Национальное воспитание



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата13.02.2017
өлшемі2,29 Mb.
#3989
1   2   3   4   5   6   7

Əдебиеттер 

1. inform.kz/rus/article/2798110

2. BNews.kz материалдары 

3. «Егемен Қазақстан» газет.11.02.2015. 



28

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

ƏОЖ 37.014.3

М.А. Нуриев 

Қазақстан Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры

А.Е. Садыкова 

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті 

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЫ– ҰЛТ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Мақалада отандық білім беруді білім алушылардың интеллектуалды əлеуетін жетілдіру 

идеяларымен  модернизациялау  мəселесі  қарастырылған.  Ұлттық  білім  беру  жүйесін 

қалыптастыру  жəне  оның  тиімділігі  мəселелері  нақты  мысалдар  арқылы  жан-жақты 

берілген. Ұлттық білім берудің маңызды компоненттері мен басым бағыттары ұсынылған.

Түйін сөздер: ұлттық білім, қоғамдық пəндер, білім алушы, интеллектуалды əлеует, мо-

дернизация.

В статье рассматриваются вопросы модернизации отечественного образования в Респу-

блике Казахстан. Анализируется наиболее важных приоритетов отечественного  образова-

ния и  использования национальной рамки и даются рекомендации по ее развитию. Показа-

но, как рамки могут использоваться в качестве основы обновления системы отечественного 

образования и модернизации национальной системы. Так же рассмотрен опыт, положитель-

ные и спорные моменты введения уровневой отечественного образования, проанализирова-

ны перспективы развития национальное образовательной деятельности в русле Болонской 

декларации при сохранении национального воспитания, удовлетворяющей потребности об-

щества и интеллектуальный потенциал личности в качественном и доступном образовании.

Ключевые слова: национальное образование, социальные дисциплины, учащиеся, ин-

теллектуальный потенциали, модернизация.

The article deals with the issues of modernization of national education in the Republic of 

Kazakhstan. It analyzes the most important priorities of the national education and the use of 

the national framework and makes recommendations for its development. It is shown how the 

framework can be used as the basis of the national education system upgrade and modernization 

of the national system. Just consider the experience, both positive and controversies tier national 

education administration analyzed the prospects for the development of national educational 

activities in line with the Bologna Declaration, while maintaining national education that meets 

the needs of society and the intellectual potential of the individual in the quality and accessibility 

of education.

Keywords: national education, social sciences, students, intellectual potential, modernization.

Бірың ғай білім беру кеңіс тігін дегі ғалам-

дық  жəне  аймақтық  мəселелер  шеңберінде 

қоғамды  интеллектуалды  бағытта  дамы ту 

бағдарында  білім  беру  үдерісін  модерни-

зациялау – қазіргі  педагогика  ғылымында 

басымдыққа  ие.  Оның  қалыптасу  тарихы 

ұзақ, бұрын білім беру мен оқытуды жетілдіру, 

реформалау тұрғысынан зерттелді, отандық 

жəне  шетелдік  ғылым  өкіл дерінің  на  з ар-

ын  ау дар  ды.  Біз  дің  ел іміздегі 50-80 жыл-

дар да  отандық  білім  беруді  реформалау ға, 

білім берудің мазмұнын модернизациялау ға, 

белсенді  оқыту  əдістерін  енгізуге  көп теген 

ұмтылыстар болғанын айтып кеткен жөн.

Отан дық білім беруді білім алушылар дың 

интеллектуалды  əлеуетін  жетілдіру  идея-


29

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

лары  қазір гі  кезең де  оны  модернизация лау 

мəс елесіне ай налды. Оның аса маңыз ды бі-

лім бе ру стра тегияларына мын алар жа тады: 

жалпы кəсіби білім берудің сапасын арттру, 

оның  даму  жағ дайларын  қамтамасыз  ету, 

білім беру бағ ытына, бағ а лау, ын таландыру 

сая   сатының фор ма сының за манауи кел бетін 

қалып  тас тыру.  Аталғ ан  мəселенің  маңыз-

дылығы елі міз дің интел лектуал ды бол  масын 

қа лып тас тыру үшін ұлт тық білім беру жүйе-

сін  қалыпт ас тыру,  оның  тиі м ділігін  арт-

ты ру,  отандық  ғылымның  ин новациялық 

əлеу етінің  дамуын  қам тама сыз  ету  қажет-

тіл іктерімен  бай ланысты,  мұның  бар лығы 

за ман ауи маман дар ды əлем дік дең гей ге сай 

білім  деңгейі  жоғ ары  етіп  дая рлау ды  қажет 

етеді.  Қай  уақытта  да,  Қай  ұлттың  болсын 

көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азамат та-

рын тол  ғандырып кел ген өзек жар ды мəсе ле-

лердің бірі – ұлттық білім беру. Қазір гі кез де 

біздің  Республика мы зда  білім  берудің  жа ңа 

жүйе сі  жаса лып,  əлем дік  білім  беру  кеңіс-

ті гі не  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  педа гогика 

теория  сы мен оқу-тəрбие үр дісін дегі елеу лі 

өз  герістер ге байланысты болып отыр. Білім 

бе ру  парадиг масы  өз герді,  білім  беру дің 

жаңа мазмұны пайда болуда.

Қазір Республика ның оқу орын  дары, педа-

гогикалық ұжымдары ұсыны лып отырған көп-

нұс қалық қа  байланыс ты  өз  дері нің  қалауына 

сəй кес кез кел ген үлгі бойын  ша қыз мет етуі-

не  мүм  кіндік  ал ды.  Бұл  бағыт та  білім  беру-

дің  əр түрлі  нұс қадағы  мазмұны,  құрылы мы, 

ғы лым ға  жəне  тəжірибеге  негізделген  жа ңа 

идея лар, жаңа тех нологиялар бар.

Қазіргі білім беру саласын дағы оқытудың 

озық технология ларын меңгер мей   ін ше са-

уа т ты,  жан-жақты  маман  болу  мүм кін  ем-

ес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  оқушы-

н ың  ин  тел   лек туалдық,  кəсіптік,  адам   гер-

ші  лік,  рухани,  аза мат   тық  жəне  де  бас қа 

көп    т еген  адами  келбеті  нің  қалып тасуы  на 

игі  əсерін  ти гі зеді,  өзін-өзі  дамы  тып,  оқу-

тəр бие  үрді  сін  тиім ді  ұйым дастыруына 

көмек  теседі.  Ел ба сымыз  Н.Ə.Назарбаев тың 

«Қазақстан-2050»  Қазақс тан  хал   қына  ар-

нал ған  жол     дау ын да  «Біздің  жас  мемле ке ті-

міз  өсіп- же т і  ліп,  кемел   дене ді,  біз дің  бала-

лары мыз бен не ме ре  лері  міз оны мен бірге ер 

жетеді. Олар өз ұр  па ғы ның жа уап  ты да жіг-

ер лі,  бі лім  өрі сі  биік,  ден  саулық тары  мық-

ты  өкіл 

  

дері  болады.  Олар  баба  лары ның  игі 



дəс  түр  лер ін сақ  тай отыр ып, қазір гі заман ғы 

нарық тық эко  номи ка жағ  дайын да жұмыс іс -

теу  ге даяр. Олар қа зақ, орыс, ағылшын тіл-

дерін  ер кін  меңгереді,  олар  бейбіт,  жылдам 

өр кен  деу  үс  тін дегі  күллі  əлем ге  əй  гі лі,  əрі 

сы й лы,  өз  елінің  патриоттары  болады» [1], 

-  деп  көрсетілген дей-ақ,  ер теңгі  келер  күн-

нің бүгінгі ден де нұр лы болуы на ық пал етіп, 

адам  зат  қоға м ын  алға  апа ратын  күш  –ұлт-

тық білімде. Қай ел дің бол мас ын өсіп өр  кен-

деуі, өр  кениет ті дүние де өзіндік ор ын алуы, 

оның  ұлт тық  білім  жүйе сінің  деңгейі не, 

даму бағытына бай ланысты.

Қазіргі  заманғы  қоғам  даму ы ның  əр-

еке ті,  əлем  дік  жəне  отан  дық  педа  гоги ка, 

психология  ғылым дары ның  жетіс  тік  терін, 

əсіре се,  дамыта  оқыту,  студен т тер  д ің  даму 

ерек шелік тері туралы мəселе лер, ұзақ жыл-

дар  бойы  екшеліп  жинақ тал ған  жо  ғ ары 

оқу  ор ын   дарында  білім  беру  мақ  саты   ның 

приоритеттерін  түбегей лі  өз герту  қаж етті-

гін  туғызды.  Бірінші  кезекке,  бұрынғы ша 

студент  ті  пəн дік  білім,  білік,  дағ дылары-

ның белгілі бір жиынтығымен қарулан дыру 

емес,  оқу  əреке тін  қалып тас  тыру  негізін де 

студенттерге  жеке  бас  тұлғасын  тəрбиелеу 

мақсаты  қойылды.  Білім  беруде  студенттің 

тəрбиесі  мен  дамуына  приоритет  берілуі, 

сондай-ақ,  Қазақстан  Республика сы  Білім 

Заңына  орай  оның  қызметіндегі  өзгерістер 

студенттер ге  сапалы  ұлтт ық  білім  беру 

бағдарламаларын енгізуді талап етеді.

Қазақстан  Республикасында  білім  беру ді 

дамытудың  «Интеллектуалды  ұлт – 2020» 

мемлекеттік бағдарламасы [2] негізін де білім 

берудің  мазмұнын  жаңарту  жəне  балалар-

ды оқыту мен тəр бие леу сапа сын жетілдіру, 

еліміздің  əлеуметтік-экономикалық  жəне 

саяси  жағ дайлары  дамыған  ел дер дің  озық 

тəжірибесіне  сəйкес  мамандарды  қайта  да-

ярлау  жөнінде  шаралар  қолдануды  қажет 

етеді:


• 

өз бетінше білім алу жəне оны прак-

тикада қолданудың қажеттілігімен дағ ды сын 


30

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

қалып тастыру ға,  таным ның  ғылыми  тəсіл-

деріне мақ сатты жəне жүйелі түр де баулуға;

• 

оқушыны  жеке  тұлға  жəне  қызмет 



субъектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды 

бағдарларын қалыптастыруға;

• 

ұлттық  мəдениетті  құрмет  тұтуға 



тəрбиелеуге жəне басқа да мəдени бастама-

лардан нəр алуын бойында қалыптастыруға;

• 

жалпы  негізгі  білім  беру  сатысында 



бейім алды даярлықты жəне орта білім беру 

сатысында  бейімді  оқытуды  қамтамасыз 

етуге бағыталатын болады.

Сонымен,  əлемнің  озық  ел дерінің  бі-

лім  процесін дегі  тə жіри бесі  мен  өзі міз дің 

мен талитетімізге  сай  білім  беру  моде лін 

ұсынуымыз қажет тігі – бүгінгі күн тала бына 

айнал ды. Енді осы ұлттық білім беру қан дай 

ком поненттер ден  тұрады  деген  сұрақ қа  ке-

лер болсақ, олар келесі басым бағыт тар дан 



тұрады: 

1)  Елбасының  білім  беруге  қатысты 

идеялары жəне оны жүзеге асыру жолдары;

2)  Мектептік білім беру қолданысындағы 

оқу  бағдарламаларына  «Мəңгілік  ел» 

құндылықтарын енгізу;

3)  Кəсіптік  жəне  ЖОО-ның  білім  бе-

ру  қол даны сын дағы  оқу  бағ дарламалары на 

«Мəңгілік ел» құн дылықтарын енгізу.

Осы басым бағыттарға негізделген ұлттық 

білім беру жүйесі келесідей басты ұғымдар 

мен құндылықтардан тұрады:

1  Əр  адамның  жəне  жалпы  қоғам  ның 

ал дында  нақты  айшықталған  арман  мен 

мұрат болуы керек, соған қарай қоғам бірі ге 

ал ға ұмтылады. Мұнда басты орынды рухни 



құндылықтары  иеленіп,  одан  кейін  бар ып 

экономикалық құн дылықтар адамның негіз-

гі  мақсаты  ретінде  таны луы  тиіс.  Бүгін  гі 

күні ол арман қазақ халқының мүддесі мен 

ұлт  тық ерек шеліктерін негізге алған, бір ұтас 

Қазақстан  халқы  болып  басы  біріккен,  қо-

ғам   мен өзара жауап кершілікте болатын кəсі-

би  мемлекет те  өмір  сүретін  жеке  адам  ның 

өз  мүмкіндігіне  сай  жетістікке  қол  жеткізе 

алу ын қамтамасыз ете алат ын аза мат  тық қо-

ғам құру идеясы болуы тиіс. Мұн   да ғы басты 

ак цент  дара  лыққа  емес  қоғам  дық  мүд де ге 

сай өмір сүруге жаса лынуы қа жет. Ол үшін, 

бірін ші ден – ел бір лігі; екін ші ден – эко но ми -

каның  бəсе кеге  қабілет тілігі;  үшін ші ден – 

ин теллектуалдық  жасам паз  қоғам;  төртін-

ші ден – өр кениетті мем ле кет тұғыр лары на 

негізделуі тиіс. 

2  Қазақи  ру хы  биік  ұлт тық  идеян-

ың  қа  л ып  тасуында  тарих  пен  мəде  ни ет, 

 əлеу меттік  тəжірибелердің  маңызы  зор. 

Ел  дің өзін дік ерек шелік   тері мен тари хи тағ-

дыры ескерілуі қа жет. 

3  Қазақ тың  ұлттық  құндылық  тар-



ын  жаңғырту    бүгінгі    мемлекет тен    өзінің 

ішкі    жəне  сыртқы  саясатын  ұлттық  сипат-

та жүргізуді талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа 

жаһан дық  демократия лық  құн дылықтар  дан 

бас тарт пай, осы жаңашыл дықты қалыптас-

тыр уда  қазақтың  дəстүрлі  құндылықтарын 

жаңғырта отырып, ұлттық қорға, яғни, ұлт-

тық тəрбиемізге сүйену. Қашан да мемлекет 

алдыменен  адамның  кісілік  қасиеттеріне, 

тұл ғалық  құндылықтарға  мұқтаж.  Кісілік 

қа сиеттері  дегеніміз  түсінік,  адамгершілік, 

білім ділік, табандылық, адалдық. Тұлға лық 

құн  дылықтар  ол  мемлекеттің  мүддесі,  тілі 

мен  діні,  тарихы  мен  мəдениеті,  даналығы 

мен  өнері,  ғылымы  жəне  тағы  бас қа лары. 

Осы  екі  құндылық  көздері  адам ның  қасие-

тімен, адамгершілік рухымен келетін дүние. 

Елдің  тəуелсіздігі,  тəуелсіздіктің  мəңгі  əрі 

ба ян ды болуы адамның ұлттық қасиеттеріне 

не гізделген құндылықтарда. 

4  Елбасымыз көтерген ұлт болашағы на 

негізделген  «Мəңгілік – Ел»  идеясы  тарих-

тан  ал шақ  кетпейді,  бүгінгі  уақыт  талабы-

на сай тарихи танымдық, ұлттық дең гей  де-

гі мəдени құндылықтарға ие, саяси бағы ты 

терең ұғым. 

5  Ұлттық  руханиятымыздың  өзегі – 

мемлекетт ік  тіл  мəртебесіне  ие  қазақ  тілі. 

Мемлекет тік  тіл – азаматтық  сəйкес т ік тің 

бас ты  нышандарының  бірі.  Ана  тіл ді  кө-

теру мен  қоса  өзекті  болып  отырған  «Үш 

тұғыр лы тіл» идея сын да қол дауы мыз қа жет. 

6  Мəңг ілік  ел  болуға  жетелей  тін 

бағыт тар дың  бірі – дін.  Бүгінгі  күні  жал-

пы  жұрт шы  лық  дəстүрлі  дініміз  дің  қай нар 

бұлағынан су сын   дау ға мұқ таж. Се бебі, неше 

түр     лі  мə дени,  діни,  эко  номикалық  тоғы-



31

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

суларда жас  тары  мыз өз дінінен адасып, түрлі 

діни  ағым  дар  мен  секталар дың  жетегін де 

кетіп  жат қаны  жасыр ын  емес.  Сон дық  тан 

да, тұлға ның ой-санасы таза болу үшін, ата 

дəс  түрі міз  бен  салт-санамыз  ға  негіздел  ген 

дін  мен  рухани  сусын дау  қа жет.  Дін ді  салт-

дəс түрі міз ге қар сы қойып, рухани аз  ғындау -

ға ұшыра  тып жат қан діни секталар мен неше 

түр лі ағым дар дың көп тігінен бас айналады. 

Баланы  ата-анасына,  əке  мен  шешені  туған 

ұр пағына  қарсы  қой ған  ұс танымы  түсінік-

сіз,  тұман ды  болашақ қа  жетелей тін  мұн дай 

«адасулар дан» шығар бірден-бір жол – ақиқат 

жолы.  Ұлттық  дəстүріміз  бен  тəрбиемізге 

негізделген  дін  екендігін  жеткіншек  ұрпақ-

тың санасына жеткізіп, ұғындыру.

Осылай ша «бір мақсат, бір мүдде, бір бола-

ш ақ» арқылы ұлттық ин теллеген ция негіз ін 

қалып  тастыра мыз.  Сөй тіп,  елбасы  айт  қан 

«Мəңгілік  ел»  идеология  сын  жүзеге  асыру-

дың бір тетігі – ұлт тық білім беру моделі нің 

жүй е   лен  ген жо ба сын жа сап шығуға болады.

Педа гоги калық  тех нология лар  білім  бе-

ру  ай  мағына  қатысты,  егер  білім  берудің 

мақсаты – білім жүйе лерін меңгеру ретін д е 

анық тал са, ал, ұлт тық білім беру  дегі не гізгі 

мақсат – жо ғарыда атал ған ба сым ба ғы

 

т тар 



негізінде білім нің са пасы мен көлемін мең-

гер ту  жəне  ұлттық  ин телеген  ция  қалып тас-

ты ру болып табылады. 

  Швейцария,  Германия,  Англия  мен 

Америкада  білім 3 түрге  бөлінеді:  қажетті, 

пайдалы,  ұнамды.  Соның  ішінде  ұлттық 

білімнің  негізіне  қажетті  білім  алынады. 

Қажетті білім баланың жанына, ең алдымен, 

негіз болып ұялаулы тиіс. Əр адамға сондай 

қажетті  білім  болып  табылатын:  өз  тілінде 

оқи білу,жаза білу,санай білу,өз дінінің негізі 

мен өз Отанын білу. 

Мұның  бүгін гі  ұлт тық  мек тептер ге,  со н-

ың ішін де жаңа дан қалып тасып келе жатқан 

Қазақстан дағы  ұлт тық  білім  беру ге  де 

тікелей қатысы бар.

Білім  беру  дің  «жансыз»,  дə р    мен  сіз 

болуы        ның  басты  себебі – ұлттық  сипа ты 

мен  дербес тігінің  жоқтығында.  Əрбір  бі лім 

бе ру  орны  адам  тəрбиелеу ді  жалпы  мін  дет 

тұтса, ел ал дымен, оны белгілі елдің азама-

ты  қылып,  сол  қоғам ның  талабына  сəй кес 

тəрбиелеу ге  міндет ті.  Бағыт – сол  ұлт тың 

мінезі мен бол мысы жал пыға бір дей тəуелді 

бол уы тиіс. Білім беру жүйесі қо ғам  дық күй-

зеліс  жағ дайын да,  дəс түрлер дің  құлдырап  

тұр ған кезінде отбасы ның жоғалт қан кейбір 

міндет терін  өзі не  алып,  ұлт тың  əлеуметтік 

денсаулы ғын  сақ тап  қалу  керек.  Ол  үшін 

білім беру жүйесі ұлт тық деңгейде болуы қа-

жет. Білім мен тəр биенің негізі мін  детті түр-

де ұл ттық болмай, өз отаны ның ал дын да ғы 

боры шын  өте мей,  жа л пы  адам затқа  қызмет 

іст еу мүмкін емес. Осы тұс та орыс тың ға л-

ым -педагогы С.И.Гессен нің: «Егер білім бе-

ру жүйесі ғылымдық, көркемдік жəне адам -

гершілік  талаптарға  сай  келсе,  сон да  ғана 

ол шынайы ұлттық болып есептелуі ке р    ек» 

деген пікірі ойды толықтыра түседі. 

Ұлт  бола шағы  мен  ұлт  өкілі нің  тағ дыры 

бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне тəу-

елді. Сондық тан, елі мізде ре спублика көле-

мін де ұлт тық білім беру – ұлттың болашағы-

на  сəуле  шашу мен  тең.  Бір  кезде  Шоқан, 

Ибырай,  Абай  көтер ген  ағарту шылық  қоз-

ғалысты ХХ ғ. басында Ахмет Байтұрсынов, 

Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатов, 

Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтар 

жалғастырды [3]. Қазақ халқының іргелі ел 

болуы  үшін  олар  ұлттың  тілі  мен  əдебиеті, 

мектебі  мен  баспасөздің  аса  қажет  екеніне 

барша жұрттың назарын аударды, білім беру-

дің ұлттық жүйесі болу үшін онда сол халық-

тың қаны мен жаны, рухы болуы тиіс деді. 

Мəселен, Міржақып Дулатов: жалғыз құрғақ 

білімді үйретіп қана қоймай, біліммен бір ге 

жақсы  тəрбиені  қоса  беру  керек  екен ді гіне 

назар  аударды.  Соның  негізінде  «балқыған 

жас  баланың  ойына,  қанына,  сүйегі не  ұлт 

ру хын  сіңіріп,  ана  тілін  анық  үйре тіп  шы-

ғару»  ұстанымын  алға  тартып,  қазіргі  ел-

ба сы  көтеріп  отырған  ұштұғырлы  тіл  сая-

саты ндағы  мемлекеттік  тіл – ана  тілінің 

мəр    тебесін анық таса, Жүсіпбек Аймауытов: 

«Баланың  тіл  байлығын  арт тыру ға,  еркін 

сөй   лей  білуі не  көңіл  бөлу  бас қа  тіл дер-

дің  тіл  үй рену ге  көмекші  құрал  болуын 

қа ра  с  тыру  керек», - деп  басқа  тілдер ді  үй-

ре ну  қажеттігіне  мəн  берген.  Ал,  Мағжан 


32

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

Жұмабаев  болса, «Əрбір  ұлт тың  баласы  өз 

ұл  ты  ның  ара сын да  өз  ұлты  үшін  қыз мет 

қы ла тын  бол ғандықтан,  тəрбие ші  баланы 

сол ұлт тəр биесімен тəрбиелеуі тиіс», - деп, 

ұлт тық  тəрбие  мен  ұл ттық  идеология н ың 

қажеттігін сол кезде-ақ ай тып кет кен. 

Жо ғары да  атап  көр сетіп  кет кен  ұлт тық 

білім  беру  жүйе сінің  тірегі – «мəңгілік  ел» 

құн дылықтарын  сонау 20 ға сырд ың  ба сын-

да  қазақ  зиялы ларының  бір қатары:  Ахмет 

Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов тар  өз  ең-

бек терін де  талай  мəр те  көтер  ген  бо латын. 

Мə селен,  А.Байтұрсынов  ұлт   тық  білім 

бе ру – оқу-жазу,  дін,  ұлт  тілі,  ұлт  тари-

хы,  есеп,  шаруа-кəсіп,  қолөнер,  жағрафия, 

жар а тылыс  ілім  дері мен  ба ғ дарлануы  тиіс-

тігін,  ал  М.Дулатов: «Əдебиет ті,  тарихты 

жəне  география ны  бір ік тіріп  (интеграция-

лап) «Біздің  Отан»  деген  атпен  оқы ту 

қажет.  Өлкенің  география сын  оның  тарихы 

мен  əде биеті нен  бөліп  қарау ға  болмайды. 

Ал ды мен  балаларды  күнделік ті  өмір дің 

тұрмыс-салты,  тіршілігімен  байланысты  өз 

жұртының тарихын оқыту дан бастаған жөн» 

жəне  «Мұндай  балалар  мектеп  бітір ген нен 

кейін қай жұр т тың арасында жүр се де, сүйе-

гіне сіңген ұлт рухы жасымайды, қайда бол-

са да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгеріс-

тер  көрсе  де  ұлт  ұлы  болып  қалады»деген 

ұтымды тұжырымды ұсын ған. 

Сонымен,  ұлт тық  білім  мазмұны  қандай 

болуы  тиіс  деген  мəселелер ді  жоғары  да-

ғы  ғалым  дардың  пікірін  шетел  ғалымы 

А.Я.Данилюк тың пайым дауы мен тоғыстыр-

сақ, «Ұлттық  білім  беру – оқушылар дың 

əлемдік  мəдениет  ая сын дағы  ұл ттық  мə де-

ниетті меңгеру ге, соны мен қатар, оны шы ғ-

ар ма  шылық тұрғыдан дамытуға ба ғытталған 

əлеу  мет тік  қызмет  ат  қаратын  білім  жүйесі-

нің гуманитарл ық құрам дас бөлігі». Демек, 

ұлттық  білім  жүйесі нің  негізін  қалайтын – 

гуманитарлық пəн дер болып табылады екен. 

Ал,  гуманитарлық  білім  жүйесінің  басты 

міндеті – объективтік тарихи-мəдени үрдістің 

сəйкес келуі мен қатар, отандық мəдениетте 

оқушылар дың танымын қалыптастыру.

Сонымен, ұлттық білім жүйесінің негізін қалайтын пəндер қатары.

1-тірек-сызба


33

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Бұл  пəндер  Отан дық  мəдениет  ті  сол 

қал  пын да  сақтап  қана  қалмай,  оның  даму-

ын  қамтама сыз  етеді.  Бұл  пəндер  арқылы 

ұрпақтан-ұрпаққа  тарихи-мəдени  үрдістер 

өз жалғасын тауып отырады.

Ұлттық  білім  беру  үздіксіз  түрде  жүріп 

отыруы тиіс. Ол үшін, білім берудің барлық 

сатыларында  жүйелі  жалғасып  жатуы  тиіс. 

Мəселен (2-тірек-сызбаға назар аударыңыз):

2-тірек-сызба. Ұлттық білім беру моделінің жобасы

Бұл тірек-сызба дан көріп отыр ғанымыз-

дай,  бірың ғай  ұлттық  білім  беруде  тө мен-

дегідей мақсатқа қол жеткіземіз:

-  оқушылар дың  ұлттық  санасын  қалып-

тастыру;


- халқына деген құрмет, мақтаныш ұялату, 

ұлт тық рухын дамыту;

-  ана  тілін,  дінін,  тарихын,  мəдение тін, 

өне рін, кəсібін меңгертіп, салт-дəстүрін, мə-

де ни мұраларын қастерлеу;


34

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

-  шыдам дылық,  жинақылық,  намыс шыл-

дық, сенімділік мінездерін қалыптастыру;

- сұлулықты, тазалықты сүйетін, салауат-

ты,  ұлт  алдында  ерекше  істерді  шешу  ге 

қа білет ті,  іскер,  білімді,  жауапкершілікті, 

текті, алғыр тұлға тəрбиелеу.

Нəтижесінде,  терең  теория лық  білімді, 

бі лікті, ұлттық игіліктерді, адамзат тық құн-

ды       

  

лық  тар  мен  рухани-мəдени  мұра лар  са-



бақ   тас тығын  сақтай  отырып,  ой-өрісін, 

дүние  таны мын  кеңейте  білетін,  тəрбиелі 

ұлт  азаматы, «толық  адам»  тұлғасына  қол 

жеткізе   міз.  Солайша,  ұлттық  интеллеген-

ция  ны қалыптастыратын боламыз.

Қорыта  айтқанда,  басқаның  мəдениетін 

өз  мəдениеті  арқылы  қабылдау  қағидасы 

жүзеге асырылуы тиіс. Немесе өзін-өзі сый-

лай алмаған, өзгені құрметтемейді. Өткенге 

салауат айтып, болашаққа үмір артпаған – өз 

елі   нің  патриоты  бола  алмайды.  Сондықтан 

да, алдымен баланың жан дүниесін, көкірек 

көз ін тазалап, рухани тəрбие сіңірмеген соң, 

оған  математиканы  ұқтырып,  не  шет  тілін 

жаттатып не керек?

Демек, ұлттық білім беру деп – өз ұлтының 

тарихын,  төл  мəдениетін,  туған  тілі  мен 

əдебиетін, ұлттық ділі мен дінінен хабардар 

етіп,  əр  білімгерді  жастайынан  ұлтжанды 

етіп  тəрбилеуге  бағытталған  білімді  айта-

мыз.  Оның  басты  белгісі – халықтың  ұлт-

тық  рухының  болуы.Ұлттық  білім  барлық 

жұмыс  түрлерінен,  білім  берумен  қатар 

тəрбие жұмыстарының барлық         мазмұнынан 

көрінуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет