6
түрлері көп, соның бірі қысқа жүнді, құйрығы жоқтың қасы, өте төзімді жүздеген шақырымды
жүріп өтеді. Осының бәрі өндірістің жоғары мәдениетінің айқын белгісі.
Көшпелі тұрмыстың ерекшелігінде Ұлы даланың кез-келген көшпелі қоғамында негізгі
мал шаруашылығынан бастап жер өңдеу, қалалар мен қоныстар және т.б. мәдени-
шаруашылықтың бірнеше түрлері болды. Жалпы көшпелі шаруашылығы толыққанды қоғамға
айналды деуге дәлелдер жеткілікті. Негізінде таза көшпелі қоғам болған емес, ол үнемі
жартылай көшпелі және жартылай отырықшы сипатта өтті. Сондықтан да ғылыми
әдебиеттердегі қолданылып жүрген «көшпелі қоғам» мен «көшпелі мемлекет» деген
ұғымдардағы «көшпелі» сөзі шартты мағынаға ие. Дала өркениетінде
Қазақстанның кең
байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениетінің дамуы ежелден ерекшеленген. Түркі
көшпенділер қоғамда қалалар мен қамалдар Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ертіс, Есіл, Жайық
өзендерінің аңғарында, көлдердің жағасында, таулардың бөктерінде, сауда жолдардың
бойында жайғасқан. Қала мен дала біртұтас экономикалық тұрмыстың
өзара байланыстағы
салаларына айналды.
Дала өркениеті мемлекеттіліктің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуы мен көшпелі
мемлекеттердің құрылуына алып келді. Ғасырлар бойы көшпелі мемлекеттілік дәстүрі
қалыптасты. Ол саяси басқаруда, шаруашылық және рухани-мәдени өмірде, өнеге мен тәртіп
нормаларынан орын алды. Қазақстан аумағында ежелгі және орта ғасырлар дәуірінде
мемлекеттілік үрдісі екі басты белгілермен сипатталады, олар – үздіксіздік және сабақтастық.
Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің пайда болуы негізгі шаруашылығы көшпелі
және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған сақ қоғамымен (б.з.д. VIII-III ғғ.)
байланысты. Сақтардың мәдени шығармашылығындағы ерекше құбылыстардың бірі «аң
стилі» деп аталған бейнелеу өнері болды. Бұл стиль олардың дүниетанымының көрінісі мен
олардың мифологиясының бейнелеу өнерінде іске асуы және көшпелілер идеологиясын
көрсетудің ерекше белгілік жүйесі ретінде қалыптасқан. Бұл олардың көркемдік ой-өрісінің
дамығандығын және металлдар технологияларын жоғары дәрежеде меңгергендігін білдіреді.
Б.з.д. V-IV ғғ. сақтарда мемлекеттіліктің басты белгісі – жазу пайда болған. Осылайша,
сақтарда мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы
өзара байланыстағы және бір
мезеттегі үрдіс болды. Қазақ хандығы құрылғанға дейін (1465 жыл) сабақтастық байланыста
18 көшпелі мемлекет өмір сүрді. Қазақ хандығы төрт ғасырға жуық дәуірде елеулі рөл
атқарды, өзіндік саясат жүргізді, мемлекеттің, халықтың бірлігін нығайтты. Мемлекеттің
іргесінде қазақ халқы бірікті, оның этникалық территориясы қалыптасты, қазақтың тұрмыс
тіршілігі, рухани және материалдық мәдениеті дамыды.
XIX ғасырда Ресей империясы
Қазақстандағы дәстүрлі мемлекеттік билікті түбегейлі жойды.
Өркениеттің өлшемі жазу тек отырықшы шаруашылықтың басты белгісі деген қағидат
археологиялық табыстар негізінде күмән туғызды, өйткені Жетісу өлкесінде көшпелі сақ
қоғамда біздің заманымызға дейін V-IV ғасырларда жазу пайда болған. Осылайша, сақтарда
мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы және бір мезеттегі
үрдіс болып қалыптасты. Көшпелі ғұн империясында жазу қолданылған, мемлекетте іс-
қағаздар айналымы жүргізілген. Ал ерте ортағасырлық Түрік қағанатында көне түрік
жазуының кең таралуы және жазудың түрік тілінің заңдылықтарына әбден лайық
болғандығымен сипатталанады. Жазудың пайда болуы көшпелі қоғамның өзіндік сұранысы
мен қажеттілігі әкімшілік және дипломатиялық тәжірибиенің,
мемлекеттік актілер мен
дәстүрлерді тіркеу қажеттілігімен байланысты.
Дала өркениеті дала мәдениетінің және оның аса тұрақты бөлігі ретіндегі далалық
тұрмыспен тығыз байланыста дамып отырды. Оның тамыры бастауын қола дәуірінен алып,
сақ тарихи-мәдени қоғамдастығы кезеңінде негіздері орнығып, ал түркі мемлекеттік
құрылымдарында одан әрі дамытылып, көшпенді тұрмыс уақыт пен кеңістік жағынан жоғарғы
деңгейлі сабақтастық сипатына ие болады. Барлық этникалық және жергілікті нұсқаларда ұзақ
тарихи кезеңдер арқылы сақталып келген мәдениеттегі стереотиптер кұрылады. Олар
7
негізінен материалдық және рухани мәдениеттен, адамгершілік пен жүріс-тұрыс
нормаларынан айқын көрініс табады.
Дала өркениетінде ауыз әдебиеті саласындағы шығармашылықтың түрлі
формаларының орны мен рөлі ерекше болды. Олар есте сақтау қабілеті мен шешендік өнердің
дамуына, көркем шығарманың жоғарғы формалары болып табылатын батырлық эпостар мен
лирикалық поэмалардың көптеп пайда болуына жол ашты. Егер отырықшы қоғамда батырлық
эпостар мен лирикалық поэмалар ондықтармен саналса, көшпелі қоғамда бұл көркем жанрлар
жүздікпен саналады. Қазақтың фальклорлық қорында аталмыш рухани мирастың саны бес
жүзден асады.
Сайып келгенде Ұлы дала құндылықтары Еуразия халықтарының рухани және
материалдық асыл қазынасынан орын тапты.
Достарыңызбен бөлісу: