Художественные поиски человеческой личности в повести «Махаббат мұңы»
Тахауи Ахтанов в повести «Махаббат мұңы», вышедшей в свет в 60-х годах XX века, отображает разные
явления в жизни человека воедино - печаль и радость . Главная особенность повести – это создание борьбы
человеческой души.
Облик персонажей их переживания писатель описывает без повтора и с определенной нормой. В своей
повести Т.Ахтанова «Махаббат мұңы» описывает, как эгоизм раскрывает в человеке нравственные качества.
Писатель рисует эгоизм не как природную недостаточность, а как социальную болезнь. Т.Ахтанов не только
раскрывает отрицательные качества у человека, но еще и показывает причину откуда они появляются.
Повесть «Махаббат мұңы» свидетельствует о том, что Т.Ахтанов мастер психологии человека. Достижение по-
вести «Махаббат мұңы» – композиционная собранность и широкое раскрытие психологии образа, душевный
мир героя, радости и сожаленья, которые он испытал, мелодию сердца, которая билась в тот миг, душевное
переживание – все это изображено с особым художественным чувством и особым психологическим умом.
Повесть раскрыла психологические черты героев в прозе и лирике 60- х годов.
Автор статьи пытается доказать художественное мастерство писателя психологического описания подачи
проблемы эгоизма, которые остаются на стороне человечности и бездарности в душе людей искусство.
Ключевые слова: эгоизм, психологизм, талант, человечность.
_______________________________
Тахауи Ахтановтың өнер, өнер адамы тақы-
рыбындағы туындылары жазушы шығармашы-
лығының тағы бір қырын аша түседі. «Махаб-
бат мұңы» повесі мен «Күй аңызы», «Алғашқы
əн», «Қызғаныш» əңгімелерін бір арнаға тоғыс-
тырып тұрған бір ортақ байланыс бар. Бұл
туындылары арқылы жазушы жаңа қырынан
танылып, дүниетанымдық талғамының өзгеше-
лігімен ерекшеленеді. Т.Ахтановтың бұл тақы-
рыпқа жазылған шығармаларының кейіпкер-
лері күрделі тұлғалар. Себебі, өзін тануы ар-
қылы өзгелерді тану, не керісінше басқаны біле
түсу арқылы өз жан дүниесіне үңілу, адамдар
арасындағы күрделі қарым-қатынас, жеңіл ой-
лау мен дарынсыздық психологиясы туынды
кейіпкерлерінің басындағы жай.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі адами қасиеттердің көркем ізденістері
186
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№5-6 (139-140). 2012
XX ғасырдың 60-жылдары қазақ прозасына
адам жанының сан алуан құбылысын, қуанышы
мен мұңын қатар бейнелеген Тахауи Ахтанов
«Махаббат мұңы» повесімен келді. Повесть қа-
лың оқырманын елең еткізіп, жұртшылықтың
қолынан түсірмей оқитын шығармасына ай-
налды.
Повестің сыршылдығы, адам жанын терең
суреттей білген шыншылдығы мен психоло-
гизмі қазақ əдебиетіне əкелген басты жаңалығы
болды. Хикаятқа ұлы жазушы М.Əуезов: «Əри-
не, «Махаббат мұңы» - жақсы повесть, өзгелері
қонымды, ұнамды əңгімелер (рассказ,новелла).
Бұлардың бəрі тақырыбы, адамдары, шындық-
тары жалғансыз, риясыз, əділ шындықтар, -
сонысы ұнайды. Екінші – сен бір жақсы соныға
түсе бастапсың. Ол – интеллигенция туралы
жазу. Өзіңмен замандас, қанаттас қатарыңды
жазу, соларды жəне ішкі мəдениет өрісіне
қарай ішіне үңіле, сезіміне бойлап жазу бар
(Осы кітабыңды оқу үстінде деймін). Ол сенің
өзіме сондай ет-бауыр, шабытыңмен іні-бауыр
екеніңді сезіне отыру шақтары. Мен сенің
мақалаларыңнан, үлкен романыңның да кей
бояуларынан «осы менімен туыстас-ау» деп
ойлап журуші ем. Ол мынада: мен өзімнің се-
зімдерімді, сырларымды саған жаздырып, соған
барынша сеніп, еліге еріп, риза болып отырған-
даймын. Əрине, əрбір сыршыл шығарма солай
еліктіреді де: өз жүрегіңе ұқсап соққан жан
тамырды жан бауырдай сезбеске шараң жоқ» -
деп, жоғары баға берді.
Шығармада бас кейіпкер Лəззат əдебиет үйір-
месінің жетекшісі, жас ақын Ниязға ғашық бо-
лады. Жүрегіне ұялаған махаббат сезімі жас
қыздың жан дүниесін аласапыран етіп, ерекше
бір күйге бөлеп, алабұртқан ішкі сезімін жыр
жолдарымен ағытып сыртқа шығарады.
«Лəззат жүгіріп төбенің басына шықты да,
кілт тоқтады. Жусан, бозы аралас ақшыл көк
кең жазық алыс қыратқа иек артып көтеріліп
барады. Əр жерде үйір-үйір қызғалдақтар өрт-
тей жарқын». «Өрттей жарқын қызғалдақ» оның
өрттей алаулаған сезімі. «Аспан ашық. Тұң-
ғиық көкке ақ жалатып өткендей ала шабыр бұлт
қана қалқиды. Көктемгі ауа діріл қағатын тə-
різді. Лəззат аспан мен жер астасқан шетсіз ке-
ңістікке көз тігіп құмарта қарап қапты. Шықы-
лықтап күліп отырған балаға тосын ойыншық-
ты ұстата салғандай, тыпыршыған көңілі тез
тыйылып, əлденеге таңырқап тұр. Таныс дала
осы күнге дейін өзі көрмеген тосын дүниедей.
Көзге көрінбейтін күшті қол жер бетіндегі пер-
дені сыпырып алып, бүркеулі жатқан қызығын,
бар сырын ашып бергендей» [1,54-55] – деген
жолдар арқылы автор табиғат пен кейіпкердің
психологиялық халін сəйкестендіріп беруге
тырысады. «Таныс даланың» бүгінгі «көрпесін
сылып тастаған» көз тартар өзгеше көрінісі қыз
жанының ерекше күйімен астасып жатыр, се-
бебі ол ғашық, іңкəр жанның көзімен қарайды.
Жазушы табиғаттың сұлулығы мен тылсым
сырын алғаш жан жүрегімен сезінген, көңі-
лінде тұңғыш ақындық сезім бұлқынып оянған
Лəззат басындағы айрықша күйді əдемі сурет-
тейді. Бұл күйін өзгеге айтайын десе келістіріп
жеткізе алмайды, үндемей қалғанға ішіне сый-
маған Лəззат өзінен-өзі жымиып езу тартады.
Көңілі тынышталып, алдағы өмірінің мағыналы
боларын сезіп қуанады.
«Ертеңгісін оянғанда кеше керемет бір жақсы
нəрсе тауып алғанын, бірақ соның не екенін
ұмытып қалғанын сезді. Табылған нəрсенің еш-
қайда кетпесін, ол есіне түскенде тағы да қуа-
нарын біліп рақаттанып жатыр. Жуынып жүріп,
күбірлеп, бір шумақ өлеңді айта берді. Қашан
жаттағаны есінде жоқ. Көптен таныс өлең...
кенет бетін шала сүрткен күйі сүлгіні ұстап та-
ңырқап тұр. Кірпігінен көзіне тамған мұздай
суды да байқар емес. Бұл түнде өзі шығарған
өлең екен. Лəззат сенер – сенбесін білмей əлгі
шумақты ішінен қайталап біраз тұрды» [1,57].
Лəззаттың ойына орала беретін өлең жолдары
оған көптен таныс, себебі жүрегінен шыққан
алғашқы туындысы. Бойын кернеген қуаныш
сезімінен Лəззат көзіне тамған мұздай суды да
байқамайды, тек əлгі шумақты қайталай береді.
Жазушы Лəззаттың алғаш жыр жаза бастаған
сəттегі қуанышы мен таңданысын шебер су-
реттеген.
Мектепті жана бітіріп келген, «ақындық –
табиғаттың ерекше сыйы, ақындық дарыған
адам – ерекше адам» деп есептейтін Лəззат жас
ақын Нияздың өлеңдерін жоғары бағалап, оны
барынша биіктетіп қабылдайды.
Автордың шығарманы кейіпкер жанының
ішкі тартысына құруы – повестің басты ерек-
шеліктерінің бірі. Хикаятта бір жақсы көріп
ысынған, бір сезіктеніп суынған кейіпкер көңі-
лінің əр сəті терең əрі шынайы суреттеледі.
Лəззаттың əр алуан жан толғанысын автор қай-
талаушылыққа ұрынбай, мөлшермен бейнейді.
Оқиғалардың жедел дамып, жедел өзгеріп оты-
руы кейіпкердің жан дүниесіне түсірер салма-
ғының əр алуандылығы мен шығарма жанрына
байланысты болса керек.
Лəззат көңілін күдік пен күмəн, шошыну
мен өкініш бойлайды. Бұл сезім өткен жайды
А.С. Несипбекова
187
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012
қайта ойлантқандай. Сезімі əлі ырық бергісі
келмесе де, Лəззаттың ой-санасында өзгеріс бар.
Нияз тарапынан əлдебір қашқақтауды, салқын-
дықты мойындағысы келмегенмен, сезеді. Жа-
зушы осы ретте бас кейіпкерін тағы бір қыры-
нан аша түседі. Ол – шындыққа тіке қарауға
ұмтылыс. Шын ғашықтық сезіміне беріліп, өзін
дүниеде теңдесі жоқ бақытты санаған Лəззат-
тың Нияздың қасынан «сұңғақ бойлы, ақ сұр»
қызды көруі оның көңіліне қаяу түсіріп, арма-
нын аяқ асты етеді.
«Осы елестен арыла алмады. Жүрегі шо-
шып, ақыл-есінен айырылып қалғандай. Болған
іске байыптап ой жүгіртуге де шамасы келмеді.
Кенет өзінен гөрі ана қыздың Ниязға əлдеқайда
өктемдігін сезіп, тұла бойын қызғаныш өртеді.
Өзінің шын қор болғанын енді біліп, бар жүйесі
босап, қатты ренжиді. Нияз... Лəззат оны қалт-
қысыз адал жүрегімен сүймеп пе еді. Ауылдан
келген аңқау қызды алдап... Мейлі, алдадың,
дегеніңе жеттің... Дүниеде алданған қыз жалғыз
мен емес шығар. Бір қорлыққа төзер едім...Неге
түңілдіріп ашық айтпадың? Əлде ол жазаны
азсынып...Бір емес, екі алдағаның ғой бұл. Мен
сені жанымнан жақсы көріп едім ғой. Жазығым
сол ма?
«Мені құшақтап сүйіп отырғанда, көңіліңде
басқа қыз тұрған екен ғой» деген ой жүрегін
осып кетті. Өзінің қорлық шегіне жеткеніне
жаны удай ашып, жастыққа бетін басып сол-
қылдап жылай берді» [1,68]. Қалтқысыз адал
жүрегімен сүйген Лəззат ақыл-есінен айырыл-
ғандай күйге түседі, сабырмен ой жүгіртуге
шамасы келмейді. Қорланған қыз жүрегі жа-
ралы. Жазушы монолог арқылы кейіпкер көңі-
ліндегі бір мезеттегі қызғаныш пен өкінішті,
күйінішті қатар алып, жоғарғы шегіне жеткізе
бейнелейді.
Шығарма тұтастай алғанда, бас кейіпкер
Лəззаттың ішкі жан дүниесінің тартысына құ-
рылады. Жан-жүрегімен беріле жақсы көре тұ-
рып, алаңдауы, ренжи отырып бəрібір жаман-
шылыққа қимауы, іңкəр көңілдің оны үнемі
арашалап алуға ұмтылысы, соңында Нияздың
өзінің сезіміне тұрмайтын жан екенін таны-
ғанда одан жиренуі мен сан құбылған көңіл-
күйі – повестің психологизмі мен лиризмін
тереңдетіп, көркемдік əсерлілігін күшейткен.
Туынды композициясы да – басты кейіпкер
Лəззаттың ой ағымына бағынған. Повестің ба-
сында оқырман Лəззаттың өз-өзімен оңашала-
нып, қалың ой кешкен бейнесін көрсе, шығарма
соңында өз басындағы өткен жайды ой елегінен
өткізіп, болашаққа сеніммен көз тастаған Лəз-
затты таниды. Өмір–тіршіліктің ой-шұқыры
мол екен. Өмір дегенің Лəззат алғаш түйсін-
гендей тақтайдай жазық емес екен. Тəттісін
ұсына отырып, ащысын да тосады. Адам осын-
дай өз бақытын іздеуде аңғырт та таза көңілмен
кей жағдайлардың пайымына терең бойлай ал-
май, адасады, өкінішке ұрынады екен. Сүрініп
кетіп, қайта тұрады. Бірақ бəрібір өмір онымен
тоқтап қалмайды. Тағы бір жақсы күндерін
ұсынады, алға тартады. Лəззат образынан оқыр-
ман өмірдің осындай күрделі де кереғар жайын
ұғынады. Жазушы шеберлігі де осы қыз мұның
терең де шынайы, əсерін жоғалтпай көркем
бейнелеуінде дер едік.
Автор шағын повесте Лəззат образын тек
махаббат желісіне ғана телімей, кеңейтіп алады.
Лəззат – ақын. Шығарманың басында көктем-
дегі құлпырған қыр қызғалдағы көкірегіне жыр
боп құйылған оның Ниязға деген ғашықтық
сезімін оянуы да осы поэзияға деген қалтқысыз
сүйіспеншілігімен байланысты еді. Іштей поэ-
зияны пір тұтқан Лəззат ақынды да ерекше жа-
ратылыстың иесі деп ұғынады. Өз көңілінде
бөлекшелеп алған Нияздың алдамшы бейнесін
алғаш толық аңғара алмауы да осы өлең деген
қасиетті өнердің өзін жаулап алған сиқырына
қатысты еді.
Шығармашылық табиғаты, оның бастау бұ-
лағы мен өрісі повесте əдемі өрілген. Туын-
дыдан шын ақындық жолының оңай еместігі
көрінеді. Өмірдің ауыр талқысынан өткен Лəз-
зат өзіне қояр жоғары талап – ізденісімен жəне
өнерге деген адалдығымен ғана биік табыстарға
жетеді. «Майданда қорқақ жауынгер жексұрын
болса, əдебиетте жалған жазушы жексұрын»
деп толғанатын Лəззат туындының соңында
өзіне де, өзгеге де қатал өнер адамына көтері-
леді. Өмір сабақтары жеке басы үшін жеңіл
болмаса да, шығармашылығына тың серпін,
мазмұн əкелген.
Автор Нияз образы арқылы үлкен ой ай-
тады. Ол – əдебиеттегі талантсыздық. Қай ке-
зең əдебиетінде де арам шөптей өскелең келетін
бұл мəселе Т.Ахтановты да шығармашылық ғұ-
мырында терең толғантты. Сонау 70-жылдары
əдебиетте тым белең ала бастаған осы келең-
сіздікке кезінде қарсы майдан ашқаны да бел-
гілі. Тасқын судай ағытылған ағынға бөгет болу
да оңай емес-ті. Жазушылық ортада өзі терең
сезінген дарынсыздық пен өлермендіктің, ын-
сапсыздықтың психологиясын автор Нияз об-
разы арқылы ұтымды бейнелейді. Шығарманың
басында Лəззаттың ой – танымымен өрілетін
Нияз биіктен көрінгенімен, бірақ Лəззат – Нияз
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі адами қасиеттердің көркем ізденістері
188
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№5-6 (139-140). 2012
қатынасы өрістеген сайын адамдық тұрғыдан
төмендей түседі. Ол, біріншіден, өзін құлай
сүйген Лəззатқа опасыздық жасауымен байла-
нысты болса, кейіннен сарқылып қалған көл-
шіктей талантының бірте – бірте таяз тартуы.
Ізденісі жоқ, жеңіл жол, арзан атаққа ұрынған
ол бойындағы жылт еткен аз талантының ұш-
қынын да сөндіріп, өнердегі көп тобырдың бірі-
не айналады. Шығарма ақырында соңғы кезге
дейін Лəззат көңілінде ақтауға, қамқор болуға
ұмтылған, күйі болмаған дарын деп ұғынған
Нияздың шын кейпі ашылады. Ол дарынсыз-
дығының үстіне Лəззаттың соншалықты таза
көңіліне титімдей де жанаспайтын пасық, күйкі
жан екенін танытады.
«Лəззат тыжырынып қалды. Сөзді қалай бас-
тарын білмей, қиналып ұзақ отырды. Оның тү-
рін көріп Нияз да ойнақы көңілімен тыйылып,
өкпелеген баладай томсырайып алған. Нияздың
осы бір балалық кескіні сонау кезде өзіне сүй-
кімді көрінуші еді. Бірақ... Отыз бен қырықтың
арасындағы адамға балалық жараспайды екен.
Бұдан сегіз – тоғыз жыл бұрынғы қалпы.
Нияз тіпті өзгермеген сияқты. Сырт көзге сол
күйі жылтырап тұр. Бетке түскен əжім, шашқа
кірген ақ та жоқ. Қаңсырай қатқан денесіне ет
те қосылмаған – тарамыс қара. Бірақ анықтап
қарасаң осы жігіттің өңі қар астында қыстап
шыққан өсімдік тəрізденіп, бояуы оңып, тозып
бара жатқанын аңғарасың. Түйе мойнағындай
бет терісі қалыңдап, өзінен-өзі бүрісіп жиырыла
бастапты. Лəззат енді байқады – көзі де дым-
қылданатын болыпты. «Сен де ескіріп қалған
екенсің ғой» деді ішінен» [1,87-88]. Лəззат-
тың «Сен де ескіріп қалған екенсің ғой» деген
сөзінен Ниязға деген мүсіркеушілік пен жан-
ашырлық сезімнің қатарласып келуін байқай-
мыз.
« - Мынау өлеңдеріңді кітап етіп шығаруға
болмайды, – деп төтесінен бір-ақ айтты. Нияз
Лəззатқа тұңғыш көрген адамындай көзі ады-
райып, таңырқай қалды.
- Сонда... қалай? Түгел жарамай ма?
Лəззат жауап қатпай басын изеді. Нияз се-
нер – сенбесін білмей Лəззаттың бетіне жал-
тақтап қарай берді.
- Мен сенен мұны күткен жоқ едім.
- Мен де сенен мұндайды күткен жоқ едім.
Өзің ойлашы, Нияз. Осында арзан сөз екінің
бірінен шығады... – деп Лəззат енді шешіліп
келе жатыр еді.
Нияз күрт өзгерді.
- Сен құрлы өлең жазу қолымнан келеді.
Саған жақпады деп, халыққа жаққан өлеңімді
өртей алмаймын, - деп орнынан ұшып тұрды.
- Нияз, мен саған шын көңілмен айтып
отырмын ғой. Ойласаңшы өзің...
- Бұлай жазуға болмайды...
- Бұлай пікір айтуға да болмайды. Мен де
түсінем. Кек алудың қапысын аңдыған екенсің
ғой. Жоқ бауырым. Оның реті келе қоймас.
Түптей келгенде айыпты мен емес...
Лəззат төбеге ұрғандай үнсіз қалды. Нияз
ашу үстінде өзінің тым асып кеткенін сезді бі-
лем, кешірім сұрауға əлі ет қызуы басылмай,
бірақ шығып та кете алмай, қыз алдында қи-
пақтап тұр. Бір кезде кінəлі дауыспен:
- Лəзтай... – деді.
Лəззат селк ете қалды. Басын көтеріп алып,
жас мөлтілдеген көзімен Ниязға тіке қарады.
- Кет...
- Ау, Лəзтай...
Лəззат тыжырынып:
- Жə, - деп жекіп қалды.
- Мə, мынауыңды ала кет.
Лəззат алдында жатқан папканы қолының
ұшымен итеріп тастады» [1,88-89]. Шынайы ай-
тылған сынды қабылдай алмаған Нияз өткенді
қозғап, өзінің пасық ойын білдіріп қалады. Лəз-
заттың жиіркеніш сезімін тудырады. Жазушы
кейіпкердің бір ауыз сөзімен Нияздың шын
бейнесін шебер ашып берсе, Лəззаттың сөзімен
берілетін соңғы үкім де шығарманың идеялық –
əлеуметтік түйінін салмақтандырған.
Повесть тек махаббат мəселесіне ғана құ-
рылмай, ақындық өнер, талант жəне дарынсыз-
дық проблемасымен іштей ұштасуы шығарма
тынысын кеңейтіп, образдарды тұлғаландыра
түскен. Лəззат, Нияз бейнелерінен өнердің ба-
рынша күрделілігі, өнер ортасының күнгейі
мен көлеңкесі қатар көрінеді.
Шығарманың бас кейіпкері Лəззат оқырман-
ға барлық сезім-сырларымен толық көрінеді.
Оның қуанышы мен күйзелісі, өкініші – оқыр-
манға да етене жақын сезім-күйлер. Оқырман
Лəззаттың басындағы əр алуан жайлармен тіке-
лей эмоциялық қарым-қатынаста болады. Мұ-
ның бір себебі туындыда адамдық қасиеттердің
боямасыз шынайы көрінуінде. Сондықтан да
ғалым З. Жұмағалиевтің:
«... Автор өмір салты, ар-ұждан хақындағы
ұстанған принциптері бір-бірлеріне ұқсамайтын
екі жастың арасында болған бір қарым-қаты-
настан конфликт тауып, оны əлеуметтік дең-
гейге көтереді, ниязшылдықтың сырын ашады.
А.С. Несипбекова
189
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012
Үлкенге де, кішіге де ой салады, ең жақын қи-
масындай сыр шертеді. Қысқасы, бас кейіп-
кердің жан дүниесін молынан қамти жырлай-
тын бұл туындыда лирика салмағы басқа жанр-
лардан əлдеқайда басым» [2,153] - деген пікірі
повесть табиғатын терең танудан айтылған.
Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» повесінде эго-
измнің адамды адамгершіліктен ада қылатын
сипатын ашып береді.
Т.Ахтанов бұл шығармасында адалдықты
серік еткен Лəззаттың рухани əлемінің биіктігін
көрсетсе, өзін ғана ойлайтын, сүйетін Нияздың
адамгершіліктен айырыла бастаған рухани бей-
шаралығын танытады. Эгоизмнің сиқыр күші
рухани əлсіз Ниязды біржолата соқыр қылып
тастайды. Жазушы эгоизмді табиғи кемтарлық
емес, үлкен əлеуметтік кесел ретінде сурет-
тейді. Ниязды осындай күйге, яғни өзімшілдік
дертіне жолықтырған оның жалғыз ақылсыз-
дығы ғана емес, айнала қоршаған ортасы. Ол
орынсыз мақталды, орынсыз баға мен қолпаш-
тауға ие болды. Міне, мұның бəрі келіп онсыз
да рухани əлсіз Ниязды адамгершілік сипаттан
тұлдыр жексұрындыққа бастады. Бір сөзбен
айтқанда Т.Ахтанов адам бойындағы жағымсыз
қасиеттерді əшкерелеп қоймайды, оның қай-
дан, неден тамыр жаятынын ашып көрсетеді.
«Махаббат мұңы» повесінің жетістігі компо-
зициялық жинақылық пен образ психология-
сының терең ашылуынан аңғарылады. Повесте
Ниязбен алғаш танысуы мен арада сегіз-тоғыз
жыл уақыт өткеннен кейінгі кездің мезгіл ал-
шақтығына қарамай бірлікте берілуіне ой ағымы
тəсілі мүмкіндік жасаған. Əрине, кейіпкердің
жан дүниесін, оның басынан өткерген қуаны-
шын мен өкінішін, сол сəтте аптыға соққан
жүрек дірілі мен сезім күйін шынайы бейне-
леу үшін суреткерлік сезімталдық, психологтік
ерекше қабілет–түйсік қажет десек, жазушы
Т.Ахтанов мұны повесте шебер орындап шыққан.
Түйіндей айтқанда, Т.Ахтановтың психоло-
гиялық талдау шебері екенін айғақтайтын туын-
дыларының бірі – «Махаббат мұңы» повесі. Өз
кезеңінің саясатына ұрынбай, əдебиеттің басты
күрделі міндеті - адам жанын суреттеу екенін
білдірген, жазушылық бағытын айқындаған шы-
ғармасы. Повесть 60-жылдар прозасындағы құ-
нарлы арна психологизм мен лиризмнің тыны-
сын, өрісін аша түсті. Жазушының «Махаббат
мұңы» повесі – сыршыл жəне психологизм үр-
дісіндегі табысы мол шығарма.
Əдебиеттер
1 Ахтанов Т. Махаббат мұңы: Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Раритет, 2005. – 288 б.
2 Жұмағалиев З.Т. Шындық жəне көркем əдебиет. Оқулық. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1993. – 216 б.
References
1 Akhtanov Т. Sorrow of love: Select compositions. Аlmaty: Rarity, 2005. – 288 p.
2 Zhumagaliev Zh.Т. The truth and art literature. Textbook. – Karaganda: KarMU press, 1993. – 216 p.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі адами қасиеттердің көркем ізденістері
190
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№5-6 (139-140). 2012
ƏОЖ 82(091)
Г.Т. Оспанова
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың II курс магистранты, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: maryama70@mail.ru
Əлихан Бөкейханның əдеби-зерттеу еңбектеріндегі
қазақ əдебиетінің өзекті мəселелері
Мақалада Əлихан Бөкейханның қазақ əдебиетінің дамуына қосқан өзіндік үлесі қарастырылады.
Шығармаларға берген ғылыми бағасы нақты мысалдармен дəлелденіп, тұжырымдалған. Ауыз əдебиетінен
бастап, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы орыс жəне шетел жазушыларының шығармаларынан мысалдар келтірілген.
Əлихан Бөкейханға сол кездегі берілген пікірлер мұрағат материалдарынан алынған. Зерттеу нақты мəлі-
меттерге сүйеніп жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |