Мейірбике ісінің негіздері, Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Науқас адамдарды жалпы күту, Санов С. – Қарағанды, 2013.
Клиникаға кіріспе. С. З.Толекова- Қарағанды, 2013.
Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс):
Басқару дегеніміз не?
Басқарудағы шиеленістерді шешу?
Басқару ісіндегі шешімді шығару?
Мейіргер ісіндегі басқару ісі?
1.Тақырыбы:Дәлелді медицина және мейіргерлік іс. Дәлелді медицинаның құралдары және әдістері.
2. Мақсаты: Студенттерге мейіргер практикасында дәлелді медицинаның құралдары мен әдістерін таныстыру. Сондай-ақ, дәлелді медицина және мейіргерлік іс ұғымын үйрету.
3. Дәріс тезистері:
Дәлелді медицина түсінігі.
Дәлелді медицинаның даму тарихы.
Дәлелді медицина тәжірибесі.
Ғылыми дәлелді медицина түсінігі.
Дәлелді медицина дегеніміз- бұл нақты науқасты емдеу үшін жақсы клиникалық зерттеулерді дәл және шын жүректен қолдану.
Ғылыми ақпараттарды жинаудың жаңа технологиясы, критикалық талдауы, интерпретациясы.
Алғаш рет 1990 жылы канадалық Мак-мастер университетінің ғалымдарының бір тобы клиникалық тәжрибесі бар ғылыми мәліметтерді және пациенттердің жеке қалауын жеке медицина бөліміне топтастыруды ұсынды.
Бұл ғылыми-тәжрибелік бөлім қол жетерлік, тығыз және объективті ақпараттардың бүкіл әлемде жүргізілетін клиникалық зерттеулердің заманауи және дәлелденген, яғни қандай да бір емдеу әдісі немесе дәрілік заттарды қолданудың артықшылығын дәлелдейтін, оны "Evidence-Based Medicine" (ЕВМ) немесе «ғылыми дәлелденген медицина " (НДМ) деп атайды.
Ол - нақты науқасқа емдеу әдісін таңдау кезінде дәлелденген ең жақсы клиникалық зерттеулердің қорытындыларын пайдалану;
бұрынғы емдеу, диагностикалау әдістерінен нақты айырмашылығымен ерекшеленетін,дәрігерлерден критикалық бағалауды талап ететін клиникалық медицинаның жаңа бағыты;
жаңа ғылым емес, бірақ медициналық ақпаратқа талдау жасау, оларды іздестіру, жалпылау, қолданудың жаңа технологиясы;
ДМ клиникалық тәжірибеде дәлелденген және науқастың қажеттілігі мен талабына сай жасалған ең жақсы ғылыми дәлелдемелердің интеграциясы;
Дәлелді медицина (ДМ) – медициналық көмектің және барлық денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту үшін өмірлік маңызы бар медицинаның дамып келе жатқан бағыты.