На праве хозяйственного ведения шымкентский высший


Басқару жүйесі – ұйымдастырылған жүйелердің функциялары



бет32/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
ҚРДСЖММ.1,6ж дайын

Басқару жүйесі – ұйымдастырылған жүйелердің функциялары

  • (биологиялық, техникалық, әлеуметтік және басқа), осы жүйелердің құрылымын сақтауды, олардың әрекет етуін, олардың мақсаттары мен бағдарламаларын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Басқару субъектілері дегеніміз басқарудың экономикалық және моральді-этикалық, ұйымдастырушылық, үкімдік, биліктік өкілдері бар әр-түрлі әкімшілік құрылымдар мен жеке және заңды тұлғалар табылады.
Басқару объектілері болып заңды және жеке тұлғалар сонымен қатар, әлеуметтік, табиғи, экологиялық, экономикалық жүйелер мен процестер.

  • Ұйымның құрылымдық бөлімшесі басшылықты жүзеге асырады.

  • Халыққа уақытылы және сапалы медициналық және дәрілік көмек көрсетуге арналған құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.

  • Қабылдаған шешімдері, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауап береді.

  • Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды.

  • Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға, өмір мен еңбекке қауіпсіз және қолайлы жағдайларды жасауға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға арналған шараларды қабылдайды.

  • Қолданыстағы диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмекті жетілдіруді және жаңа түрін енгізуді, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді.

  • Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеуге және бағалауға арналған жұмыстарды ұйымдастырады.

  • Гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуін, санитарлық ережелердің, нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуына оперативтік және зертханалық-аспаптық бақылауды ұйымдастырады.

  • Дәрігер кадрлардың біліктілігін арттыруға, олардың кәсіптік білімдерін дамытуға арналған жұмысты қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің қызметін талдауды жүзеге асырады және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдістерін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды.

  • Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Есеп беруді ұсынуды қамтамасыз етеді.

  • Орта және кіші медициналық қызметкерлердің еңбектерін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

  • Ұйымның орта және кіші медициналық қызметкерлерінің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

  • Орта медициналық қызметкердің дәрігер тағайындауларын орындауын ұйымдастырады және бақылайды.

  • Жұмыс кестесін құруды және орындауды, емдеу-қорғау тәртібінің ережелерін, инфекциялық бақылауды, тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді.

  • Ұйымның орта және кіші медициналық қызметкерлерінің қызметтік және лауазымдық міндеттерін әзірлеуді, таңу материалдарын, медикаменттерді, соның ішінде улы, наркотикалық, психотроптық заттарды уақытында босатуды, бөлуді және сақтауды жүзеге асырады, олардың шығыстарын есепке алады.

  • Аурухана бөлімшелерінің санитариялық-гигиеналық жағдайын, үй-жайдың (әсіресе, инфекциялық) уақытында және сапалы залалсыздандырылуын бақылайды.

  • Мейірбикелік қызметкердің медициналық құжаттаманы сапалы жүргізуін, бақылауды жүзеге асырады.

  • Орта және кіші қызметкердің біліктілігін арттырудың болашақтағы және ағымдық жоспарларын әзірлейді, мейірбикенің (мейіриенің), акушерлердің кәсіптік қызметтерін бағалайды, оларды біліктілік санатын алу үшін аттестациялауға ұсынады.

  • Халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жетілдіруге, еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға байланысты ұсыныстарды жасайды.

  • Есеп берудің ұсынылуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет