Бұл сақтандырудың бар-жоғына қарамастан ҚР барлық азаматтары үшін базалық қызметтер жиынтығы. МӘМС жүйесінің қатысушысы қандай қызметтер түрлерін алуы мүмкін? Сақтандандырылған азаматтарды амбулаториялық - емханалық көмекпен, амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
- стационарлық медициналық көмек;
- жоғары технологиялық медициналық қызметтер;
- стационарды алмастыратын медициналық көмек;
- ұзақ мерзімді мейірбикелік күтім;
- дәрілік препараттар.
ӘМСҚ кірістерінің өсімі бойынша халық үшін қолжетімді топтамасы кеңейтілетін болады. ӘМСҚ- на мемлекет кім үшін жарна төлейді? “МӘМС туралы” заңға сәйкес қорға жарна төлуден босатылады:
балалар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрынырақ «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежедегі «Ана даңқы» ордендермен марапатталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері;
мүгедектер;
жұмыссыз болып тіркелген тұлғалар;
интернат ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;
орта, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары оқу орындардан кейінгі білімімен резидентура түрінде күндізгі оқу орындарында оқитын тұлғалар;
бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) бала (қыз) етіп алуға, оған (оларға) үш жасқа жетуге дейін күтім жасауына байланысты демалыстағы тұлғалар;
жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ баланы (балаларды) үш жасқа дейін тәрбиелейтін жұмыс істемейтін тұлғалар;
зейнеткерлер;
қауіпсізідігі ең төмен мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазаларын өтеп жатқан тұлғалар;
уақытша ұстау изоляторларда және тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғалар;
Сонда, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарна төлеуден босатылады, бірақ медициналық қызметті ведомстволық мекемелерінде алуды жалғастырады.