Шешім дегеніміз - бұл баламаны немесе альтернативті таңдау. Альтернатив дегеніміз- мүмкін болған екі ұйғарымның біреуін ғана таңдауға мәжбүр етеді. Жеке өмірдегі шешім қабылдауға қарағанда басқарудағы шешім қабылдау өте қатал процес. Адамдардың шешім қабылдау қабілеті де бірте — бірте тәжірйбе жүзінде дамуда. Маңызды шешімдерді қабылдаудығы жауапкершілік басшылығы ауыртпалық әкеледі. Сондықтан басшылар ойланып қарастырылмаған маңызды шешімдерді қабылдай алмайды.
Жоспарлау жүйеге адал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:
ұйымның болашақта дамуын анықтайды;
алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері белгіленеді;
міндетті орындау болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарынан таңдап алу танылады Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады. Басында айтқанда, және парлау мынадай сұрақтарға жауап береді.
Біздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай?
Болашақта біз қандай болуымыз қажет?
Осы жолда нендей кедергілер орын алған?
Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төмендегідей міндеттерді атап өтуге болады:
Қажет етілетін адамдық, материалдың; ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;
1. басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тағылымын реттеу;
2. еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды пайдалану және жарату жолдарын қарастыру;
3. сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы тура жоспарлауды ұйымның даму барысын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуте болады.
Менеджер іс әрекетінің бір көрсеткіші дұрыс шешім қабылдай алу қабілеті. Өйткені менеджер басқарудың төрт функциясын орындағандықтан, әрбіреуі бойынша тұрақты шешімдер ағымымен жұмыс атқарады. Өңдеу және шешім қаылдау басшылар іс әрекетіндегі шығармашылық процесс. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады:
Өңдеу және мақсат қою
Мәселені оқып білу
Қабылданған шешімнің тиімділігі мен мүмкін болар залалдарын түсіндіру.
Шешім қабылдау тәсілінің екі түрі: жеке (шешім қабылдаудың орталықтандырылуы) және топтық (табыстау), бұл тәсіл бас менеджерлерді күнделікті мәселерді шешу мүмкіндігін айырмаудан сақтайды. Шешім қабылдау процесінде екі жағдай қарастырылады:
Шешім қабылдау салыстырмалы түрде жеңіл, бірақ жақсы шешім қиын.
Шешім қабылдау бұл психологиялық процесс, сондықтан басшы қолданатын әдістер жылдам және ойдан өткізілген болуы міндетті бұдан шешім қабылдау процесі интуитивтік және рационалды сипатқа ие болатындығы айтылады.
Қақтығыстардың келіп шығу себептері мен факторлары да түрліше болуы мүмкін. Қақтығыстардың келіп шығуы және дамуы 4 топ факторлар мен себептерге негізделеді. Олар: объективтік, ұйымдастыру-басқару, тұрмыстық-психологиялық және жеке тұлғалық:
I) Қақтығыстың объективтік себептеріне адамдардың тұрмыстық жағдайдағы өзара қимыл-әрекеттері, яғни олардың қызығу, көзқарас, пікір, ұстанымдардың қақтығысуы жатады. Объектив себептері қақтығыстық жағдайды тудырады. Ал субъектив себептер қақтығыс мүшелерінің (оппонеттер) жеке психологиялық ерекшеліктермен байланысты, яғни қақтығыс тудыратын, сол қақтығыс арқылы объектив қайшылықтарды шешуге бағытталған жеке психологиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Әрқандай ситуация (жағдайда) оны қақтығыспен және қақтығыссыз шешуге мүмкіндік болады.
Сондықтан да тәжірибеде әрқандай қақтығыстың объектив-субъектив себептер комплексі бар. Олар:
Адамдардың күнделікті тұрмысында, өмірінде материалдық және рухани қызығулардың табиғи қақтығысы;
Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің құқықтық және нормативтік қағидаларының, тұрмыстық қайшылықтардың толық жете жетілмегендігі;
Материалдық және рухани байлық, құндылықтардың адамның нормаға сай өмір сүруіне тең бөлінбеуінен;
Республика халқының тұрмыс- тәрізінің әртүрлілігі;
Ұлттар арасындағы жеке тұлғааралық және топаралық қақтығыстардың болуы.
Сонымен қатар, адамдар жасайтын өңірлерде экологиялық жағдайлардың нашарлауы, әртүрлі төтенше апат жағдайлары және т.б. қақтығыстардың келіп шығуына себеп болады.
II). Қақтығыстың ұйымдастыру – басқару себептеріне – ұжымдар, ұйымдар және топтар құрылуымен, дамуымен және қызметімен байланысты болған жағдайлар жатады. 4 түрлі себептерді көрсетуге болады. Олар:
Құрылымдық-ұйымдастыру – яғни ұйымның құрылымының сол еңбек түріне сай келмеуі.
Ұйымның құрылымының мақсат-міндеті талаптарға сай болуы қажет. Кері жағдайда ондағы жеке тұлғалар (басшылар және топтар арасындағы қақтығыс күшейе түседі. Жалпы өнім төмендейді. Сондықтан да ұйымның құрылымын жасауда, жобалауда олқылыққа жол бермеу қажет. Ұйымдағы тапсырма, міндеттер анық, шеберлікпен ұйымдастырылмаса қақтығыс, қиыншылықтар молая түседі.
Функциональдық-ұйымдастырушылық ұйымының сыртқы ортамен тиімді функциональдық байланыстары төмендегенде, ұйым ішіндегі бөлімдер мен жеке құрылымдар арасындағы байланыс бұзылғанда, жеке жұмысшылар арасындағы сыйластық, түсінушілік төмендегенде қақтығыстарға себеп болады.
Жеке тұлғалық-функциональдық – лауазымдағы қызметке, басшылардың өз мамандығына, адамдық, моральдық қасиеттерімен сай келмеу себебі: Мұндай ұжымда бастық пен қызметкер, мамандар, жұмысшылар арасында қақтығыстық болуы сөзсіз.
Ситуациялық-басқарушылық – ұйым басшысы, оған бағынушылар тарапынан қате шешім мен қаулылардың қабылдаыуына байланысты қақтығыстар себебі. Басшының орынсыз шешімі оған мойынсынушылардың наразылығын тудырады.