Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата21.01.2017
өлшемі2,86 Mb.
#2361
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41

 
Бағалау түрлері 
 
Қазіргі  тіл  ғылымында  бағалауды  топтастырудың  түрлері  көп.  Біз  соның  ішіндегі  біршама  тұрақталған 
түрлеріне  тоқталып  өттік.  Жалпы  және  жеке  бағалауыштық  мағынаның  өз  ішінен  бөлінген  түрлерінің  бір-
бірінен айырмашылығын ашуға тырыстық. Жалпы бағалауға қатысты объектілердің тақырыптық қатарын үш 
топқа  бөліп  қарастырдық.  Жалпы  бағалауды  білдіретін  лексемалар  баға  сипатына,  мөлшеріне,  субъективті 
бағалау  құралдарының  болу,  болмауына  байланысты  топтастырылады.  Жеке  бағалауыш  үшін  ең  негізгісі – 
бағалауыштың  себебі.  Жалпы  бағалауышқа  қарағанда  жеке  бағалауыштың  объектісінің  бағалайтын  қасиет-
тері  тар.  Жалпы  бағалауышта  бағаланатын  объектіні  жан-жақты  жағымды,  жағымсыз  тұрғыдан  саралап, 
субъекті баға бере алады. Ал жеке бағалауышта объектіні дара, жеке қасиеттеріне қарап бағалайды. 
Түйін сөздер: баға, бағалау, жалпы және жеке бағалауыштық мағына. 
 
G.B. Kutzhanova 
Types of valuation 
 
This article deals with the type of valuation. There are many classifications of estimates that are based on 
different criteria. In modern linguistic science presents a number of estimates, the most common is the unit 
assessments and rational emotive. The classification assessments under the functional approach based on the 
principles of functionality and comparative. H.fon Wright classifies the type of evaluation and the estimated object 
semantics combination obscheotsenochnymi adjectives «good» and «bad». However, he points out the following 
types of assessments: instrumental (a good knife), technical (good driver), medical, including items such as the eyes, 
heart, memory, implying utilitarian fitness, useful for certain purposes: (a good plan), hedonistic (good taste ), favor 
(good deed). 
Keywords: valuation, appreciate, general and private valuation. 
 
Г.Б. Кутжанова 
Виды оценки 
 
В  статье  рассматриваются  виды  оценки.  Существует  множество  классификации  оценок,  которые 
основываются  на  различных  критериях.  В  современной  лингвистической  науке  представлен  целый  ряд 
оценки, при этом наиболее общепринятым является подразделение оценок на эмотивные и рациональные. В 
основе  классификации  оценок  в  рамках  функционального  подхода  лежат  принципы  функциональности  и 
компаративности.  Х.фон  Вригт  производит  классификацию  оценок  по  типу  оцениваемого  объекта  и 
семантики  сочетаний  с  общеоценочными  прилагательными «good» и «bad». При  этом  он  выделяет  сле-
дующие разновидности оценок: инструментальное (хороший нож), техническое (хороший шофер), медицин-
ское,  включающее  такие  объекты,  как  глаза,  сердце,  память,  утилитарное,  подразумевающее  пригодность, 
полезность для определенной цели: (хороший план), гедонистическое (хороший вкус), благоприятствование 
(хороший поступок).  
Ключевые слова: оценка, ценить, общая и частная оценка. 
_____________________________
 
Қазіргі тіл ғылымында бағалауды топтасты-
рудың  түрлері  көп,  соның  ішінде  біршама  тұ-
рақталғаны: 
1)  Жалпылай  алғанда – эмоционалды  және 
рационалды 
2)  Бағалауға  алынған  нысандардың  санына 
байланысты – абсолютті(жақсы/жаман)  және 
салыстырмалы(өте жақсы/өте жаман) 
3)  Баға сипатына қарай – жағымды, жағым-
сыз және бейтарап. 
Баға берудің субъектісі мен объектісінің бір-
біріне  қатынасы  «жақсы/жаман»  белгілерінің 
негізінде  тілде  қолданылатын  аксиологиялық  
 
мағыналардың  негізгі  екі  түрі – жалпы  баға-
лауыштық  және  жеке  бағалауыштықты  құрай-
тындығы  қарастырылады.  Бағалау  ұғымында 
дескриптивті мағынаның болу, болмауына бай-
ланысты  баға  мен  дескрипцияны  байланысты-
ратын  жеке  бағалау  мағынасын  және  «таза» 
бағаны  білдіретін  жалпы  бағалау  мағынасын 
ажырату  бар.  Лингвист  ғалымдар  Е.М.Вольф, 
З.К.Темірғазина  баға  берудің  негізінде  баға-
лауыш  сөздерді  жіктеуде  Н.Д.Арутюнованың 
пікірін қолдайды. 
Н.Д.Арутюнова  бағалауыштық  предикатты 
жалпы баға беру және жеке баға беру деп жік-
Г.Б. Кутжанова 

195 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
теп, жеке баға берудің жеті түрін көрсетіп олар-
ды сенсорлық, сублимирлік және рационалдық 
деп үш топқа біріктіріп қарастырады. 
Жалпы  бағалауыштық  мағына.  Бағалау  ма-
ғынасының  модальдық  спекторы  (жиынтығы) 
бір  ғана  сегментке  ықшамдалуы  мүмкін  емес. 
Сондықтан  жалпы  баға  заттың  әр  түрлі  белгі-
лерінің  жиынтығына  беріледі.  Жақсы  шай  де-
генде шайдың жоғары сапасын, қоюлығын, ыс-
тықтығын,  тәттілігін  т.б.  тұспалдап  айтуға  бо-
лады.  Жалпы  бағалау  предикаттарының  маз-
мұны  бағаны  айқындаудың  құрылымымен  тү-
сіндіріледі.  Болмыстың  әрбір  объектісі  (зат, 
адам, оқиға т.б.) жалпы бағаны білдіруде есеп-
ке алынуды қажет ететін аксиологиялық белгі-
лердің жиынтығына ие болады. Объектінің бұл 
белгілері  өзара  қарама–қайшылықта,  қақты-
ғыста  болады.  Объект  бірде  жағымды,  бірде 
жағымсыз белгілерімен көрінеді. 
Жалпы  бағалау  мағынасы  әр  түрлі  объек-
тілермен  байланыса  алады.  Талдау  материал-
дары  көрсеткендей  қазақ  тілінде  бағаланбай-
тын,  бағасын  алмайтын  нәрсе  жоқ  деуге  бо-
лады:  адам,  зат,  құбылыс,  оқиға,  табиғат  т.б.  
Жалпы  бағалауға  қатысты  объектілердің  тақы-
рыптық  қатарын  үш  топқа  бөліп  қарастыр- 
дық. 
1.  Адамға  байланысты  бағалауыштықтың 
тақырыптық  қатары  сан  алуан.  Бұл  топты  өз 
ішінен мынадай бөліктерге бөлуге болады: 
  Адамның  сезімін,  көңіл-күйін  білдіретін 
жалпы бағалаулар, мысалы: Бала жүрегінде бұл 
шақта  көп  сезімнің  алай – түлей  құйыны  соқ-
қандай.  Бұнда  қорлықпен  өлгендерге  барынша 
жан  ашыған  мейірбандық  та  бар.  Өлтірген-
дерге ыза мен кек те бар(М.Әуезов). 
  Адамның жасын, өмірін бағалау, мысалы: 
Ол жылдары  қамшысынан қан сорғалаған дер 
кезі  болса,  қазір  алпысқа  таяп  қалды.  Тәубаға 
келер,  зорлық-зомбылыққа  ырық  бермес  кезі 
(Ғ.Мүсірепов). 
  Адамның  рухани  мүдделерін  жеке  эти-
калық  бағалаумен  байланыстыра  бағалайтын 
жалпы  бағалаулар,  мысалы:  Бірақ  өз  топшы-
лауым  бойынша,  адамның  қай  мінезі  қасиетті 
болса, сол мінензі міні де болады. Жақсылық – 
кісінің  айнымас  табандылығында  деп  білемін 
(М.Әуезов). 
  Адамдық қарым – қатынасты бағалаулар, 
мысалы:  Мұқаш  қандай  елден  шыққан,  құдай-
дан  безген,  содырлы  болса  да  молданы  сый-
лайтын,  молдаға  сөйлеспей  өзінен-өзі  именіп, 
сырттан жүретін ( Ж. Аймауытов). 
  Адамның  іс – әрекетін,  қызметін,  кәсіби 
даярлығын  т.б.  бағалау,  мысалы:  Профессор 
студенттерін бір лекциядан бір лекцияға қарай 
қызықтырып,  ынталандыра  жетелеп  оты-
рады (Ә.Нұршайықов). 
  Адамның рухани қызметінің жемісіне бе-
рілетін баға, мысалы: – Ия, ақын екенсіз, нағыз 
ақынсыз, - деді ол басын изеп, тағы да жымия 
түсіп. «Қызыл  көрпеңіз»  жақсы  өлең  (Ә.Нұр-
шайықов). 
2.  Адамның  практикалық  қорытындысы, 
артефактілер  (азық-түлік,  түрлі  киім-кешектер-
ді  ыңғайлылығына,  қажеттілігіне,  әдемілігіне 
қарай бағалау, тұрмыстық заттардың, үй бұйым-
дарының,  баспананың  сәніне,  қолайлылығына, 
сапасына  қарай  сипаттайтын  бағалаулар),  мы-
салы:  Ашқылтым  ақ  қалаштар  не  деген  дәмді! 
Ортасына  ақ  ірімшік  салып  пісірген  дөңгелек 
нандар одан да артық (Ғ.Мүсірепов). 
3.  Жан-жануарларды,  табиғат  құбылыста-
рын бағалау, мысалы: Күн көптен бері жылын-
бай  қойды.  Бүгін  де  сондай  шытырлаған  аяз. 
Сондай  жел  аралас  аяз  жайы: «үскірік  аяз», 
«өкіріп  тұрған  аяз», «ақыррған  аяз», «қолқаң-
ды  қарып  тұрған  аяз»  деп  неше  түрлі  қатал 
түрде халық аузына алысады (М.Әуезов). 
Сонымен  жалпы  бағалау  объектілерінің  үш 
тақырыптық  қатарға  бөлінуі  мүмкін  екені  сөз-
сіз. Егер бағалау бір аспекті тұрғысынан (жеке) 
сипатталатын  болса,  ол  объектінің  өзінің  но-
минациясында  атау  болады.  Ал  жалпы  бағалау 
объектіні  әр  қырынан  бейнелеп,  предикаттық 
қызмет,  модальдық  оператор  қызметінде  де 
көрінуі мүмкін. 
Жалпы  бағалау  моральдық – этикалық  нор-
ма (үлгілі жанұя), индивидтің талғамы, қызығу-
шылығы  (жақсы  кітап),  әлеуметтік  стандарт 
(жақсы  үй)  және  т.б.  объективті,  субъективті 
сипатты  жете  түсіндіруге  мүмкіндік  бере  алады. 
Негізінде, жалпы бағалау жекеге қарағанда зат-
тың бір ғана емес, бірнеше белгілерін қамтиды. 
Жалпы  бағалау  жеке  бағалауға  қарағанда 
ұсыныс, мақұлдау, айыптау, тыйым салу сияқты 
иллокутивті  күштің  айтылған  сөзге  жалғасуын 
айқын білдіреді. 
Жалпы  бағалауды  білдіретін  лексемалар 
баға сипатына, мөлшеріне, субъективті бағалау 
құралдарының  болу//болмауына  байланысты 
топтастырылады.  Бұл  мағыналардың  құрылы-
мында  мынандай  семантикалық  элементтер 
болады: 1) жағымды//жағымсыз баға; 2) қалып-
тан төмен, қалыппен бірдей, қалыптан жоғары; 
3) субъективті//объективті баға. 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 
Бағалау түрлері 

196 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
Жеке  бағалауыштық  мағына.  Жоғарыда  ай-
тып кеткеніміздей, жалпы бағалауыштық мағы-
на  субъектінің  объектіге  қатынасын  «жақсы// 
жаман»  белгісі  тұрғысынан  көрсететін  болса, 
жеке  бағалауыштық  мағына  дескрипция  мен 
бағаны байланыстырады. 
Жеке  бағалауыш  үшін  ең  негізгісі – баға-
лауыштың себебі. Ол тілдің әрі индивидуалды, 
әрі  әлеуметтік  стереотипінен  шығады.  Жеке 
бағалауышта зат не сыртқы көрінісіне қарап, не 
моральды тұрғысына қарап, не пайдалы жағына 
қарап  бағаланады.  Жеке  бағалауыштың  жүзеге 
асуы оның лингвистикалық классификациясына 
тығыз байланысты. Фин ғалымы Г.Х.Вригт жеке 
бағалауыштың 6 түрін  белгілесе,  Н.Д.Ару-
тюнова  мен  Т.В.Шмелева 7 түрін,  Е.М.Емель-
яненко 8 түрін,  Е.И.Диброво 5 түрін  көрсетсе, 
Г.Ф.Гибатова 4 түріне тоқталады. 
Логик – ғалым  фон – Вригт  жеке  баға-
лауыштың мынадай 6 түрін көрсетеді: 
1.  Инструменталды  баға/жақсы  пышақ,  жақ-
сы күрек/. 
2.  Техникалық /жақсы шофер, жақсы май/. 
3.  Медициналық /жақсы жүрек, жақсы қан/. 
4.  Утилитарлы  (белгілі мақсат үшін пайда-
лылығы)/ жақсы жоспар, жақсы жаңалық/. 
5.  Геднистикалық /жақсы тағам, жақсы дәм/. 
6.  Адам жақсылығы /жақсы қылық, жақсы іс/. 
Лингвист – ғалым  Е.И.Диброво  жеке  баға-
лауыш  мағынаның  төмендегідей  түрлерін  бел-
гілейді: 
1.  Эмотивті баға 
2.  Этикалық баға 
3.  Интеллектуалды юаға 
4.  Нормативті баға 
5.  Квалификативті (сапалық/сандық) баға. 
Баға берудің субъектісі мен объектісінің бір 
–  біріне  қатынасы  арқылы  жалпы  бағалауыш 
пен жеке бағалауыш пайда болады. Лингвист – 
ғалымдар Е.М.Вольф пен З.К.Темиргазина баға 
берудің  негізінде  бағалауыш  сөздерді  класси-
фикациялауда  Н.Д.Арутюнованың  пікірін  қол-
дайды. Н.Д.Арутюнова жеке бағалауышты  мы-
надай категорияларға бөледі: 
І. Сенсорлық бағалауыш: 
1.  Сенсорлық  баға  беру  немесе  гедонисти-
калық /дәмді - дәмсіз/. 
2.  Психологиялық баға беру: 
 
a.  Интеллектуалды /білімді, қызықты/; 
b.  Эмоционалды /көңілді, қуанышты/. 
ІІ. Сублимирлік бағалауыш: 
1.  Эстетикалық  баға  беру,  сенсорлық  және 
психологиялық баға беруден пайда болған /әдемі, 
ұсқынсыз/. 
2.  Этикалық баға беру /мейірімді, қатігез/. 
ІІІ. Рационалды бағалауыш: 
1.  Утилитарлы баға беру /пайдалы, зиянды/. 
2.  Нормативті баға беру /дұрыс, қате, теріс/. 
3.  Телеологиялық баға беру /сәтті, сәтсіз/. 
Ғалым Г.Ф.Гибатова өзінің еңбегінде Н.Ару-
тюнованың  ойына  қосылып,  жеке  бағалауыш-
тың  этикалық,  эстетикалық,  утилитарлы,  гедо-
нистикалық  түрлеріне  тоқталады.  Бұл  баға-
лауыштар  адамның  дүниеге  деген  сезімінен 
туады.  Адамның  эмоционалды,  психологиялы, 
рационалды  күйі  аксиологиялық  мазмұндағы 
дескриптивті сөздермен этикалық, эстетикалық 
бағалуышты  бере  алады.  Адамның  психоло-
гиялық  күйі  нақты,  эффективті  түрде  қолда-
нылса,  психологиялық,  сенсорлық,  рационал-
дық бағалауышты объективті факторларға сүйене 
отырып беруге болады.  Гедонистикалық нақты 
дәмді  білуден,  эстетикалық  көбінесе  көзімен 
көріп  сезінуден,  этикалық  адамның  білімді-
лігіне,  адамгершілігіне  байланысты  бағаланады. 
Утилитарлы  бағалауыш  әр  түрлі  жағдайды 
шешу  үшін  не  пайдалы,  не  пайдасыз  екенін 
көрсету үшін қолданылады. Медициналық баға-
лауыш физикалық, ментальды құндылықты ба-
ғалаудан  шығады.  Техникалық  баға  іс – әре-
кеттің  үш  түріне  байланысты  пайда  болады:  
1) ойын түріндегі; 2) мамандыққа байланысты; 
3)шығармашылыққа  байланысты.  Гедонисти-
калықты  утилитарлықпен  салыстыра  отырып, 
олардың айырмашылығын ажыратып, Н.Д.Ару-
тюнова былай дейді: «Гедонистически хорошее 
бесцельно,  оно  несет  награду  в  себе  самом. 
Утилитарное  добро  характеризуется  целена-
правленностью». 
Жалпы  бағалауышқа  қарағанда  жеке  баға-
лауыштың  объектісінің  бағалайтын  қасиеттері 
тар.  Жалпы  бағалауышта  бағаланатын  объекті-
нің  жан-жақты  жағымды,  жағымсыз  тұрғыдан 
саралап,  субъекті  баға  бере  алады.  Ал  жеке 
бағалауышта объектіні дара, жеке қасиеттеріне 
қарап бағалайды. 
 
Әдебиеттер 
 
1  Бабушкина Ольга Николаевна. Оценочная категоризация профессиональной деятельности средствами фразеологии/ 
фил.ғыл.докторы ғылыми дәрежесін алу үшін. – Челябинск, 2010 . 
2  Түсіпбекова  Ғалия  Аутқызы.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  бағалау  мағынасы  және  оның  құрылымдық  жүйесі / Фил.ғыл. 
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін. – Астана, 2007. 
Г.Б. Кутжанова 

197 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
3  Сейітқасымова Б.Ж. Жеке бағалуыш мағына // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2003. –  №4. – 141 б. 
4  Вольф Е.М. Функциональная семантика оценки. –  М, 1985. 
 
References 
 
1  Babushkina Ol'ga Nikolaevna. Otsenochnaya kategorizatsiya professional'noy deyatel'nosti sredstvami frazeologii/ fil.ғyl. 
doktory ғylymi dәrezhesіn alu үshіn. – Chelyabinsk, 2010 . 
2 Tүsіpbekova Ғaliya Autқyzy. Қazіrgі қazaқ tіlіndegі baғalau maғynasy zhәne onyң құrylymdyқ zhүyesі / Fil.ғyl. kandidaty 
ғylymi dәrezhesіn alu үshіn. – Astana, 2007. 
3 Seyіtқasymova B.Zh. Zheke baғaluysh maғyna // ҚazMU habarshysy. Filologiya seriyasy. – 2003. –  №4. – 141 b. 
4  Vol'f E.M. Funktsional'naya semantika otsenki. –  M., 1985. 
                                                    
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 
Бағалау түрлері 

198 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 821.512.122+821.161.1(09) 
 
А.Б. Кушбаева 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс магистранты, Қазақстан, Алматы қ.  
E-mai: 
aidana_kb_90@mail.ru
 
 
Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романындағы  
түс көрудің символикасы 
 
Бұл ғылыми мақалада жазушы Дидар Амантайдың  «Гүлдер мен кітаптар» романындағы кейіпкерлердің 
түс  көру  құбылыстарының  мәні  мен  маңызы,  шығарма  көркемдігіне,  ондағы  кейіпкерлердің  көңіл-күйіне 
әсері,  олардың  шындыққа  қатысы  туралы  сөз  болмақ.  Қаламгер  өз  шығармасына  арқау  еткен  рухани  ізгі 
құндылықтар құлдырап, жоғалуға айналғанын түс символдарымен көрсетуі мәселенің өзегіне айналып отыр. 
Міне,  осы  шығарма  ішіндегі  әңгіменің  негізгі  фабуласын  құрайтын  түс  көру  мен  аян  берудің  романдағы 
символикалық мәнін ашуға ерекше назар аударылады.  
Түйін сөздер: шығарма, роман, автор, проза, кейіпкер, түс көру, символ, көркемдік. 
 
A. Kushbayeva 
The symbolism of dreams in Didar Amantai’s novel «Flowers and books» 
 
The article is devoted to the work of known Kazakh writer Didar Amantai. The object of research is the novel 
«Flowers and books». The author analyses the functions and value of dreams in work of the writer. The symbolics of 
the images represented by the author reveals. Much attention is spared to the content of images. In the article 
interpretation of the basic images arising in dreams of heroes is given. The author comprehensively and deeply 
investigates the novel, revealing skill of the writer, his skill to get into the essence of the phenomenon represented by 
him. Every image, each detail become meaningful in work. The author of article emphasizes symbolics of the title of 
the novel, reflection of ideas of the writer in dreams of the hero. At the analysis of the novel «Flowers and books» the 
complex approach is used for allowing full and completely to open investigated problem. 
Keywords: work, novel, author, prose, hero, dream, artistic
 
А.Б. Кушбаева 
Символика сновидений в романе Дидара Амантая «Цветы и книги» 
 
Статья посвящена творчеству известного казахского писателя Дидара Амантая. В качестве объекта иссле-
дования  выбран  роман  «Цветы  и  книги».  В  статье  анализируются  функции  и  значение  сновидений  в  твор-
честве  писателя.  Раскрывается  символика  образов,  изображаемых  автором.  Большое  внимание  уделяется  содер-
жанию видений. В статье дается интерпретация основных образов, возникающих в снах героев. Автор всесто-
ронне и глубоко исследует роман, выявляя мастерство писателя, его умение проникнуть в самую суть изобра-
жаемых им явлений. Каждый образ, каждая деталь становятся значимыми в произведении. Автором статьи 
подчеркивается символика заглавия романа, отражение идей писателя в снах героя. При анализе романа «Цветы и 
книги» используется комплексный подход, позволяющий полно и целостно раскрыть исследуемую тему. 
Ключевые слова: произведение, роман, автор, проза, герой, сновидение, художественный. 
__________________________________ 
 
Қазақ  әдебиеті  өзінің  әлемдік  әдебиеттегі 
тұғырынан қай  заманда  да  тайған  емес. Тәуел-
сіздік  жылдарында  да  төл  әдебиет  жаңа  кеңіс-
тіктегі  сапарын  жалғап  келеді.  Әдебиет – құ-
нарлы  ойдың,  сәулелі  сананың  мәңгілік  көші 
болса,  сол  көштің  лек  басынан  жазушы  Дидар 
Амантайды көреміз. 
Қазіргі көркем шығармаларды біз қоғамдық 
проблемалардың  шеңберінен  ғана  қарастырып 
жүрміз.  Әлеуметтік  процестердің  өзгеруін  көр-
кем  мәтіннен  іздейміз.  Ал  автордың  жеке  құн-
дылықтары  ше?!  Қазіргі  прозада  автор  қоғам-
нан  өзін  бөліп  алып  өмірлік  құндылықтарын  
 
іздестіруде.  Сондықтан  да  болар  автор  шығар-
ма  арқылы  өмірдің  әр  кезеңіндегі  ізгіліктерін  
аңсайды. «Ата-баба  жасаған  құндылықтардың 
соншалықты  құлдырауының  сыры  неде,  себебі 
не?» деп ойлана бастауы көңілге жұбаныш әке-
летін,  қуаныш  сыйлайтын  ізденістің  көркем 
нышаны  екендігі  сөзсіз.  Өмірдің  айнасын  көр-
сетуді мақсат тұтпайды, керісінше өміріне әсер 
еткен сұлулықтарды сөз етеді. Мәселен, Дидар 
Амантайдың  «Гүлдер  мен  кітаптары».  Роман-
ның  бас  кейіпкері  Әлішер  бір  кездегі  атақты, 
қазіргі уақытта жігері жасып, сағы сынған хал-
қының  өткені  мен  бүгінін  саралап,  болжау 
А.Б. Кушбаева 

199 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
жасаған, «басын тауға да, тасқа да соққан» жан. 
Дегенмен  ол  қанша  арпалысқанмен  жанын 
жегідей жеп, маза бермеген сұрақтарына жауап 
таппай  қиналады.  Жазушы  үшін  гүл  мен  кітап 
құндылық болып саналады. Автор адам құнды-
лығын  шығармада  ашық  алаңға  шығарады.  Кі-
тап, гүл, жазушылар, Әлішердің арманы бұлар-
дың  барлығының  бояуы  қанық.  Романда  автор 
бұл  құндылықтар  адам  өмірінің  мәні  екенін 
ашық түрде көрсетеді. Себебі бұл дүниелер бұ-
ған дейін қоғамда өз орнын жоймаған болатын. 
Енді  олар  керексіз.  Автор  осы  жоғалған,  жо-
ғалуға айналған дүниелерін іздейді. Әлішер осы 
құндылықтар  шетке  ысырылып,  қалтарлылар-
дың  үстемдігі  орнаған  дәуірде  ұрпақ  қамын 
желеу етіп, ақ парақты шимайлауды көк тиын-
дық құны да, пайдасы да жоқ екенін, ештеңені 
өзгерте  алмасын  да  біледі.  Алайда  ол  бәрібір 
ұлттың  өркендеуі  мен  құлдырауының  сырын 
ашып,  құпиясына  тереңдей  баруды  бәрінен 
биік қояды. Бір кездері оған: «Мүмкін ешқашан 
кітап  жазбау  қажет  шығар,  бәрібір  сіз  одан 
шын  бақыт,  қалың  дәулет,  жақсы  атақ,  үлкен 
абырой,  зор  жұбаныш,  адал  көңіл  таппайсыз. 
Тұрлаусыз махаббаттың әуресі. Үмітіңізді ақта-
майды,  тұрмысыңызды  жақсартпайды...  Кітап 
тек ғұмырдың баянсыз мұратына жалған мағы-
на жүктеген алдамшы мақсат қана» деген де ой 
келеді. Бірақ кейіпкер солардың барлығын біле 
тұра  бойындағы  құштарлыққа  қарсы  тұрып, 
кедергі  бола  алмайды,  ақыр  соңында  құпиясы 
әлі  күнге  дейін  ашылмаған  игі  мақсаттың  хат-
шысы – жазушы  болуға  еріксіз  бас  мойын-
сұнады.  Күнделікті  күнкөріс,  тіршілік  қамын 
былай  ысырып  қойып,  қиялдың  жетегінде 
кеткен  жанның  тұрмысы  қалай  болуы  керек?! 
«Екі бөлмелі пәтер іші шынымен тым жұпыны, 
бірақ  кітаптарым  бар  ғой, - деді  ол  дауысын 
көтере  сөйлеп».  Сөйте  тұра  түнде  ұйқыдан, 
күндіз  күлкіден  айырған  аласапыран  ойдың 
ұштығына бару үшін, сырт көзге «өткенді қайта 
оралтқысы,  қалпына  келтіргісі,  болмайтынды 
болдырғысы  келген  қияли  адам»  көрінетінін 
іштей  сезіп  тұрса  да  Әлішер  алған  бетінен 
қайтпайды.  Жазылып  жатқан  романды  әрі 
қарай жалғастыру оның негізгі мақсаты болды. 
Міне,  сол  ойымен  қолжазбаны  шығарып  та 
тынды.  Шығармадағы  дискурс  тек  осы  құн-
дылықтар  мен  Әлішер  арасында  өрбиді.  Автор 
барынша  кейіпкердің  әрбір  әрекетін  мағынаға 
негіздейді.  Жоғарыдағы  сығандардың,  талант-
сыз  ақындардың,  жезөкшелердің  жеке  тұлға 
үшін еш мәні жоқ, мағынасыз екендігі көрінеді.  
Әр  тарауға  тоқталу  жеке  зерттеуді  қажет 
етеді.  Сондықтан  біз  оған  тоқтала  алмаймыз. 
Жеке  бір  тарауын  алып  оқырман  ретінде  әр-
түрлі пәлсапаларға бара беруіңіз де мүмкін. Ол 
оқырманның  қиялына  байланысты.  Романда 
барлық  дүние  бұлыңғыр,  ештеңе  тайға  таңба 
басқандай айқын емес. Аңыз-әңгімелер мен әб-
саналардың  элементтері  де  кездеседі.  Дидар 
романында  әрбір  қоғамдық  мәселелер  Әлішер-
дің көзқарасымен тарамдалып отырады. Әлішер 
неге өзгермейді деп сын айтуға болады. Расын-
да  Әлішердің  жүрегін  ешқандай  адам  жылыта 
алмайды.  Ол  өлімді  ғана  ойлайды.  Неге  Мар-
фуғаны  жар  тұтпады?  Марфуға  оның  адамгер-
шілік талаптарына сай еді ғой. Адамдар бойын-
да  мүлде  құндылық  қалмады  ма?  Әлішердің 
өлімге  бет  бұруына  кінәлі  материалдық  көзқа-
раста  ойлайтын  адамдар  ғана  ма?  Бұған  тағы 
бір себеп  жалғыздық болуы мүмкін. Дидардың 
бір  ұнағаны  романның  ара-арасында  гүлдердің 
кереметтігін бере отыруы.  
Содан  кейінгісі  өмір  туралы  пәлсафалары 
жаңашыл. Тараушалардың әрбір тақырыбы оқыр-
манның ойына рухани азық. 
Бұл  тұрғыдан  келгенде  Дидар  Амантайды 
қазақ  халқының  өткені  мен  болашағы  жайлы 
ғасырдан  ғасыр  асып  ішінде  сақтап  келген, 
бірақ  әлі  сыртқа  шықпаған  шерін  талантты 
жазылған көркем туынды арқылы қозғап жазу-
шылар қатарына жатқызуға болады.  
Дидар  Амантай  «Гүлдер  мен  кітаптар»  ро-
манындағы  түс  көру,  аян  беру  шығарма  ішін-
дегі әңгіменің негізгі фабуласын құрайды. Құн-
дылықтардың  кейіпкер  өміріне  қауіп  төндіре-
тінін,  ажалына  себепші  болатынын  көрсету 
үшін түс көрудің символикалық мәнін пайдала-
нады.  Бұл  жөнінде  зерттеуші  Г.Пірәлиева: 
«Адамның есі бүтін болмайтын күйлері болады. 
Сондай күйлердің бірі түс көру. Ұйқы дегеніміз 
–  мерзімді  демалыс,  тыныс  алыс.  Ұйықтаған 
адамда  сана  не  мүлдем  болмайды,  не  кем  бо-
лады...  Шырт  ұйқыда  жатқанда  адам  түк  сез-
бейді.  Бірер  ұйықтап  алған  соң  ұйқы  сергек 
бола  бастайды,  ұйқылы – ояу  деген  күйге  ке-
леді.  Сондай  кезде  санамыз  кіресілі-шығасылы 
болып,  түс  көрсек  керек.  Түс  дегеніміз  ояуда 
көретін  нәрселеріміздің  пернесі  болады.  Түсі-
мізде  сол  пернелерді  өңіміздегі  екен  деп  ой-
лаймыз», – дейді [3, 271]. 
Өмірінің  мәніне  айналған  гүлдер  мен  кітап-
тарды  қымбат  санаған  Әлішердің  жан  дүниесі 
аласапыран.  Күндіз  күлкіні,  түнде  тыныш  ұй-
қыны ұмыттырған бұл асыл дүниелер. Бір нәр- 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 
Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романындағы түс көрудің символикасы 

200 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
сені меңзегендей түнде түсіне еніп, ұйқысында 
маза  бермейді.  Сондықтан  ұйқыда  жатса  да, 
ояу  жүрсе  де  Әлішердің,  сонымен  қатар  жаны 
ашып,  қасынан  табыла  білген,  досының  тағ-
дыры  үшін  алаңдап,  сары  уайымға  салынған 
Марфуғаның да жан дүниесіндегі алақұйын ар-
палыс  сезім  түс  символына  сыйдырылған.  Се-
бебі, «түстегі  үрей  мен  қорқыныш  кейіпкердің 
ішкі  жан  әлеміндегі  әлдебір  қобалжуды,  көңіл 
түкпіріндегі күдік пен күмәнді әшкерелейді» [2, 
96]. Оған қоса Әлішердің жаны жалғыз. Ол тек 
жалғыздықты қалайды. Ал жалғыздық – қашан-
да  жеке  адамның  басындағы  қайғы-қасіретке, 
ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тір-
шілікке  ерік  беруге,  өз  сезімін  қадағалауға  да, 
қадағаламауға  да  құқысы  бар  мезет.  Әрі  бұл 
адамның  (кейіпкердің)  ішкі  табиғатынан,  бол-
мыс-бітімінен сыр берер, оның характерін ашу-
ға  да  өзіндік  үлес  қоса  алатын  көркемдік  қа-
сиет.  Өйткені,  адам  жалғыз  қалғанда  ғана  ішкі 
ой  еркіндігіне  бой  алдырады.  Бұл – адамға  өз 
ойымен  болуға,  еске  алу,  ойлану,  қайғыру, 
белгілі  бір  шешім  қабылдау,  бас  тарту  секілді 
толып  жатқан  философиялық,  психологиялық 
категориялар мен процестерді, әртүрлі сезімдік 
құбылыстарды  бастан  өткеретін  кезең.  Ішкі  ой 
қақтығыстарының  жүзеге  асатын  кезі  де  осы 
сәт.  Кейде  адам  қатты  қапаланғанда  немесе 
шектен тыс қуанғанда еркінен тыс, ойланбаған, 
тіпті  ойы  түгілі  түсіне  енбеген  сұмдық  іс-әре-
кеттерге  баруы  да  мүмкін.  Оны  психологияда, 
философияда,  әдебиеттану  ғылымдарында  шын-
дықты  санамен  бейнеленуіне  тікелей  қатыс-
пайтын, еркіннен тыс болатын-психикалық, фи-
зиологиялық құбылыс «санасыздық» (безсозна-
тельность) делінеді. Міне дәл осы мезетте адам 
санадан  тыс  мезетте  орын  алған  оқиғалар  мен 
құбылыстарды еске алып, өзінше ойлап, сарап-
тап,  талқылап,  бір  шешімге  келуге  не  болмаса 
сол жұмбақтың шешімін табуға, оған тырысуға 
мүмкіндік береді. Айталық түнгі ұйқыда көрген 
түске қайта оралып, оның нені меңзегенін, нені 
айтқысы  келгенін,  қандай  ескерту  жасап,  нен-
дей  нұсқау  көрсеткенін  түсінуге,  шешімін 
тауып, өзіндік шешім қабылдауға болады.  
Түс көру тәсілі – бұл психологиялық бейне-
леудің  бір  түрі.  Бұл  тәсіл  біздің  әдебиетімізде 
кейіпкердің  ішкі  өмірін  беруде  жиі  қолда-
нылатын  әрі  берік  дәстүрге  енген  көркемдік 
компонент [3, 28]. Оны жазушы жиі қолданбаса 
да  ең  оңтайлы  сәттерде  сәтті  пайдалана  да 
біледі.  
«Жер бетін тұман басты. Содан кейін аспан 
салбырап  төмен  түскен.  Еңсені  көтеріп  жүру 
мүмкін  болмай  қалды,  адамдар  бойын  тіктеп 
тұра  алмаған  соң,  жер  бауырлап  еңбектей  бас-
тады. Қорлықтың ауыры құрысқан жауырынды 
жазып  тік  жүре  алмауда  екен.  Жорғалап  келе 
жатып  ол  жердің  иісін  таныды,  кітаптың  иісі 
шығады. Кәдімгі шаң-топырақ басқан сары ала 
байырғы  қағаздың  таңсық  оқшау  иісі  тап  иегі-
нің астынан аңқып тұр.  
Аспан  мен  жердің  арасын  бозамық  қалың 
тұман жапқан. Неткен бұл заман болды, ешкім 
ойланып үлгерген жоқ, аласапыран аяқ астынан 
бауырынан алып жаншып тастады. Ол ақ шаң-
қан  бұлт  ішімен  жайлап  ақырын  жүзіп  келеді. 
Жан-жағына абайлап үнсіз қарап қояды, халық 
сапырылысып  жатыр,  жұртты  тегіс  үрей  биле-
ген,  мұндай  күннің  тууына  кім  жазықты,  оны 
білетін  адам  бар  ма  екен.  Әлішер  сауалына 
жауап беріп жатып оянып кетті. Көрпесін кейін 
серпіп, орнынан көтерілді. Терезеден мүлгіп ат-
қан алғашқы таң шапағы көрінді. Үй іргесіндегі 
бағана  басына  ілінген  шам  сығырайып  жанып, 
желдің екпінімен әлсіз  ырғалады. Дүние тозып 
кеткен  секілді.  Таңғы  жарық  алдында  өшпей 
қалған  жалғыз  шам  кенет  отынан  айырылып, 
ала  көлеңкеде  өлмеусіреп  барып  біржолата 
сөнді.  
Ол  бетін  жуып  жатып  көрген  түсіне  қайта 
оралды. Көк пен жер астасқан кезде қасқырдың 
ұлыған дауысынан аспан қайыра ажырап, көте-
ріліп  кетіпті  деген  аңыз  бар  еді.  Су  шүмектеп 
ағып тұр. Нені білдірді екен соншама түсініксіз 
түс. Топырақтан кітаптың иісі шығады. Жарат-
қан Құдай қандай белгі жіберді, қай тұстан мен 
қата  бастым,  оны  маған  дәл  қазір  таба  қою 
қиын шығар. Дегенмен жақсы ырым емес. Әлде 
мен  теріс  жорып  тұрмын  ба,  қағаздың  топы-
рақтан иіс тартуы бір қасиетті меңзегені болуы 
да  мүмкін.  Ол  қайыра  жуына  бастаған» [1, 7] 
деп  әу  дегеннен-ақ  «бісмілләсін»  жан  жалғыз-
дығын  кешкен  Әлішердің  түсін  баяндаудан 
бастаған  бұл  шығарма  жазушы  тағдырының 
кітаппен тығыз байланысты екендігі туралы ой 
салады. Оның мінез-құлқы да, іс-әрекеті де осы 
түске  сай  өрбиді.  Г.Пірәлиеваның  тілімен  айт-
сақ: "Көңіл-күйлеріндегі  күйзелістермен,  жан 
әлеміндегі арпалыстармен, ішкі буырқаныстар-
дан  сыр  берер  бет-жүздегі,  мінез-құлықтағы 
сезімдік  құбылыстармен  көрінеді" [3, 172]. Бұ-
ған  тағы  бір  дәлел – оның  досы  Марфуғаның 
ұйықтап жатып көргені: 
-  Бір  жаман  түс  көрдім, - деді  Марфуға, - 
сізді кітаптар жабылып жеп жатыр екен.  
-  Ол  нені  білдіреді?  Әдетте  кітапты  адам 
кемірмей ме? 
А.Б. Кушбаева 

201 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
-  Қазақта  түсті  қалай  жорысаң,  солай  бо-
лады дейді ғой, мен шошып олжа салып о бас-
тан асығыс жаманға жорып қойып едім – содан 
қорқып, кеше сізге телефон шалғанмын.  
-  Онда кітаптан өлетін шығармын. 
-  Мүмкін,  сізге  бұл  кітапты  жазбау  қажет 
шығар.  
-  Білмеймін [1, 31]. Міне,  бұл  түстердің 
жалпы  мазмұны,  тематикасы  бір.  Жерден,  то-
пырақтан  кітаптың  иісі  шығады  немесе  адам 
кітапты  емес,  керісінше  кітап  адамды  жеп  жа-
тыр. Не себепті кітаптың иісі бөлме ішінен, не 
болмаса  кейіпкердің  киген  киімінен  шықпай, 
топырақтан шығады? Өйткені адам өмірден оз-
ғанда  жер  қойнауына  баратыны,  топырақ  жас-
танатыны  белгілі. «Топырағы  торқа  болсын» 
деп айтылады қайтқан адамға. Ал кітап не үшін 
әлгі  адамды  кемірді?  Оның  аузы  жоқ  емес  пе? 
Мұнда  кітап  адамның  өмірін  жеп,  уақытын 
тауысып,  тоқтататыны  тайға  таңба  басқандай 
анық.  Ал  кейіпкердің  бар  ғұмыры  осы  құн-
дылықтармен  тығыз  байланысты.  Оны  басқа 
ештеңе қызықтырған емес, қызықтырмайды да. 
Бүкіл  уақытын  сарп  еткен,  қымбат  саналған 
құндылықтары  Әлішер  өміріне  балта  шаба-
тыны  түс арқылы көрсетілген. Мұндағы түстің 
ескертпе,  хабарлама  қызметін  атқарып  тұрға-
нын көруге болады.  
Мұндағы  келесі  түстер  аян  беру  түрінде 
көрінеді  десек  қателеспеген  болар  едік.  Мұнда 
ескертпеден гөрі шындықты айту, анығына көз 
жеткізу, сендіру жағы басым. Мәселен, «Мұса, 
Ғайса,  Мұхамбет»  тарауында  Иса  Мәсіхтің 
дүниеге  келуін  түсінде  берілген  аянмен  байла-
ныстыра сипаттайды: 
«Оның анасы Мәриям о бастан Жүсіпке айт-
тырылған-ды.  Екеуі,  бірақ,  әлі  қосылмай  тұр-
ғанда-ақ Мәриямның Киелі Рухтың құдіретімен 
жүкті  екені  белгілі  болды.  Әулие  шешеміздің 
болашақ күйеуі Жүсіп сияр шәріф әділ кісі еді, 
қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін 
ешкімге  білдірмей  келісімдерінен  бас  тартуды 
ұйғарады. Алайда, ол асқабы бұл жайтты ойлап 
жүргенде,  Жаратқан  ие  түсінде  аян  беріп: 
«Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриям-
ға  үйленуден  шошынба!  Себебі,  құрсағындағы 
баласы – Киелі  Рухтан.  Мәриям  ұл  таппақ, 
оның  атын  Иса  деп  қой,  себебі  Ол  халқын  кү-
нәларынан құтқаратын болады», – деді. Жарат-
қан  Иенің  пайғамбар  аузымен  алдын  ала  айт-
қанының  жүзеге  асуы  үшін  уақиға  солай  өтті. 
Аян  жұмбақ  сырдың  құпиясын  айтқан  еді: 
«Біліп  ал,  пәк  қыз  құрсақ  көтеріп,  Ұл  туады. 
Оған Иманиул, яғни «Құдай бізбен бірге» деген 
ат  қояды»,  Жүсіп  оянып,  орнынан  тұрғаннан 
кейін Жаратқан ие періштесінің бұйрығын орын-
дап,  Мәриямға  үйленді.  Ал  Мәриям  босанып, 
Ұлын  тапқанша,  Жүсіп  онымен  жақындасқан 
жоқ.  Нәресте  дүниеге  келген  соң,  оның  атын 
Иса  деп  қойды» [1, 14-15]. Сонымен  қатар, 
«Топан  су»  атты  тарауда  тоғыз  жүз  тоқсан 
тоғыз  жыл  жер  басып  жүрген  Алашаның  тү- 
сінде  қаншық  қасқыр  аян  бергені  баянда- 
лады: 
«Сол  күнгі  түнде  Алаша  бір  түс  көрді,  тү-
сінде  аян  беріп  келген  қаншық  қасқырдың 
аруағы  еді,  көк  бөрі  мынадай  ойын  айтты: 
«Алаша, сен тоғыз жүз тоқсан тоғыз жыл өмір 
сүресің,  анаңның  тар  құрсағын  кеңітіп,  жыл 
уақыт жатқаныңды есептесек, жер бетінде жүр-
геніңе  мың  жыл  толады,  ұрпағың  сен  пәниден 
озғанша  үзіліссіз  ондаған  есе  көбейеді,  о  дү-
ниеге сапар шеккен соң Тәңір мен жерді байла-
ныстыратын  өзің  боласың,  үңгірде  байғыздың 
неге  қонып  отырғанын  түсінбедім,  құз  басын-
дағы  ескі  ұяңа  қайта  барып  көрші,  байғыз  әлі 
отыр  ма  екен,  әлде  ұшып  кетіп  пе?»,  Алаша 
үңгірге  барса,  байғыз  енді  үңгірдің  төбесінде 
емес,  аузында  жырақ  отыр  екен,  ол  салы  суға 
кетіп  тау  етегіндегі  тұрағына  қайтты,  арада 
жылдар  өтіп,  тұқымы  өсіп,  он  атадан  асқанда, 
Алаша  өзіне  тиесілі  о  дүние  төріне  дайындал-
ды.  Жұмсақ  тамаша  жерден  көр  қаздырды, 
сосын  үйіне  барып,  сыртқа  шықпай  жатып 
алды,  ажал  оған  алыс  жолдан  шаршап  сүйре-
тіліп жетті, тәжірибесі шамалы лақуа құбадүм-
біл  жастауы  екен,  жетектеп  бірден  ертіп  алып 
кете  алмады,  дұғасын  жиі  шатастыра  берді, 
Алаша  үлкен  ағаш  кереуеттің  үстінде  жаны 
шықпай ұзақ қиналды, қыруар жұрт қош айты-
сып, оқшау тіккен шаңырағына тоқтаусыз ағы-
лып  жатты,  бірде  он  алты  жасар  бір  сұлу  қыз 
онымен қоштасуға келді, «е, соны күтіп жатыр 
екенмін ғой», - деп ойын түйді абыз ақсақал, ол 
қыз  кеткен  соң  да  өле  алмай  қойды,  көп  азап 
шекті, ұрпақтарым жасаған күнә мені жібермей 
жатыр деп байлам жасады, тек қыз келіп кеткен 
күннен кейін жылжып алпыс тәулік өткенде ол 
таң  ата – елдің  бәрі  терең  ұйқыда  жатқанда – 
жүрегі  тоқтап,  көзін  мәңгі  жұмды,  ажал  дәл 
осы  мезгілде  ғана  дұғасынан  жаңылыспап  еді, 
сөйтіп,  жаратылыстың  жаңадан  басталуы  көне 
шежіреге  айналды» [1, 59-60]. Мұнда  да  қан-
шық қасқыр Алашаның болашағын айтып, оны 
алда  күтіп  тұрған,  болатын  жайттардан  хабар-
дар етеді. Расында да түс тек болған оқиғалар-
дың  көрінісі  немесе  жалғасы  болып  қана  ен-
бейді,  маңызды  оқиғалардан,  шындық  туралы, 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 
Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романындағы түс көрудің символикасы 

202 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
болашағы  туралы  да  хабар  беріп,  Жаратқан 
Құдай  белгі  жіберуі,  ескерту  жасауы,  сақтану-
ды талап етуі мүмкін.  
Тіршіліктегі  адамзат  баласына  күн  түсіріп, 
жарық  берген,  сәуле  шашқан,  рухани  азық 
болған  кітаптың  қасиетінің  төмендеп,  оны  аяқ 
асты болуы өкінішке орай, қазір де өмірде көрі-
ніс  тауып  отыруы  ғажап  емес.  Алайда  халық-
тық ұстаным бұған жол бере қоймасы хақ. 
Адамның  ішкі  өмірін  оның  қайшылықтары, 
күрделілігі мен тереңдігін көрсету Д. Амантай-
дың шығармаларына тән қасиет. Сондықтан да 
психологизм  суреткердің  өзіне  лайық  стилі  де. 
Әрине, адам өзінше бір жұмбақ әлем. М. Жұма-
баев  айтпақшы, «Теңіз  терең  емес,  адамның 
жаны  терең. ...Дүниеде  адамнан  қиын  жұмбақ 
жоқ,  адам – шешуі  жоқ  жұмбақ» [4, 96]. Сол 
жұмбақ дүниенің шешімін табу таза таланттың 
ғана  шығар  шыңы.  Ол  үшін  адамды  сырттай 
суреттеп, бейнелеу емес, оның ішкі өміріне ену, 
оны зердемен зерттеу психологиялық бейнелеу-
дің кеңдігін талап етеді.  
Сыншы,  мәдениеттанушы  Ә.  Бөпежанова 
«Гүлдер  мен  кітаптар»  сынды  шығарманы  мен  
 
қазақ  әдебиетінде  бұрын-соңды  алғаш  оқуым» 
деп ішкі таңданысын жасырмаған. Жазушының 
айтуынша, «әдебиет – сағынышқа  құрылған 
мөлдір әңгімелер».  
Осы  аталғандардың  бәрін  көркем  тілмен 
жеткізу  жазушылық  шеберлікті  талап  ететіні 
түсінікті.  Қаламгердің  «Гүлдер  мен  кітаптар» 
романы  осы  үдеден  алыс  емес.  Автор  романда 
өрбитін  оқиғаларды  қазақ  халқының  өткен 
ғасырларынан  бері  жалғасын  тауып  келе  жат-
қан,  келеңсіз  тіршілігін,  рухани  құндылықтар-
дың бағасының кеміп, аяқ асты болуын көркем 
туындысына  арқау  ете  отырып,  оларды  кейіп-
кер-жазушының  көрген  түсімен,  оның  мағына-
сыз тіршілігімен ұштастыра әдемі көрсете білген. 
Осы шығарманы оқи отырып, онда келтірілген 
әрбір  түстің  кейіпкер-қаламгердің  өміріне,  кө-
ңіл-күйі  мен  іс-әрекетіне  ерекше  әсер  еткенін 
байқауға  болады.  Және  де  олардың  нақты  бо-
латын  нәрседен хабар беріп, шындықты сурет-
теуі,  ескерту  жасауы,  аян  беру  арқылы  киелі 
рухтармен  байланыс  жасауы  шығарма  көр- 
кемдігін  арттыруда  ерекше  қызмет  атқарып 
тұр.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет