Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет135/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   157
Байланысты:
thesis147359

ТАРИХИ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ. 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басында 
тарих ғылымы қоғамдық сананы жаңа бағытта өзгертуге әсер ете бастады. Бұл уақытта саяси 
және экономикалық құрылыс, қоғамдық құндылықтар, жаңа өмірілік мұраттар жолға 
қойылды. Көрші дамыған мемлекеттердің өткен жолдары таразыланды. Уақыт өте тарихтың 
өзектілігі артты. Шежіре, халық ауыз әдебиеті, өлкетану тарихына мән беріле бастады. 
Қазақстан тарихының сақ, ғұн, көне үйсін кезеңі қайтадан қаралып, Ұлы даланың ежелгі 
кезеңі көне түрік, ноғай, моңғол, ойрат, қырғыз, өзбек, түркмен, қарақалпақ, тәжік, татар, 
башқұр, орыс, қытай, иран, манчжур тарихымен салыстырмалы зерделенді. Қазақстан халқы 
Ассамблеясы, әртүрлі ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттар Қазақстан тұрғындары 
құрамындағы этностар тарихына қатысты маңызды зерттеулер жүргізілді [2]. Осылайша, 
Қазақстандағы ашаршылық пен күштеп ұжымдастыру, саяси қуғын-сүргін, азаптау 
лагерлерінен өткендердің тағдыры, өмір тарихы, жеке тұлғалар жөніндегі ақтаңдақтар беті 
айшықтала түсті. 
Ең басты мәселе әлемдік өркениет тарихында тәуелсіз Қазақстанның орны қандай? 
-деген сұраққа жауап іздестіріле бастады. Қазақстандық ғалымдар Мәскеу, Париж, Шанхай, 
Ыстамбұл, Тегеран және басқа да елдердегі халықаралық конференциялар мен 
симпозиумдарда өздерінің пайымдарын жариялады. Сібір, Орал және Орталық Азия 
тарихшыларымен бірлескен өзекті тақырыптарда зерттеулер жүргізді және оның нәтижесін 
әлемдік ғылыми қауымға мәлім етті. Бұл тарих ғылымындағы алғашқы бетбұрыстар 
болатын. Бастысы, Отан тарихының басым бағыттары айқындалды. Тарихшылар жаңа 
көзқарастармен, жаңаша тұжырымдар жасауға жұмылдырылды. Академик М.Қ. 
Қозыбаевтың басшылығында Қазақстан тарихының ақиқат беттерін ашатын алғашқы 
ғылыми-зерттеу тақырыптары бекітілді: «Ежелгі және ортағасыр кезеңіндегі Орталық 
Азидағы қыпшақтар (III –XIIIғғ.)», «Алтай қазақтарының антропологиялық зерттеулері». 
Жоғары оқу орындарына арналған «Қазақстан тарихы», «ХХ ғасыр басындағы Қазақстан: 
Методология, тарихнама, деректану», «Оңтүстік Шығыс Қазақстанның ежелгі және қазіргі 
тұрғындарының антропологиясы», «Отан қорғаудың тарихи тәжірибесі: проблемалары мен 
сабақтары», «Тоталитаризм және қазақ халқының мәдениеті» сияқты тақырыптар енгізілді. 
Ғалымдар белсенділігі артты. 1990 жылдың 13 тамызы күні КСРО Президентінің «20-50 
жылдардағы саяси қудалау құрбандарының құқтарын қалпына келтіру туралы» Жарлығы 
жарияланды. 1991 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 
Президиумының қаулысы негізінде құрамы - танымал ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен 
құқық қорғау органдарының жетекшілерінен тұратын ҚР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 
Комиссиясы құрылып, тарихтың «ақтаңдақ» беттеріне қатысты мұрағат материалдарына ден 
қойылды. Материалдар жинақталып, отандық тарих және тарихнаманы зерттеудің жаңаша 
тұжырымдамалық әдістерін жасау және оны айқындау қолға алынды [3]. Тарихи әділеттілікті 
орнату мақсатында, 1928-1932 жылдар аралығындағы тәркілеу, ұжымдастыру, 
қоныстандыру және басқа мәселелер бойынша қабылданған заңсыз, халыққа қарсы қарарлар 
мен актыларды жою және айыптау туралы қорытынды жасалды. Атқарылған жұмыс 
қорытындысы есебінде, 1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси 
қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданды. Нәтижесінде, жаңаша 
теориялық-тұжырымдамалық зерттеу жұмыстары, методикалық әдебиеттер шығару, жалпы 
мойындалған халықаралық нормаларға сәйкес, жаппай саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын, 
күштеу саясатының салдарынан зардап шеккен олардың ұрпақтарын, шетелдегі қазақ 
диаспорасы өкілдері ішінен ниет білдіргендерді бүкіл әлемдік халықаралық құқық 
нормаларына сәйкес, елге қайтару күн тәртібіне қойылды . 
Тәуелсіздіктің алғашқы бес жылында қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік 
көңіл-күйіне, ұлттық сананың түлеуіне байланысты салаларда күрделі процестер жүріп 
жатты. Алға жылжудың алғышарттары жасалды. Алғашқы кезеңде өркениетті жолға салуға 
қабілетті мемлекеттік және қоғамдық тиісті тетіктер болмаса да, бастысы этностық 
астамшылдық, жүгенсіздік, төзімсіздік пен ымырасыздық уытына шалдығуына жол берілген 


303 
жоқ. Адамдарды рухани көтермелеу, биік адамгершілік мұраттарды алға қою жаңа 
жағдайларға бейімделе түсуге ықпал етті. Адами жадыға «тарихи ақтаңдақтар» теріс әсер 
бергені бүгінгі күні жасырын емес. Мысалы, Кеңес Одағы дәуірінде Қазақстан мектептерінде 
оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алған тұста, жас ұрпақ ата тарихынан 
мүлде алшақтап қалды. Тіпті, Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы 
хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. 
Елімізде ханның, не батырдың ескерткіші тұрмақ, олардың атында білім мен мәдениет 
нысандары, керек десеңіз, жалғыз-жарым көше де болған жоқ. Қазақ хандарының аты атала 
қалған жағдайда оларға үстем тап өкілі ретінде келеңсіз баға беріліп, қисынсыз айып 
тағылды… Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небәрі 
ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы 
дәл осындай болатын» [4]. Ұлт тағдырына қатысты бабалар аманаты - тұтастыққа, ынтымақ 
пен бірлікке, тыныштық пен қоғамдық келісімге негізделді. Бірлік - елдіктің бастау көзі. 
Бірлік арқылы тәуелсіздік туы көтерілді. Тарихи сананы жетілдірудің тетігі - әрбір азаматтың 
жасампаз тарихты мақтан етуіне қатыстылығы, заңдылық. Жас ұрпақты бүкіл әлемдік 
өркениеттің сан ғасырлық рухани және мәдени мұраларының бай қазынасымен 
сусындатудың маңызы зор. 
Нарықтық қатынастарға сәйкес қоғамда азаматтардың жеке жауапкершілігіне 
қатысты мүлде жаңа сана қалыптастыру қажеттілігі туындады. Әркім жеке басын, отбасын 
өзі қамқорлыққа алуы тиіс болды. Әлем дамуындағы тынымсыз өзгерістер, біртұтас күш 
жұмылдыру арқылы ілгері жылжуға бағытталған жаңа талаптар қойды. Мемлекет басшысы 
әрбір парасатты азамат ел ішінде келешекте болатын өзгерістердің ортасынан өз орнын 
анықтау қажеттігіне мән берді. Әсіресе, қоғамның даму бағытын аңдай отырып, ең маңызды 
істі айқындап алу қажет болды. Ал мемлекеттік қызметте жүргендерге жыл сайын 
жарияланатын Мемлекет басшысының Жолдауы, олар үшін басшылыққа алатын басты 
бағдарға айналды. Осы орайда, Президент Н.Ә. Назарбаевтың әлемдегі дамыған елдердің 
даму тәжірибесін, олардың тарихын зерделеу арқылы әлемдегі ортақ процестердің мәні мен 
серпінін пайымдауға ден қойғанын баса айту керек . Оған қоса, Елбасы өткен тарихымен ғана 
мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр екенін үнемі халық жадына салып отырды. Әрбір 
ұрпақ өкілдері ата-баба даңқына даңқ қосып, абыройын арттырып, бүкіл дүние жүзі алдында 
беделін биіктете білген елдің ғана болашағы жарқын, мерейі үстем болатынын баса айтты. 
Осы тұрғыдан келгенде, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жас буынының бабалар аманатына 
адалдық танытып, Қазақстанның абырой-беделін бұрын-соңды болмаған биікке көтеруге 
үлес қосып отырғаны қуантады. 
Тарихи әділеттілікті толығымен қалпына келтіру мақсатында 1997 жыл – «Қоғамдық 
келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды. Кеңестік 
тәртіптің қылмыс-қимылдары әшкерленді. Мемлекет басшысының Жарлығы аясында, жыл 
сайын 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынып, түрлі іс-шаралар өткізу 
дәстүрге айналды. Ұйысқан ұлтаралық қатынастарды сақтаған Қазақстан Республикасында 
2016 жылдың 1 наурызынан бастап, бұл күн қазақ халқына – «Алғыс айту» күні ретінде атап 
өту дәстүрі ата тарихқа енді. Тарихи оқиғалар желісін объективті қарастырудың басты 
факторлары айқындалды. Оның ішінде, жалпыұлттық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру, 
мемлекеттік және тарихи сананы қалыптастыру, елдің егемендігі мен мемлекеттілігін 
нығайту, дамудың сапалы жаңа үлгісін қалыптастыру, азаматтыққа және патриотизмге 
тәрбиелеу маңызға ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет