31
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
Жоғары/төмен бинарлық оппозициясының
жоғары сыңарына жататын бастың бинарлық
оппозициядағы өз орнын жоғалтуы, яғни «көк
əлемінің дүниесі» бастың «төменгі жерлік
əлемге» қарай бағытталуы адамның ішкі жан
дүниесіндегі рухани күйреуді, қоғамдық-əлеу-
меттік ортада адам
беделінің төмендеуін көр-
сететіні фразеологизмдердің жасалуына арқау
етіледі. Мысалы:
басын салбырату, басы жер-
ге түсті, басын жерден көтере алмады т.б.
Адам тұла бойының «жоғары əлемдік», «ор-
таңғы əлемдік», «төменгі əлемдік» иерахиялық
сатылық жүйеге бағындырылған үштік жік-
телісі тілдік жүйеде соматикалық фразеоло-
гизмдердің синонимдік қатарында бой көрсе-
тетін «мотивацияның, образдылықтың дəреже-
ленуі (градация) мен тілдік экспрессияның бір-
тіндеп күшеюіне» əсер етеді
10. Мысалы: қор-
лық көрсету мағынасындағы
басына əңгір таяқ
ойнатты, кеуде көрсетті, тізесін батырды,
табанға салып таптады немесе өте кедей
мағынасындағы
маңдайына түк бітпеген, аузы
аққа жарымаған, аузы асқа, ауы атқа, жары-
маған, қолы қысқа, шыр бітпеген, ыңыршағы
шыққан, қара сирақ, қара табан т.б соматика-
лық тілдік модельдер арқылы адамдардың қо-
ғамдағы əлеуметтік теңсіздігін бейнелуде экс-
прессивтік-эмотативтік бояу дене мүшелерінің
жоғарыдан төменге қарай орналасу тəртібіне
сай қоюлана, ал фразеологиялық жалпы мағы-
надағы жағымсыз коннотация үстемелене түседі.
Фундаменталды дуализм жарық пен қараң-
ғылық, ақ пен қара, тақ пен жұп, күн мен түн,
шығыс пен батыс т.б. қарама-қайшылықтарды
күллі əлемді табиғаттан тыс, құпия тылсым
сырлы, бір – біріне қарама-қарсы екі күштің
басқаруымен түсіндіреді. Ол күштің бірі өсіп-
өнуден бастау алып, өмір сүруге
жетелейтін
болса, екіншісі жойылып-жоғалумен, тоқырап-
тоқтаумен сипатталып, өлімге апарады. Мұнда
өмірге қатыстының барлығы жақсылықтың ны-
шанына алынып, адамның жағымды эмоциясын
тудыруға себеп болып, бір нəрсе, құбылыс, зат
туралы оң пайым, дұрыс пікір жасауға негіз
болатын болса, өлімге қатыстының барлығы
жағымсыз эмоцияны тудырып, теріс пайым жа-
сауға арқау етіледі. Демек, бинарлық оппози-
циялық жіктелістің өзі адамның позитивті не-
месе позитивті емес ойлау əрекетімен тығыз
байланысып жататын, адамзат қоғамының діни-
мифтік, əлеуметтік-қоғамдық ұғым-түсініктерін
қарама-қарсылықтар тоғысында, екі жақты си-
паттайтын күрделі жүйе болып саналады.
Қорыта
айтқанда, тілдік дүние бейнесінің
соматикалық фрагментін бинарлық оппозиция
тұрғысынан қарастыру - тіл жəне адамның ой-
лауы, танымдық əрекеті арасындағы тығыз са-
бақтастықта айрықша рөл атқаратын тілдік
үнемдеу заңдылығының өзіндік қырын айқын-
дауға зор мүмкіндік береді. Адам организмінің
физиологиялық ассиметриясын
(оң/сол) жəне
адамның дене тұрқының вертикальды бағыт-
тағы үштік жіктелісін
(бас, кеуде, аяқ) жинақ-
талған білім қорының соматикалық коды ретін-
де пайдалана отырып, тіл адам өмір сүретін та-
биғи жəне қоғамдық ортаға, адам жасаған мə-
дени таңбалар жүйесіне қатысты ұғым-түсінік-
терді адамның тəндік базисі негізінде белгілі
бір топтарға біріктіріп жинақтап ғана қоймай,
оларды іштей саралап жіктейтіні байқалады.
Бұл, сайып келгенде, тілдің дүние
бейнесін
сомдауда жəне кескіндеуде метакод жəне дер-
бес код ретінде екі жақты қызмет атқаратын
табиғи қасиетінен туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: