2.Оқу пəнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
103
11.
Пəнді оқыту үшін шығармаларды оқып, талдауға 26 сағат, тіл ұстарту,
шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары
туралы əңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.
12.
Оқу пəнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1)
«Кіріспе» (1 сағат).Əдебиеттің өнердің бір саласы жəне оқу пəні
ретіндегі сипаты. Əдебиет пəнінің мақсаты мен міндеті.
13.
«Халық ауыз əдебиеті»(13 сағат):
1)
«Тұрмыс-салт жырлары» (3 сағат). Олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-
жануарларға жəне Наурызға байланысты жырлар. Наурыз жырларындағы
малшылық кəсіпке ықылас пен сүйіспеншілік, еңбекті дəріптеу, төрт түлік
туралы. Əдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: «Мен өз халқымның салт-
дəстүрін, əдет-ғұрпын құрметтеймін» деген тақырыпқа шағын эссе жазу.
Пəнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Төрт түлік –
қазақтың асыл қазынасы» деген тақырыпта ойтолғау;
2)
«Мақал-мəтелдер» (2 сағат). Олардың ерекшеліктері. Онда қазақ
халқының тыныс-тіршілігінің көрініс табуы. Адамгершілік, ерлік, өнер, білім
тақырыбындағы мақал-мəтелдер. Əдебиет теориясы: астарлау, метафора. Тіл
дамыту: мақал-мəтел айтудан сайыс өткізу. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі.
Өзіндік ізденіс жұмыстары: көркем шығармалардан мақал-мəтелдер
қолданылған үзінділерді тауып, ондағы автордың ойын түсіндіру;
3)
«Жұмбақтар» (2 сағат). Олардың мəні. Жұмбақтардың ой
шапшаңдығына тəрбиелейтін ерекшеліктері. Əдебиет теориясы: астарлау. Тіл
дамыту: мақал-мəтел, жұмбақтарды жатқа айту. Мақал-мəтелдер сайысын
ұйымдастыру. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс
жұмыстары: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жинағы;
4)
«Ертегілер. «Қаңбақ шал», «Түлкі мен ешкі», «Мақта қыз бен мысық»
ертегілері» (4 сағат). Ертегінің ұлттық, жанрлық ерекшелігі, түрлері.
Ертегілерден көрінетін халықтың арман-тілегі, даналығы. Жауыздық пен
зұлымдықты ізгіліктің жеңуі. Халықтың арман-қиялы. Əдебиет теориясы:
дамыту, баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегілерді көркем
баяндау. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс
жұмыстары: «Қазақ ертегілері» кітабы;
5)
«Аңыз əңгімелер.«Қожанасырдың тойға баруы», «Алдаркөсе мен қу
жауырын», «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» (2 сағат).
Қожанасырдың тапқырлығы. Шешен сөзі. Ұтқыр жауабы. Аңыз əңгіменің
тəлім-тəрбиелік маңызы. Əдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: шешендік
сөз үлгілерін мəнерлеп оқу, жаттау. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, кино
(«Алдаркөсе» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Алдардың шық бермес
Шығайбайға қонақ болуы».
14.
«ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» (3 сағат):
1)
«Ыбырай Алтынсарин. «Əке мен бала» əңгімесі» (1 сағат). Өмірі мен
шығармашылығына шолу. «Əке мен бала» əңгімесіндегі адамгершілік
тақырыбы, еңбекке үндеу, жақсы мінезге баулу мəселесі. Əдебиет теориясы:
сюжет, əдеби кейіпкер ұғымы. Тіл дамыту: рөлге бөліп оқу. Пəнаралық
104
байланыс: қазақ тілі, орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин.
«Бақша ағаштары» əңгімесі;
2)
«Абай Құнанбайұлы.«Қыс», «Жазғытұры» өлеңдері» (2 сағат).
Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы. «Қыс» өлеңіндегі табиғат
көріністерінің адам кейпінде бейнеленуі. «Жазғытұры» өлеңінде көктемнің
жан-жануарға, айналаға əсері туралы. Əдебиет теориясы: пейзаж туралы
түсінік. Тіл дамыту: «Қыс» өлеңіндегі бейнелі сөздерді (ақкиімді, үсті-басы ақ
қырау, аязбенен қызарып, бұрқ-сарқ етіп долданғанда) қолданып, ауызша
əңгімелеу. Эпитет, кейіптеу. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс əдебиеті,
электрондық оқулық («Дара Абай – дана Абай» телесабағы).
15.
«ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» (9 сағат):
1)
«Ахмет Байтұрсынұлы. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі» (1 сағат).
А.Байтұрсынұлы – ақын, тіл жəне əдебиет зерттеушісі, педагог, қоғам
қайраткері. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі арқылы балаларды оқу-білімге,
еңбекке үндеуі. Əдебиет теориясы: лирика туралы. Пəнаралық байланыс: қазақ
тілі, электрондық оқулық (А.Байтұрсынұлы мұражайы). Өзіндік ізденіс
жұмыстары: М. Жұмабаев. «Балалық шақ» өлеңі;
2)
«Міржақып Дулатов. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі» (1 сағат).
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Өлеңдегі ананың балаға деген
махаббаты, баланың ананы қадірлеуі. Əдебиет теориясы: эпитет. Тіл дамыту:
мəнерлеп, түсініп оқу, өз аналары туралы əңгімелеу. Пəнаралық байланыс:
қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Байтұрсынұлы. «Анаға хат» өлеңі;
3)
«Мағжан Жұмабаев. «Мен жастарға сенемін» өлеңі» (1 сағат).
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. «Мен жастарға сенемін»
өлеңіндегі ақынның жастарға сенімі. Халықтың тағдырын, елдің ертеңін
жастарға аманат етуі. Əдебиет теориясы: лирика жанры. Пəнаралық байланыс:
қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Тез барам» өлеңі;
4)
«Бауыржан Момышұлы. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» («Ұшқан
ұя» кітабынан үзінді)» (2 сағат). Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы
туралы. Қарлығаштың адамзатқа ізгілікті қарым-қатынасы, оның ерлігі.
Қарлығаштың қасиеті, жыланның əрекетін суреттеуі. Əдебиет теориясы: əңгіме
жанры. Тіл дамыту: мəнерлеп, түсініп оқу, тақырыпқа сəйкес ой бөлісу.
Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, электрондық оқулық («Ерлер есімі – ел
есінде»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Б.Момышұлы. «Моя семья» повесі (үзінді
оқу);
5)
«Мұқағали Мақатаев.«Үш бақытым» өлеңі» (1 сағат). Ақынның
шығармашылық өмірі туралы. Ақынның халыққа, тілге, Отанға деген
перзенттік сезімі. Өлеңдегі азаматтық рух, мақтаныш сезімі. Əдебиет теориясы:
өлең ырғағы туралы. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс
жұмыстары: М.Мақатаев. «Қара өлең»;
6)
«Төлеген Айбергенов. «Көктем əуендері» өлеңі» (1 сағат). Ақынның
жыл мезгілдерін суреттеуі, көктемнің айналаға əсері. Ақынның тілі, ой-өрнегі
туралы. Əдебиет теориясы: ұйқас түрі. Тіл дамыту: мəнерлеп, түсініп оқу.
105
Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары:
І.Жансүгіров. «Көктем» өлеңі;
7)
«Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» повесінен үзінді»
(2 сағат). Шығарманың кейіпкері Қожа қиялшыл, сезімтал, зейінді бала. Бала
табиғатына тəн мінездердің көрінуі. Əдебиет теориясы: хикаят туралы. Тіл
дамыту: түсініп оқу, əңгімелеу. Пəнаралық байланыс: «Менің атым – Қожа»
фильмінен үзінді көру. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсірепов. «Жаңа
достар» əңгімесі («Қазақ солдаты» романынан үзінді).
3. Оқу пəнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
16.
Пəнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 26 сағат, тіл ұстарту,
шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс жəне қосымша оқуға
ұсынылған шығармалар туралы əңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.
17.
Оқу пəнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1)
«Кіріспе» (1 сағат). Көркем əдебиеттің адам өміріндегі орны.
Əдебиеттің өнердің басқа түрлерімен (музыка, бейнелеу, театр, кино)
байланысы. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту (мазмұны мен
құрылымы туралы).
18.
«Халық ауыз əдебиеті» (9 сағат):
1)
«Халық ауыз əдебиеті туралы түсінік» (1 сағат). Ауыз əдебиетінің
түрлері: ертегілер, мақал-мəтелдер, жұмбақтар, аңыз əңгімелер. Ертегі туралы.
Мақал-мəтелдердің тақырыптары. Жұмбақтардың түрлері;
2)
«Ертегілер» (1 сағат). Қиял-ғажайып ертегілері. Олардың өзіндік
ерекшеліктері туралы. Əдебиет теориясы: баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік
жоспар құру арқылы ертегілерді көркем баяндау. Пəнаралық байланыс: қазақ
тілі, орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ ертегілері» кітабы;
3)
«Алтын сақа» ертегісі (1 сағат). Ертегінің кейіпкерлері жəне олардың
іс-əрекеттері туралы. Тіл дамыту: түсініп оқып, мазмұндау. Пəнаралық
байланыс: қазақ тілі, орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Халық
ертегілері;
4)
«Əбділда Тəжібаев.«Толағай» (ерлік туралы аңыз)» (1 сағат). Əдеби
ертегілердің халық ертегілерінен айырмашылығы. Толағайдың ерен іс-əрекеті.
Шығарманың отансүйгіштік мəні. Тіл дамыту: түсініп оқып, əңгімелеу, негізгі
ойтүйіні бойынша сұрақтар құрастыру білу. Пəнаралық байланыс: орыс
əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ө.Тұрманжанов. «Құмырсқалар, аралар –
қиыспас дос құдалар»;
5)
«Мақал-мəтелдер» (1 сағат). Мақал-мəтелдер – халық даналығы.
Мақал-мəтелдің мағыналары. Адамгершілік, туған жер тақырыбындағы мақал-
мəтелдер;
6)
«Жұмбақтар» (1 сағат). Жұмбақтардағы ой қисыны, олардың
тапқырлыққа, ой ұшқырлығына тəрбиелейтін ерекшелігі. Əдебиет теориясы:
астарлау. Тіл дамыту: мақал-мəтел, жұмбақтарды жатқа айту. Пəнаралық
106
байланыс: қазақ тілі, орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Мың бір
мақал, жүз бір жұмбақ» жинағы;
7)
«Аңыз əңгімелер» (2 сағат). «Жиренше мен хан», əл-Фараби туралы
аңыздар. Аңыз əңгімелердің тарихта болған адамның іс-əрекетіне байланысты
туындауы. Əдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: аңыз əңгімелерден
үзінділер жаттау. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Жиренше шешен мен Қарашаш
сұлу;
8)
«Айтыс» (1 сағат). Айтыс туралы түсінік. Айтыстың даму
ерекшеліктері. Айтыстың түрлері, айтылу дəстүрі, жанрлық ерекшеліктері.
Драмалық жанрмен ұқсастығы. Тіл дамыту: мəнерлеп оқу, сұрақтар дайындау.
Пəнаралық байланыс: орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: жұмбақ
айтысы.
19.
«Ежелгі дəуір əдебиеті» (3 сағат):
1)
«Ежелгі дəуір əдебиеті туралы түсінік» (1 сағат). Ежелгі дəуір əдебиеті
туралы. Түркі халықтарына ортақ құндылықтарға шолу. Заманымыздан
бұрынғы жазу-сызулардың сыры. Тіл дамыту: талдау, ой бөлісу, көне
сөздермен жұмыс. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (Түрік қағанаты
туралы мəлімет). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Күлтегін жыры;
2)
«Мəңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» (1 сағат). Аңызға айналған
Қорқыттың бейнесі. Қорқыт айтқан нақыл сөздердің тəрбиелік мəні. Қазіргі
қолданыстағы мақал-мəтелдермен ұқсастығы. Тіл дамыту: мақал-мəтелдерді
жатқа айту, мазмұнын қарасөзбен айту. Пəнаралық байланыс: музыка (Қорқыт
күйлері). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қорқыт ата кітабы;
3)
«Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр» (1 сағат). Жырдың тарихы.
Ерлік істері. Тіл дамыту: жырды мəнерлеп оқу, мазмұнын əңгімелеу. Өзіндік
ізденіс жұмыстары: «Алпамыс батыр» жыры.
20.
«ХІХ ғасыр əдебиеті» (2 сағат):
1)
«Шоқан Уəлиханов. «Ғылымға бастаған жол» (1 сағат). Ұлы ғалым
туралы мəлімет, өмірбаяны мен балалық шағы, достарының берген бағасы.
Əңгіме туралы түсінік. Тіл дамыту: түсініп оқу, диалог құру. Пəнаралық
байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Шоқан Уəлиханов» фильмі). Өзіндік
ізденіс жұмыстары: С.Мұқанов. «Аққан жұлдыз» романы (үзінді);
2)
«Абай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі» (1 сағат).
Өлеңнің тағылымдық-тəрбиелік мəні. Жастарды өнер-білім, ғылым үйренуге
шақыру. Тіл дамыту: мəнерлеп оқу, ой бөлісу. Пəнаралық байланыс: орыс
əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Əсемпаз болма əр неге» өлеңі.
21.
«ХХ ғасыр əдебиеті» (10 сағат):
1)
«Шəкəрім Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі» (1 сағат).
Шəкəрім – Абайдың рухани ізбасары. Ақынның өскен ортасы,
шығармашылығы. Ақын, ұлы гуманист. Адамгершілік идеялары. Бақыттың
сырын ұғындыруы. Абай шығармаларымен үндестігі. Өлең құрылысындағы
ерекшелік. Тіл дамыту: мəнерлеп оқу, түсінгенін əңгімелеу, елі мен ата-ана
алдындағы міндет пен борыш туралы пікірлесу. Пəнаралық байланыс:
107
Қазақстан тарихы, орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің
ұсынуы бойынша;
2)
«Ахмет Байтұрсынұлы. «Аққу, шортан, һəм шаян» мысал өлеңі»
(1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылығы. «Аққу, шортан, һəм шаян»
мысалының ерекшелігі, тəрбиелік мəні. Əдебиет теориясы: мысал туралы. Тіл
дамыту: мəнерлеп оқу, түсінгенін əңгімелеу. Пəнаралық байланыс: орыс
əдебиеті;
3)
«Жамбыл Жабаев. «Алатау»өлеңі» (1 сағат). Жамбылдың өмірі мен
шығармашылығы. Алатаудың көрінісі, суреті. Көркемдік ерекшелігі. Тіл
дамыту: мəнерлеп оқу, жаттау. Пəнаралық байланыс: орыс əдебиеті, бейнелеу
өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Жамбыл. «Абайдың суретіне»;
4)
«Сəкен Сейфуллин. «Дала» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен
шығармашылығына шолу. Дала келбетінің өлеңде көрініс табуы. Өлеңдегі
көтеріңкі көңілкүй, жаңарған тіршілік;
5)
«Ілияс Жансүгіров. «Көкшетау» («Құлагер» поэмасынан үзінді)»
(1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу. Көкшетаудың сұлу
табиғаты туралы, туған жерге деген сүйіспеншілік. Оқжетпес суреттері. Тіл
бейнелілігі. Тіл дамыту: өлеңді нақышына келтіріп оқу. Пəнаралық байланыс:
орыс əдебиеті, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сейфуллин.
«Біздің жақта» өлеңі;
6)
«Сапарғали Бегалин. «Бала Шоқан» повесі (үзінді)» (1 сағат). Болашақ
ұлы ғалымның өмірге, адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынасының
əңгімедегі көріністері. Шоқан мен мүсінші Мысықтың достығы. Тіл дамыту:
əңгімені мазмұндау, сценарий құрып, рөлдерге бөліп оқу. Өзіндік ізденіс
жұмыстары: «Қырдың жас түлегі»;
7)
«Мұхтар Əуезов. «Əжемнің əңгімесі» («Абай жолы» романынан
үзінді)» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу. Зере мен
Ұлжан сияқты аналардың рухани байлығы. Əже мейірімі. Тіл дамыту: əңгімені
оқып, өз сөзімен əңгімелеу, шығарманың идеясын ашу. Пəнаралық байланыс:
орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Əуезов. «Оқудан қайтқанда»
(романның 1-кітабынан үзінді);
8)
«Сəбит Мұқанов. «Каронмен күрес» («Балуан Шолақ» повесінен
үзінді)» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу. Балуан
Шолақтың дүниежүзінің чемпионы, ағылшын балуаны «Қара масканы» жеңуі.
Балуан Шолаққа тəн жүректілік, қажырлылық. Үзіндіде берілген күресу
тəсілдері туралы. Тіл дамыту: əңгімені оқып, мазмұнын əңгімелеп айту.
Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары:
Нұрмағанбеттің Балуан атануы (повестен үзінді);
9)
«Ғабит Мүсірепов. «Тимка-Димка» (1 сағат). Жазушының өмірі мен
шығармашылығы туралы. Əңгімеде суреттелген қарапайымдылық пен
қайырымдылық. Тіл дамыту: əңгімені оқу, түсінгендерін өз сөзімен əңгімелеу.
Пəнаралық байланыс: орыс əдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Аңға
шыққанда» («Ұлпан» повесінен үзінді);
108
10)
«Сырбай Мəуленов. «Менің Республикам», «Мен елімді сүйемін»
өлеңдері» (1 сағат). Ақынның Қазақстан жеріне деген мақтанышы мен
сүйіспеншілігі. Тіл дамыту: өлеңді мəнерлеп оқу, жаттап алу. Өзіндік ізденіс
жұмыстары: «Наурыз», «Жаңбыр» өлеңдері.
22.
Қорытындылау (1 сағат).
4. Оқу пəнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
23.
Пəнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 30 сағат, тіл ұстарту,
шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс шығармалар туралы
əңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.
24.
Оқу пəнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1)
«Кіріспе» (1 сағат). Əдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі
туралы. Көркем əдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тəрбиелік мəні. Қазақ
əдебиеті пəнінің мақсаты мен міндеттері.
25.
«Халық ауыз əдебиеті» (5 сағат):
1)
«Батырлар жыры туралы түсінік. «Қобыланды батыр» жыры» (2 сағат).
Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы. Батырлар жырының өзіндік
ерекшеліктері. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен мазмұны.
Жырдың кейіпкерлері. Қобыланды бейнесі, оның ерлік істері мен адамгершілік
тұлғасы. Жырдағы Құртқа бейнесі. Тайбурыл образы. Əдебиет теориясы:
эпостық жырлар. Тіл дамыту: жырды оқу мақамы (аудио/бейне таспалардан
үзінділер тыңдату), жоспар құру, баяндау, кейіпкерлерге салыстырмалы
мінездеме беру. Пəнаралық байланыс: театр (М.Əуезов. «Қарақыпшақ
Қобыланды» пьесасы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы
бойынша;
2)
«Шешендік сөздер туралы түсінік» (2 сағат). Шешендік сөздердің мəні
мен маңызы. Шешендік сөздердегі астарлы ой, көркемдік таным мəселелері.
Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі. Олардың айтқан сөздерінің өмірлік
ұстанымдармен бірлігі. Шешендік сөздердің ерекшеліктері. Əдебиет теориясы:
шешендік сөз туралы ұғымды кеңейту. Тіл дамыту: билердің сөздерін мəнеріне
келтіріп жатқа оқу, қысқаша мазмұнын əңгімелеп беру. Пəнаралық байланыс:
Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (сандық білім беру ресурсы). Өзіндік
ізденіс жұмыстары: «Үш пайғамбар». Алматы, 1992;
3)
«Қанатты, нақыл сөздер» (1 сағат). Қанатты, нақыл сөздердің мақал-
мəтелдерге ұқсастығы мен айырмашылығы. Олардың көбінесе авторының
болуы. Қазақ нақыл сөздерінің мəн-мағынасы, ішкі философиялық,
эстетикалық, этикалық сыр-сипаты. Қанатты, нақыл сөздер қорының молығуы.
Əдебиет теориясы: қанатты, нақыл сөздер. Тіл дамыту: достық, сыйластық,
туыстық сезім туралы қанатты, нақыл сөздер тауып жазу. Пəнаралық байланыс:
қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: өздері қалаған қанатты, нақыл
сөздер негізінде ребус құру.
26.
«ХІХ ғасыр қазақ əдебиеті» (4 сағат):
109
1)
«Дулат Бабатайұлы.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі» (1 сағат). Өмірі
мен шығармашылығы туралы қысқаша мəлімет. Ақынның қазақ поэзиясындағы
орны.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің жеке адамға арнау үлгісінде
айтылуы. Ақынның ел болашағы – жастарға деген бата-тілегі, үміті мен сенімі.
Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуі, өлеңнің көркемдік
ерекшелігі. Əдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: өлеңді мəнерлеп оқу,
шығармашылық жұмыс – ата-əже, ата-аналарының тілек-баталарын жазу,
жаттау. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары:
Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың» өлеңі;
2)
«Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» өлеңі» (1 сағат). Ақын
жырларындағы Исатай бейнесі. Исатайдың батырлығымен қоса, оның
сабырлы, парасатты азаматтық бейнесінің көрінуі. Өлеңдегі көркемдегіш
құралдар. Əдебиет теориясы: теңеу. Тіл дамыту: мəнерлеп оқу, теңеулерді табу,
оларға түсінік беру, эпиграф таңдап алу, «Туады ерлер ел үшін» деген
тақырыпта ойтолғау жазу. Пəнаралық байланыс: тарих. Өзіндік ізденіс
жұмыстары: М.Өтемісұлы. «Мен едім» өлеңі;
3)
«Абай Құнанбайұлы. Жетінші қарасөзі» (2 сағат). Абай – ұлы тұлға,
кемеңгер ақын. Абайдың қазақ əдебиеті мен мəдениетіндегі орны. Ақынның
туып-өскен, тəрбие алған ортасы. Шығармашылық жолы. Жетінші қарасөз.
Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсінік.
Қарасөздерінің жазылу себептері. Ондағы философиялық ой, тəлім-тəрбиенің
молдығы. Абайдың сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің құндылығы. Əдебиет
теориясы: қарасөз туралы түсінік. Тіл дамыту: мəнерлеп, түсініп оқу.
Пəнаралық байланыс: тарих, география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Он
жетінші сөз».
27.
«ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» (19 сағат):
1)
«Ахмет Байтұрсынұлы. «Егіннің бастары» (1 сағат). А.Байтұрсынұлы –
ақын, педагог, қоғам қайраткері. Шығармашылығына шолу. А.Байтұрсыновтың
аударма мысал өлеңінің кейіпкерлеріне мінездеме. Өлеңдегі негізгі ой, басты
идея – қарапайымдылық. Ақынның жастарды адамдыққа үндеуі. Əдебиет
теориясы: мысал туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А. Байтұрсынұлы. «Қара
бұлт» өлеңі;
2)
«Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып»,
«Мен қазақ» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы.
Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры, өнер, білімге деген
құштарлығы жəне оның ақын поэзиясында көрінуі. Өлеңге арқау болған ақын
арманы, өмірлік мұраты. Оның өз шығармаларында надандық пен
қараңғылықты сынауы. «Алаш» ұранын ту етуі. Əдебиет теориясы: лирикалық
қаһарман. Тіл дамыту: өлеңді жатқа оқу,туған жерге деген сезімді шағын
ойтолғау арқылы беру. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;
3)
«Жүсіпбек Аймауытов. «Əнші» əңгімесі («Қартқожа» романынан
үзінді)» (2 сағат). Ж.Аймауытовтың ХХ ғасыр басындағы көрнекті ақын,
жазушы, сыншы екендігі. ХХ ғасыр басындағы қала жастары өмірінің көрінісі.
Олардың өнерді жоғары бағалауы. Əмірқандай əншінің прототипі қазақтың
110
атақты əншісі, дарынды тұлға Əміре Қашаубаев екендігін түсіндіру. Балаларды
əнді, өнерді құрметтеуге үйрету. Əншінің үнтаспаға жазылған əнін тыңдату.
Əдебиет теориясы: əңгіме туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, жоспар құру,
жоспар бойынша мазмұндау, талқылауға арналған сұрақтар əзірлеу. Пəнаралық
байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Əміре Қашаубаев
туралы;
4)
«Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен
шығармашылығы. Мағжанның өлеңдеріндегі адами биік қасиеттер. Өлеңдегі
ақынның ішкі толқыныстары. Отанға, елге, жерге, отбасына деген махаббаттың
орны. Əдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: мəнерлеп оқу, жаттау.
Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары:
М.Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі;
5)
«Бейімбет Майлин. «Айт күндері» əңгімесі» (2 сағат). Жазушының
өмірі мен шығармашылық жолы туралы. Əңгімедегі айт мерекесінің
көріністері. Құрбан айттың өзіндік дəстүрлері. Адамдардың көңіл күй сезімдері
жəне ақ тілектер. Айтқа қатысты тұрақты тілдік оралымдар. Əдебиет теориясы:
əңгіме туралы түсінікті дамыту. Тіл дамыту: түсініп оқу, əңгімелеу. Пəнаралық
байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Торайғыров.
«Қымыз» өлеңі;
6)
«Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері» (2 сағат).
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ана тілінің адамның дүниені
танып, азамат болып қалыптасу жолындағы рөлі туралы. Домбыра өлеңінің
мазмұны. Күй құдіретінің поэзия тілінде бейнеленуі. Əдебиет теориясы: лирика
туралы. Тіл дамыту: ана тілі, домбыра, күй өнері туралы өзіндік пікірлерін
білдіру. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары:
М.Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі;
7)
«Мұхтар Əуезов. «Көксерек» əңгімесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының
өмірі мен шығармашылығы туралы.«Көксерек» əңгімесінің тақырыбы. Басты
кейіпкер Құрмаш пен Көксеректің достығы. Əңгімедегі адам – табиғат
арақатынасы. Жазушының басты мақсатының көрінісі. Əдебиет теориясы:
əңгіме туралы түсініктерін кеңейту. Тіл дамыту: жоспар құру, жоспар бойынша
мазмұндау, пікір алмасу. Пəнаралық байланыс: кино («Көксерек» кинофильмі).
Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Əуезов. «Жетім» əңгімесі;
8)
«Ғабит Мүсірепов. «Автобиографиялық əңгіме» (1 сағат). Жазушының
өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет. «Автобиографиялық
əңгіме» - жазушының өз өмірінен алынып жазылған шығарма екендігі. Бекет
Өтетілеуовтің ұстаздық тағлымының жазушыға өмірлік өнеге болуы.
Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанрлық ерекшелігі. Əңгіменің баяндау
тілінің көркемдігі. Əдебиет теориясы: баллада туралы ұғым. Пəнаралық
байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы
телесабағы);
9)
«Зейін Шашкин.«Доктор Дарханов» романы (үзінді)» (3 сағат).
Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет.
«Доктор Дарханов» романы дəрігерлердің өмірі мен қызметі туралы тұңғыш
111
шығарма екендігі. Дəрігер Дарханов образы. Ұлттар арасындағы достық
идеясы. Əдебиет теориясы: роман туралы. Тіл дамыту: əңгімені оқу, мазмұнын
баяндау, образдарға мінездеме беру. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Өзіндік ізденіс жұмыстары: Х.Досмұхамедовтің еңбектері;
10)
«Жұбан Молдағалиев. «Мен – қазақпын» поэмасы (үзінді)» (1 сағат).
Өмірі мен шығармашылығы туралы. Поэманың айрықша мəн-маңызы. Қазақ
елінің отаршылдық кезеңіндегі сыңаржақ түсініктер, ана тілін менсінбеу, өзінің
қазақ екенін айтуға қорлану, туған халқын сатып жіберуге икемделген
мəңгүрттер туралы. Поэманың халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятуға, өзіне
деген сенімін арттыруға, өз-өзіне құрметпен қарауға, отаншылдықты нығайтуға
қосқан үлесі. Дастандағы халқымыздың жүріп өткен тарихи бел-белестеріне
шолу, бүгінгісін бағамдауы. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Əдебиет
теориясы: поэма туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Тұманбай Молдағалиев.
«Ана тілі» өлеңі;
11)
«Шерхан Мұртаза. «Жүз жылдық жара» əңгімесі (үзінді)» (2 сағат).
Жазушының шығармашылық жолы туралы қысқаша мағлұмат. Əңгіменің
тақырыбы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының ауыр
тұрмысын суреттеуі. Байшынардың тарихынан əңгімелер. Мыңбұлақ аулының
əсем табиғатын, Бақтияр бағының шипалы шөптерін көркем бейнелеуі.
Əңгімедегі Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал, Кенжекүл, Ахмет образдары.
Халықтың наным-сенім, ырымдары хақында. Жуанқұлдың тағдыры арқылы
жазушының айтпақ ойы. Жазушының экология мəселесін көтеруі. Əдебиет
теориясы: əңгіме туралы. Тіл дамыту: əңгімені бөлімдерге бөліп, мəнерлеп оқу.
Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары:
Ш.Мұртаза. «41-жылғы келіншек» əңгімесі (үзінді);
12)
«Қадыр Мырзалиев. «Жеті» өлеңі» (1 сағат). Ақын шығармашылығы
туралы қысқаша мəлімет беру. Жеті санының мұсылман халықтары үшін, қазақ
үшін қасиетті сан екендігін түсіндіру. Жеті ата, жеті қазына, т.б. туралы мысал
келтіру. Əдебиет теориясы: лирика туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары:
Қ.Мырзалиев. «Мектеп» өлеңі.
28.
Қорытындылау (1 сағат).
Достарыңызбен бөлісу: |