Іш сүзегінің Қазақстандағы 2010-2016 жылдар аралығындағы эпидемиологиялық жағдайы және іш сүзегіне жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата16.01.2023
өлшемі1,1 Mb.
#61389
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ділдашова Меруерт 313-топ курстық жұмыс.



Астана Медицина университеті КеАҚ 
Жұқпалы аурулар және клиникалық 
эпидемиология кафедрасы 





«Клиникалық эпидемиология»пәні бойынша 
курстық жұмыс. 
Тақырыбы:
«Іш сүзегінің Қазақстандағы 2010-2016 жылдар 
аралығындағы эпидемиологиялық жағдайы және іш сүзегіне 
жалпы сипаттама»






Орындаған:Ділдашова Меруерт 
Топ-313
Қабылдаған:Байгенжеева Р.К 
Нұр-Сұлтан-2020 жыл 


Жоспары: 
I. Кіріспе 
II. Негізгі бөлім 
II.1.Іш сүзегінің этиологиясы 
II.2.Іш сүзегінің эпидемиологиясы және Қазақстандағы 
2010-2016 жылдар аралығындағы эпидемиологиялық 
жағдайы 
II.3.Іш сүзегінің патогенезі 
II.4.Іш сүзегінің клиникалық көріністері 
II.5.Іш сүзегінің диагностикалау 
II.6. Іш сүзегін емдеу және алдын алу шаралары 
III. Қорытынды 
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 


Кіріспе 
Іш сүзегі - Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын, 
фекальды- оральды механизмімен берілетін, ащы ішектің 
лимфоидты аппаратын зақымдануымен өтетін, клиникасы айқын 
интоксикациямен, жоғары тұрақты қызбамен, розеолезді 
бөртпемен, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюмен сипатталатын 
жедел антропонозды жұқпалы ауру. 
Іш сүзек-парасүзек тобының аурулары өте ерте заманнан бері 
белгілі. Бұл аурудың клиникалық ағымын жазған Гиппократ (460-
377 ж. б. э.д.) екені де мәлім. XIX ғасырдың ортасында іш сүзегі 
ағымының ерешеліктері жазылғанмен, ол дербес ауру ретінде, одан 
қоздырғыштар табылғаннан кейін ғана қарастырыла бастады. 
Краковта (1874) Т. Брович және Санк-Петербургта (1876) Н.И. 
Соколов ішектің пейеровті қатпарлы табақшаларынан таяқша 
түріндегі микробтарды тапқан, ал К. Эберт (1880) -іш сүзегінен 
өлген адамдардың көк бауыры мен мезентериальды лимфатикалық 
түйіндерінен сондай микробтарды тауып алған. А.И. Вильчур 
(1887) науқас қанынан іш сүзегінің микробын бөліп алды. XIX 
ғасырдың басында іш сүзегін дербес ауруретінде алғаш рет 
қарастырған Британия және Шарлем Луи еді. Іш сүзегінің 
қоздырғышын - Salmonella typhi 1874 жылы Бронич ашты. Іш 
сүзегінің клиникасын нақтырақ жазғандар; С.П. Боткин, 
И.С.Кильдюшевский, Г.В.Вогралик, Н.И. Рагоза, Б.Я. Падалка, 
А.Ф. Билибин және т.б. Іш сүзегі ғас.- ХХ ғас. басында әлемнің 
барлық еліне таралған ауыр жұқпалы ауру болып табылған, әсіресе 
қалалық жерлерде, адамның тығыз шоғырлануына байланысты 
және де тазалықтың дұрыс сақталмауы салдарынан пайда болған. 
Сонымен қатар бұл ауру кездейсоқ табиғат апаттары мен соғыс 
кездерінде эпидемиялық сипат алды. Қазіргі күнде іш сүзегі 
әлемнің барлық елдерінде тіркеліп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет