Түйін сөздер: өлеңші, жыршы, тіл көсемдері, көшбасшы.
G.T. Ospanova
Actual problems of Kazakh literature in Alikhan Bukeykhan
’
s literary study
In article considered a treasure brought by A.Bukeykhan in development of the Kazakh literature. He gives the
assessment on the Kazakh literature which was proved by exact examples. Examples were given from work of
Russian and foreign writers since oral national literature and to XҮІІІ-XIX centuries. The opinion to Alikhan
Bukeykhan at that time was captures from archival materials. Research is written on the basis of real sources.Today
A.Bukeykhan's marks to these works: «Black kypwak Koblandy», «The woman according to Koblandy's Kyrgyz
bylina», «Kalkaman-Mamyr», «Old Кoja», «Unfortunate Zhamal» in the history of kazak literature borrows are high
level. They are considered valuable and considered with the point of view as a beginning of an initial scientific mark.
Keywords: singer, storyteller, eloquent, leader.
Г.Т. Оспанова
Актуальные проблемы казахской литературы
в литературно-исследовательских трудах Алихана Букейхана
В статье рассматривается вклад, внесенный А.Букейханом в развитие казахской литературы. Его данная
оценка на казахскую литературу была доказана точными примерами. Были приведены примеры из произве-
дении русских и зарубежных писателей, начиная с устной народной литературы и до ХVІІІ-ХІХ вв. Данное
мнение Алихану Букейхану в то время были взяти из архивных материалов. Исследование написано на
основе реальных источников. Данная оценка А.Букейхана этим произведениям: «Кара кыпшак Кобланды»,
«Женщина по киргизской былине Кобланды», «Калкаман-Мамыр», «Карт Кожа», «Несчастная Жамал», на
сегодняшний день в истории казакской литературы занимает высокий уровень. Они считаются ценными с
точкой зрения первоначальной научной оценки.
Ключевые слова: певец, сказитель, красноречивый, лидер.
______________________________________
ХХ ғасырдың басындағы көркем əдебиеті-
мізде эстетикалық мұрат (идеал) негізінен ауыз
əдебиеті мен классикалық поэзияның жəне сол
кезде ене бастаған басқа озық əдебиеттердің
ықпалымен қалыптаса бастаған-ды.
Эстетикалық норма халықтың сана-сезімі мен
əдет-ғұрпына тікелей байланысты. Яғни, сана-
сезім, əдет-ғұрыппен бірге ол да кемелденіп,
жаңарып отырады деген сөз.
Жиырмасыншы ғасырдың басында ұлттық са-
нада өрлеу ерекше күш алды. Бұл құбылыс қазақ-
тың тұңғыш саяси партиясы «Алашқа» қатысты
зиялы қауымның есімдерімен тығыз байланысты.
ХХ ғасырдағы қазақ зиялылары, əсіресе, ел-
дің азаттық бостандығы үшін алысқан Ə.Бөкей-
ханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұха-
медов сынды революционер-демократтардың,
алаш қозғалысының рухани көсемдерінің үлгі-
лерінен өнеге алған ағартушылар мен ақын-
жазушылар халық шығармашылығын, əсіресе,
əдеби мұрасын жинауға, зерттеуге айрықша
ынта қойды. Ол екпін төңкерістен кейін өрістей
түсті. Əсіресе, Ташкент пен Мəскеуде шоғыр-
ланған алаш зиялылары көп еңбек етті, елдің
рухани дүниесін жинап өзіне қайтадан таныс-
тыруға іждағат білдірді. Мұны Орынбордағы-
лар онша құптай бермегендерін де жасырмаған
абзал. Олар өздері істейтін игі істі алашшы-
лардың атқарып жатқанына қызғанышпен қа-
раса, екіншіден, жарияланып жатқан жыр-ерте-
Г.Т. Оспанова
191
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012
гілер, өлең өрнектері мен жинақтары комму-
нистік идеологияға жанаспайды, əдейі қысас-
тықпен бұрмалап жатыр деген деген пиғылда
болды. Тапшылдықпен таңбаланбаған деп дау-
рыққандар да аз болмады. Сондықтан Орын-
бордағы Қазақстан мемлекеттік баспасынан ха-
лық əдебиетінің үлгілері мейлінше аз жəне
кедей-кепшікті жырлағандары ғана басылды.
Азамат соғысының лаңы басылып, ел емін-
еркін іске кіріскен сəті, əсіресе 20-жылдардың
алғашқы жартысы қазақ мəдениеті үшін айрық-
ша құнарлы болды. Бұған объективтік себеп те
жоқ емес. Біріншіден, жеке меншікті баспалар
мемлекеттің қарауына көшкен тұста мүмкіндігі
барлар оны пайдалануға мықтап кірісті. Екін-
шіден, баспа өнімін беретін зиялылардың са-
насы да шешуші рөл атқарды. Ташкентте қазақ
азаматтарының қызметіне өзбек, түрікмен, қыр-
ғыз, қарақалпақ бауырлар қызыққанын, үлгі
алғанын талайлар растайды, істері дəлелдейді.
Ал Мəскеуде Орталық Кіндік баспада Нəзір
Төреқұловтың директор болып істеуі, жоғары
оқу орындарында оқып жатқан көп қазақ жас-
тарын былай қойғанда, қазақ секциясында
Ə.Бөкейханов, Қ.Кемеңгеров, М.Жұмабаев,
Г.Тоғжанов сынды білікті азаматтардың шо-
ғырлануы да қазақ мəдениетіне аз олжа салмасы
белгілі еді. А.Байтұрсынов пен Дулатовтар осы
екі орталықпен идеялас қана емес, байланысты
болып, өздерінің еңбектерін жариялап отырды.
Міне, бүкіл қазақ жері қосылар сəттегі іс-
əрекеттің əрі мол, əрі сапалы болуының бір
сыры осыдан еді. Білген мен білмегеннің арасы
жер мен көктей екендігінің үстіне, білімдінің
атқарар ісі, Ахмет айтқандай, «ел – бүгіншіл,
менікі – ертеңгі үшін» дегеніндей болғаны ай-
дан анық.
Екі ғасырға жуық Ресей империясының қол
астында отырған ескі феодалдық қарым-қаты-
настардан əрі арыла қоймаған, рулық, феодал-
дық күрес-тартыстан көзін аша алмаған туған
халқының тағдыры Əлиханды қатты толғандыра
бастайды. Қараңғылық пен надандық шырмауы-
нан құтыла алмай отырған халқына, ең алды-
мен, білім мен мəдениет керек екендігін анық
ұғады. Халқын Еуропаның мəдениеті жоғары
елдері санатына қосуды арман қылып, елдің
тұрмысын, мəдениетін, білімін көтеруді өзінің
алдына мақсат қылып қояды.
Əлихан əдебиеттен аулақ мамандық жолын-
да орысша оқып, қызмет қылғанына қарамастан
туған халқының əдебиетіне көп көңіл бөлген.
Алғаш ауыз əдебиеті ескерткіштеріне қызығып,
естігендерін қағаз беттеріне түсіріп,
ғылыми
тұрғыдан зерттеп талдауды 1897-1904 жылдары,
яғни белгілі орыс ғалымдары Ф.А.Шербина мен
Л.К.Чермак экспедицияларының жетекшісі ре-
тінде ел аралап жүргенінде бастаған.
Санкт-Петерборға 20 жасында келген Əли-
ханның студентік күндерін қалай өткізгендігі
жайында Англияның əйгілі білім ордасы - Окс-
форд университетінің «Орта Азияны зерттеу
қоғамы» өзінің «Қазақтар 1917 жылға дейінгі
орыстар туралы» атты кітабында «Əлихан Бө-
кейхан жас күнінде орнықты революционер, со-
циалист болды жəне «Зарзаман» атты орыстар-
ға қарсы əдеби топтың мүшесі, фольклоршы
болды. Ол қазақ эпосы мен фольклорын ғы-
лыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш ғалым еді».
[2] – деген пікірі оның «Қара Қыпшақ Қобы-
ланды», «Женщина по киргизской былине Ко-
быланды» жəне Шəкəрімнің «Қалқаман – Ма-
мыр» дастанына жазған пікірлеріне сүйене оты-
рып айтылса керек.
«Қара Қыпшақ Қобыландыны» атты ғылыми
сын еңбегін Абайдың:
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы....
деген өлең жолдарынан бастауы «өлеңге»,
«өлеңшілерге», «жыршыларға» қойған талап-
тілегі іспетті. Бұдан Əлиханның қазақ халқы-
ның əдебиетіне деген өзіндік көзқарасы мен
бағытын, сара жолын байқаймыз. Орыс əде-
биеті жəне орыс əдебиеті арқылы басқа да ел-
дердің шығармаларымен жетік таныс Əлихан-
ның өз халқының əдебиетіне деген сын-пікір-
лерін көреміз. Екі тілде қатар оқып-жазатын
Əлиханның қазақ халқының болашағына деген
талпынысын аңғарамыз.
«Қара Қыпшақ Қобыландыны» атты ғылыми
сын еңбегінде бүкіл қазақ халқының ауыз əде-
биеті ескерткіштеріне «тұңғыш рет ғылыми тұр-
ғыдан келіп, мынадай құнды анықтама берді:
«Қазақ халық творчествосы ескерткіштері маз-
мұн мен түр, сан жағынан да əр текті. Олардың
бір парасы жыйналған, бір парасы əлі хатқа
түспеген. Олардың ең басында эпикалық жəне
лирикалық өлеңдер. Бұл халықтық мол поэззияны
қазақтар ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде «өлең-
шілер», «жыршы» арқылы жеткізіп отырған.
Қазақ поэзиясының өзгешелігі – нəзіктігі – ли-
ризм...», «.... ең ежелгі көне жырлар мəн-маз-
мұны жағынан да, өлеңдік мінсіз сұлулығы
жағынан да барынша ажыратылады»
[1],- деп
ғылыми жоғары баға берген.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
Əлихан Бөкейханның əдеби-зерттеу еңбектеріндегі қазақ əдебиетінің өзекті мəселелері
192
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№5-6 (139-140). 2012
«Қобыландыда» ақын қосқан, тарихқа тура
келмейтін көп қосымша бар»:
Мен айтайын өзіңе,
Көбікті деген қалмақ бар.
Берен тонның жағасы
Көбік қанныңбаласы.
«Жыр басында Көбікті қалмақ еді, енді хан
болып тұр»,-деп, əрбір эпикалық, тіпті өлеңнің
де өз бойында жеткізушінің өз көзқарасы, ұм-
тылысы мен идеалы болатынын таныта оты-
рып, оның тарихи шындықпен қаншалықты
айырмасы бар екенін анықтап берді.
«Қобыланды батыр Ақжолға болса, оның
жорықтары 15-інші ғасырда болған. Жақсы,
көркем жырда сол уақыттағы қазақтың болмыс-
салты көрініп тұруға лайық. Тарихтың сарын
жолы екіге бөлінеді: бір бөлек тарихтың пайда-
ланғаны соғыс істері. Біздің қазақ білетін тарих
осы. Шəкəрім шежіресінің де малданғаны осы
жол. Тарихтың екінші түрлісінің (мұны орыс
тілінде «история культуры» дейді) пайдаланғаны
– жұрттың болмыс салты. Рухани мəдениетінің
дəрежесі. Бұлардың бəрі сол жұрттың сол за-
мандағы тіккен үйінен, киген киімінен, ұстаған
аспаптарынан, сөздерінен білінеді. Анық тарих
– осы екінші. Бұған кем нəрселер (материал)
жақсы, шын ақындар шығарған, бұзылмаған
жырларда болады... Қобыландыда» бұл сияқты
дəмді сөз жоқ десек, адасқан болмаймыз. «Қо-
быланды» кейінгі айтушының шекбісін көп кө-
ріпті...» Сыншының жырды кітап қылып бас-
тырған авторына шығарған тұжырымы да қатал:
«Қобыланды» кітабының сыртында батырдың
сүгіреті басылған... Қазақта мақал бар: «Ат ерін-
ді, ер мұрынды» деген. Сүгіреттегі Қобыланды
мұрынынан айырылып пұштиып тұр. Орыстың
үш батырының сүгіретіне қарасақ, Қобыланды
батырға мінгізген боз айғыр Добрина Никитич-
тікі, Қобыланды батыр өзі Алеша Попович...,
күн салып қарауы Илья Мурамец көрінеді... Бұл
менің жоруым рас болса, басқан басқарма
адасқан. Бұл – ұят. Мұны мəдени жұрттарда
ұрлық дейді. Тайбурылды тяжеловоз боз айғыр-
ға айырбастағанға қазақ көзі ұялады»[3], – деп
жырдағы мəдениет тарихына, яғни салт-дəстүр,
əдет-ғұрыпқа көп көңіл бөлуге ақындарды ша-
қырса, екінші жағынан халқын Еуропаның мəде-
ниеті жоғары елдері санатына қосуды арман
қылып, елдің тұрмысын, мəдениетін, білімін
көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қойған
зерттеушінің жан айқайын көреміз.
«Орыстың үш батырын салған Васнецов ше-
бердің картинасы бар», - деп орыс халқының
əдебиетімен ғана емес, сонымен бірге тарих,
мəдениетімен де етене жақын екенін көрсетеді.
Əлихан «Қара пышақ Қобыланды» еңбегінде
ауыз əдебиеті шығармашылығындағы аса ма-
ңызды бір мəселенің басын ашып, бастап берді.
Ол қазақтың батырлар жырындағы əйел бей-
несі. Демек, ғалым Аналық, Құртқа, Көклен
кемпір – əрқайсысына жеке-жеке тоқталып,
əрқайсысының жырдағы суреттелетін оқиғалар-
ға байланысты атқаратын қызметін, ойнайтын
рөлін талдап, жіктеп ашып береді. Оқиғалар-
дың екі тарихи дəуірдің бетпе-бет соқтығысқан
кезінде, төрт түлік малға табынау дəуірінен
Іслəм дініне көше бастаған аралықта болған-
дығын өте орынды көрсетеді. Іслəм дінінің қа-
зақ халқына деген зор ықпалын түсініп, дұрыс
бағалай білген жəне өзінің халықты білімге,
мəдениетке, өнерге тарту ісін осы діннің халық
арасындағы зор беділі мен ықпалы арқылы
жүргізудің тиімділігін, жемістілігін көре білген.
Оған дəлел: біріншіден – 1914 жылдары Петер-
борда болған мұсылман съезіне Семей облысы-
ның мұсылман қазақтарының атынан депутат
болып сайланып, дін мəселесіне белсенді түрде
араласу болса, екіншіден – Ресейдің мемлекет-
тік дума құрамындағы мұсылман фракциясы-
ның бюро мүшесі болып сайлануы тағы бар.
Үшіншіден – кезінде өзі бастаған Алаш үкіме-
тіндегі дін мəселесін Ғұмар Қарашұлына сеніп
тапсыруы.
Əлихан əйел мəселесіне кейінгі зерттеуле-
рінде де оралып отырады. «Безправность кир-
гизских молодух», «Қызды малға сату», «Батыр
бекет».
Бұлар Ə.Н.Бөкейханның төңкеріске дейін
жарыққа шыққан фольклорлық зерттеулерінің
аса маңыздылары. Енді оның төңкерістен соң
шыққан еңбектеріне шолу жасайық. КСРО ха-
лықтарының кіндік баспасында қызметте жүр-
ген Əлихан 1923 жылы «Ер Тарғынның» Мара-
бай ақын жырлағын нұсқасын өңдеп, түсінік-
терін жазып кітап етіп бастырған. Кітаптың
соңында берілген түсініктерде ол «бұл жырды
В.Радлов жазып алған. Мен қара сөзбен жаз-
ғанын қысқартып, өлеңмен жазған жерлерін өң-
дедім» - деп жазды. Келесі ол жоғарыда аталған
«Қозы Көрпеш – Баянды» басып шығарған-ды.
«Қозы Көрпеш – Баянның» жайылмаған түрік
жұртында жері жоқ десе де болады: «Қозы
Көрпеш – Баян Ертіс аяғы Тобыл татарында,
күншығыс Түркістаны тараншыда, Түркістанда,
Сарыарқада, Алтайда, Орынхайда, Оралда, Баш-
құртта, Кавказда, шешенде, есетінде бар. «Қозы
Көрпеш-Баян» көп мағыналы түрік жұртын
Г.Т. Оспанова
193
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012
сыйпаттайтын əдебиет қорының таңдамасы...» -
деп «Сөз басы» иен түсініктерін жазып баспаға
əзірлеген Əлиханның өзі –тін. Ал, 1926 жылы
«23 жоқтау» жинағы жарыққа шықты. Кітаптың
бірінші бетінде «Қазақ тарихының төрт жүз
жылын алады» - деген жолдан кейін» - «жиған,
түзеткен: Байтұрсынұлы Ахмет, «Қыр баласы»
деп жазылған. Осы соңғы кітапта А.Байтұр-
сынұлының есімі берілсе де «23 жоқтаудың»
бəрін демесек те басым көпшілігін жинап-
терген де, кітаптағы сілтемелер мен ғылыми тү-
сініктерін жазып əзірлеген де «Қырдың ба-
ласы» - Əлихан Бөкейхан болатын.
Ə.Бөкейханның ағылшын ғалымдары атап
өткендей «тұңғыш фольклортанушы ғалым»
есебінде қазақ ауыз əдебиеті үлгілерін жинап,
зерттеп жазып жəне тасқа қалдырған барлық
мұрасы міне осы. Бұл орасан зор асыл мұра.
Өйткені, нақ осы еңбектерімен ол қазақ фоль-
клортану ғылымының, алдымен, қалыптасуына
үлгі-өнеге беріп, зор түрткі болса, төңкерістен
кейін оның өркендеп, дамуына ол орасан зор
үлес қосқан. Сондағы Əлиханның алдына қой-
ған мақсаты мынау: «Тіл деген нəрсе қалың
елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп
дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл
көсемдері» бұл тілді безеп, жол-жөнге салып,
жүйесін иіріп өсіреді. Сондықтан əдебиет тіліне
негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса – ол əде-
биет адасқан»[4].
Ə.Бөкейханның негізгі көздеген мақсат-мүд-
десін француз ғалымдары ашып айтады: «Ə.Бө-
кейханның «Қыр баласы» деген псевдониммен
жарияланған, қазақ эпосы турасандағы тамаша
зерттеулері оның отандастарының ұлттық сана-
сезімінің дамуына көп ықпал жасады.
Ə.Н.Бөкейхан ұлттық қазақ əдебиетінің қа-
лыптасуына жəне өркендеуіне ерекше мəн бе-
ріп, өзінің шамасына жəне уақытына қарай
ұлттық əдебиеттің қалыптасуына жол, бағыт-
бағдар көрсетті. Оның осы бағытта жасаған ал-
ғашқы қадамы – Ұлы Абайдың өмірі мен шы-
ғармашылығын тұңғыш ғылыми тұрғыдан зерт-
теп, баспа бетіне бірінші болып жариялауы.
Бұл пікірімізді төмендегі деректер де қостайды.
Міржақып Дулатов кемеңгер ақынның
қайтыс болуына10 жыл толуы қарсаңында жа-
зып «Қазаққа жариялаған «Абай» атты мақала-
сында «1905-ші жылы «Семипалатинский листок»
газетасында һəм онан кейін Семейдегі геогра-
фический общестовоның шығарған бір кітабын-
да Ғалихан Бөкейханов Абайдың тəржіме халін
жазды» - деп атап көрсетеді. Оған қоса Ахмет
Байтұрсынұлы «қазақтың бас ақыны» деп сыни
еңбегінде «Абайдың тəржіме халін Ғалихан
Бөкейханов жақсы жазды» деп атап көрсетті.
Əлихан Абайдың шығармашылығына ерте-
ден-ақ көңіл бөлген. Ойымыз дəлелді болу үшін
мысалдар келтірейік.
«Абайдың өлеңдерін орысша аударып «Кир-
гизская степная газетаға» тұңғыш жариялаған
Əлихан[5].
Саясатшы ғалым П.П. Семенов Тянь-Шань-
скийдің редакторлығымен «Россия. Полное
описание нашего отечества» атты қоғамдық
альманах шығып тұрғаны мəлім. Альманахтың
қазақ өлкесіне арналған: «Киргизский карай»
деген 18 томы 1908 жылы Ресейдің сол кездегі
астанасы Петерборда жарық көрген. Осы том-
ды жазып дайындаған ғалымдардың қатар-
дында қазақ зиялыларынан қатынасқан жалғыз
Ə.Бөкейхан болатын. Əлихан еңбектің «Исто-
рические судьбы Киргизского края и культур-
ные его успехи» атты тарауын жазған. Бұл ең-
бекте Əлихан қазақ ақын-жазушыларынан жал-
ғыз Абайға тоқталып, оны қазақ əдебиетінің
«көшбасшысы» ретінде жоғары бағалайды. Бұл
– əдебиетіміздің Абай мұрасын игеру жолын-
дағы тұңғыш талпыныс, Абайтану ғылымының
алғашқы қадамы болатын. Кітаптың 1903 жылы
жарияланғанын ескерсек, Əлихан өзінің Абай
туындысындағы алғашқы пікірлерін ақынның
көзі тірісінде айтқандығы айқындалады: «Ал
енді қазақ поэзиясындағы жаңа толқынның
өкілі ретінде, формасы тұрғысынан аса нəзік,
жəне мазмұны жағынан терең, поэтикалы,
əсіресе – табиғат лирикасы, көптеген өлеңдер-
дің авторы Абайды атаған жөн. Евгений Оне-
гин мен Лермонтов өлеңдерінің тамаша аудар-
малары да, қазаққа жақында түсінікті болғаны
осының өлеңдері болса керек, осы автордың
қаламына жататын. Сөйтіп, Семей əншілерінің
аузынан өз əуеніне салып айтқан, мысалға ,
«Татьяна хатын тыңдауға болады». Ə.Н.Бөкей-
хан осы тоғыз-ақ жолдан тұратын шағын ақпар-
да өзінің маңызды да терең ойларын жеткізе
алған. Мəселен, ақын өлеңдерінің сыртқы түр-
пішінін «изяшны по форме» деп сипаттаған,
олардың поэтикалық мазмұнын, мəнін, «поэтич-
но по содержанию» деп жоғары бағалаған жəне
ақынның лирикасына əсіресе, табиғат лирика-
сына баса назар аударған: «поэтичны... осо-
бенно описание природы». Əлихан Абайдың
жылдың төрт мезгілін суреттеген табиғат лири-
касына жататын өлеңдерін дəріптей келе, бы-
лай дейді: «Оның жылдың төрт мезгілі – көк-
тем, жаз, күз жəне қыс суреттелетін теңдесі
жоқ ғажайып өлеңдері Еуропаның əйгілі ақын-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
Əлихан Бөкейханның əдеби-зерттеу еңбектеріндегі қазақ əдебиетінің өзекті мəселелері
194
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№5-6 (139-140). 2012
дарының да мақтанышы бола алар еді»[6]. Əли-
ханның бұл жолдарынан асқан құрмет ныша-
нын байқаймыз.
Əлихан Абайдың аудармалары туралы «Этому
же автору принадлежит хорошие переводы
«Евгения Онегина» и многих стихотворений
Лермонтова который оказался наиболее понят-
ным для киргиз» - деген байыпты пікір айтады.
Əлиханның кемеңгер ақын турасындағы ал-
ғашқы ой-пікірлерінен өзіне ерекше назар ау-
дартатыны «Қазақ поэзиясындағы жаңа тол-
қынның өкілі ретінде... Абайды атаған жөн» -
деген пікірі. Бұған қарағанда Əлихан Абайды
қазақ поэзиясындағы «жаңа толқынның», жаңа
ағымның өкілі ретінде қарастырып отырғанды-
ғын сеземіз. Абайды қазақтың шын мəнісіндегі
тұңғыш халық ақыны, өмір шындығының тең-
десі жоқ жаршысы, дала халқының байлығын
Абайдай кең қамтығын жəне көркем бейнелей
алған жоқ деп санаған.
«Абай өлеңдерінің күші – поэтикалық терең
мəнісінде жатыр, оны кез келген өлеңдерінен
көруге болады. Қазақ халқы оны асқан мақта-
ныш тұтады. Абай – халықтың рухани жан-
дүниесін тереңнен көрсете алған қазақта бұ-
рын-соңды болмаған ақын». Бұдан Əлиханның
шығармаларымен кең таныстығы барлығы аң-
ғарылады.
1910 жылы Қазан қаласынан Міржақып
Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» атты романы
тұңғыш жарық көрген-ді. Бұл қазақ əдебиеті
тарихындағы роман жанрына жазылған тұңғыш
кесек туынды болып табылатын жəне ол ұлт-
тық əдебиетіміздің идеялық, көркемдік, жанр-
лық жаңа белеске көтерілгендігін аңғартқан.
«Бақытсыз Жамал» жарыққа шыққанда қа-
зақ қауымын ерекше өлеңдетіп, бірнеше орыс
жəне қазақ баспасөзі көздерінде оған бірталай
жылы пікірлер жазылған. Қазақ баспасөзінде
жазылған пікірлердің бірі «Роман не нəрсе»
деген «Арыстанұлынан» мақаласы. Бұл мақа-
ланы осы уақытқа дейін Ахмет Байтұрсынов-
тікі деп келді. Бірақ библиограф – ғалым Ү.Суб-
ханбердіқызы «Арыстанұлының» ашылмаған
бүркеншек есімі болды дегенге жауап «Ғали-
ханның «Қазақ» бетінде жарияланған «Роман
бəйгесі» деген мақаласынан табылды. Мақа-
лада мынандай жолдар бар: «Бізде мұнан бұ-
рын роман жазылған емес. Мір Яғкуб романы
«Бақытсыз Жамал» кішкентай ғана кітап. Мен
мұны «Қазаққа» сын жазбақ болып қолға ал-
дым. Екі жұма отырдым. Бұл менің бұрын
қылмаған ісім еді. Сонан ба, жоқ, сын өнері-
менде де жоқтықтан ба, оны оқушылар білер».
Демек, Ғалихан, біріншіден «Бақытсыз Жа-
малды» кішкентай ғана кітап десе де «роман»
деп мойындайды жəне екіншіден – оған сын
жазып жариялап қойғандығын білдіріп отыр.
Сонымен, «Роман не нəрсе?» - деген мақаласын
«Арысұлы» деп жариялап отырған Əлихан
Бөкейхан болып шығады. Мақаланың мазмұны
да, құрылымы мен сөйлем құрылысы да осыған
толық көз жеткізеді. Бұл пікіріміз дəлелді болу
үшін бернеше мысал келтіре кетуді жөн көрдік.
Автор сыни мақаласын – «роман» деген термин
сөздің мағынасы мынау. Осыдан 150 жылдан
соң Италия французды билеп тұрған заманда
екі тіл қатысып ортадан дара роман тілі туады.
Осы тілмен француз жазушылары сол заман-
ның кемшілік таршылығын көрсетіп кітап
жазған һəм кітаптарын роман тілімен жазғаны
үшін «роман» деп атаған» - деп терең шолу
жасаудан бастайды да, романның жанрлық
«ішкі мағынасына», оның алдына қойылған
«асыл мақаласына» тартымды да толық си-
паттама береді. Əрі қарай автор «18 һəм 19-шы
ғасырдағы атақты роман жазушылар» деп
ағылшындардан Вальтер Скотт, Чарльз Дик-
кенс, Уильямс Теккрейді, орыс жазушыла-
рынан Пушкин, Лермонтов, Толстойды атайды.
Оның үстіне «Арысұлы» қазақтың тұңғыш ірі
прозалық шығармасын»... біздің қазақта ең
бірінші көзімізге көрінген романды озық жұрт-
тардыкімен салыстыруға болмайды, біз өз
бойымызға лайықтап, мұна қазақ əдебиетінде
«тəуір қызметке санаймыз» десе, Ахмет Бай-
тұрсынов керісінше шығарманы «басқа жұрт-
тардың» осы типтес жанрын үлгі ете отырып,
оны өресі мен өрісіне жəне көлеміне қарай
«ұзақ əңгімеге» жатқызып отыр. Сондай-ақ
«Арысұлы» туындыны Л.Н.Толстойдың роман-
эпопеясын «Соғыс пен татулық» романында
бар: патша да, министр де, төре де, офицер де,
солдат та... еркек те, əйел де, бала да, кəрі де,
жас та» - деп таныстыра келіп, «Бақытсыз
Жамалда» қазақтың қазіргі жағдайынан біраз
көрінеді. Мұнда қазақтың қай жерінде болса да,
малға қызығып, я партияға қызығып қыздарын
жастай күйеуге беру жайы бар, ысырапқа ақша
шашып, жақынымен араздасу, қызын сүйме-
геніне жылатып ұстап беру, бұған шыдай алмай
қыз теңін көксеп қайғыға бату бар... Мұнда
бар...» - деп салыстыра отырып, мазмұны
тұрғысынан келіп, ол шығарманың роман
жанрына жататындығына шек келтірмейді.
Міне, осы бірнеше мақалдың өзінен-ақ «Арыс-
ұлының» Ə.Н.Бөкейханның келесі бір жасырын
есімі екендігіне толық көз жеткізеді.
Г.Т. Оспанова
195
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012
«Арысұлы» деп Əлихан «Қазаққа» тағы
бірнеше еңбектерін де жариялаған. Мысалға
«Əн, өлең һəм оның құрамы», «Қытай қазағы»
немесе «Абақ керей» сынды зерттеуі мен
мақалаларын атауға болады. «Қазақ» бетінде
басылған оның басқа да əдеби сын зерттеулері
де жеткілікті. Оның бірі, Шəкəрім Құдай-
бердіұлының 1912 жылы басталған «Қалқаман
–Мамыр» дастанына жазған сыны. Демек Əли-
хан прозалық шығармаларды ғана емес, «өлең-
дігі ақын сынаған жөн» деп санаса да, бірақ
«орыста Пушкин, Лермонтов сынға салып,
жұртқа жайған Белинский сөзга ақын емес,
ойға ақын еді. Шəкəрім Пушкин болмас, біз
Белинский болмаспыз» деп Шəкəрімдей фило-
соф ақынның поэзиялық шығармаларын да
батыл сынаған.
«Қалқаман – Мамырда» бұрынғы қазақ жұр-
тының салты, қазақ мінезі, қазақтың іс-қимылы
əлгі орыс өлеңдеріне қарағанда тіпті аз.
Шəкəрім жақыннан қайырып, ойдағыдай то-
лымды қылып жазбады.»,-деп сыншы Шəкəрім-ді
«досым едің ғой деп аяп отырған жоқ.Бірақ, -
дейді ол одан кейін ақталғандай – «көп бер-
геннен, көп сұралады» - деген. Мен мұны
Шəкəрімнен сұрап жаздым».
«Дүниеде адам баласы айналып өтпес екі –
ақ көпір бар: бірі – өлім, бірі – махаббат.
Қалқаман мен Мамырдың жалынғаны махаббат
емес пе еді. Сүйіскен екі ғашық молла айтты
деп, шариғатта солай деп мыжи ма? Махаббат
адамда байлағанда шариғат пен моллаға уақыт
қала ма? Бұл жерде Шəкəрім ақындық жолынан
шыға шабылып, Пушкин, Лермонтов, Шекспир,
Толстой қарауылына салсақ, зор күнəға батып
тұр». Тағы да бір мысал келтірейік:
Əй, Мамыр, бұл іс оңай алмасаң,
Зорлық жоқ, өзің сүйіп таңдамасаң.
Ер жеткен қыз еркімен ерге тиер,
Моллалардан естідім əлдеқашан.
Қалқаман мұны айтқан жоқ. Қазақ қызына
190
жыл бұрын түгіл, осы күні ерге тию болған
жоқ. Шариғатта бұл болмағанымен мұны ол
уақыт сөйлеген жоқ. Бұл ақынның Қалқаман
өтірік айтып рəсімінің ыңғайына жайылатын
моллаға жапқан жаласы. Осы екі мысалдан да
сыншы Шəкəрім қажға «ақын жолынан шыға
шабылып, қажылыққа көбірек ауып кеттің» -
дегендей сыр білдіреді. Ал мақаланың соңында
автор Шəкəрімнің «өзге кітабына тағы да бір
кезде айналмақ» ниетін білдіреді. Əлихан оның
«өзге кітабына арада бір жыл өткен соң
оралған. Бұл жолы ол философ ақынның 1911
жылы шыққан «Түрік, қырғыз һəм хандар ше-
жіресі» атты ғылыми шығармасын саралайды.
Ə.Н.Бөкейхан қазақ халқының өткен-кеткен
жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың
бірі. Дəл сол тұста қазақ тарихын одан терең
білген қазақ азаматы табылмасы хақ. Сондық-
тан болса керек, автор сыни мақаласында қа-
ралып отырған шежіренің тарихи негізділігіне
баса назар аударады. Бұл жұмысында ол ғы-
лыми шығарманың кемшілік-кетігін тізіп сы-
наудың алдында оның жетістіктерін де бірсы-
пыра айтыр өтеді.: «Шəкəрімнің бұл кітабы –
қазақ шежіресіні тұңғышы: қазақ шежіресін
білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан
табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін
жазбақ болған кісі Шəкəрім кітабын əбден
білмей қадам баспа. Кітап жиған жері жоқ,
көшпелі далада жүріп Шəкəрім шежіресіндей
кітап жазбақ оңай жұмыс емес». Əйтсе де,
Əлихан Шəкəрім жұмысын «қазақ шежіресінің
тұңғышы» деп, енді өзі «кішіпейіл» мінезін
танытып отыр. Өйткені, Ф.А.Шербина экспе-
дициясымен «Қарқаралы уезі...» жəне «Павло-
дар уезі қазақтарының шежіресін» тұңғыш
зерттеп жазып, экспедиция «матариалдары-
ның» IV–інші жəне VI-ыншы томдарында жа-
рияланған да Əлиханның өзі болатын жəне бұл
екі шежіре Шəкəрім жұмысынан əлдеқашан
жарық көрген. Бірақ ол жұмыстардың Шəкəрім
шежіресінде бір «кемшілігі» олар орыс тілінде
басылады. Əлиханның мақалада «мұнан бұрын
қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып
басылған жоқ.» – деп жазуының себебі осында.
Ə.Н.Бөкейхан «тұңғыш» шежіренің жаңсақ
кеткен тұстарын ажыратып көрсетеді.
Ə.Н.Бөкейхан өмірінің ақтық «Мəскеу ке-
зеңі» 1922 жылдың жазынан 1937 жылдың
қыркүйегіне дейін аралықты қамтиды. Соның
1922 жылдың желтоқсанынан 1927 жылдың
қазанына дейінгі кезеңі КСРО халықтарының
Кіндік баспасында қызмет атқаруына байла-
нысты. Қазақ əдебиеті мəселелерімен тікелей
қатысты болды. Соған қарамастан Кеңес
үкіметі тұсында ол əдеби-сын зерттеулерімен
белгілі себептермен бұрынғыдай белсене кө-
ріне алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |