Ключевые слова: литературная норма, коммуникативная речь, вопросительная частица, структура,
система, отклонение.
___________________________________
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдердің жұмсалуына қатысты норма
8
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
Қазақтың бүгінгі ұлттық жазба әдеби тілінің
әлеуметтік өрісі кеңейіп, функционалдық стиль-
дері сараланды, олардың әрқайсысы өзіндік
белгілерімен айқындалып, шыңдала түсті.
Қазіргі қазақ тіл білімі – жан-жақты өр-
кендеген ғылым. Сондықтан тілдің нормалары
мен стильдік категорияларын анықтауда оның
қазіргі жағдайын ескере отырып, тіл мәдение-
тінің көптеген мәселесін шешуге, тіл құбылыс-
тарын дұрыс бағалап бағдарлауға толық мүм-
кіндік бар [1,10]. Сондықтан норманың өзіне
тән табиғатын айқындап, қалыптасқан тілдік
құбылыстарды бірізділікке түсірудің маңызы
зор.
Жаңа құбылыстарды бағалау, оларды қабыл-
дау немесе қабылдамау, тілдегі ауытқулар лин-
гвистерден қолдану нормасының сипаты ту-
ралы толық түсінікті, қалыптасу заңдылықта-
рын, тіл жүйесі құрылымдарындағы нормалар-
дың қалыптасуын, өзара әсерін білуді талап
етеді. Бұлар нормаға түсіру қызметінің теория-
лық базасын құрайды.
Сөйлемнің құралуы күрделі құбылыс бол-
ғандықтан, онда ауытқулар да, құрылымдық
өзгерістер де болуы мүмкін. Сұраулы сөйлем-
дердің грамматикалық көріністері, жұмсалу
ерекшеліктері тек сөйлеу тілінде ғана емес,
көркем әдебиет тілінде де әр қырынан көрінеді.
Cұраулы сөйлем белгілі бір оқиға жайынан
хабар алу үшін жұмсалады. Ғалым К. Аханов-
тың сөзімен айтқанда, «Сұраулы сөйлем ком-
муникативті қызметі жағынан басқа бір хабар-
дың келіп тууын қажет ететін хабар болып
саналады» [2, 209]. Сұраулы сөйлем басқадан
жауап алу, тыңдаушының ой-пікірін білу мақ-
сатымен айтылады. Сондықтан сұраулы сөй-
лемдердің жасалу жолдарына қарай, оларға
қойылатын сұрақтың мазмұны да алуан түрлі
болып келеді.
Сұрақ құрылымдық тұрғыдан не сұрау сөз,
не демеулік шылаудың болуымен сипатталады.
Осылардың ішінен сұраулық шылаудың кірігіп
жіктік жалғаулардан бұрын келуі арқылы сұ-
раулы сөйлем жасалуына назар аударамыз: сен
келесің бе? – сен келемісің?
Сұраулы сөйлемдер қимыл иесінің түрлі
күйіне, қалпына, іс-әрекетіне қарай сұрай ай-
тылып, логикалық мазмұнға сай құрылады. Сұ-
раулы сөйлемнің құрамында оның сұрау мағы-
насын айқындай түсетін сұраулық шылаулар,
сұрау есімдіктері жиі қолданылады. Сондай-ақ,
сұраулы сөйлем айтылуына қарай интонация-
ның көмегімен, кейде кейбір көмекші етістіктер
мен қосымшалар арқылы да жасалады. Мы-
салы:
Бірақ дәл осы кезде, үнсіз тұрған жиын жақ-
тан жапыр-жұпыр дауыстар естіліп қалды.
- Сен ал!
- Е, сен ше?
- Ал өзің? - десіп, қау-қауласып тұрған жұрт
қолды-қолына бір-бір кесек тас көтеріп алыпты
(М. Әуезов).
Жоғарыда берілген диалогте сұраулы сөй-
лемдер сұраулық шылау (ше) мен интонация
арқылы жасалған. Сұраулы сөйлем жасауға қа-
тысатын «ша», «ше» сұраулық шылау, негізін-
де, диалогте алдыңғы сөйлемге жауап бере
отырып, тікелей бір мәселе жайында сөз қозға-
ғанда қолданылады.
Профессор Д. Әлкебаеваның айтуынша,
«Сөйлемнің айтылу мақсатының әртүрлі сипат-
тарына қарай жауап немесе кейде сөйлеушінің
өзі жауабын таныту қызметіне байланысты сөз-
дер тізбегі сұраулы сөйлемдердің негізін құ-
райды» [3, 186].
Ал, төмендегі берілген диалогтерде одағай
сөздер мен қыстырма сөздің қатысуымен сұ-
раулы сөйлемдер жасалып тұр.
- Иә, жаңағы поездан түстім. Жайылма ау-
данына баратын едім.
-Өзің былай, студентсің-ау, деймін? -Бей-
таныс жігіт сауалын жалғастыра түсті (Қ. Се-
гізбаев).
Тышқан... Тышқан...
-Саршұнақ де.
-Айтсаң да, мұнайшының баласы- ау, ә?-
деп қарт езу тартты (М. Сүндетов).
Сондай-ақ бұл сөйлемдерде айтылатын ой-
дың жалпы бағытына қарай одағай сөздердің
айтылу ырғақтары да(сұраулық ырғақ) құбы-
лып отырады. Соған орай сөйлемде сұрау мағы-
насымен қатар таңдану, күмәндану сияқты
ерекшеліктер байқалады.
Мағынасы жағынан сұраулы сөйлемдердің
әртүрлі болуына байланысты, бір нәрсе туралы
түсінік алу, сұрау, білу, жаңа мәлімет жинау
мақсатымен айтылатын сөйлемдердің түрлері
көп.
XVIII ғасырдан сақталған шығарманың син-
таксистік құрылысын талдаған Т.Қордабаев
сұраулы сөйлемдердің қолданысына қатысты өз
пікірін былай білдіреді: «Қадырғали Қошым-
ұлының «Жамиғ-ат тауарих» атты шежіресінде
сұраулы сөйлемнің екі түрлі тәсілмен сұрау
есімдігі мен сұраулық шылау арқылы жасалған
түрі кездеседі. Санамалы түрде кездесетін сұ-
Р.Н. Дәрменқұлова
9
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
раулы сөйлемдер белгілі бір тарихи адамның
сөзі ретінде келген төл сөздерде ғана кездесіп
қалады. Өйткені бұл еңбек жеке бір ғана автор-
дың баяндауы түрінде жазылған шығарма»
[4,72]. Қай уақытта жазылса да шығармалардың
стилінде өзіндік ерекшеліктер болатынын бай-
қауға болады.
А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбе-
гінде -ма,-ме сұраулық шылаудың жұмсалы-
мына мынадай түсінік береді: «Сұраулық шы-
лау (-ма,-ме, -ба,-бе, -па,-пе) жіктік жалғаудың
екінші жағының жалғауынан кейін де бұрын да
келе береді. Бірақ бұрын келгенде сұраулық
шылаудың ашық дауысты дыбысы (-а,-е), сөз-
дің жуан, я жіңішкелігіне қарай, қысаң
дыбысқа (-ы,-і) айналады. Мысалы: оқушы-сың
ба? – оқушы-мы-сың? Сондай-ақ тәуелді сөздің
бірін-ші және үшінші жақтарында да, сұраулық
шы-лау (-ма,-ме) жіктік жалғаудан кейін де,
бұрын да келе береді: оқушы-м-сың ба?–
оқушы-м-бы-сың?» [5, 76].
Осыған ұқсас пікірді ғалымдар М. Балақаев
пен Т. Сайрамбаев та айтады: «Сұраулық шы-
лау қысқарып жіктік жалғаулардан бұрын келу
арқылы да сұраулы сөйлем жасайды. Сұраулы
сөйлемді бұлай құру сөйлеу тіліне тән болған-
дықтан олар диалогтарда жиі ұшырайды» [6,
18].
Осы орайда түрколог-ғалым
Н.К. Дмитриев-
тің пікіріне назар аударайық: «Сұраулы сөй-
лемдерде сұраулық аффикс мүмкіндігінше жауап
алатын сөйлем мүшелеріне қойылады. Бұл кө-
біне баяндауышта болады, бастауышта сирек
кездеседі. Мысалы, татар тілінде: син бу ки-
тапны алдыңмы?, башқұрт тілінде: һин был
китапты алдыңмы? «ты эту книгу взял?»; тат.
синме бу китапны алдың?, баш. һинме был
китапты алдың? «ты ли взял эту книгу?» [7,
21].
Нормалау принциптерінің негізі әрбір әдеби
тілдің өсу дәрежесімен, нормалау объектілері-
нің ерекшелігімен байланысты. Нормалау бағы-
тын алдымен көп жылдық тәжірибеге сүйеніп,
тілде орнаған қалыпты басшылыққа алып, тіл-
дің жүйелік қасиетін негізге алады.
Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық туралы
жазған И. Ұйықбаевтың пайымдауынша, сұрау-
лы сөйлем жасайтын ма(ме), ба(бе), па(пе) сұ-
раулық шылаулары -мы,-мі,-бы,-бі,-пы,-пі тұл-
ғаларының бірінде сөз ішінде қолданылып,
олардың алғашқы тұлғаларына вариант болып
жұмсалады [8, 81]. Мұндай сұраулы сөйлемдер
жинақы(ықшам) түрде құралып, диалогтық
жағдаятқа байланысты жұмсалу ерекшелігіне
қарай эмоциялық сипат алады. Мысалы:
1. Тойдың ду-дуының ортасында жүрген жігіт:
- Көке не боп қалды?- деген таңданып.
- Қайтпақшымысыз?
- Өстіп жүре бермекпісің?- деді шал салған
жерден (Ә.Найманбаев).
2. Мен теріс айтты деп отырмысың?
(М.Әуезов).
3. Өзіңді аямасаң да жарыққа жаның ашы-
сын да. Түнімен жағып қоямысың? (Т. Иман-
беков).
4. Сен өзің бұзған жоқпысың? (Ғ.Мұста-
фин).
Бұл сөйлемдердегі қайтпақшымысыз, жүре
бермекпісің, отырмысың, қоямысың, бұзған жоқ-
пысың сөздерінің көмегі арқылы сұраулы сөй-
лемдердің жасалуы -мы,-мі тілдік формасының
кірігіп жұмсалуынан көрінеді. Сұраулы сөйлем-
дердің табиғатының ашылып саралануы көркем
әдебиет стилінде ерекше көрініп, экпрессивті
қызметте қолданылады.
Кейбір зерттеушілер вариант болған жерде
норма ұғымы да қатар жүреді деп есептейді.
Осыған қатысты Н.Н. Коротковтың пікірін
келтірейік: «Норма мәселесі қаралған тұста бө-
лініп шығатын негізгі категория – бұл вариант-
тылық категориясы» дегенді айтады [9, 10].
Осыған ұқсас позицияны Ф.П. Филин де қол-
дайды: «Норма... немесе одан ауытқу тілдік
жүйедегі бір мағыналы элементтерді пайда-
ланудан көрінеді» [10, 17].
Қазақ тілін зерттеуші ғалымдар вариант тұл-
ғаларын әдеби тіл нормасы тұрғысынан сөз
етеді. Олардың параллель варианттарды түрге
бөлудегі фонетикалық және грамматикалық
пікір алшақтығы кездеспейді. Варианттылық –
тіл-тілдің барлығында болатын және бар құбы-
лыс. Ол – заңдылық. Бірақ тіл - өзінің даму
барысында және сол дамуға қоғамның саналы
түрде араласуы нәтижесінде жарыспалылықтан
арыла түсуге тиіс [11, 5].
Қазақ тілі білімінің негізгі мәселесіне тіл
бірліктерін қолдануда жаңа тенденцияларды
айқындау және оларды реттеу, тілдің барынша
икемді негізгі құрамдары мен тәсілдерінің тұ-
рақтылығын қамтамасыз ету міндеті қойылады.
Сөз етіп отырған сұраулы сөйлемдердің тұл-
ғалық көрінісі туралы А.М. Щербак былай
дейді: «Оның орны жақтық және сандық көр-
сеткіштерден кейін немесе олардың алдында
болады, кейде сол және басқа варианттары да
қолданысқа енеді. Варианттардың позициялық
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдердің жұмсалуына қатысты норма
10
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
мүмкіндігі тілге және етістік формаларының
сипатына байланысты. -мі,-му шылаулардың
сандық және жақтық көрсеткіштерінің алдында
жұмсалуы көбіне осы және келер шақта байқа-
лады, өткен шақ формасында бұл аффикс көп
жағдайда аталған көрсеткіштерден кейін ке-
леді» [12, 41].
Түркі тілдерінде де кездесетін мұндай құ-
былыс сұраулы сөйлем құрудың ерекше стиль-
дік амалы болып табылады. Салыстырып кө-
рейік: гагауз тілінде: аларсінізмі—алармісініз
«возьмете ли?», өзбек тілінде: кэларсанмі—
кэлармісан «придешь ли?», түрік тілінде: вэрір-
місініз «дадите ли?». Ал якут тілінде -мі-му
шылауы жоқ, оның орнына аналогия ретінде
дуо шылауы қолданылады [12, 41].
Ғалымдар М. Балақаев, Р. Сыздық, Е. Жан-
пейісов өздерінің зерттеулерінде сұраулық
шылаудың кірігіп жұмсалуынан пайда болған
сұраулы сөйлемдерге қатысты айтқан пікірін
келтірейік: «Қазақ тілінде сұраймысың?, келе-
місің?, түсінемісің? дегендер әдеби норма емес,
сөйлеу тіл стиліне тән норма. Сондықтан олар-
ды жазушы көркем әдебиетте диалогты сөйлем-
дерде қолданса орынды болады деген тұжырым
жасайды [13, 226].
Сұраулы сөйлемдердің осы үлгідегі түрі
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында да кез-
деседі:
Малымды қара жетім бағамысың,
Біздерге бұл қылықпен жағамысың?
Дарияға қол ағашын тастай бердің,
Қатқаныңның басымен қағамысың?
Бұл келтірілген шумақта бағамысың-баға-
сың ба, жағамысың-жағасың ба, қағамысың-
қағасың ба деп ұғынылады. Бұлар үнемі осы-
лай жарысып қолданыла бермеуі де мүмкін.
Сұраулы сөйлемнің бұл түрі көркем әдебиет
тілінде керек жерінде стильдік мақсатта ғана
жұмсалады. Қалай дегенмен қазір қолданыста
екені анық. Тіл білімінде жарыспа тұлғалардың
болуы заңдылық.
Жай сөйлем құрылысындағы құрылымдық
өзгерістер, грамматикалық тұлғалардың жұмса-
луындағы ерекшеліктер, ауытқулар норма тұр-
ғысынан анықтауды қажет етеді. Оларды біріз-
ділікке түсіруді көздейді. Дәстүрлі синтаксис-
тік норма вариант тұлғаларының даралануына
айқын бағыт берді.
Қазақ тілі нормасы - тіл құрылысы мен
заңдылықтар жүйесін, оның дамуын көрсететін
көп салалы күрделі құбылыс. Сондай-ақ ол тіл
дамуының әрбір кезеңдеріндегі құбылыстарды
қоғамның эстетикалық, мәдени талғамын бей-
нелейді.
Тілдің грамматикалық құрылысы қатып қал-
ған құбылыс емес. Ол адамдардың қарым-қа-
тынасын қамтамасыз ету кезінде, өз қызметін
атқару үстінде үнемі екшеліп, дамып, күрделе-
ніп отыратыны белгілі. Олай болса сұраулы
сөйлемдердің қолданылуы тілдік түрлі ситуа-
цияларға байланысты түрлі шешім тауып, ерек-
шеліктерге ие болып, оның мағынасы да, қол-
дану аясы мен мүмкіндігі де күрделенуі заңды.
Әдебиеттер
1 Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. – Алматы: Ғылым, 1997. –208 б.
2 Аханов К. Грамматика теориясының негіздері (Оқу құралы). – Алматы: Санат, 1996. -240 б.
3 Әлкебаева Д. А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.-244б.
4 Қордабаев Т.Р. Тарихи синтаксис мәселелері (ХV–ХVІІІ ғасыр матер. бойынша). – Алматы: Ғылым, 1964. – 244 б.
5 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.
6 Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1997. – 240 б.
7 Дмитриев Н.К. Детали простого предложения//Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. Син-
таксис. – М.: Издат-во АН СССР, 1961. – Ч.3. – С. 19-42.
8 Ұйықбаев И. Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы. – Алматы: Ғылым, 1976. –143 б.
9 Коротков Н.Н. Норма, система и структура как этапы анализа и описания языкового строя //Спорные вопросы
грамматики китайского языка. – М., 1963. – С. 5-20.
10 Филин Ф.П. Несколько слов о языковой норме и культуре речи // Вопросы речи. – 1968. – Вып. VІІ. – С. 15-22.
11 Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1984. – 118 б.
12 Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков: Глагол. – Л.: Наука, 1981. – 183 с.
13
Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1968. – 239 б.
References
1 Bizaқov S. Tіldіk norma zhәne varianttylyқ. – Almaty: Gylym, 1997. – 208 b.
2 Ahanov K. Grammatika teoriyasynyn negіzderі (Oku kuraly). – Almaty: Sanat, 1996. – 240 b.
3 Әlkebaeva D. A. Қazaқ tіlіnіn pragmastilistikasy. – Almaty: Ziyat–Press, 2007. – 244b.
4 Kordabaev T.R. Tarihi sintaksis mәselelerі (HV–HVІІІ gasyr mater. boyynsha). – Almaty: Gylym, 1964. – 244 b.
Р.Н. Дәрменқұлова
11
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
5 Yskakov A. Kazіrgі kazak tіlі: Filologiya fakul'tetterі studentterіne arnalgan okulyk. – Almaty: Ana tіlі, 1991. – 384 b.
6 Balakaev M., Sayrambaev T. Kazіrgі қazaқ tіlі: Soz tіrkesі men zhay soylem sintaksisі. – Almaty: Sanat, 1997. – 240 b.
7 Dmitriev N.K. Detali prostogo predlozheniya//Issledovaniya po sravnitel'noy grammatike tyurkskih yazykov. Sintaksis. – M.:
Izdat-vo AN SSSR, 1961. – Ch.3. – S. 19-42.
8 Ұyyқbaev I. Қazіrgі қazaқ tіlіndegі varianttylyk problemasy. – Almaty: Gylym, 1976. – 143 b.
9 Korotkov N.N. Norma, sistema i struktura kak etapy analiza i opisaniya yazykovogo stroya //Spornye voprosy grammatiki
kitayskogo yazyka. – M., 1963. – S. 5-20.
10 Filin F.P. Neskol'ko slov o yazykovoy norme i kul'ture rechi // Voprosy rechi. – 1968. – Vyp. VІІ. – S. 15-22.
11 Ualiev N. Soz madenietі. – Almaty: Mektep, 1984. –118 b.
12 Scherbak A.M. Ocherki po sravnitel'noy morfologii tyurkskih yazykov: Glagol. – L.: Nauka, 1981. – 183 s.
13 Balakaev M., Syzdykova R., Zhanpeyіsov E. Kazak adebi tіlіnіn tarihy. – Almaty: Mektep, 1968. – 239 b.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдердің жұмсалуына қатысты норма
12
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
ӘОЖ 81:001.12.18
Б.Ж. Доскеева
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
ф.ғ.к., доценті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail:
doskeeva_b@mail.ru
Рaй категориясының мағыналық, тұлғалық сипаты
Рай категориясын сипаттамасы туралы және білдіретін мағынасы мен тұлғасына қарай бөлуде жалпы түркі
тілдерінде болсын, қазақ тілінде болсын әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Ғалымдар арасында рай категориясына
әртүрлі анықтамалар беріліп, оларды жіктеп бөлуде қайшы көзқарастар орын алып келді. Рай категориясын
түрліше түсіну, оны модальдықпен ажыратпай қарастыру түрлі көзқарастың пайда болуына себеп болды. Осыған
байланысты профессор С. Исаев рай категориясы етістіктің модальдық мәнін толық қамти алмайтынын дә-
лелдеп, олардың арасындағы айырмашылықтарды талдап берді. Ал рай категориясын бөлудегі бірізділіктің
болмауы (олардың саны үштен он беске дейін жетеді) түркі тілдерінде рай категориясы әлі жеткілікті зерт-
телмегенін байқатады.
Түйін сөздер: рай тұлғасы, категория, жіктеп бөлу, қайшы көзқарастар, модальдық, реңк.
B.Zh. Doskeyeva
Description of the mood category
To describe the category of mood in the Kazakh language, as in all Turkic languages have formed different opinions.
Renowned scientists Türkologists had been given different definitions for the categories of mood, and have also been
formed by different conflicting views. Consideration given category, not separating from the modality, was the main
cause of the different opinions and views. In this connection, Professor S. Isaev was proved that the category of mood
can not fully encompass the essence of the modal verb, and presented their differences. Lack of consensus on the
classification category inclination indicates that the category of mood in the Turkic languages still insufficiently explored.
Keywords: category, inclination, classification, modality, color, different opinions.
Б.Ж. Доскеева
Описание категории наклонения
Для описания категории наклонения в казахском языке, как и во всех тюркских языках, сформировались
различные мнения. Известными учеными-тюркологами были даны разные определения для категории накло-
нения, а также были сформированы различные противоречивые взгляды. Рассмотрение данной категории, не
отделяя от модальности, послужило основной причиной появления различных мнений и взглядов. В связи с
чем профессором С. Исаевым было доказано, что категория наклонения не может полностью охватывать мо-
дальную суть глагола, и представлены их различия. Отсутствие единого мнения по классификации категории
наклонения указывает на то, что категория наклонения в тюркских языках еще недостаточно исследована.
Ключевые слова: категория, наклонение, классификация, модальность, оттенок, различные мнения.
___________________________________
Етістіктің семантикалық, грамматикалық құ-
былыстары күрделі болып келетін түрі – рай
категориясы. Екі тілді тіл білімі сөздігінде:
«Рай – етістіктің сөйлеп тұрған адамның тұрғы-
сынан алып қарағанда шындық болмысқа деген
қатысын көрсетеді. Рай модальдық қатынасты,
сөйлеушінің іс-қимыл, әрекетке деген субъек-
тивтік қатысын көрсететін грамматикалық тә-
сіл», – делінген [1, 224-225].
Ал, рай категориясына орыс тілінің лингвис-
тік-энциклопедиялық сөздігінде: «Наклонение
– грамматическая категория, выражающая от-
ношение действия, названного глаголом, к дей-
ствительности с точки зрения говорящего» – деп
анықтама берілген.
Жалпы тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде
де ғалымдар арасында рай категориясына
осындай әр түрлі анықтамалар беріліп, оларды
жіктеп бөлуде қайшы көзқарастар орын алып
келеді. Рай категориясын түрліше түсіну, оны
модальдықпен ажыратпай қарастыру түрлі көз-
қарастың пайда болуына себеп болды, кезінде
академик В.В.Виноградов рай тұлғасы туралы:
«Ол іс-әрекеттің модальдығын, яғни іс-әрекет-
тің сөйлеуші жақ белгілеген шындыққа қатына-
сын айқындайды», – деп анықтама берді. Бұл
пікірді көптеген лингвист-ғалымдар И.И. Меща-
нинов, Е.И. Коркина, Н.Е. Агазаде және т.б.
қолдайды.
Б.Ж. Доскеева
13
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
Қазақ тіл білімінде академик В.В. Виногра-
довтың пікірін профессор А. Ысқақовтың қол-
дағанын, рай мен модальдықты бірлікте қарас-
тырғанын автордың мынандай анықтамасынан
байқауға болады: «...сөйлеуші лебізінің, я сөй-
леуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын біл-
діретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық тәсілдер арқылы берілу жүйесі
модальдық (рай) категориясы деп аталады. Мо-
дальдық категориясының етістік формалары ар-
қылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі етіс-
тіктің райы деп аталады. Олардың әрқайсы-
сында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ модаль-
дық мән бар» [3, 311-312].
К. Ахановтың, М. Томановтың пікірлері де
осындай: «Рай категориясы модальдылықты, іс-
әрекетті шындыққа қатынасын білдіретін грам-
матикалық категория. «...Рай – сөздің белгілі
бір формасымен берілген модальдылық». «Рай
деп, әдетте әр түрлі етістіктің модальдық мән
беретін тұлғалары аталады» [5, 335; 4, 101].
А.Ысқақов райды модальдықтың шындықты
ақиқат (реалды), ақиқат емес (ирреалды) тұр-
ғыда білдіруіне қарай топтайды. «Модальдық
категориясы арқылы айтылатын пікірдің ақи-
қатқа қатынасы не реалды болып, не неғайбыл
болып көрінуге тиіс. Осындай ерекшеліктеріне
қарай, демек амалдың (әрекеттің, қимылдың)
ақиқатқа қатынасын білдіруіне қарай етістіктің
райлары іштей сараланып, ашық (негізгі) және
неғайбыл (жәрдемші) райлар деп аталатын екі
салаға бөлінеді» [3, 312].
Белгілі ғалым И.Маманов райды модальдық-
тың объективтік және субъективтік болып бөлі-
нуіне қарай топтайды. И.Мамановтың ойынша
«ашық рай сөйлеушінің қимылдың болу-бол-
мауы туралы объективті шындықты баяндауын
көрсететін етістіктің арнайы формасы». Яғни,
қимыл объективтік шындыққа қатысты болады.
Ал, райдың басқа түрлері сөйлеушінің бір іске
субъективті көзқарасын білдіреді. Басқаша айт-
қанда, сөйлеушінің бір істі қалауы, өкінуі, шарт
қоя сөйлеуін көрсетеді [6, 120].
Осыған байланысты профессор С.Исаев:
«Рай категориясы етістіктің модальдық мәнін
толық қамти алмайды. Оның үстіне сөйлем мо-
дальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен
байланысты болғанымен, етістіктің рай катего-
риясының шеңберіне сия бермейді. Мысалы, ...
білгішсіну, жүріңкіреу, келгіштеу ... сияқты
сөздермен негізгі етістік пен модаль сөздердің
тіркесімен құралған тіркесті түбір етістіктер
(барған сияқты, айтуға тиіспін, айтуым керек)
де әр түрлі модальдық мән беретіні күмән
тудырмайды, бірақ рай категориясының ауқы-
мына енбей жүр, себебі, біріншіден, модаль
мән, реңк тудыратын қосымшаларда категория-
лық сипат жоқ, барлық етістікке я етістіктің
белгілі бір грамматикалық тобына әрдайым
жүйелі жалғана алмайды, екіншіден, олардың
көпшілігінің (-сы, -сі, -сын, -сін, -сындық, -ғым,
т.б.) сөзжасамдық қасиеті бар немесе лексика-
грамматикалық сипаты бар, етістік түбірінің
грамматикалық сипатына сай келеді, үшінші-
ден, негізгі етістік пен модаль сөздің көмекші
мәнде тіркесуі етістік табиғатында таза грамма-
тикалық категория емес, лексика-грамматика-
лық құбылыс ретінде жеке қаралуы тиіс», -деп,
олардың арасындағы айырмашылықтарды тал-
дайды [7, 193].
Жалпы түркі тілдерінде болсын, қазақ тілін-
де болсын білдіретін мағынасы мен тұлғасына
қарай рай категориясын бөлуде әр түрлі пікір-
лер қалыптасты.
Ең алғаш рай категориялары туралы өзінің
1860 жылы жазған «Материалы к изучению кир-
гизского наречия» деген еңбегінде Н.И. Иль-
минский қазақ тілінде төрт рай: ашық рай, бұй-
рық рай, шартты рай, тұйық рай бар деп тұжы-
рымдаса, 1894 жылы жарық көрген «Краткая
грамматика казах-киргизского языка» атты
еңбегінде П.М.Мелиоранский рай категория-
сын бес түрге бөледі: бұйрық рай, қалау рай,
шартты рай, ашық рай, тұйық рай [9, 138; 10,
51].
1897 жылы миссионерлер қоғамы басып
шығарған В.В.Катаринский еңбегінде рай
категориясының сегіз түрін көрсетеді: бұйрық
рай, ашық рай, қалау рай, тұйық рай, шартты
рай, күмән рай, шарттылық рай, қарсылықты
рай [21, 9].
Ал кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі жыл-
дары жарық көрген Г.Архангельскийдің «Қазақ
тілі грамматикасы» (1927 ж.) мен К.Кемеңге-
ровтың «Қазақ тілі» оқулығында (1929 ж.)
жоғарыда айтып өткен В.В.Катаринскийдің
«Қырғыз тілі грамматикасынан» еш айырма-
шылығы болмады.
Қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы, ірі
қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлы өзінің «Тіл-
құрал» оқулығында етістіктің рай тұлғасының
он бес түрін атап көрсетті: тұйық рай, билік
рай, ашық рай, шартты рай, ереуіл рай, реніш
рай, қалау рай, сенімді рай, сенімсіз рай,
болжал рай, мұң рай, көніс рай, азалы рай, теріс
рай, қалау рай [8, 234].
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Рaй категориясының мағыналық, тұлғалық сипаты
14
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
А.Байтұрсынұлы берілген осы он бес рай-
дың ішінен қазіргі біз айтып жүрген қалау
райды қалай түсінген?
«Қалау рай дегеніміз – істі көңіл қалау-қа-
ламауын көрсететін сөз, мәселен, барсам екен,
бармасам екен, айтсаң екен, айтпасаң екен,
білдірсе екен, білдірмесе екен деген сияқты
сөздер қалау рай болады» - деп, анықтама беріп
са екен тұлғасын ғана қалау райға енгізеді. Ал,
-ғай(-гей) тұлғасын (алғаймын, алмағайсың,
тұрғайсың, тұрмағайсың, болғай, болмағай) се-
німді рай түріне жатқызады.
- са игі еді тұлғасын (барса игі едім, бармаса
игі едім, алса игі едің, алмаса игі едің, жүрсе игі
еді, жүрмесе игі еді) теріс рай түріне жатқы-
зады [8, 234-244].
Түркі туыстас тілдерде де рай тұлғасын бө-
луде бірізділік көрінбейді. Олардың саны үш-
тен он екіге дейін жетеді.
Н.П.Дыренкова хакас, ойрот, шор тілдерінде
рай көрсеткіштерінің төрт түрін көрсетсе, [11,
66-83], Е.И.Коркина өз еңбегінде якут тілінде
он түрлі: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай,
мүмкіндік рай, бекіту райы, болған істі білдіру
райы, болмаған не істелмеген істі білдіру райы,
үндеу райы, болжау райы, мақсат райы бар
екенін жазады.
У.Б.Алиев қарашай-балкар тілінде рай кате-
гориясының жеті түрін көрсетеді: белгісіздік,
бекіту (утвердительное), растау немесе қолдау
(подтвердительное), шартты, бұйрық, қалау,
салыстырмалы (относительное).
Н.К.Дмитриев башқұрт тілінде бес рай:
ашық, бұйрық, шартты, қалау, тұйық райларын
атаса, А.А.Юлдашев алты түрін көрсетеді:
ашық, бұйрық, шартты, қалау, міндеттілік, ниет
райлары. Ал, ұйғыр тілінің грамматикасын
жазған В.М.Насилов пен Э.Н.Наджип ұйғыр
тілінде үш райды атаса (ашық, шартты, бұй-
рықты-қалау), қазіргі ұйғыр тілі мамандары
алты түрін көрсетеді (ашық, бұйрық, қалау,
шартты, күмән, мақсат).
С.А.Джафаров азербайжан тіліндегі «Түркчэ
сэрф нәһф» деген еңбекте рай категориясының
он екі түрі, У.И.Гасановта сегіз түрі, Т.Демир-
чизаде мен Д.Гулиевтің грамматикасында он
түрі, бұдан кейінгі еңбектерде де рай тұлғала-
рының саны әр түрлі екенін жазды.
Осындай бірізділіктің болмауы туралы бел-
гілі түріктанушы Н.А.Баскаков былай деп жаз-
ды: «Түркі тілдеріндегі рай және шақ катего-
риялары әлі жан-жақты зерттелген жоқ. Түркі
тілдері грамматикасының көпшілігінде бұл ка-
тегориялар қалыптасқан дәстүрлі схема (латын,
грек, батыс европа, орыс тілдерінің граммати-
калары) бойынша берілген, яғни нақты бір
тілдегі әрбір тұлға салыстыру арқылы анық-
тамай, олардың беретін мағынылары шынайы
зерттелмей, ерекшеліктері мұқият есепке алын-
бай жазылған».
Ол түркі тілдерінің көбіне егжей-тегжейлі
дұрыс зерттелмей, орыс, латын т.б. тілдердің
үлгесінде асығыс жазылып жүргенін мойындай
отырып, ғалымдарды түбегейлі зерттеу жүр-
гізуге шақырды.
Сондай-ақ, бір құрылымды топқа жататын
тілдердің, яғни түркі тілдеріндегі бір категория-
сының әр түрлі аталуы сол құбылыс жайын-
дағы түсініктің біркелкі болмауынан деп те тү-
сіну керек. Мысалы, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі
аффикстерін қазақ тіл білімінің ғалымдары кө-
семшенің бір көрінісі деп есептейтін болса,
ұйғыр тілін зерттеушілер бұл тұлғаны жеке рай
тұлғасына жатқызып, мақсат райы деп
санайды.
Мұның өзі түркі тілдерінде рай категориясы
әлі жеткілікті зерттелмегенін байқатады.
30-40-жылдарындағы қазақ тіл білімі қазақ
тіліндегі рай категориясы беске бөлінеді деп,
тұйық етістікті қосып есептейді. Профессор
Н.Т.Сауранбаев 1939 жылы «Халық мұғалім-
дегі» мақаласында («Етістік») рай категорияла-
рына тек ашық, бұйрық, қалау, шартты райды
ғана жатқызады. Бірақ кейінгі оқулықтарында
аталған райларға қайтадан тұйық райды
қосады. «Тұйық рай деп жүргеніміз – етістікке
ұқсап жіктелмейді, яғни шақпен өзгермейді.
Атауыш сөз сияқты септеледі, көптеледі, тәуел-
денеді, ...есімше мен тұйық рай атауыш сөз-
дерше септелетіндіктен, тәуелденіп, көптеле-
тіндіктен, сөйлемнің бастауыш, толықтауыш,
әсіресе, анықтауыш мүшесі бола алады», - деп
жазды. Н.Т.Сауранбаевтың бұл пікірін Ы.Ма-
манов, С.Исаев, Қ.Неталиева т.б. ғалымдары-
мыз қуаттайды [6, 89; 7,62;].
Академик В.В.Виноградов тұйық етістік жай-
лы: «Орыс тіліндегі тұйық етістік, яғни инфи-
нитив не шақты, не санды білдіре алмайды, ең
бастысы шақ мәнін бере алмайды. Ал шақ тұл-
ғаларының жүйесі рай тұлғаларымен байланыс-
ты» - дей отырып, одан әрі былай жазады: «XIX
ғасырдың аяғынан бастап орыс тілі граммати-
касында тұйық етістік рай тұлғалары жүйесінен
бірауыздан сызылып тасталды» [2, 459].
Орыс тіліндегі неопределенная форма гла-
гола – инфинитив XIX ғасырдың аяғынан бері
Б.Ж. Доскеева
15
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
рай категориясына жатқызылмаса, яғни рай ка-
тегориясының бір түрі деп танылмаса, қазақ ті-
ліндегі тұйық етістік 50-60-жылдардағы ғы-
лыми мақалалар мен грамматикалық оқулық-
тардың барлығында рай категориясының бір
түрі ретінде есептеледі.
Рай категориясы, әрине, әр кезде шақпен
байланысты екенін жоғарыда айтып өткенбіз.
Ал, тұйық рай туралы мұны айта алмаймыз.
Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің
атын білдіреді, бірақ шақпен де, жақпен де бай-
ланысты болмайды, яғни тұйық етістік қимыл-
дың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады
да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны
да, жақтық мағынаны да білдірмейді. Ол тіке-
лей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жік-
телмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы, одан
кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады.
1960 жылы К.Неталиеваның «-У тұлғалы қи-
мыл есімі» деген еңбегінде бұл мәселеге назар
аударылып: «-у тұлғалы етістіктер осы кезге
дейін қазақ тілі оқулықтарында, ғылыми еңбек-
терде рай категориясы ішінде жіктеліп келді. –
у тұлғалы етістіктер рай категориясына енетін
басқа ашық рай, бұйрық рай, қалау рай, шартты
райлардай рай категориясына негізгі түйін бола-
тын жақтық, шақтық, шарттық белгілерді білдіре
алмайды. Сондықтан да осы –у тұлғалы етіс-
тіктерді рай категориясы ішінде емес, етістік-
тің есімше, көсемше формалары сияқты жеке
тақырып негізінде қарасақ дейміз», – деп көр-
сетіледі.
Осыдан бастап бұл тұлға қазақ тілі оқу-
лықтарында «тұйық етістік» деп сөз алдында
жеке бөлек тақырыпшада қаралатын болды.
Ал, рай категорияларының қатарына төрт
рай – бұйрық рай, ашық рай, қалау рай, шартты
рай кіретін болды.
Қазақ тіл білімінде тұйық етістіктің рай қа-
тарына қосылып есептелуіне әуелдегі П.М.Ме-
лиоранский сияқты ғалымдардың райларды
жіктеудегі үлгісі әсер етсе керек. Оның үстіне
елуінші жылдары жалпы түркітануда рай кате-
гориясы мен тұйық етістіктің ара жігі айқын
ажырап, дербес қарастырылмағандығы да ық-
пал жасаған тәрізді.
Алайда, рай тұлғаларын зерттеген ғалым
К.Ищанов осы төрт райдың қатарына қажет
және ниет райын қосады, ал профессор Ы.Ма-
манов өзінің 1966 жылы жазған «Қазіргі қазақ
тілі» оқулығында аталған райлардың (ашық
рай, бұйрық рай, қалау рай, шартты рай) үстіне
шарттылық рай, өкініш рай деген тағы екі түрін
қосады [6, 15-20; 151-154].
Мұны профессор С.Исаев «ғалымның шарт-
тылық рай деп отырғаны ашық райдың бір түрі
де, өкініш райы деген ниет, тілек мәніндегі қа-
лау райдың бір түрі сияқты» деп түсіндіреді
[7,169].
Сонымен, қазіргі қазақ грамматикаларының
барлығында дерлік етістіктің райлары қимыл-
дың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкін-
дігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай,
бұйрық рай, шартты рай және қалау рай.
Достарыңызбен бөлісу: |