Список использованной литературы и источников:
1. Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. – М.: Айрис-Пресс, 2007.
2. Козыбаев М.К. История и современность. – Алматы: Ғылым, 1991. – 254 с.
3. Назарбаев Н.А. Семь граней Великой степи – Астана, 21 ноября 2018 г. //
http://www.akorda.kz/ru/events/statya-glavy-gosudarstva-sem-granei-velikoi-stepi
4. Назарбаев Н.А. В потоке истории» - А., 1999
5. Назарбаев Н.А. Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания - Астана, 12 апреля
2017 г.
6. Закон Республики Казахстан «Об охране и использовании объектов историко-культурного
наследия» от 2 июля 1992 г.
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ЕУРОПАДАҒЫ ТҮРКІ ЭМИГРАЦИЯСЫ
Көкебаева Г.К., т.ғ.д., профессор
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты
Түркі халықтары өкілдерінің шетелдерге эмиграциясының бірнеше толқыны болды,
соның ішіндегі неғұрлым ауқымдысы және қуаттысы Ресей империясындағы түркі
халықтарының азаттығы жолында күрескен зиялылардың шетелге кетуінен басталып, кеңес
өкіметінің империялық саясатына саналы түрде қарсы болып, оны қабылдамаған зиялылардың
сапарымен жалғасқан эмиграциялық толқын еді. Түркияға және басқа Азия елдеріне кеткен
түркі эмигранттарының бір бөлігі 1920-1924 жылдар аралығында Еуропаға өтті. Еуропада
түркі халықтарының бірлігі және отаршылдыққа қарсы күресі тарихына арналған
зерттеулердің ішінде Г.фон Менденің, П.фон Мюленнің және Ч.У. Хостлердің, Й. Бенцингтің
еңбектерін атау қажет. Г.фон Менденің 1936 жылы басылып шыққан зерттеуінде Ресей
империясындағы түркі халықтарының азаттық күресі бірнеше кезеңге бөлініп, жан-жақты
сипатталған [1]. Еңбектің бірінші бөлімінде Ресей түркілерінің құрамы мен саны, олардың
мұсылмандық идея төңірегіне топтасуы сияқты жалпы мәселелер қарастырылған. Келесі
бөлімдерінде Ресей түркілерінің ұлттық санасының оянуы, түркішілік идеяның қалыптасу
тарихына талдау жасаған. Автор Ресей империясындағы түркі халықтарының азаттыққа
ұмтылуының бастамасын ХІХ ғасырдағы дін мен ағарту саласындағы реформалық
қозғалыспен байланыстырады. Еңбектің Ресей түркілерінің кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі
кезеңде дербес мемлекет құруға ұмтылыстарын талдаған тұстары неғұрлым тартымды,
өйткені бұл жерде кеңестік ұлт саясатының шын мәні ашып көрсетілген. Г. фон Менде Ресей
түркілерінің кеңестік кезеңдегі азаттық күресін талдау барысында М.Шоқайдың еңбегіне
сілтеме жасай отырып, оны шетелдегі түркістандық эмиграцияның жетекшісі деп атайды
[1,147-б]. Й.Бенцингтің зерттеуінде кеңестік түркі эмигранттарының Берлиндегі қызметі,
143
саяси және мәдени басылымдары талданған. «Большевиктендіру саясаты мыңдаған
түркілердің кезінде өздері аңсап жеткен «дербес» кеңестік республикалардан шетелге
эмиграцияға кетуіне әкелді», – деп жазады Й.Бенцинг. Й.Бенцингтің мәліметі бойынша,
кеңестендіру дініне және тіліне қауіп төндіргенін түсінген түркістандық зиялылар өз
халықтарының азаттығы жолындағы күресін тоқтатапай, Еуропада, Индияда, Қиыр Шығыста
эмиграцияда жүріп, жалғастырған. Й.Бенцинг түркілердің Берлиндегі алғашқы мерзімдік
басылымы ретінде 1928 жылдың 23 желтоқсанынан бастап шыға бастаған «Milli Yul»
(«Ұлттық жол») журналын атайды, журналдың редакторы Аяз Исхаки болған. Қиыр Шығысқа
(Жапония, Корея және Мачжурия) шамамен 25 мыңға жуық түркілер эмиграцияға кетті, олар
да «Yani Yapon Mohbiri» деп аталған журнал шығарып тұрды. 1929 жылдың желтоқсанынан
бастап Мұстафа Шоқайдың жетекшілігімен «Yaсh Turkestan» журналы шыға бастаған. Й.
Бенцингтің еңбегінде осы журналдың тақырыптық ауқымы, жеке мақалаларының мазмұны
талданған [2]. Ч.У. Хостлердің «Түркизм және Кеңестер: әлем түріктері және олардың саяси
мақсаттары» атты еңбегі 1955 жылы жарық көрген болатын. 1960 жылы ол неміс тіліне
аударылып, «Түркілер және Кеңестер: Түркілер мен түркі халықтарының тарихи жағдайы
және бүгінгі әлемдегі саяси маңызы» деген атпен баслылып шықты. Мұнда түркі
халықтарының тарихы, түркизм идеясының қалыптасуы және оның негізін салушылардың ой-
түйіндері талданған [3]. Ч.У. Хостлер түркі халықтарының азаттық қозғалысының идеялық
негізін «түркизм» және «пантүркизм» деген екі түрлі атаумен береді. Осы еңбектің
«Түркизмнің шығуы және дамуы» деген үшінші тарауында автор түркизм идеясының шығуын
Осман империясының саясатымен байланыстырып, идеяның негізін салушы ретінде Зия
Гөкалыптың ой-түйіндерін сипаттайды. Ал Ресей түркілерінің азаттық қозғалысына арналған
келесі тарауы «Пантүркизм» деп аталады. Ағылшын ғалымы Я. Ландау пантүркішілдік ағымы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында панславяншылдықтың күшеюін жауап ретінде туды деген
пікір айтады [4]. Шетелдік тарихнамада аз зерттелген тақырыптардың бірі – түркі
халықтарының тарихындағы азаттық алу мақсатымен болған қарулы көтерілістер тарихы. Бұл
бағытта Х.Б. Паксойдың басмашылар қозғалысын түркі халықтарының азаттық қозғалысының
бір көрінісі ретінде зерттеген еңбектерін атаған жөн [5].
Қазақстандағы Шоқайдың өмірі мен қызметі зерттеуге арналған еңбектердің қатарында
Д. Қыдыралиев пен К.Есмағамбетовтың монографиялары айрықша орын алады [6,7]. Қазақ,
түрік, ағылшын және орыс тілдеріндегі тың деректер мен зерттеулерге негізделген
Д.Қыдыралиевтің еңбегінде Мұстафа Шоқайдың өмірі, жанұясы, балалық шағы, білім алуы,
саяси қызметінің отандық және шетелдік кезеңдері тұтастай қамтылған. Автордың ойларынан
Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалысының кеңестік кезеңін зерттеудің жаңа
нысандарын байқаймыз. Мәселен, басмашылар қозғалысын ұлт-азаттық қозғалысының
қарулы күрес түрінде іске асуы ретінде қарау, түркі халықтары өкілдерінің кеңестік
отаршылдыққа қарсы күресте одақтастар іздеп, халықаралық аренаға шығуы және басқа
мәселелер болашақта тарих ғылымында дербес ғылыми-зерттеу бағытының қалыптасуына
негіз болар еді. Автор Еуропадағы түркі эмигранттарының тек ұлттық мәселе шегінде ғана
қалып қоймай, әлемдік саяси ойдың басқа да ағымдарын жете білгенін және әрқайсысы осы
ағымдар мен өздерінің сеніміне орай нақты бағыт ұстағанын көрсетеді. К.Есмағамбетовтың
монографиясында Шоқайдың өзі тұстас эмиграцияға кеткен түркі зиялыларымен жазысқан
хаттары, кездесулері мен пікір алмасу деректері және шет тілдердегі зерттеулер
пайдаланылған. Мұның өзі Шоқайдың саяси қайраткер ретінде қалыптасып, дамуын «сырт
көз» тұрғысынан емес, оның өзінің ішкі толғаныстары мен ойлары негізінде зерттеуге
мүмкіншілік берген.
Ұсынылып отырған мақалада қазақстандық зерттеулердегі материалды қайталамай
Германияның және Польшаның архивтеріндегі құжаттарға сүйене отырып,Мұстафа
Шоқайдың Еуропадағы түркі эмигранттарының жетекшісі ретіндегі қызметін көрсету
мақсатын қойдық.
144
Еуропадағы түркі эмигранттары қатарында Түркістан уақытша үкіметінің төрағасы
М.Шоқай, Бұхар республикасының президенті Осман Қожа, Қырымдағы татар үкіметінің
Сыртқы істер министрі Сафар Сейдахмет, Татар уақытша үкіметінің төрағасы Аяз Исхаки, т.
б. болды. Оларға кейіннен 20-жылдары Германияға оқуға барған студент жастар және әртүрлі
себептермен Еуропада қалып қойған түркілер қосылды. 1922 жылы Ә.Ыдырыс Бұқар Халық
Республикасының өкілі ретінде 64 студент және оқушы жастарды Германияда оқыту
мақсатымен алып келген. Кейіннен Бұқар республикасының дербестігі жойылып, ол Кеңестік
Өзбекстанға қосылған соң, Берлиндегі Бұқар Халық Республикасының Мәдени қатынастар
жөніндегі өкілдігі таратылған. Ал студент жастардың бірқатары Германияда қалып қойған [8].
Еуропадағы түркі эмигранттарының саяси қызметін идеялық және ұйымдық жағынан
негіздеген бірінші топтың өкілдері болды.
Еуропадағы Кеңес Одағынан келген украин, белорус, кавказдық және түркістандық
эмигранттардың басын қосқан ұйым «Прометей лигасы» болды. Бұл ұйым 1928 жылы
құрылып, екі жылдан кейін Парижге көшкен, оны үнемі Польша үкіметі қаржыландырып
отырған. Ресми жетекшісі бұрынғы Грузия үкіметінің басшысы Н.Жордания болған бұл одақ
саяси клуб тәрізді болды, оған грузин социалистерінің, әзірбайжан муссаватистерінің
ұйымдары, түркістандықтардың «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымы, Қырым татарларының
«Ұлттық партиясы», Еділ татарлары мен башқұрттарының, Солтүстік Кавказ, т.б. бұрынғы
Ресей империясы құрамындағы езілген халықтар эмигранттарының ұлттық ұйымдары кірді.
«Прометей лигасының» басшы органына әрбір ұйымнан екі өкіл, соның ішінде
түркістандықтар атынан Мұстафа Шоқай мен Осман Қожа кірді. «Прометей» лигасының
мақсаты большевиктер билігіне қарсы күрес жүргізіп, жеңіліске ұшырағаннан кейін Еуропа
елдеріне келген саяси эмигранттардың іс-әрекетін бірлесе жүргізуіне жағдай жасау болды.
«Прометей» саяси клуб тәрізді құрылды, оған жеке адамдар емес, ұлттық ұйымдар мүше
болды. Польша мұрағатының құжаттары ұйымның басшылары қатарына түркістандықтар
атынан Шоқай кіргенін көрсетеді. Ұйымның Ұлттар Лигасына жазған хаттарында, барлық
меморандумдарында «Прометейге» кірген ұйымдардың басшылары көрсетілген, онда
Түркістанның атынан Мұстафа Шоқай қол қойған [9].
Германияның Түркиядағы елшісі Франц фон Папен Сыртқы істер министрлігіне
«Түркістан ұлттық бірлестігі» туралы мәліметтерді топтастырған есепті баяндамасында
мынадай мәліметтер береді: «Ұйым 1921 жылы Бұқарада құрылған және Ресейдің оңтүстік-
шығыс аймақтарындағы барлық түркі тектес халықтарың өкілдерін қамтиды. Орталық
комитетінде мынадай мүшелер бар: Түркіменстан – Ахмед Карадаглы (Ғұмұштепеден
шыққан), Өзбекстан – Азам Огуз (Ферганадан шыққан), Қырғызстан – Тахир Шағатай (Шығыс
Қазақстандағы Талуфкадан шыққан), Башқұртстан – А.Зеки-Велиди Тоған (қазіргі кезде
Стамбұл университетінің профессоры), Қазан татарлары – Халим Сабит (Стамбұл
университетінің бұрынғы теолог-профессоры, қазір Ислам түркі энциклопедиясын
басқарады)». Ұйымның белсенді мүшелері ретінде Илхан Мұсақай (Берлин), Кади Рашид
Ибрахим (Токио), Әлім Ыдырыс (Берлин), Осман Тоқымбет (Стамбұл) аталды [10].
«Прометей», «Жас Түркістан», «Истиқлал», тағы басқа баспасөз басылымдары кеңес
өкіметінің ұлттық саясатын сынады, орыстандыру әрекетінің сырын ашты, сөйтіп, кеңес
өкіметінің бүкіл отарлық әлемнің халықтары алдындағы беделіне де зиянын тигізді, Кеңес
Одағын сынаушыларға дәлелдер тауып берді. «Прометей» ұйымы Кеңес Одағының ұлттық
аймақтарында да жүргізіліп жатқан орыстандыру саясаты, тағы басқа әртүрлі шараларға
наразылықтарын білдіріп, Ұлттар Лигасына хаттар жолдап отырған [11], осы әрекеті арқылы
бұл ұйым Кеңес Одағының халықаралық беделіне нұқсан келтірген болуы да мүмкін.
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп, Версаль бітім шарты бойынша отарларынан
айырылып қалған және аса ауыр репарациялар төлеуге мәжбүр болған Германияның және
соғыстан сепараттық бітім жасау арқылы шығып кеткен Ресейдің айрықша жақындаса
бастағаны белгілі. Сондықтан Германияның шикізат және рынок көзі бола алатын Қазақстан
мен Орта Азияға назары түскен тәрізді. Ал бұл аймақтарды зерттеп-білу үшін мұсылмандық
145
факторға мән беру қажет еді. Соның дәлелі – Германия Сыртқы істер министрлігінің ғылыми
қызметкерлері дайындаған «Ресейдегі магометандар» деп аталған аналитикалық баяндамалар.
Бұл деректерден Ресейдегі мұсылмандардың саны, мекен-жайы, Ресей империясының
саясатындағы және орыс-неміс қатынастарындағы орны туралы мәліметтер алуға болады. Осы
қорда Ресей мұсылмандарының Орталық Кеңесінің мүшесі Осман Тоқымбет пен Жүсіп
Мұзаффардың Германия Сыртқы істер министрлігіне жазған көлемді хаты сақталған. Хаттың
авторлары Ресейдегі түркі халықтарының ұлт-азаттық күресі туралы, олардың патша өкіметі
құлағаннан кейін дербес ұлттық мемлекеттер құрғаны туралы жазады, хатта Түркістан
мемлекетінің басшысы ретінде Мұстафа Шоқай аталған [12]. Оны шығыс халықтарының
мәселесімен айналысатын барлық мамандар мен дипломаттар түркі эмигранттарының ішіндегі
ең көрінекті тұлға ретінде сипаттайды.
Мұстафа Шоқайдың өз әріптестерімен қарым-қатынасында жеке бас араздығынан
жоғары тұрғандығын, оның кейбір көрінекті эмигранттармен келіспеушілігі идеялық
айырмашылық пен саяси күрестің тактикасы мәселесіне қатысты болғандығын оның
хаттарынан да көруге болады. Шоқай эмиграциядағы түркістандық, кавказдық, украиндық
саяси күштердің бірлігі қажет екендігін, ал өзара әртүрлі түсініспеушіліктер ортақ мақсатқа
кесірін тигізбеуге тиістілігін үнемі ескертіп отырған. Мәселен 1930 жылы Заки Уәлидидің
(Валидовтың) өз әріптестерімен қақтығысы кезінде ол Уәлидидің саяси көзқарастарын сынай
отыра, оның ғылыми жұмыстарын жоғары бағалады. Польша үкіметі мен эмигранттар
арасындағы байланыстарды іске асыратын қызметкер Шоқайдан Уәлиди мен басқа түркі
эмигранттары арасындағы қақтығысты түсіндіруді өтінген. Шоқайдың 1930 жылы 27-
мамырда жазған жауап хатында мынадай жолдар бар: «Валидовтың саяси мәселелер бойынша
кейбір, шындықты айтсақ, көптеген пікірлерінің даулы екендігін біле отыра..., мен Валидовқа
ғылыми сипаттағы мақалалар жазуға мүмкіншілік беруді жақтаймын. Ол ғажап эрудит, біздің
тарихымымызды, этнографиямызды жақы біледі, оның әрбір мақаласы аса құнды және
басылымның мазмұндық әрін күшейте түседі. Ол – өте жақсы эклектик, бірақ, өкінішке орай,
анализге қабілетсіз. Алайда оның біздің халқымыз бен руларымыз туралы жазғандары аса
құнды дүниелер. Валидовтың «татарды жеккөрушілік» және қазақтардың саяси
мүмкіндіктерін асыра бағалаушылық сезімі ауруға айналған (сондай-ақ кейбір татарлар
«валидовты жеккөрушілік» ауруына шалдыққан), ол өзбектерге, яғни, біздің еліміздің
отырықшы бөлігіне қатысты скептицизим, ал кейде ашық түрде салқын қараушылық...
көрсетеді. Оның бұл жеке «қасиеттері» саяси қызметінде де тым айрықша көрініс тапқан.
Түркістандықтар мен татарлар арсындағы үнемі қайталанып отыратын түсініспеушіліктер
осыған байланысты, сондай-ақ түркістандықтардың өздерінде қазақтар мен өзбектерге
бөлінушіліктің болу мүмкіндігін де жоққа шығара алмаймыз. Бұл біздің болашақ саяси
жұмыстарымыз үшін, біздің еліміздің болашағы үшін аса қауіпті жағдай. Валидов біздің
еліміздің ескі тарихының жақсы білімпазы болғандықтан, әрине, ескі салттарды сақтап қалған
тайпа ретінде қазақтарды көшпелі ата-бабалардың «ежелгі қазынасын» жоғалтып алған
өзбектерден жоғары қояды. Жеке қасиеті бойынша жалпы прогресшіл Валидовтің (ол
социалист-революционер... болған) бойында саясатқа келген кезде тарихшы-архивариус
жоғары шығып кетеді. Ол өзінің мұрағаттық білімдерінің қуатты күшінің салдарынан саяси
сауаттылықтың әліпбиін ұмытып кетеді... . Сондықтан, менің ойымша, біздің Стамбулдағы
жолдастар оның ғылыми мақалаларын шын ниетпен қабылдайтын болар, олардың
маңыздылығы және бізге қажеттілігі саяси мақалалардан әсте кем емес. Валидовты – ғылыми
мақалалардың авторын – кезкелген адам құрметтейтін және жариялайтын болады, алайда
Валидов – саяси мақалалар авторы – өте көп қарсылыққа кездеседі» [13].
Шоқай Еуропадағы кеңестік эмигранттар арасында танымал адам және ол жай ғана
саясаткер емес, ғалым ретінде де белгілі болды. Сталин өкіметінің Қазақстан мен Орта
Азияның зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратып, енді бас көтеретін ешкім жоқ деп
тыныштануына Шоқайдың Еуропадағы іс-әрекеті, кеңес өкміетінің саясатын әшкерелеуі бөгет
болды, кеңес өкіметінің Шоқайды аса қауіпті жау санауы да осы себептен туған болар. Олар
146
Шоқайдың түркішілдік идеялары Кеңес Одағы тұрғындарының елеулі бөлігін құрап отырған
түркі халықтарына ықпал жасауынан қауіптенді. 1928 жылы желтоқсан айында КСРО
Орталық Атқару Комитетінің 4-сессиясында Өзбекстан үкіметінің баяндамасын талқылау
барысында Мұстафа Шоқайдың «Түркістан Кеңестердің билігінде» деген еңбегі қатты сынға
алынды. Кеңес өкіметін осы еңбекке қатысты айрықша алаңдатқан жағдай – оған Француз
Социалистік партиясының жетекшілерінің бірі Ренодельдің алғысөз жазуы, онда Түркістан
бұрынғы патшалық Ресей кезіндегідей қазір де отар болып отыр деп көрсетуі еді [14]. Бұл сөз
Кеңес Одағының әлем халықтары алдындағы беделін түсірумен қатар батысеуропалық
қоғамда кеңес өкіметі туралы жағымсыз пікір қалыптастыруы мүмкін-тін.
Түркістанның зиялы өкілдері АҚШ президенті Вудро Вильсонның 1918 жылы қаңтарда
конгреске жазған хатымен – тарихта «Вильсонның 14 тармағы» деген атауға ие болған
құжатпен де жақсы таныс болған сияқты. Бұл құжатты В.Вильсон кейіннен Париж бітім
конференциясында талдауға ұсынып, талдаудан кейін ол Ұлттар Лигасы Жарғысының және
Германиямен жасалатын бітім шартының негізін құрағаны белгілі. Ресейдің қоластындағы
халықтар өкілдері «Вильсонның 14 тармағының» езілген ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы
туралы идеясына айрықша мән берді. Ресейдің бұрынғы отарлары Польшаның, Финляндия-
ның, Балтық елдерінің мемлекеттік тәуелсіздігін алу фактісінің халықаралық құжатта
бекітілуін олар «Вильсонның 14 тармағының» іске асуы деп қабылдады. Сондықтан ресейлік
Шығыстың бірқатар саяси қайраткерлері өз ұлттарының тәуелсіздігін алуына көмектесуін
сұрап В.Вильсонға хат жазған. Кеңестік Ресей Үштік Одақ елдерімен сепараттық келісім
жасап, соғыстан шыққан соң Еуропа елдерінде тұратын кейбір түркі эмигранттары
Германияға келіп, АҚШ президенті В.Вильсонға жазған хаттарын жеткізуге көмектесуді
өтінеді. Солардың ішінде Сәлім Мұса мен Мырзахмет Рахымның да хаты бар. Олар хатты
АҚШ президентіне жіберу үшін Германияның Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған.
«Президент мырза! – деп жазады Сәлім Мұса, – Киргизия халқы Ресейдің ауыр езгісінің
астында жаншылуда, орыстардың жүргізіп жатқан саясаты біздерді қатты қиналтады. Олар
біздің жерімізді тартып алып, орыс отаршыларына бөліп беруде, осылайша біздің халқымыз
қайыршылыққа ұшыратылып отыр. Тығырыққа тірелген кезде біз сіздің Сенатқа жолдаған
хатыңызды естідік. Еділдің жағасынан Қытай шекарасына дейінгі жерді мекендеген халықтың
үміті қайта оянды. Сіздің хатыңыз біздің бойымызда ұлы американ халқы қырғыз халқының
да құқықтарын қорғайды деген сенім тудырды, біз енді Америка осы бағытта әрекет жасай
бастайды деп зор алғыспен күтудеміз». Мырзахмет Рахымның хаты да осындай мазмұнда:
«Президент мырза! Сіз американ сенатына адамзаттың болашағы туралы өзіңіздің
ойларыңызды мәлімдеген кезде бүкіл езілген халықтардың бойында жаңа үміт-тілектер туды.
Сіздің Польшаға тәуелсіздік беру туралы ұсындыңызды біз Ресейдегі көптеген халықтарды
басып-жаншып отырған қандықол тиранияны жоюдың негізі деп бағалаймыз. Ежелден келе
жатқан мәдениеті және еңбекқор халқы бар, тәуелсіздікке жанқиярлықпен ұмтылып отырған
Түркістан елі Сізден Польшаға көрсеткен көмегіңіздей жақсылық әрекет күтеді» [15].
Эмиграцияға кетпей, елде қалған саяси қайраткерлер де Түркістанның тәуелсіздігі
туралы армандарын Еуропа елдерінен көмек алу үмітімен байланыстырған. Бірінші
дүниежүзілік соғыс кезінде тәуелсіздікті аңсаған түркі халықтары үміт көзін Ресей
империясына қарсы соғысып жатқан Түркия мен Германияға тікті. Сондықтан Германияның
түркі халықтарына айрықша назар аударуы бірқатар саяси және діни қайраткерлердің
көңілінен шықты. 1918 жылдың 7-тамызында Ресей мұсылмандары Орталық кеңесінің
мүшелері О.Тоқымбет пен Ю.Мұзаффар Германияның Сыртқы істер министрлігіне хат жазып,
Ресей империясының қол астындағы түркі халықтарының ұлт-азаттық күресіне көмек
көрсетуді өтінген. Хаттың авторлары Ресейдегі түркі халықтарының ұлт-азаттық күресі
туралы, олардың патша өкіметі құлағаннан кейін дербес ұлттық мемлекеттер құрғаны туралы
жазады. Хат: «Финляндия, Польша, Украина халықтары тәуелсіздік пен азаттық алып
отырғанын еске алсақ, онда түркі халықтарының да азаттыққа құқығы бар ғой»
6
, – деген
сөздермен аяқталған [16].
147
1918 жылдың қазанында Түркістан автономиясы парламентінің бұрынғы төрағасы
С.Лапин емделу мақсатымен Берлинге келеді. С.Лапин Неміс шығыстану институтының
қызметкерлерімен кездесіп, Германияның Мемлекеттік хатшысына Түркістанға көмек көрсету
туралы өтініш жасау ниетін білдіреді. Олар С.Лапиннің хатын мемлекеттік хатшыға тапсыруға
жағдай жасайды. С.Лапин хатында большевиктердің Түркістандағы саясатына жан-жақты
сипаттама бере отырып, Түркістан үшін ең маңызды мәселе мемлекеттік егемендік алу
мақсаты іске аспай отырғанын атап көрсетеді. «Айрықша маңызды мәселе – Түркістанның
өзін-өзі билеу мәселесі шешілген жоқ, – деп жазады С.Лапин, – Егер Түркістанды
большевизмнен чехословак корпусы немесе ағылшындар азат етсе, ол Англияның
протекторатына айналады. Германия – Түркияның одақтасы, ал Түркістан үнемі Түркияға
бағдар ұстайды» [17].
Бірінші дүниежүзілік соғысты қорытындылаған және Ұлттар Лигасын құрған Париж
бітім конференциясында ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы жарияланды. Австро-Венгрия
империясы құрамынан бөлініп кеткен жас мемлекеттер және Ресей империясынан бөлінген
Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Польша Париж бітім конференциясының шешімдерімен
ұлттық егеменділігінің заңды түрдегі кепілдігін алды. Бұл Еуропадағы түркістандық
эмигранттардың ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі туралы үмітін күшейте түсті. Алайда Батыс
елдері Түркістанға, жалпы Орыстық Шығысқа ұлт-азаттық күресінде көмек беруге асыға
қойған жоқ. Өйткені жеңілген Төрттік Одақтың Шғыстағы отарлары мандаттық жүйе
бойынша жеңімпаз елдерге бөлініп берілді, ал Антанта елдерінің Шығыстағы отарларының
тәуелсіздігі туралы мәселе күн тәртібіне мүлде қойылған жоқ. Демек, Түркістан мен Кавказ
евроцентристік әлемде Польша, Финляндия, Прибалтика және оңтүстік славян халықтарының
қатарына қойылмай, отарлық Шығыс ретінде бағаланды. Париж конференциясын
ұйымдастырушы Антанта елдері Ресейдің ең ірі отарлары – Түркістан мен Кавказдағы
халықтардың тәуелсіздігін алуына халықаралық кепілдіктер берген жоқ. Большевиктер
қарудың күшімен бес жыл ішінде ұлттық күштерді талқандап, Ресей империясының
ыдырауын тоқтатты. Бұл оқиғалар отандық және шетелдік зерттеулерде Ресейдегі азамат
соғысы ретінде сипатталады. Ал шындығында Ресей империясын ыдыраудан сақтау үшін
жүргізілген күрес – азамат соғысына жатпайтын, бөлекше құбылыс. Азамат соғысы – ақтар
мен қызылдар арасында Ресейдегі өкімет билігін алу үшін жүргізілген қарулы күрес. Өзара
күресіп отырған ақтар мен қызылдарға ортақ сипат – екі топ та Ресей империясын сақтап
қалуды көздеп, Түркістанда, Кавказда, Еділ-Орал бойында, т.б. аймақтарда құрылған тәуелсіз
ұлттық мемлекеттерге (немесе ұлттық автономияларға) қарсы күрес жүргізді. Азамат
соғысында ақтарды жеңіп, өз билігін сақтап қалған большевиктер ұлттық мәселеде екіжүзді
саясаты жүргізді. Бір жағынан, олар Ресей империясынан бөлініп кеткен және халықаралық
аренада тәуелсіздігі мойындалған еуропалық жас мемлекеттерден басқа жерлердің барлығын
қайта біріктірді де, Кеңес Одағын құрды. Екінші жағынан, барлық ұлттардың өзін-өзі билеу
құқығын жариялады. Бұл идеяны большевиктер әуелі Уақытша үкіметке, одан кейін «ақтарға»
қарсы қарсы күресте жергілікті халықтарды өз жағына тарту үшін пайдаланды. Большевиктер
өкімет билігін алған бойда жарияланған «Ресей халықтары құқықтарының декларациясында»
ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының өрісі кең екендігі, олардың бөлініп шығып дербес
мемлекет құруға да құқығы бар екендігі айтылды. Алайда іс жүзінде Кеңес Одағы бұрынғы
Ресей империясының тікелей мұрагері болды, ұлттық автономиялар түгілі, одақтас
республикалардың өзі айтарлықтай құқықтарға ие болған жоқ.
Кеңес өкіметі 1921 жылдың 15-желтоқсанында КСРО төлқұжатын 1922 жылдың 1-
маусымына дейін алмаған эмигранттар Кеңес Одағы азаматтығынан айырылады деп
мәлімдеді. Мұстафа Шоқай және басқа бірқатар түркі эмигранттары шетелге эмиграцияға
кеткен кезде Кеңес Одағы құрылған жоқ, демек, олар КСРО азаматы емес болатын, ол 1922
жылдың 1-маусымына дейін олар кеңестік төлқұжат алған жоқ. Олардың отаны Кеңес Одағы
немесе Кеңестік Шығыстың жеке-жеке республикалары емес, 1924 жылға дейінгі тұтас
Түркістан (Батыс Түркістан) болатын, олар осы отанының азаттығы үшін күресті, әрине,
148
олардың кейбіреулері тәуелсіздік жолындағы күресте одақтас ретінде Германияны таңдады,
бұл адасудың да өзіндік объективті себептері бар. Бұл мәселе жеке талдауды қажет етеді, әйтсе
де себептердің бірі ретінде дүиежүзілік соғыстар аралығындағы Кеңес Одағы мен
Германияның жақындасуы, 1939 жылғы КСРО мен нацистік Германияның ынтымақтастық
және достық келісімдері, 1939-1941 жж. Кеңес баспасөзінің фашистердің орнына социал-
демократтарды, гитлерлік Германияның орнына Батыстың демократиялық елдерін айрықша
жамандауы сияқты фактілерді атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |