-адамға, денсаулыққа, қоршаған ортаға деген медбикенің белгілі бір ойлау стилін қалыптастыру;
-этикалық, эстетикалық және деонтологиялық аспектілерді ескере отырып медбикелерді пациенттермен, жанұя мүшелерімен, өз әріптестерімен мәдениетті қарым- қатынас жасауға үйрету;
-медбикелік көмектердің жаңа технологияларын енгізу және өңдеу;
-медициналық ақпараттармен жоғары деңгейде қамтамасыз ету;
-медбикелік көмектің сапалы түрде нәтижелі стандарттармен құрастыру;
-медбикелік іс аймағында ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру;
Мейіргер ісіндегі басқару қызметі
«Басқару — бұл адамның, әлеуметтік топтардың және қауымдастықтардың әртүрлі объекттерге және қоршаған дүниеде өтіп жатқан үрдістерге, соларға қатысып жатқан адамдарға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарға үрдістерге белгілі бір бағыт беру және қаланылған, талап етілетін, белгіленіп койылған нәтижелерді алу мақсатымен саналы түрде ықпал ету» (Райзберг Б.А., 2003).
Американдық ғалым П.Друкердің пікірі бойынша «басқару — бұл қызмет етудің ұйымда сатырылмаған жұртты тиімді белгілі бір мақсатқа бағытталған және өнімді топқа айналдыратын айрықша бір түрі».
Басқарушылық ықпалдар бағытталған басқару объектісіне тәуелді қоғамның, мемлекеттің, экономиканың, әлеуметтік үрдістердің, ұйымдардың, өндірістік ұжымдардың, үй шаруашылықтарының және т.б. басқарылуын айыруға болады. Осы объекттердің барлығы әлеуметтік — экономикалық жүйелер болып табылады. Әйтсе де, бізді қоршаған өмірде табиғи және техникалық жүйелердің табына жататын басқарудың көптеген басқа объекттері де кездеседі. Сондықтан кең мағынада айтқанда басқару — бұл қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін басқарылатын объектке ықпал етудің үзіліссіз үрдісі.
Басқару процестерін құрайтын жүйе басқару жүйесі деп аталады. Басқа жүйелерге қарағанда басқару жүйелері келесі сипатты ерекшеліктерді құрайды:
ақпараттық байланыс арқылы толықтықты қамтамасыз ету;