазақ  хандығын  құрды  деген  қысқа  дерек-тен 
өзгені  біле  бермейтін. «Алмас  қылыш»  тарих 
кітаптарында  жазылған  сараң  тұжырым-ның 
тасасында қаншама хикмет жатқанын нақ-тылы 
оқиғалардың хронологиялық ізіне түсе отырып 
кеңінен баян етеді» деп бағалайды.  
Роман  жанрын  роман-хроника  деп  анықтай 
отырып, шығарманың басты идеясы  «қазақ ру-
ларының бірлесу, бір хандық шеңберінде ынты-
мақ құру» [9,35] екенін дəлелдей көрсетеді. Ал, 
ғалымның  «Қазақ  тарихи  романы»  еңбегі  əде-
биетіміздегі  тарихи  романдардың  жанрлық  си-
патын, даму үрдісін нақты зерттеу өзегі етіп алған 
алғашқы  зерттеулердің  бірі. Ғалым  біріншіден, 
М.Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 
көркемдік əлемін кемел туындының шығармашы-
лық тарихы жəне суреткер зертханасы сынды ма-
ңызды мəселелермен тығыз байланыста қарастыр-
са, екіншіден, С.Мұқанов, Д.Əбілев, А.Тоқмаған-
бетов,  І.Есенберлин,  Ə.Əлімжанов,  С.Жүнісов, 
Ə.Кекілбаев,  Д.Досжановтардың  тарихи  тақы-
рыптағы  романдарын  кеңінен  талдайды.  Қазақ 
тарихи романы жүйелі жəне тұтастықта саралан-
ған зерттеудің тағы бір атап өтер ғылыми сипаты 
сол  кездері  өз  оқырманына  қайта  жол  тапқан 
М.Əуезовтің «Қилы заман» повесінің талдануы.  
З.Қабдоловтың  жоғары  оқу  орындарына  ар-
налған  «Əдебиет  теориясының  негіздері» (1970) 
оқу  құралы  А.Байтұрсынов  ғылыми  негізін 
қалаған,  кейіннен  Қ.Жұмалиев,  Е.Ысмайылов, 
З.Ахметов  сынды  білікті  теоретиктер  тарапы-
нан  тереңдетілген  ұлттық  əдеби-теориялық 
ізденістердің  заңды  жалғасы  əрі  əдебиеттану 
талабының ділгірлігінен туған жүйелі еңбек еді 
[10].  Зерттеудің  «Əдебиет  туралы  жалпы  түсі-
нік», «Əдебиеттану,  оның  даму  кезеңдері», 
«Образ  жəне  образдылық», «Əдебиеттегі  маз-
мұн  мен  пішін», «Көркем  əдебиеттің  тілі», 
«Өлең – сөздің  патшасы», «Əдебиеттің  тектері 
мен  түрлері», «Əдеби  бет  пен  бағыт»  тарау-
ларында  көркем  əдебиеттің  болмысы  мен 
бітімі,  əдеби  шығарманың  сыры  мен  сипаты, 
əдеби  дамудың  табиғаты  ауқымды  талданып, 
сөз өнерінің сырлы əлемі сараланды.  
Əдебиеттанудың  қандай  да  болмасын  сала-
ларының түйінді мəселелерін өнердің эстетика-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
 
Қазақ прозасының зерттелуі (1970-1980 жылдарындағы еңбектер негізінде) 

94 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 5-6(139-140). 2012 
лық  нысанасын  көркемдік  дамудағы  дəстүр 
жəне жалғастық арнасында зерделеген Р.Нұрға-
лиевтің «Өнер алды-қызыл тіл», «Өнердің эсте-
тикалық  нысаны.  Көркемдік  дамудағы  дəстүр 
мен  жалғастық»,  З.Серікқалиев,  Э.Серікқалие-
ваның  «Ақыл  таразысы»  еңбектерінің  де  зерт-
теу əдістері тың болып табылады.  
Р.Нұрғалиевтің жоғарыда аталған зерттеуле-
рінде  өнердің  эстетикалық  категориялары  ұлт 
жəне  əлем  əдебиетінің  озық  үлгілері  негізінде 
сараланып,  көркемдік  үрдістің  ортақ  заңды-
лығы  мен  ұлттық  сипаттан  туындайтын  ілкі 
қасиеттері  əдеби  дамудағы  дəстүр  жəне  жал-
ғастық арнасында жан-жақты қарастырылады  
Еңбектегі  «Қазақ  сынында,  əдебиет  тануда 
қолданылатын  көптеген  терминдер  əр  түрлі 
кезеңдерде жасалды. Шендестіру, дамыту, түй-
дектеу,  бүкпелеу,  көріктеу,  меңзеу,  əсірелеу, 
ауыстыру,  кейіптеу,  пернелеу,  баяулату,  да-
мыту,  теңеу,  айқындау,  тармақ,  шумақ,  бунақ, 
ырғақ,  тəрізді  терминдер  ана  тілінің  ішкі 
мүмкіндіктері  негізінде 20-жылдарда  жасалса, 
форма,  стиль,  сюжет,  композиция,  фоника,  фа-
була,  жанр  секілді  интернационалдық  термин-
дер өзгеріссіз алынды» [11,168] деген пікір көп 
нəрсені  аңғартады.  Ал, «Өнердің  эстетикалық 
нысанасы» еңбегінде қазақ əдебиет теориясын-
да  өз  деңгейінде  қарастырылмаған  əрі  нақты 
зерттеу  өзегіне  алынбаған  өнердегі  эстетика-
лық категория прозадағы драматизм сараланды. 
Ал  З.Серікқалиев,  Э.Серікқалиеваның  «Ақыл 
таразысы»  еңбегінің  «Дүние  тану  даналығы» 
бөлімінде əлем жəне адам, өмір мен өнер, ғылыми 
жəне  көркемдік  танымның  даралық  сипаттары, 
əлемдік  мəдениеттер  тоғысының  адамзаттың 
ортақ  рухани  қазына  тұрғысындағы  маңызы, 
өнер туындыларының философиялық, эстетика-
лық  мəнінің  танымдық  қуаты  кеңінен  саралан-
са, «Өнер  өрнегі»  бөлімінде  қазіргі  қазақ  əде-
биетінің өзекті мəселелері қарастырылды. 
Қорыта айтқанда, бұл тұста сын мен ғылым, 
теория  мен  эстетика  тығыз  тоғысқан  өрелі 
мақалалар мен күрделі зерттеулерде сөз өнерін 
саралау  мен  талдаудың  келелі  арналары  ба-
рынша  ұлғайып,  қазақ  əдебиетінің  сан  алуан 
теориялық  мəселелеріне  арналған  еңбектер 
жарық  көрді.  Оларда  əлемдік  əдебиеттің  ажы-
рағысыз  бөлігі  ұлттық  сөз  өнерінің  жанрлық 
түрленуінің болмысын ауқымды қарастыру мен 
саралауда  марктсік-лениндік  ілім  аясында 
типологиялық,  герменевтикалық  əдіс-тəсілдер-
ді  ұштастыра  қолдану  тəжірибесі  де  шығар-
машылық  тұрғыдан  кеңінен  игерілді.  Соның 
ішінде  қазіргі  қазақ  романдарының  сюжет  пен 
композициясы,  поэтикасы,  типтік  характер, 
көркемдік даму мен дəстүр жалғастығы, қазіргі 
қазақ  романы,  тарихи  роман,  өнердің  эстети-
калық  нысанасын  көркемдік  дамудағы  дəстүр 
жəне  жаңашылдық  тұрғысынан  саралауда  күр-
делі еңбектер жазылды. Сонымен қатар əдебиет 
теориясының  оқулығы,  əдебиет  пəнін  оқытуды 
талдаудың əдістемелік оқу құралдары  жəне кө-
мекші  құралдарының  зəрулігін  өтеуде  маңызы 
зор еңбектер жарияланды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет