Қазақстан Республикасында мейірбикелік істі дамытудың Кешенді жоспары: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №190-ө әкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2013-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарынан «Қазақстанның әлемнің 30 дамыған мемлекеттерінің қатарына ену жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жыл 1 шілдедегі № 752 қаулысына сәйкес әзірленеді. Мейірбикелік іс пен мейірбике мамандығының даму беталысы қазіргі денсаулық сақтау жүйесінде мейірбикенің рөлін едәуір нығайтып келеді. Алғашқы кездері мейірбике орта медицина персоналына жататын, дәрігердің көмекшісі болып саналатын және дәрігердің тағайындауы бойынша мейірбикелік күтімді жүзеге асыратын. Қазіргі кезде мейірбикелік істің ғылыми тұрғыда негізделген және тәжірибеде дәлелденген заманауи теориясы бойынша мейірбике дәрігердің тең құқықты серіктесі болады.
Денсаулық сақтау жүйесінде мейірбике ісі мамандарының жаңа құзыреттері мен рөлдерін енгізу: -Дүние жүзінде мейірбике ісі дамуының қазіргі деңгейі жоғары дәрежеге дейін өсетін, тіпті жоғары және ЖОО-ның кейінгі білім бар мейірбикелер қазіргі таңда Қазақстандағы дәрігерлер орындап жүрген фунцияның бір бөлігін өздеріне алған. Қазіргі кезде мейірбике персоналын емдеу процесінде жете бағамалау мейірбике қызметін байыпты кәсіби дайындықты талап етпейтін көбінесе техникалық жұмыстарды орындауға алып келіп отыр. Бұл жағдай мейірбикелік және дәрігерлік әлуметті толыққанды пайдалануға мүмкіндік бермей отыру.
- Медициналық ұйымдарың танымдық құрылымында мейірбикенің мейірбикелік күтім тұжырымдамасын білмитін дәрігерге бағынуы байқалады (бас мейірбике бас дәрәгерге, аға мейірбикелер дәрігерлерге – бөлімше меңгерушілеріне бағынады).
- Бас мейірбике (бас дәрігердің мейірбикелік іс жөніндегі орынбасары) денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлердің лауазымдар номенклатурасына сайкес басшылар лауазымдарына жатады.
Бірақ біліктілік сипаттамаларына сәйкес бас мейірбике ісінің бакалавры болуы міндетті емес, ол жоғары немесе бірінші санаты бар техникалық және кәсіби білімге ие болу мүмкін, сонымен қатар халықаралық практикада бас мейірбикелер әдетте бакалавр ғана емес, магиср дәрежесіне де ие болады. Қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесінде басшының мейірикелік іс бойынша орынбасары басшы орынбасарының лауазымынан бір санатқа төмен.
Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің лауазымдар номенклатурасында жоғары медициналық білімі бар лауазымдар құрылымында жоғары білімі бар клиникалық мейірбикелер үшін лауазымдар қарастырылмаған; олар мейірбикелік күтім бойынша клиникалық шешімді тәуелсіз қабылдауға өкілеттілік пен жауап кершілікке ие емес және мейірбикелік құжаттаманы жүргізбейді; сондай-ақ бізде жоғары білімді мейірбикелік құжаттаманы жүргізбейді; сондай –ақ бізде жоғары білімді мейірбикелердің тіркелімі жоқ, ал ол халық аралық практикада қабылданған. 2020 жылға қарай күтілетін нәтиже: Медициналық ұйымдарда халық аралық стандарттарға сәйкес мейірбикелік істің менежмент жүйесі құрылады.
Медициналық ұйымдардың ұйымдық құрылымдарында паралелдік тең құқықты құрылымдар негізінде құрылады, онда бас дәрігер дәрігерлердің жұмысын қадағылайды, бас мейірбике білімдер әр түрлі деңгейдегі мейірбикелердің жұмысын олардың дәрігерлерге тікелей бағынуынсыз қадағалайды. Мейірбикелер мен дәрігерлер өз өкілеттіктері шегінде мамандықтар арқылы тобының жұмысы үшін ұжымдық жауапкершілікті мойындарына ала отырып, тең құқықты және тәуелсіз қызмет істейді.
Әр түрлі деңгейдегі білімі бар мейірбикелер денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің барлық деңгейдегі лауазымдарын қамтиды.
Кемінде мейірбикелік істің бакалавр дәрежесіне ие және үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болса мейірбикелер мен аға мейірбикелер басшылар лауазымына жатады. Бас мейірбике болып істеу ішін мейірбикелік іс менеджменті бойынша қосымша біліктілігін арттырудан өту талап етіледі.