Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата03.03.2017
өлшемі18,4 Mb.
#6205
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39

 
Əдебиеттер 
 
1  С.Аққұлұлы. Ə.Бөкейхан – əдебиетші ретінде. «Жұлдыз». 1993. №6. 
2  А.Байтұрсынов.Əдебиет танытқыш. Шығармалар жинағы. А. - 1989 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Əлихан Бөкейханның əдеби-зерттеу еңбектеріндегі қазақ əдебиетінің өзекті мəселелері 

196 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
3  С.Жүсіп. Əлихан Бөкейхан - əдебиеттанушы. ҚРҒА хабарлары. Тіл, əдебиет сериясы. 1992. №5. 28-38б. 
4  Р.Нұрғалиев «Əлихан Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы» «Ақиқат» 1994 қараша №11 64б. 
5  А.Букейханов. Абай /Ибрахим/ Кунанбаев. Некролог. «Семипалатинский листок», 25,26,27.XI.I. №2507 
6  Ə.Бөкейхан. Таңдамалы. «Қазақ энциклопедиясы». Алматы 1995. 10б 
7  А.Ісімақова «Алаш əдебиеттануы», «Мектеп» 2009. 111б. 
 
References 
 
1 S.Aққұlұly. Ə.Bөkeyhan – ədebietshі retіnde. «Zhұldyz». 1993. №6. 
2 A.Baytұrsynov.Ədebiet tanytқysh. Shyғarmalar zhinaғy. A. - 1989 
3 S.Zhүsіp. Əlihan Bөkeyhan - ədebiettanushy. ҚRҒA habarlary. Tіl, ədebiet seriyasy. 1992. №5. 28-38b. 
4 R.Nұrғaliev «Əlihan Bөkeyhanovtyң shyғarmashylyқ mұrasy» «Aқiқat» 1994 қarasha №11 64b. 
5  A.Bukeyhanov. Abay /Ibrahim/ Kunanbaev. Nekrolog. «Semipalatinskiy listok», 25,26,27.XI.I. №2507 
6  Ə.Bөkeyhan. Taңdamaly. «Қazaқ entsiklopediyasy». Almaty 1995. 10b 
7 A.Іsіmaқova «Alash ədebiettanuy», «Mektep» 2009. 111b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г.Т. Оспанова 

197 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 81:001.12/.18 
 
А.М. Рахимова 
Абай атындағы ҚазҰПУ магистратура және PhD докторантура институты, III курс докторанты,
  
Қазақстан, Алматы қ. 
E-mail: 
rakhimova-86@mail.ru
 
 
Интеллект мәнді фразеологизмдер 
 
Қазақ  лингвистикасында  фразеологиялық  бірліктер  берілген  мағынасына  қарай  әртүрлі  топтарға 
топтастырылып, жан-жақты зерттелген аспектіге жатады. «Интеллект мәнді фразеологизмдер» атты мақалада 
ҚТФС-да  қамтылған  адамның  ақыл-ой  жүйесіне  байланысты  қалыптасқан  фразеологизмдер  жинақталып, 
қолданылуы мен жасалу жолдарына қарай талданып, топтастырылған. Интеллект мәнінің фразеологизмдерде 
берілуінің ерекшеліктері көрсетілген. 
Түйін сөздер: тұрақты тіркес, интеллект, интеллектуалдық қызмет, интеллектуалдық сипат, тірек ұғым. 
 
A.М. Rakhimova 
Theme: Phraseological units with value of intellectual activity 
 
In article the use and formation of phraseological units with value of intellectual activity is considered. According 
to contents of article in the Kazakh language phraseological units with value of intellectual activity at education rest 
on such keywords as "akyl", "kongil", "koz", "oi", "tyl", "mi". As the author shares phraseological units with value of intellect-
tual activity on two groups: phraseological units designating intellectual actions of the person designating intellectual character
phraseological units. From them such groups as were allocated: "oylau, saralau", "bilu, mengeru", "sheshen, akyn", "Aylaly, 
tapkyr", "bilimdy, tazhyribely", "akyl-kenes beru". In the article the author specifies that all examples (offers) are followed from 
"The phraseological dictionary of the Kazakh language" (1977). Article is based on the frazeologo-semantic analysis. 
Keywords: formation of phraseological units, use of frazologizm, value, intellectual activity, character, actions, 
key concepts. 
 
А.М. Рахимова 
Фразеологизмы со значением интеллектуальной деятельности 
 
В  статье  рассматривается  употребление  и  образование  фразеологизмов  со  значением  интеллектуальной 
деятельности.  По  содержанию  статьи  в  казахском  языке  фразеологизмы  со  значением  интеллектуальной 
деятельности при образовании упираются на такие ключевые слова, как «ақыл», «көңіл», «көз», «ой», «тіл», 
«ми». Так же автор делит фразеологизмы со значением интеллектуалной деятельности на две группы: фра-
зеологизмы,  обозначающие  интеллектуальный  характер,  фразеологизмы,  обозначающие  интеллектуальные 
действия человека. Из них были выделены такие группы, как: «Ойлау, саралау», «Білу, меңгеру», «Шешен, 
ақын», «Айлалы, тапқыр», «Білімді, тәжірибелі», «Ақыл-кеңес беру». В своей статье автор указывает, что все 
примеры (предложения) взяты из «Фразеологического словаря казахского языка» (1977). Статья основана на 
фразеолого-семантическом анализе. 
Ключевые слова: образование фразеологизмов, употребление фразологизмов, значение, интеллектуалная 
деятельность, характер, действия, ключевые понятия.
  
______________________________________
 
 
Кез  келген  тілдегі  тұрақты    тіркестер – 
халықтың салт-санасынан ақпарат беретін адам 
ақыл-ойының  тілдік  көрінісі.  Халықтың  таны-
мын  аңғартатын,  ұлттың  ұшқыр  ойын,  терең 
білімін  айқындайтын,  ғасырлар  бойы  қолда-
нысын  жоймай  келе  жатқан  фразеологизмдер 
адамның  интеллектуалдық  сипатын  таныту 
үшін  қолданылады.  Қазақ  тілінде  жиі  айтыла-
тын:  көзі  ашық  (білімді  адам,  тереңнен  ойлай-
тын  жан),  ақылы  там  (ақылды,  ақылы  мол), 
надан кеуде (көңілі соқыр, топас адам), ақылы 
Аплатондай  (дана)  және  т.б.  көптеген  қолда-
ныстар  бар.  Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөз-
дігінде адамның ақылын танытатын, білім дең- 
 
гейін  көрсететін,  ойлау  дәрежесін,  шешендігін 
білдіретін  немесе  интеллектісінің  төмендігін  я, 
біліктілігін  бейнелейтін  жізге  жуық  тұрақты 
тіркес қамтылған.  
Адамның  ақыл-ой,  парасат  (интеллект)  дең-
гейінен  хабар  беретін  тұрақты  тіркестер    көбі-
несе тірек ұғымға негізделіп жасалады. Мысалы: 
1. «Ақыл»  ұғымы  тірек  болған  фразеоло-
гизмдер:  ақыл  құсы  адаспай  аспандаса  (ой-
санасы  шарықтаса,  алысқа  ой  жіберсе),  ақыл 
қосты  (кеңес  берді,  ой  салды),  ақыл  сөз  (ой 
саларлық, дұрыс кеңес), ақыл тапты (шаруаның 
ретін, жөнін келтірді), ақыл таразысына салды 
(ой  елегіне  салып,  екшеді,  артық-кемін  оймен 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Интеллект мәнді фразеологизмдер 

198 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
салмақтады),  ақылы  Аплатондай  (дана),  ақылы 
Балқаш,  ақылы  көл-көсір,  ақылы  там  (ақылды, 
ақылы мол). 
2. «Көз»  ұғымы  тірек  болған  фразеологизм-
дер:  көзі  ашық  (білімді  адам,  тереңнен  ойлай-
тын жан), көзі ашылды (1. Көкірегін, санасын 
оятты;  санасы  оянды,  өмірді  білді,  таныды.  
2.  Сордан  арылды,  теңдікке,  еркіндікке  жет-
ті),  көзі  қанық  (жете  білетін,  білгір  кісі),  көз 
қарақты (білімді, оқыған адам, көкірегі сара). 
3. «Ой»  ұғымы  тірек  болған  фразеологизм-
дер:  ойға  қонымды  (көңілге,  ақылға  сыятын; 
түсінікті),  ойға  салды  (ойланып  қарады,  пікір 
таразысын өлшеді), ой көзімен тыңдады (зейін-
мен,  ақылға  сала  құлақ  қойды),  ой  кіргелі 
(ақылға  ие  болғалы,  ақыл  қонғалы),  ой  салды 
(әр  түрлі  ой  оралтты,  әр  түрлі  пікір  ұялат-
ты), ой тоқтатты (1. Ер жетті, ақылы толыс-
ты. 2. Тұрақты пікірге, бір тоқтамға келді, зер 
салды,  назар  аударды),  ой  туды  (жаңа  пікір 
келді,  сана-сезімі,  ойы  оянды),  ой  түбіне 
жетпеді (көп ойланды, ой ұшын ұстай алмады). 
4. «Тіл»  ұғымы  тірек  болған  фразеологизм-
дер:  орақ  ауыз/от  ауыз/от  тілді,  орақ  ауызды 
(өткір,  өктем  тілді,  адуынды  мінезді;  тілді 
кісі),  өткір  тілді  (кесіп  түсер  тура  сөзді  кісі; 
бет-жүзі  деп  иба  етіп  жатпас  тура  айтар 
тіл), тілі мірдің оғындай/тілі өткір (1. Тілі шаян 
щаққандай  ащы. 2. Тілі  тіліп  түсер,  дегенін 
жеріне жеткізе дәл, тура айта алатын адам), 
қызыл  тіл  (шешен,  орамды,  жүйрік  тіл),  тілге 
жүйрік  (сөзге  шешен,  шебер),  тілдің  майын 
ағызды (сөзге шебер, шешен кісі туралы айты-
лады),  тілінің  ебі  бар  (сөзге  шебер,  шешен), 
ұғым  жасады  (диал.  ұғынды,  қорытынды 
асады),  буынсыз  тіл  (шешен,  сөзшең),  алмас 
тілді  (өткір,  әділ  тілді;  шешен  сөзді;  сөзі 
мірдің оғындай). 
5. «Ми»  ұғымы  тірек  болған  фразеологизм-
дер: ми кептірді (бас қатырды, әуре қылды), ми 
толмады  (ақыл-ойы  жетілмеді),  миы  жетті/ 
миына  қонды  (ақыл  алды;  түсінерліктей,  ұғы-
нарлықтай болды), ми жетті (ақыл жетті, білді). 
6. «Көңіл»  ұғымы  тірек  болған  фразеоло-
гизмдер: көңілдегі жерінен шықты (ойлағандай, 
діттегендей  болды),  көңілдегі  кірді  тапты 
(ойындағы сырды білді), көңілден көңіл су ішер 
(рухани  сұхбаттасу  мағынасында  айтылады), 
көңіл  жүйрік  (білгір,  алғыр),  көңіл  жүйрік  пе, 
көк  дөнен  жүйрік  пе  (ұшқыр  қиял  туралы 
айтылады),  көңілге  бекітті  (есте  сақтады, 
жадында ұстады).  
Адамның  осындай  ақыл-ойы,  парасаты, 
саналылылығын  сипаттайтын  фразеологиялық 
бірліктер  тіліміздегі  «интеллект»  концептісінің 
мағыналық-ақпараттық  аясын  жан-жақты  ке-
ңейтіп, тередете түседі.  
Жалпы  интеллект  мәніне  қатысты    тұрақты 
тіркестерді  екі  негізгі  топқа  бөлуге  болады  (1-
сурет):  адамның  интеллектуалдық  әрекет-
қызметін  білдіретін  және  интеллектуалдық 
қабілетін сипаттайтын тұрақты тіркестер.  
 
1-сурет 
 
 
 
Адам интеллектісін 
бейнелейтін тұрақты 
тіркестер (ТТ)
Интеллект әрекет-
қызметнін білдіретін 
ТТ
Ойлау, саралау
Білу, меңгеру
Ақыл-кеңес беру
Интеллект қабілетін 
сипаттайтын ТТ
Ақылды, дана
Білімді, тәжірибелі 
Айлалы, тапқыр
Шешен (ақын)
А.М. Рахимова 

199 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
Сызбада  бейнеленгендей, «Интеллектуал-
дық  әрекет-қызметті  білдіретін  ТТ»  тобына 
енетін  интеллект  мәнді  фразеологизмдерді  жи-
налған тілдік фактілер негізінде:  
1. «Ойлау, саралау» мағынасындағы тұрақты 
тіркестер.  
Ой салды [түсірді, тастады] (әртүрлі ой оралт-
ты,  әртрлі  пікір  ұялатты).  Мысалы:  Әр  жайға 
өздігімен, кейде өз бетімен тыңойлар айтқыш 
Жандос қазір жаңа бір ой тастады (М. Әуезов). 
Ой  туды  [келді,  түсті] (жаңа  пікір  келді, 
сана-сезімі, ойы оянды). Мысалы: Ой артынан 
ой туар, Желге мінсең, жеткізбес (Абай). 
Ойға  салды  (ойланып  қарады,  пікір  таразы-
сына өлшеді). Мысалы: Кім біледі кез болса арт-
тағылар, Ойға салып оқыр да сөзін сынар (Абай). 
Ой  көзімен  тыңдады  (зейінмен,  ақылға  сала 
құлақ  қойды).  Мысалы:  Жақсы  әнді  тыңдасаң 
ой  көзімен,  Өмір  сәуле  көрсетер  судай  тұнық 
(Абай). 
Алды-артына  қарады  (түбін  ойлады;  келер-
кетерін  аңғарды;  пайымдады,  жан-жағын 
топшылады,  абайлады).  Мысалы:  Сонда  ақын 
беліп  буып,  Алды-артына  қаранар.  Дүние  кірін 
жуып, көрініп ойға сөз салар (Абай).  
Алды-артын орады (алдын-ала ойлап, қарсы 
келуге  мұрша  бермеді).  Мысалы: Алды-артым-
ды орап, қамап болдың-ау, жарқыным (Абай). 
Ақыл  [ой]  таразысына  салды  (ой  елегіне 
салып, екшеді, артық-кемін оймен салмақтады). 
Мысалы:  Қобыланды  мен  Ақжол  дауын  тағы 
да ақыл таразысына салу керек (І. Есенберлин). 
Өлшеу  қылды  (ақылы  таразысына  салды). 
Мысалы:  Ақыл-мизан  өлшеу  қыл.  Егер  тзу 
көрінсе, Мейлің таста, мейлің күл (Абай).   
Абайлап  [байқап]  сөйледі  (сақ  сөйледі, 
байымдап  сөйледі,  аңдап  сөйледі).  Мысалы: 
Абайлап  сөйле  барланып.  Бұл  сезім  мақұл  емес 
пе, Қарашы өзің ойланып (Айтыс).  
2. «Білу,  меңгеру»  мағынасындағы  тұрақты 
тіркестер.  
Көзі ашылды/көз [көзін] ашты (1. Көкірегін, 
санасын  оятты;  санасы  оянды,  өмірді  білді, 
таныды 2. Сордан арылды, теңдікке, еркіндікке 
қол жетті 3. Бір нәрсенің тиегі ағытылды; жолы 
ашылды,  қолайлы  жағдай  туды 4. Сауаттанды, 
білім  алды).  Мысалы:  Сенің  көзіңді  қыран  кө-
зіндей етіп сол ашқан екен (М. Әуезов). Бірен-
саран  оқып,  көзі  ашылған  әйел  болмаса,  көп-
шілігі  әлі  күнге  ошақтың  үш  бұтынаныға  ал-
май отыр (Б. Майлин).  
Көзін  тапты  (істің  ретін,  орайын  келтірді). 
Мысалы:  Еш  нәрсенің  көзін  таппай,  кібіртік-
тей  жүріп,  жоқ  жерде  оқыс  кетуіңіз  де  мүм-
кін, - деді  Қаржас  Медешбековқа  (Ә.  Саты-
балдиев). 
Миы жетті/миына қонды (ақылы алды; түсі-
нерліктей, ұғынарлықтай болды). Мысалы: Со-
ған  енді  ғана  миың  жетті  ғой!  (ауызекі  сөй-
леуде). 
Ми жетті (ақыл жетті, білді). Мысалы: Алло! 
Алло! – деген не? Кім сөйледі, шырағым, Мынау 
темір  көмейде?  Жетер  ме  екен,  балам,  ми? – 
деп  сұрады  анау  шал,  Қасында  тұр  бір  бала  
(І. Жансүгіров). 
Зият  болды  (парасатты,  артықша,  жарқын 
болды). Мысалы: Ақыл, ғылым, пиғылдың білсін 
парқын.  Астан  жілік  тістейсің,  тойдан  ілік, 
Шарапатты  жақсымен  жүрсең  жақын  (Ақан 
сері).   
Сауаты ашылды (таным, білімі, түсінігі кеңі-
ді).  Мысалы:  Шаршап  келген  шығар.  Мазасын 
неге алдың? – дедді Бәтима ері Ақанға. – Абай 
сөзі  шаршағанға – қуат,  сауатсызға – сауат 
емес пе? – деді Ақан. – Абайды оқумен сауатың 
ашылса,  ашылатын  болып  еді  ғой, - деді 
Бәтима (Ғ. Мұстафин). 
Сауат  ашты  (хат  таныды).  Мысалы:  Ішанде 
сауатын ашқан біреуі жоқ, сонда да кітаптың 
әрбір сөзін қалт жібермейді (І. Омаров). 
Сөз таныды (сөз білді). Мысалы: Бөтен сөз-
бен былғанса, сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз 
бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, 
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы (Абай).   
Ебін  [есебін]  тапты  (амалын  келтірді,  істің 
жөнін,  қисынын  келтірді).  Мысалы:  Есебін 
тапқан екі асар (мақал).  
3. «Ақыл-кеңес  беру»  мағынасындағы 
тұрақ-ты тіркестер. 
Жол [жөн] көрсетті [сілтеді] (басшылық жа-
сады,  өміріне  бағыт  сілтеді).  Мысалы:  Ел  іші-
нен  сау  келсең,  Тағылым  айтпас  ер  ме  едің? 
Жол  көрсетіп,  сонда  өлсең,  Арманым  бар  дер 
ме едім (Абай). 
Жөн  айтты (1. Жөн  сілтеді 2. Ақыл-кеңес 
берді). Мысалы: Қысқа күнде ол қамтып, Шы-
ғады  қырық  колхозды.  Бәріне  де  жөн  айтып, 
Маздатады мол сөзді (Қ. Бекхожин).  
Жөнге салды (1. Жолға түсірді 2. Бетін жол-
ға салды). Мысалы: Солардан бас қорғау ретін-
де  және  бір  жағынан  жаманын  жазалаймын, 
жөнге  саламын  деген  талаппен  Абай  алысады 
(М. Әуезов). 
Келеге кеңес кіргізді (ортаға ой, ақыл салды; 
қауымға  ақыл  қосты).  Мысалы:  О,  шіркіндер, 
ол күнде Бұл күніңді ойлап па еді! Ол күнге енді 
бір  сәлем!  Онан  бері  өтейін,  Келеге  кеңес 
кіргізген Кешегі күнге жетейін (І. Жансүгіров). 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Интеллект мәнді фразеологизмдер 

200 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
Келегелі  кеңес  [сөз] (ақылға  қонымды,  ау-
қымды әңгіме). Мысалы: Етпекке кеңес келелі, 
Азырақ  сөйлеп  берелі.  Бақ  пен  дәулет  тең 
келсе, Адамның болар кемелі (Майлықожа). 
Ақыл  тапты  (шаруаның  ретін,  жөнін  кел-
тірді).  Мысалы:  Адамзат  тірлікті  дәулет  біл-
мек,  Ақыл  таппақ,  мал  таппақ,  адал  жүрмек. 
Екуеінің  бірі  жоқ,  ауыл  кезіп,  Не  қорлық  құр 
қылжаңмен күн өткізбек? (Абай).  
Тағлым  тұтты  [алды] (ісін,  мінезін,  ақыл-
парасатын  өнеге  етті).  Мысалы:  Қазірдей  көк-
тем  емес,  Ол  да  күзде.  Албырт  шақ,  Дүние  де 
кең  де  бізге.  Ақылын  ағалардың  Тағылы  тұт-
тық, Ар-ұят ұялаған кеудемізде (Қ. Бекхожин). 
Ақыл  қосты  [айтты,  берді,  салды] (кеңес 
берді, ой салды). Мысалы: Жердің, көктемнің жө-
нін сұрасқанда, Досан қарт, Әлмен, Сәлмен үшеуі 
ойлана, біріне-бірі ақыл қоса сөйлесті (М. Әуезов). 
Төрелік  айтты/төресін  берді  (ақыл  айтып, 
кеңес  берді,  келісім  айтты).  Мысалы:  Сүйте 
жүріп, екі баласына ыстық асты әкеліп қоя оты-
рып, аналық бір төрелік айтты (М. Әуезов). 
«Интеллектуалдық  қызметті  білдіретін  ТТ» 
тобына  жататын  тұрақты  сөз  тіркестерінен 
адамның  ақыл-ой  жүйесі  жеке  емес,  қоршаған 
ортамен  байланыс  орнату  арқылы  жетілетінін, 
танылатындығын аңғартады.  
«Интеллектуалдыққабілетті  сипаттайтын  ТТ» 
тобына:  
1. «Ақылды,  дана»  мағынасындағы  тұрақты 
тіркестер. 
Өресі биік [жоғары, төмен] (диал. ақыл-ойы, 
шалымы  өте  жоғары).  Мысалы:  Кім  болса  да, 
баласын өресі биік жан болса екен деп тілейді 
(ауызекі сөйлеуде).  
Жіті көз (өткір көз, көреген). Мысалы: Пан-
феров  ойынан  тез  серпіліп,  төңірекке  көз  жі-
берді.  Әскери  адамның  жіті  көзі  күзгі  қоңыр-
қай жер реңінде әрең байқалатын, жақсы та-
саланған зеңбіректерді байқады (Т. Ахтанов). 
2. «Білімді,  тәжірибелі»  мағынасындағы  тұ-
рақты тіркестер. 
Бес  саусақтай  білді  (жатқа  білді,  жетік  біл-
ді).  Мысалы:  Барлық  сабақты  бес  саусақтай 
біліп алып, барлық класты аузына қаратса ғой! 
– деп қиялданды Сапар (М. Иманжанов). 
Көзі ашық (білімді адам, тереңнен ойлайтын 
жан). Мысалы: Ойласам, барласам, надан саха-
радан, қараңғы қауынан шығып, көзі ашық адам 
болғанымды ен енді ұмытса керек, - деді Абай 
(М. Әуезов). 
Көзі  қанық  (жете  білетін,  білгір  кісі).  Мы-
салы:  Біздің  мұғалім  мектебіміздегі  еі  көзі  қа-
нық адам деп есептеймін (ауызекі сөйлеуде). 
Омыртқасы  түзу  жігіт  (диал.  білімді,  ақыл-
ды,  көрнекті,  іскер  жігіт).  Мысалы:  Осы  күні 
омыртқасы  түзу  жігіттердің  дені  отбасын 
құрып алған (ауызекі сөйлеуде).   
3. «Айлалы,  тапқыр»  мағынасындағы  тұ-
рақты сөз тіркестер. 
Айла  ойлады/айла  жасады/айла  басты  (әдіс 
қылды,  қулық  іс  істеді).  Мысалы:  Егде  тар-
тұан  алпыс  айла  жасап  жүріп,  қолына  зорға 
қондырған  жас  әйеліне  тез-ақ  оралам,  оған 
дейін  сен  де  магазиндерге  барып  қайт, - деп 
кеткені де есінен шықты (Р. Райымқұлов). 
Айласы  асты/айласын  [амалын]  асырды/ай-
ласын  тапты  (әдісі  артып  түсті;  ретін  келтірді, 
жөнін тапты, әдісін білді). Мысалы: Қайратпен 
кіріп  жалынбай,  Ақылмен  тауып айласын, «Мен 
қалайға»  салынбай,  Жылы  жүзбен  жайнасын 
(Абай). 
Тақыр  жерден  шөп  шығарған  (қу,  айлакер 
адам туралы айтылады). Қулық, айла -  тапқыр-
лықтың  белгісі  ретінде  алынып,  контексте  ин-
теллектуалдық  мәнге  ие  деп  санаймыз.  Сондық-
тан  осындай  мағынадағы  фразеологизмдер  де 
топтауға қосылған. 
Тасбақаның  аузынан  шөп  алған  адам  (диал. 
өте айлалы, тапқыр, епті адам).  
Алпыс  екі  [алпыс  алты]  айлалы  (қу,  амалы 
көп). Мысалы: Арт жағынан жауырыны бүлкіл 
дейді,  Қыран  бүктеп  астына  дәл  басқанда. 
Құсы да, иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы 
түлкі алғанда (Абай).   
4. «Шешен,  ақын»  мағынасындағы  тұрақты 
тіркестер. 
Буынсыз  [сүйексіз]  тіл  (шешен,  сөзшең). 
Мысалы:  Буынсыз  тілің,  буулы  сөзің,  Әсерлі 
адам ұлына (Абай). 
Алмас  тілді  (өткір,  әділ  тілді;  шешен  сөзді; 
сөзі  мірдің  оғындай).  Мысалы:  Тақылдаған  таң-
дайы, Кере қарыс маңдайы. Алмас тілді немесе 
Шешен болар ма екенсің? (С. Сейфуллин). 
Көмейі  [көмекейі]  бүлкілдейді (1. Өте  ше-
шен  сөйлейді 2. Бірдеңе  айтысы  келді,  дегісі 
келді). Мысалы: Арман сені де жақсы ізілдеген 
екен.  Көмейің  бүлкілдей  берсін,  шырағым.  Бі-
рақ,  айтқаным  айтқан:  я  Телғарамен,  я  Абза-
ловпен бол! (Ә. Тәжібаев). 
Жағы  жоқ  ақын  [жан,  шешен] (сөзуар,  ше-
шен  адам  туралы  айтылады).  Мысалы:  Қалта-
дан  өлең  екен  шыққан  қағаз,  Жағы  жоқ  ақын 
екен жігіт сабаз. Көшіріп ап өлеңді қолыма ал-
дым, Жел сөзге онан өтер ақындық аз (М. Сера-
лин). 
Орақ  ауыз  [ауызды]/от  ауыз  [ауызды]/от 
тісті  [тілді] (өткір,  өктем  тілді,адуын  мінезді; 
А.М. Рахимова 

201 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
тілді кісі). Мысалы: Расын айтсақ, қарапайым 
колхозшы  әйелдер  ішіндегі  талай-талай  от 
тілді, орақ ауызды, әзіл-қалжыңды шебер айта-
тын әйелдерді көп көргенбіз (С. Бақбергенов). 
Өткір  тілді  (кесіп  түсер  тура  сөзді  кісі;  бет-
жүзі  деп  иба  етіп  жатпас  тура  айтар  тіл). 
Мысалы:  Өлсем  орным  қара  жер  сыз  болмай 
ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Ма-
хаббат, ғадауатпен майдандасқан, Қайран ме-
нің жүрегім мұз болмай ма? (Абай). 
Су  жұқпас  шешен  (сөзден  мүдірмейтін  діл-
мар).  Мысалы:  Япырай,  өзім-өз  болғалы  дәл 
осындай су жұқпас шешен адамды көрген жоқ 
едім (Б. Соқпақбаев). 
Ағып тұрған (1. Жырға жүйрік, сөзге шебер 
2.  Жалаң  (өтірік)  сөзді  көп  айтатын,  сылдыр-
суайт адам туралы да айтылады). Мысалы: Өзің 
болсаң, Темеке, Орны бөлек жақынсың. Қос өл-
кеге тел ерке, Ағып тұрған ақынсың (Ж. Мол-
дағалиев). 
Қызыл  тіл  (шешен,  орамды,  жүйрік).  Мы-
салы: Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін де-
сең өзің біл (Абай). 
Аузының желі бар (тілге шешен, сөзге ұста). 
Мысалы:  Аузының  желі  бар,  Қолының  ебі  бар 
(мақал). (Келтірілген мысалдар ҚТФС-дан алын-
ған – А.Р.) 
Бұл  топқа  адамның  интеллектуалдық  сипа-
тын танытатын тұрақты тіркестер жатады, олар 
адамның  жаратылысынан  немесе  уақыт  өте 
келе  жинаған  білімінен  туындап,  интеллект 
мәніне  ие  болады.  Осындай  белгілерді  айқын-
дау  үшін  тілімізде  жоғарыда  келтірілген  (ин-
теллектуалдық  сипаттағы)  тұрақты    тіркестер 
молынан қолданылады. 
Байқап  отырғанымыздай,  адамның  интел-
лектуалдық  қызметі  мен  сипаты  сол  ақыл-ой 
иесінің  жағымды  жақтарын,  яғни  жоғары  са-
налылық  көрсеткішін  танытады.  Дегенмен, 
адамзат жаратылысында интеллектуалдық қыз-
мет пен сипат тек жоғары дәрежені емес төменгі 
(жағымсыз) «көрсеткіште» де болуы мүмкін. 
 Тілімізде адамның интеллектісі төмен  дең-
гейін танытатын: ақылсыз, білімсіз, надан, оқы-
маған,  қараңғы,  мисыз  және  т.б.  сын  есімдер 
бар. Осындай мәндегі тұрақты тіркестер де тіл-
дік қолданысымызда кездеседі.  
Олар:  миы  толмады  (ақыл-ойы  жетілмеді), 
қараңғы  адам  (оқымаған  кісі),  надан  кеуде/со-
қыр  кеуде  (оқымаған,  қараңғы  адам),  соқыр 
сезім  (ақыл  таразысына  түспеген,  ақыл  билі-
гінен  шығып  кеткен  көңіл-күй),  соқыр  сенім 
(білім,  ғылымға  сүйенбеген,  қараңғы  дүниета-
ным),  соқыр  тауыққа  бәрі  бидай  (білмегенге 
бәрі  бірдей;  білмегенге  жылтырақтың  бәрі 
алтын,  білмегенге  ақ-қарасы  бәрі  бірдей  деген 
мағынада),  қуыс  бас  (ақылсыз  деген  ұғымда 
айтылады),  өресі  жетпеді  (білім,  дәрежесі, 
шама-шарқы деңгейлемеді), ойға олақ [тапшы] 
(топас,  ойға  шорқақ,  ойлауға  жоқ;  ақылы  аз, 
ақылы  келте),ойсыз  құлақ  (надан,  еш  нәрсеге 
түсінбейтін  топас  кісі),  ой  таппады  (ойлы,  пі-
кірлі  адам  бола  алмады)  және  т.б.  фразеоло-
гизмдер.  Адамның  ақыл-ой,  сана-сезімінің  тө-
менгі  деңгейі – ақылсыздығын  білдіретін  фра-
зеологизмдер  де  интеллект  мәнді  тұрақты  тір-
кестердің қатарын толықтырады. 
Сонымен, интеллект мәнді фразеологизмдер 
көз,  ми,  тіл  сияқты  соматикалық  атаулар  мен 
ақыл,  көңіл,  ой  сынды  абстрактілік  ұғымдар 
тірек қызмет атқару арқылы жасалады. Сондай-
ақ интеллект мәнді фразеологизмдердің өзіндік 
жасалу  жолдарын  мағыналық  ерекшеліктеріне, 
қолданысына қарай«адамның интеллектуалдық 
әрекет-қызметін  білдіретін  және  интеллектуал-
дық  қабілетін  сипаттайтын  тұрақты  тіркестер» 
деп топтастыруға болады. Адамның интеллекті-
сін  төменгі  көрсеткішпен  айқындайтын  фра-
зеологизмдер  де  тілімізде  мол  қолданысқа  ие. 
Негізінен, адам интеллектісі – терең тілдік тал-
дауды қажет ететін концептуалдық ұғым. Оның 
(интеллектінің)  тек  тұрақты  тіркестер  арқылы 
берілуі бұдан да кеңірек талдауға негіз болатын 
қорды қамтиды.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет