Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет14/43
Дата03.03.2017
өлшемі3,94 Mb.
#5588
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43

 
ЛИТЕРАТУРА 
 
[1]  Мушинский  В.О.  Правовое  государство  и  правопонимание //Советское  государство  и  право. – 1990. – № 2.– 
С.21-27.  
 [2]  Баймаханов  М.Т.  Проблема  этатизма  и  ориентация  на  преимущественное  использование  правовых  ценностей 
//Правовая реформа в Казахстане. – 2009.– № 3.– С.5-8. 
[3]  Вайсберг  Л.М.  Идея  правового  государства  и  проблема  этатизма //Известия  АН  КазССР.–  Серия  общ.  наук.– 
1989. – № 5.– С.21-28. 
[4] Злотников С.М. Правовое обеспечение институтов гражданского общества в Казахстане // Правовая реформа в 
Казахстане. – 2013.– № 1. – С.6-9. 
[5] Петрова Л.В. О естественном и позитивном праве // Государство и право. – 2015. – № 2. – С.32-41.  
 
REFERENCES 
 
 [1] Mushinskiy V.О. Law-abiding state and legal understanding // Soviet state and law. – 1990. – Vol. 2.– P.21-27 (in 
Russ.). 
[2] Baimakhanov М.Т. Problem of etathizm and orientation on using of the legal values // Legal reform in Kazakhstan. – 
2009.– Vol. 3.– P.5-8. (in Russ.). 
[3] Vaisberg L.М. Idea of law-abiding state and problem of etathizm // News Of National academy of sciences.– Series of 
public sciences.– 1989. – Vol. 5.– P.21-28 (in Russ.). 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016  
 
 
99 
 [4] Zlotnikov S.М. Legal supplement of the institutions of the civil society in Kazakhstan // Legal reform in Kazakhstan. – 
2013.– Vol.1. – P.6-9 (in Russ.). 
 [5] Petrova L.V. About natural and positive law // State and law. – 2015. – Vol.2. – P.32-41 (in Russ.). 
 
З.К. Аюпова
1
, Д.Ө. Құсайынов
2
  
 
1
ҚазҰАУ, құқық кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
2
 Абай ат. ҚазҰПУ, саясаттану жəне əлеуметтік-философия пəндерінің жалпы университеттік 
кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
 
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ 
МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ 
 
Аннотация.  Құқықтық  жүйе  қазіргі  посттоталитаризмнен  кейінгі  елдерден  қоғамның  саяси  ұйымы 
сияқты  ерекше  қоғамдық  жүйе  ретінде  қалыптасқан.  Құқықтық  жүйе  қоғам  дамуының  басқа  да  фактор-
ларымен қарым-қатынасында еркін жəне өзі-өзіне толысқан, əрі алғышарт ретінде кездесетін фактор болып 
есептеледі.  Құқық  жүйесі  құқық  ретінде  жəне  қоғамдағы  құқықтық  қатынастар  ретінде  анықтала  отырып, 
оның  элементтері  көрінуінің,  байланыстарының,  процестерінің,  мекемелерінің,  кездесу  формаларының 
олардың бірлігі мен əрекеттесулерінің жиынтығын құрай отырып əлеуметтік дамудың жалпы мəнді факторы 
рөлін  атқарады.  Құқық  жүйесі  құқықтық  жүйенің  негізгі  құрылымы  болып  есептеле  отырып,  əлдеқайда 
объективті  құбылыс,  құндылық-маңызды,  рухани,  əділетті,  гуманистік,  тұрақты  сипатта.  Ал  заңдар  жүйесі 
болса  əлдеқайда  субъективті  құрылым,  жасанды;  онда  мемлекеттің  жатсыну  элементтері  де  аз  емес;  саяси 
конъюктуралар  да  бар;  ол  əлдеқайда  тұрақсыз.  Құқықтық  жүйе  категориясы  нормативтік  сипатқа  ие,  сон-
дықтан да оны түсіндіргенде төмендегі жағдайларды еске алған жөн: а) Қазақстан Республикасының құқық-
тық жүйесі категориясының мəнін ашқанда, оның ішінде бір-біріне тəуелсіз екі құқық жүйесінің бар екенді-
гін еске алу керек - халықаралық құқық жəне қазақстандық құқық; б) қазақстандық құқық жүйесінің катего-
риясы  нормативтік  болып  есептеледі,  сондықтан  да  оны  түсіндіргенде  қатаң  ережелерді  сақтау  керек.  Кей 
кездерде  құқықтық  əдебиеттерде  Қазақстан  Республикасының  құқықтық  жүйесінің  түсінігі  Қазақстан  Рес-
публикасының құқығы түсінігі мен тепе-теңдікте қарастырылады; в) Қазақстан Республикасының құқықтық 
жүйесінің  түсінігі  нормативтік  мазмұнын  ашу  үшін  құқықтық  жүйе  түсінігінің  жалпы  теориялық  бағытта 
қолданылатын анықтамаларын пайдалануға болмайды. 
Түйін  сөздер:  құқықтық  жүйе,  жетілдіру,  ұлттық  заңнама,  құрылым,  заңнамалық  тəжірибе,  құқықтық 
доктрина, құқықтық мəдениет, құқық жүйесі, құқық нормасы, заңнамалық жүйе. 
 
 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
 
100  
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 6, Number 310 (2016), 100 – 107 
 
K.M. Baytanasova, Zh.А.Aimukhambet, М.S.Оrаzbек 
 
L.N.Gumilyov Eurasian National University, Astana 
beka-talgat@mail.ru, a_zhanat@mail.ru, makpal_zere@mail.ru 
  
 
CHRONOTOPE OF ART COMPOSITION:  
FEATURES OF PERCEPTION OF EXISTENTIAL TIME 
 
Abstract.  At present days in literary studies independent depth study of a literary text, it's structure and 
components are strengthened. 
This shows the complexity of the artistic structure of work, extension of the methodology of philological 
analysis. Existential time is the concept considered to opposite natural time. In human life the sense of spirit of life/ 
existence, questions of reason and understanding are deep. Thus, existential time has to be more important than 
biological, physical, social and space time. 
The aim of the research is to reveal features of categories of time for the purpose of broader consideration of 
internal art methods of the image of space and time, to make specifications in the text. 
Methods of research are analysis, comparison, generalization. 
Methodologies of research: first of all, the complex researches had been taken into account in the field of 
foreign and domestic philosophy, humanists. 
Conclusion. The chronotope discloses art unity of the literary work, provides it's communication with real life 
and defines emotional art qualities. In the category of chronotope, together with the general sense, mood of the 
person, the specifically considered question of the concept and perception of existential time should develop into a 
deep philological analysis. 
Conclusions of the research can serve as a support for students, undergraduates, doctoral candidates during the 
analysis of the text. 
Keywords: Chronotope, existential time, works, author, character.  
 
 
ƏОЖ 84.08.4  
 
Қ.М. Байтанасова, Ж.Ə. Аймұхамбет, М.С. Оразбек 
 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан 
 
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ МЕКЕНШАҚ:  
ЭКЗИСТЕНЦИАЛДЫ УАҚЫТТЫҢ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Аннотация.  Қазіргі  əдебиеттану  ғылымында  көркем  мəтінді  тереңдей  талдау,  олардың  құрылымын, 
компоненттерін дербес қарастыру белең алып келеді. Бұл көркем туынды құрылымының күрделілігін, оған 
деген филологиялық талдау əдіснамасының кеңейіп келе жатқанын дəлелдейді. Экзистенциалды уақыт – та-
биғи уақытқа қарама-қарсы алынатын ұғым. Адам ғұмырында тіршілік рухы, ақыл-ес пен таным мəселесінің 
мəні  терең.  Ендеше,  экзистенциалды  уақыт  биологиялық,  физикалық,  əлеуметтік  жəне  ғарыштық  уақытқа 
қарағанда маңызды болуы шарт. 
Зерттеудің мақсаты – кеңістік пен уақыттың суреттелуінің ішкі көркемдік тəсілдерін кеңейте қарастыру 
мақсатында уақыт категориясының ерекшелігін ашып, мəтіндік дəйектеулер жасау.  
Зерттеу əдісі – талдау, салыстыру, жинақтау. 
Зерттеу  əдіснамасы – шетел  жəне  отандық  философия,  гуманитарлық  саладағы  кешенді  зерттеулер 
басты назарға алынды.  

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016  
 
 
101 
Қорытынды.  Мекеншақ  əдеби  шығарманың  көркемдік  бірлігін,  оның  шынайы  өмірге  қатынасын  қам-
тамасыз етеді əрі эмоционалдық-көркемдік сипатын айқындайды. Мекеншақ категориясының ішінде жалпы 
мəнімен  қоса,  адамның  дербес  көңіл-күйі,  танымы  мен  қабылдауындағы  экзистенциалдық  уақыт  мəселесі 
дербес қарастырылып, көркем мəтіндегі терең филологиялық талдауларға ұласуы тиіс. 
Зерттеудегі  ой-тұжырымдарды  студенттер  мен  магистранттар,  докторанттар  көркем  мəтінді  талдау  ке-
зінде тірек ете алады. 
Түйін сөздер: мекеншақ, экзистенциалды уақыт, шығармашылық, автор, кейіпкер. 
 
Көркем əдебиетке тəн құбылыстың бірі – кеңістік пен уақыттың суреттелу ерекшелігі. Музыка, 
би, сахналық өнермен қатар, көркем мəтін де уақыт созылыңқылығына ие. Лессинг: «Сөз өнерінің 
орталығында – əрекет тұрады да, олар мезгілдік мəн иеленеді», – деген [1,186]. Əдебиетке кеңістік 
ұғымы  да  тəн.  Осы  уақыт  жəне  кеңістік  əдебиет  əлемінде  аса  көпқырлы.  Мəселен,  уақыт  ұғымы 
өмірбаяндық  (балалық  шақ,  жастық  шақ,  кемел  шақ,  қарттық  шақ);  тарихи  (дəуір  мен  ұрпақ 
алмасуы,  қоғамдағы  ірі  оқиғалар);  ғарыштық  (мəңгілік  жəне  жаратылыс);  күнтізбелік  (жыл 
маусымының  ауысуы,  қалыпты  жəне  мереке  күндері);  тəуліктік  (күн  мен  түн,  таң  мен  кеш) 
түрлерге  жіктеледі.  Сол  сияқты  бүгінгі,  өткен  шақ  пен  болашақтағы  əрекеттер  де  көркем  мəтін 
кеңістігінде көрініс беріп жатады. Зерттеуші Д.С.Лихачев пікірінше: «дəуірден дəуір озған сайын 
өмір,  қоршаған  орта  туралы  түсінігіміз  тереңдеп,  өмірдің  өзгерісі,  уақыттың  бейнесінің  мəні 
тереңдей түседі де, оның көркем өнердегі сипаты да мəнді, көп қырлы болады» [2,105]. Əдебиетке 
көп  сипатты  кеңістік  қатысады.  Олардың  бейнесі  ашық,  жабық,  жер  мен  көк,  ақиқат  немесе 
елестетілген  ойдағы  ұғым,  алыс,  жақын  тұрғыда  болады.  Осы  əр  қилы  кеңістікті  əдебиет  бір-
бірімен жақындастырып, бір мезетте тоғыстыра алады. 
Əдебиет  пен  өнер  қоғамның  рухани  мəдениетіндегі  күрделі,  кешенді  құбылыс.  Олардың  бір-
бірімен  үздіксіз  байланыста  болуы,  дамуы,  өткеннің  озығын,  бүгінгінің  жаңалығын  əрдайым 
қабыстырып  отыруы – олардың  өміршеңдігін  тереңдетіп,  эстетикалық-танымдық  қуатын  өсіреді. 
Уақыттың  өту  сипаты,  əкелетін  өзгерістері  жалпыға  ортақ  болатыны  аян.  Алайда,  оны  тану, 
қабылдау,  ой  елегінен  өткізу – əр  адамда  түрліше  болады.  Осы  тұста  айналадағы  құбылыстарды 
танып-білудің  экзистенциалды  ерекшелігі  ашылады [3,605]. Экзистенциалды  уақыт – табиғи 
уақытқа қарама-қарсы қойылады. Адам ғұмырында өмір рухы, ақыл-ес соншалықты маңызды  əрі 
қымбат,  сондықтан  оның  мəні  терең.  Ендеше,  экзистенциалды  уақыт  биологиялық,  физикалық, 
əлеуметтік  жəне  ғарыштық  уақытқа  қарағанда  маңызды  болуы  шарт. «Уақыттты  тоқтату»  деген 
ұғым бар. Зерттеуші М.Волошин адамның өмірлік мақсаты – өзінен кейінгіге жаһандық махаббат, 
сүйіспеншілік  қалдыру», – деген [4,105]. Экзистенциалды  уақыттың  көркем  туындыда  берілу 
ерекшелігін жазушы Ғ.Мүсірепов əңгімелерінің арқауында қарастырмақпыз.  
Көркем əдебиет – өнердің бір түрі. Қаламгер шығармашылық иесі ретінде өзінің танымы мен 
шеберлігін  жұмсау  арқылы  тың  дүниелер  жасауға  ұмтылады.  Тарихи  дамудағы  мəнді  де  кезеңді 
оқиғалар  сілемі  адамзат  санасына  ілгерілеу  мен  серпіліс  əкелген XX ғасырда  қазақ  əдебиеті  де 
кемелдене  түскен  еді.  Осы  дəуірде  əдебиет  əлеміне  өзіндік  сонылығымен  келген  тұлға  Ғабит 
Мүсірепов  болды.  Қазақ  əдебиетінің  жанрлық  толысуына  өзінің  көпқырлы  шығармашылық 
дарынымен  толымды  үлес  қосқан  Ғабит  Мүсірепов  проза  жазды,  мерзімді  басылымдарға  мақала 
мен очерктер жариялады, пьеса мен деректі жəне көркем фильмдерге сценарий құрды, аудармамен 
айналысты, əдебиет пен театр сыншысы ретінде осы салалардың жетістік-кемшіліктерін саралады. 
Бұл қыруар еңбек Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық дүниетанымының кеңдігін айғақтайды [5].  
Ғ.Мүсірепов  шығармашылығының  бір  арнасы – əңгімелері.  Қаламгер 1954 жылы  жазған 
«Қазақ  совет  прозасы  туралы»  мақаласында  прозаның  дамуына  қатысты  түйін  жасап,  əдеби 
үдерістің беталысын бағдарлап отыратынын байқатады: «Үлкен проза жасау жолындағы бетімізден 
таймай  отыра,  прозамыздың  шағын  саласын  да  жоғары  дəрежеге  көтеруді  көпшілігіміз  болып 
қолға алуға  міндеттіміз.  Үлкен  еңбек  жазу  ара-тұра қысқа  əңгіме жазуға бөгет  болмайды. Қазіргі 
қысқа əңгіме жазып жүрген жастардың біразы алғашқы буынның тəжірибесінен көз жазып қалып, 
ұжым болып көтерер істі оңаша арқалап, сыңаржақ атқарғандай болып жүр» [6, 87].  
Қаламгердің əңгімелері шығармашылығының өзгеше бір көркем дүниесі ретінде үзбей жарық 
көріп  отырды.  Жазушы  əңгімелерінде  күнделікті,  қарапайым  тіршілікті,  үлкен  қоғамдық-тарихи, 
əлеуметтік оқиғалармен байланыстырады. Сөйте тұра Ғ.Мүсірепов əңгімелерінің ерекшелігінің бірі 
–  сюжет  шағындығы.  Жазушының  «Ана  туралы  аңыздары»  он  үш  əңгімені  құрайды. 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
 
102  
Шығармаларының  əрқайсысында  аналардың  қайсар  да  намысты,  рухы  биік  болмыстары 
бейнеленеді.  Олар  оқиғаның  бел  ортасында  жүріп,  белсенді  іс-əрекеттерімен  көрінеді. «Ананың 
арашасы»  əңгімесінде  жазагер  отрядтың  бастығы  офицер  Антоновтың  бір  күндік  ойраны 
суреттеледі.  Оның  келуімен  əбігер,  асып-сасу,  үрей  мен  қорқыныш  басталады.  Есер  мінез-
əрекетімен  елдің  топалаңын  шығарған  Антоновтың  қолына  түскен  Нағима  ана  ғана  абыржымай, 
тайсалмай, отыз өрім қамшы арқасында жыландай ысылдаса да, жұмған аузын ашпайды. Жазушы 
жазагер  Антонов  пен  ананың  тайталасын  бере  отырып,  əңгіме  соңында  ана  жеңісінің  салтанат 
құрғанын паш етеді. Ананың жүрегі мен жүзіндегі қайсарлық, бала үшін отқа түсуге əзір тас-түйін 
бейнесі бір сəтте-ақ солдаттар шешімінің өзгеруіне мəжбүр етеді. Нағиманың ерлігі бүкіл ауылдың 
ар-ұяты  мен  намысын  қорғап,  солдаттардың  адамшылық  қасиетіне  қозғау  салады.  Осы  кезде 
ауылды  əбігерге  салған  Антонов  əрекетінен  əркім-ақ  бой  тасалап,  қорқыныш  пен  үрейдің  таса-
сында қалады. Тек, Нағима ғана өзін басқаларға тосқауыл етіп, жазагердің соққысына ұшырайды. 
Нағима  үшін  бұл  сəт  өзінің  де,  ауылдың  да  үрейін  алған  əрекетке  қарсы  шығып,  уақыт  ағынына 
дербес көзқарасын білдіруі еді.  
Жазушының «Ақлима» əңгімесі жауынгер хатынан басталады. Хатты тыңдай отырып, Ақлима 
сан  түрлі  күйге  түседі.  Жауынгер  Қасымның  хаты  көз  алдымызға  біресе  соғыс  өртіне  оранған 
майданды, біресе  жаралы солдаттың  жан азабын əкеледі. Жауынгер хатын баяндай келе: «Бұл да 
бір өмір  ғой, апа! Мен бүкіл Отан  соғысының  тұсында  бір-ақ түрлі əнге  қосып, бір-ақ ауыз өлең 
айтып  жүрдім», – дейді [7,121]. Əрине,  бұл  бейбіт  өмірді,  туған  жерді  аңсау  əні.  Бұл  əңгімеде 
бастан-аяқ  жауынгер  хаты  баяндалғанымен,  орталық  кейіпкер – Ақлима.  Ол  жүрекжарды,  əсерлі 
хаттың  жазылуына  себепкер.  Оны  жазушы  «өзі  бір  шешесімен  сырласып  өскен,  шешесіне  жан 
теңемейтін жігіт екен», – деумен білдіреді [7,122].  
Адам  баласының  өзінің  экзистенциалды  уақытын  сезінуі  осы  ұғымның  терминдік  аталымы 
пайда  болғанға  дейін  енген. 397 жылы  А.Августин  Блаженный  өзінің  «Исповеди» («Арылу») 
еңбегінде бір адамда екі түрлі адам өмір сүретінін көрсеткен: əрекет иесі – сыртқы адам жəне ішкі 
адам : «... табиғи,  тарихи,  оқиғалық  уақыт - өткен,  қазіргі  жəне  болашақ.  Осы  үш  уақыт  біздің 
сезімімізде  өмір  сүреді.  Қазіргі  өткен  шақ – бұл  жады,  қазіргінің  бүгіні – бұл  тікелей  мазмұн, 
қазіргі (жақын) болашақ – бұл күту» [8,190]. Уақытқа жер бетінен тыс тəңірлік деңгейдегі мəңгілік 
ұғым  қарама-қарсы  тұрады.  Адам  əлеуметтік,  биологиялық,  ғарыштық  уақытын  үнемі  сəйкес-
тендіре  алмайды. «Ақлима»  əңгімесіндегі  жауынгер  хаты - оның  анасымен  сырласуы.  Жауынгер 
қандай  оқиғаны  баяндап  отырса  да,  анасын  еске  алып,  онымен  ой  бөлісіп  отырады.  Сонда  бұл 
монолог іштей диалог формасына айналады. Хатта баяндалған кеңістік мейілінше тарылған: соғыс, 
майдан даласы, танк іші, айнала қауіп-қатер. Əрекет су астында, танк ішінде өтіп жатыр. Өлім мен 
өмір тіресі. Ептілік пен  батылдық, шапшаңдық бəрін шешуге тиіс. Тіл қатысуға да уақыт тапшы, 
қысқа,  дəл,  аз  сөздер.  Өйткені, «диалогизмдегі  белгілі  идея – қазіргі  кезде  аса  мəнді» [9]. « - 
Бұрылма!  Тура  тарт!  Енді  солға  қарай!  Болды,  болды!  Енді  тік  тарт!  Ал,  оңға  бұрыл! – деп, 
дамылсыз қыпылық қағып, қарсы алдымда құбыланама тұр. Қасымдағы үш жолдасымның көздері 
де осы бір көбелек қанатының қыпылығындай ғана үмітке қадалып қалыпты. Əр метрді тұтамдап 
есептеп келеміз! Қауіп қасынан сүйкене өтіп, сүйемдей жерден аман қалуымыз керек. Екі минут... 
Екі жарым... Екі, қырық... екі, қырық бір... екі, қырық екі... қырық үш... Минут пен минуттың арасы 
дүниені шыр айналғандай ұзақ жол екенін сағат бетінен бірінші рет сонда көрдім. Танкінің іші көк 
буалдыр тартып, ішке тартқан деміңнен жылбысқы иісі келе бастады. Тізеге жақындау су да келіп 
қалыпты. Өңің емес, түсіңде əлденеменеге малтығып, қозғалыс-қимылың өнімсіз, ділгір бір халге 
түскендейсің» [5,186]. 
Уақыттың  тарылғаны  соншалық  минуттар  есепке  алынған.  Уақыт  ұғымы  көп  жағдайда 
шығармада шешуші мəнге ие. Аздаған мезеттердің өзі мəнді тарихи оқиғалардың өтуіне себепкер 
болады. Тіпті уақыттың өзі, атап айтқанда, əркімнің экзистенциалды уақыты шығармада орталық 
мəнді бейнеге айналады. 
Əрбір қаламгер шығармашылығында «аяқталған» немесе «аяқталмаған» шығармашылық кезең 
болады. Ол көбіне желілес туындылары арқылы танылып отырады [10,186]. Мұны қаламгердің ана 
туралы  əңгімелер  тізбегінен  байқаймыз.  Автор  өзі  суреттейтін  кейіпкерлері  мен  олардың  əрекет 
өрісін  шағын  ортада  құрайтынын  айттық.  Суреттеу  алдымен – көркем  кеңістіктің  бөлігі.  Ол 
жөнінде  Лессингтің  трактатына  сүйене  отырып [1], М.Бахтин  де  негіздеген.  Зерттеуші  осыған 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016  
 
 
103 
байланысты  тұжырымдарын  «монолог,  диалог,  полифония»  ұғымдары  арқылы  айқындайды.  Осы 
ретте,  зерттеуші  төрт  түрлі  жүйені  айқындап  береді: 1) мекеншақ  сипаты,  яғни  белгілі  бір 
шығармадағы  мекендік-мезгілдік  ұғымның  қатынасы; 2) кейіпкер  мен  автордың  қатынасы,  яғни, 
олардың көзқарасы, ұстанымы, бір-бірінің баяндауына араласуы немесе дербес баяндау дəрежесі; 
3)  кейіпкер  бейнесінің  жартылай,  толыққанды,  дербес  түрде  ашылуы,  кейіпкердің  ұстанымы; 4) 
кейіпкердің  өзгеру  дəрежесі,  яғни  оның  басынан  кешкені,  тағдырының  өзгеруі,  көріп-түйгені, 
қалыптасуы [11,126]. Осы  жүйенің  əрқайсысы  қаламгер  шығармаларында  көрініс  тапқанын 
аңдаймыз.  Жоғарыда  айтқанымыздай,  қаламгер  шығармасының  сюжеті  ықшам  болғанымен,  ұзақ 
толғанысқа,  тереңдей  ойлануға  бастап  отырады.  Оның  басты  себебі  жазушы  көтерген 
тақырыптардың  көпке  ортақ,  белсенді,  ұғымды  мəселелерді  көтеруінен  болса  керек.  Мəселен, 
автор  шығармалары  қазақ  даласындағы  немесе  адамзат  тарихындағы  мəнді  тарихи  оқиғаларды 
арқау  етеді.  Сол  мəселелерді  шағын  шығармаларындағы  нақты  сюжетке  құрады. «Ананың 
арашасы»  əңгімесіне  арқау  болған  оқиға  төңкеріс  алдындағы  аласапыран  кезге  арналған.  Қазақ 
жерінде  Нағиманың  басынан  өткен  жағдай  көп  кездесті.  Ақтар  тұтас  ауылды  қан  жоса  етіп, 
ойрандап  кетті.  Ал,  қызыл  əскерді,  баласын  жасырған  ана  бүкіл  ауылға  арналған  жазаны  бір  өзі 
көтерді.  Ана  ауылды  жазадан  арашалап  қалды.  Ендеше,  бұл  ананың  өз-өзін  қорғап,  арашалауы 
емес,  бүкіл  ауылға  араша  тұруы  еді.  Автор  көзі  ұшқын  атып,  тістеніп  алған  ананың  қайсарлығы 
мен оны қамшы астына алған Антонов тайталасын көпке ортақ ете суреттейді: ауыл, жазагер отряд, 
Антонов, Нағима. Оқиға осы сəттен үзіледі. Антоновтың озбырлығына шыдамаған солдат оны жер 
құштырады.  Осы  сəттен  бастап,  шиеленісіп  тұрған  оқиғаның  шешімі  табыла  кетті.  Тек  жазагер 
ретінде суреттелген солдаттар арасынан анаға араша бола алғандар табылды. Сөйтіп, солдаттардың 
шешімі  олардың  мінез-сипатын  да,  əрекетін  де  басқа  арнаға  бұрып  жіберді.  Уақыт  олардың 
əрқайсысында өмір, тіршілік, ар, адамшылық деген сезімдердің бас көтеруіне жол ашты. Əркімнің 
ойында  үрей,  аяныш,  намыс,  қорғау,  күрес  сияқты  ұғымдар  тоғысты.  Ауыл  адамдары  Нағимаға 
қарай жүгірді. Бұл мəтіндегі сюжеттік бағытты  өзгертіп, оның аяқталуының ерекшелігін аңдатып 
тұр.  Мəтін  автордың  ойын  объективтендіріп,  шығармашылық  жəне  адам  мен  қоршаған  дүние 
туралы  толғанысын  сыртқа  шығарып,  автор  санасынан  да  тысқары  адам  баласының  жетістігіне 
айналады [12,48]. Осы  тұрғыдан  келгенде,  мəтін  оқшау  дүние  емес,  ол  мəтіндік  компоненттердің 
бірегейі  болмаса  да,  негізгісі.  Оның  құрылымын  мəтіннен  басқа,  мəтіннің  авторы  (мəтіннің 
адресанты),  оқырман  (адресат),  бейнеленетін  шындық,  тілдік  жүйе  құрайды.  Мəтіндік  қызмет – 
күрделі де көп компонентті, психологиялық-интеллектуалдық қарым-қатынасты көрсетеді.  
 
Зерттеуші  Л.Г.Бабенконың  көрсетуінше,  мəтінді  қабылдаудың  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Ол 
мəтіннің  болмысынан  туындайды.  Мəтінді  қабылдау  екі  сатыдан  тұрады.  Олар:  материалдық 
белгілерді тікелей қабылдау; тілдің образдық белгілері арқылы мазмұнды қабылдау [13]. Мəтінде 
баяндаудың  композициялық-тілдік  формасының  екі  базалық  негізі – автор  сөзі  мен  кейіпкер  сөзі 
дараланып көрінеді. Негізінен алғанда, автор туындысына өзі баяндаушы болады. Ол шығармадағы 
оқиғаның ретін, кейіпкерлердің көріну тəсілдерін, шығарма тілінің көркемдігін қамтамасыз етеді. 
Автор  кейде  шығармасында  өзі  жасаған  шындық  əлемімен  бірігіп,  біртұтас  дүние  болып  кетеді. 
Баяндау құрамына шығарма авторы, кейіпкер, олардың  арасындағы  қарым-қатынас, шығарманың 
белгілі бір мезгілдік, кеңістік жəне экспрессивтік тұрғыдағы бағдары енеді [14,78]. Бұлардың бəрі 
бірлікте  бола  отырып,  автордың  идеялық-эстетикалық  көзқарас-қатынасын  білдіреді.  Мəтіндегі 
монолог кейіпкердің нақты бір ұстанымын айқындайды.  
Көркем  мəтіндегі  баяндаушының  сипаты  түрліше  болады.  Солардың  бірі – баяншы-
бақылаушы.  Баяншының  бұл  түрі  ешқандай  кейіпкермен  тікелей  байланыста  болмайды. 
Кейіпкердің  ішкі  əлемін  ол  өз  атынан  баяндайды.  Осы  ретте  баяншы  тыңдаушыға  түсінікті 
болатын шекке дейінгі көріністі, сезім-күйді ғана береді. Баяншының бұл сипатын біз қаламгердің 
«Айгүл  қойшының  бір  күні»  əңгімесінен  байқаймыз.  Əңгіме  бір  тəуліктегі  оқиғаға  құрылған. 
«Қалай  есептесең  олай  есепте,  əр  тəулікте  жалқау  жылжыған  жиырма  төрт  сағат  уақыт  бар.  Ол 
көңіл  аударары  көп  қала  уақыты  емес,  көз  тартары  жоқ  дала  уақыты.  Үнсіз  өтіп  жататын  уақыт. 
Айгүл өмірінің жиырма жылы осы үнсіздікте өтіп келеді. Ол дала үнсіздігі, қой үнсіздігі. Астыңдағы атыңа ғана, 
қасыңдағы итіңе ғана тілдесер жауапсыз үнсіздік» [5,236]. Мұнда ата кəсіпті өзіне серік еткен Айгүлдің 
бір тəуліктегі тірлік-қаракеті баяндалады. Мұнда уақыт пен кеңістік мөлшерлеп берілген. Алайда, 
бұл Айгүлдің бір күні ғана емес, бүкіл тіршілігі, кəсібі. Соның бір үзігін суреттеп отырғанымен, бір 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
 
104  
тəулік астрономиялық шектеуліктен  де  кең  жатыр. Бұл  Айгүлдің  тұтас  өмірі, дағдысы, болмысы. 
Дала үнсіз болғанымен, Айгүл үнемі əрекет үстінде. Баяншы-бақылаушының функциясына енетін 
тағы  бір  сипат – оның  кейіпкерінің  көңіл-күй  ауанын,  мимикасын,  табиғат  суретін,  əрекетті 
неғұрлым баса көрсетеді. «Резеңке етігі біресе күрк етіп қалып, біресе күмп етіп қалып Айгүл де 
келеді.  Бүгін  күн  бойы,  түн  бойы,  ертең  күн  бойы  осылай  жылжи  бермек.  Жылы  қашар,  жайлы 
орынға ертең кешке ғана жетер. Оған дейін отар да, Айгүл де, шиыршық атып келе жатқан жирен 
бесті  де  шыдауға  тиісті.  Сол  жайлы  орынға  жеткенше  Айгүлдің  əні  де  үзілмеуі  керек» [5,237]. 
Əңгімедегі  уақыт  пен  кеңістік  кейіпкердің  болашаққа  деген  ұмтылысын,  бағыт-бағдарын,  бір 
сарынды өмірін, қарама-қайшылыққа толы заман ағымын да зерделейді. Автор əңгімелерінде үндес 
оқиғалар  арқылы  өмірдің  ащы-тұщы,  сəтті-сəтсіз  болып  алмасып  жататын  жақтарын  көрсете 
отырып, терең көркемдік байлам жасайды. Ол байлам – адамзат рухының, аналар рухының қандай 
жағдайда  да  берік,  өміршең  болатындығы.  Ғ.Мүсірепов  əңгімелеріндегі  аналар  басынан  өткен 
ауыртпалық, талай ана-əйелдің, қалың бұқараның басынан өткен-ді. Сондықтан жазушы «мақтасақ 
– əйелді мақтайық та, құрметтейік те əйелді. Əйел-ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын 
күш,  көзді  бұлақ  емес  пе?! – деп  тиянақтаушы  ой  айтып  отырады [5,74]. Жазушы  қолданған 
бейнелі сөз шығарманың идеялық мазмұнын ашып, мазмұн мен түр аралығындағы үйлесімділікті 
туғызады. Табиғат суретін беруде ақын-қаламгерлер сан түрлі бейне тапқаны мəлім. Əрі олардың 
көбі тұрақталған, нақты  сипаты  бар  балама бейне, яғни  символ. Сонау  фольклордан  бастап  түрлі 
табиғат  құбылыстары  құс,  өсімдік,  мезгіл,  жеміс  бейнесінде  алынады.  Оның  астарында  адам 
ғұмырымен үндестік жатыр.  
Қаламгер  «Ананың  арашасында» «Салпы  етек,  жылауық  күз  емес,  гуілдеген  желді  күз  еді»,-
дейді [5,99]. Мұндағы  жел – өзгерісті,  яғни  ел  ішіндегі  толқу  мен  күресті  бейнелейді  де,  бұл  əрі 
қарайғы əңгіме сюжетінде өріледі. Ал, əңгіме соңындағы күннің шоқтай болып шығып келе жатуы, 
болашақты,  жаңа  өмірді,  адамның  алдағы  үмітін  бейнелейді.  Яғни  жел,  күн,  жаңа  өмірмен 
үндестірілген  бейнелер – тіршіліктің  қозғаушы  күштері.  Экзистенциалды  уақыт – бұл  адам 
санасының  өзінің  ішкі  əлеміне  терең  бойлауы,  оның  дербес  уақыты,  ешкімге  аша  қоймаған  ойы, 
сезімі, күйі.  Бұл  уақыт кейде  табиғатпен астастырыла береді. Уақыт ешкімге  тəуелсіз  ұғым. Оны 
ешкім  асықтырып  немесе  тоқтата  алмайды.  Алайда,  адам  санасы,  ойы  уақытты  бойлай,  ілгеріге 
жылжыта  немесе  кері  шегере  алады,  кейде  өз  ойына  матап  та  қояды. «Осылай  кейде  ермек  үшін 
ескі аңыздарды еске алып, кейде бүгінгі мен ертеңгіні қосақтай ойлап Айгүл келеді. Күн жылы, су 
жылына  бастаған.  Туғанына  бір-ақ  жеті  болған  жас  қозылар  жас  баладай  əлсіз  де  аянышты 
маңырайды. Шаршаған бақырлар жатып демалғысы келеді. Бірақ ол демалысқа дейін екі күн, бір 
түн бар. Ол осы кешпе суда өтетін күн, ол осы кешпе суда өтетін түн» [5,240]. Бұл уақыт (екі түн, 
бір күн) Айгүлге де, жас қозыларға да сын болмақ.  
Экзистенциалды уақыт адам ойына түрткі салып отырады. Кейде экзистенциалды уақыт адам 
санасын жаңа сапаға, жаңа деңгейге көтереді де қазіргі уақыттан гөрі адамға өткені жақын болады. 
Сол мезетті ойша аралаған адам бір жасап қалады. Ол кейде түс арқылы орындалып жатады. Күн, 
ай, жыл адамның көңіл-күйімен өріліп отырады.  
Өнер  туындысы – адамның  айырықша  дарын-қуатының  нəтижесі.  Əдебиет  өнер  түрлерінің 
ішінде  ерекше  орын  иеленеді.  Бұл  өнер  түрінің  бірегей  ерекшелігі - адамның  сөйлеу,  тілдік 
ерекшелігінен  тұрады.  Өнердің  тағы  бір  маңызды  қасиеті – сұлулықты  түсіну.  Сұлулық  түсінігі 
табиғат пен өнерде бірдей емес. Табиғатта негізінен көзге ұратын сырт сұлулық мəнді. Ал, өнердегі 
сұлулық көбіне, заттың ішкі сапа-қасиетінде болады. Əдебиетте əрбір сөз, сөз тіркесі, үзінді, фраза, 
тармақ,  кідірістің  рөлі  үлкен.  Əдеби  шығармада  айтылған  сөз  де,  айтылмай,  меңзелген, 
ишараланған сөз де маңызды. Мəселен, неміс философы Мартин Хайдегер (XX ғасыр): «Тіл үнсіз 
бола  алады.  Адам  алдымен  ақиқатты  танып-біледі.  Сосын  барып  алғашқы  сөзді  айтады»,-деген 
[15,190].  Көркем  деталь – шығармадағы  белгілі  бір  бейне,  əрекетті  толық,  жете  танытуға 
көмектесетін  құралдардың  бірі.  Деталь - көркемдік  бүтіндік  секілді  маңызды  элементтердің  бірі. 
Қаламгер  көркем  детальді  қолдану  арқылы  өзі  суреттеп  немесе  баяндап  отырған  мəселенің 
маңызды  бір  бөлігіне  оқырманның  назарын  аударады.  Көркем  деталь  авторлық  бағалаудың  бір 
түрі, ол кейіпкердің ішкі болмысының, бейнелеудің толыққанды ашылуының себепшісі [16].  
Көркем деталь түрлері: сөздік деталь, портреттік деталь, заттық деталь, психологиялық деталь, 
пейзаждық  деталь,  көркемдік  жинақтау  деталі.  Қаламгердің  «Ашынған  ана»  əңгімесінде  ананың 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016  
 
 
105 
басынан кешкен қиындығын баяндауы портреттік, детальдік сипаттармен толықтырылып отырады. 
« -Қонайын  деп  едім,-деп  есіктен  бір  жалба-жұлба  əйел  кіріп  келді.  Жағы  суалған.  Бет-аузын 
айғыздап тілген əжім маңдайы мен екі көзінің құйрығында түйісіп жұлдызданып тұр. Ағарған əжім 
сызықтарының  əрқайсысы  бір-ақ  тілектің  ізі  екенін  ешкім  аңғарған  жоқ.  Жарылған  еріндерін  тас 
жұмып алып, үй иесіне от шашқан қара көзін қадады да, жауап күтті.  
Жырым-жырым  жеңінен  білегіне  дейін  көрінген  қайыстай  қап-қара  қолын  көсеу  ме  дерсің. 
Мүйіздей қара саусағының біріндегі күміс сақина өзгеше жарқырап көзге ұрады. 
Көгендегі қозыдай болып отқа төніп отырған балалар қорқып, кейін шегініп кетті» [5,101].  
Үзіндіде  тосыннан  кіріп  келген  адамның  портреті  берілген.  Мұндағы  түр-түсінің  қорқыныш-
тылығы, көп азап көрген əйелдің болмысын суреттеудің арасындағы «əжім сызықтарының əрқай-
сысы бір-ақ тілектің ізі», «от шашқан қара көз», «күміс сақина» деген сөздер арқылы бұл əйелдің 
қиындық  пен  бейнеттен  шалдықпаған,  қайратты,  жігерлі  жан  екенін  аңғартады.  Ананың  жеке 
басынан  өткен  экзистенциалды  уақытына  тыңдаушылардың  бəрі  ортақ  болды.  Алғаш  əйелді 
көргенде қорқып кеткен балалар енді əйелдің басынан кешкенін тыңдай отырып, оған жақындап, 
тізесіне  сүйеніп,  таңқала  тыңдап  қалады: «Іргеге  бұққан  балалар  қозғала-қозғала  əйелдің  қасына 
келіп,  тізесіне  де  асылып,  аузын  да  қарап  қалыпты.  Манадан  бері  «балам»  деген  сөзді  əйел  осы 
балалар  жайында  айтып  отырғандай» [5,111]. Оның  себебі,  баласы  үшін  үлкен  əрекетке  барған 
ананың батылдығы, қайсарлығы еді. 
Өмірдегі экзистенциалды уақыт – бұл адам сезімінің басқа əлемде саяхат жасауы. Бұған түрткі 
болатын – түс,  транс,  медитация,  күшті  ішкі  сілкініс,  жеке  қатастрофа [17, 98]. Қаламгерге 
экзистенциалды  уақыт  маза  бермейді.  Кейде  уақыт  адам  жадында  мəңгі  орнығып  қалады.  Жатты 
жақындатады, алысты көз алдыңа əкеледі. Шынайы уақыт пен экзистенциалды уақыт арасындағы 
айырма  айқындалып,  адам  баласын  ұзақ  ойға,  өткенін  еске  түсіріп,  алдағыны  болжауға  итер-
мелейді. «Кейде  ақынның  балалығына  таң  қаларсың,  кейде  ақынның  даналығына  таң  қаларсың. 
Ақын – қыран, қияға да қонады, ақын – адам, далаға да қонады. Ақын бойын да жасыра алмайды, 
ойын да жасыра алмайды. Ақын жаны оңай жараланады, оңай жазылады, емі көп. Ақын жүрегіне 
кек  тұрмайды.  Кек  тұрса  қақ  тұрғаны.  Қақ  тұрған  жүрек – тот  басқан  асыл,  одан  берекелі  үн 
шықпайды. Ақын – заман, бір күндік те емес, бүгіндік те емес. Оның кешегісі – бүгіндік, бүгінгісі - 
ертеңдік.  Ақын  бойына  адамгершілік  ғана  жарасады.  Екеуінің  біреуіне  ақау  түссе,  алдымен 
ақындық өледі...» [5,45]. 
Бұл  шығармасын  жазушы  поэма  деп  атаған.  Себебі  осы  шағын  хикаяттың  табиғаты  осылай 
атауға  себеп  болған. «Кездеспей  кеткен  бір  бейне»  деп  аталуының  өзі  бұл  шығармаға  əуезділік, 
романтикалық сипат үстеп тұр. Шығарма Сəкен туралы. Кейіпкер Еркебұлан ақын, əнші, өнерпаз 
жан.  Ол  өзінің  жан  дүниесіндегі  буырқанған  сезімді  тұсаулайтын,  заманының  күрделі 
жағдайларына  тап  болғанда  тығырықтан  шығаратын - ақындықтан  дауа  табады.  Ақындық 
Еркебұланға күш-қуат, алдағы күндерге сенім береді. Қаламгер ақын адамның өзгеге ұқсамайтын 
болмысын шығармасында анықтап отырады. Бұған жоғарыда келтірілген үзінді куə. Шындығында 
да  ақын  көңілі  өзгеріске,  өзгеше  құбылыстарға  жақын.  Өзі  тап  болған  жайттардан  үнемі  бір 
өзгешелік,  ақындыққа  нəр  беретін  қуат  тауып  отырады.  Ақын  қапаста  отырған  мұңды  сəтінде  де 
көңіліне  дем беретін жұбаныш таба біледі. «Біраздан бері түрме терезелерінен көз алмай бір жас 
қыз өтетін болды. Басында оң жақ шекесіне қарай аз ғана қисайта киген үкілі қара тақия, үстінде 
қара мақпал жеңсіз бүрмелеген қос етек ақ көйлек. Қарлығаш па деп қалғандай екенсің... Бойшаң 
да талдырмаш... Қарақат көздері мөлдіреп қарайды. Ақ жүзінде мұң бар, ақ қағаздай тазалық бар, 
ой  бар» [5,65]. Осы  бейне  Еркебұланның  суреттеуімен  берілген.  Бұл  оның  бір  кездесіп  ғайып 
болған  бейнесі.  Қыздың  бейнесінен  қапас  тірліктің  тұтқыны  болып  отырғандарға  деген 
жанашырлығы  байқалады.  Бұл  тұста  экзистенциалды  уақыт  түрмеде  отырғандарға  да,  терезе 
алдынан өтіп жүретін қызға да ортақ. Екі мекендегілер де уақыттың өтуін, сол арқылы келетін бір 
өзгерісті  зарыға  күтуде.  Сол  зарыққан  күй,  аңсар  орындалып  та  қалады. «Ақын  заманына  ырза, 
заманы  ақынына  ырза  біраз  жылдар  өтіп  кетіпті.  Заман  тас  іргесін  қалап  алып,  енді  қат-қабаттап 
биіктеп  барады.  Айбынды,  айбатты  заман.  Ақын  мылтығын  тастағалы  да,  мылтықтан  кейін 
қолтығын  керген  сары  сапиян  портфельді  тастағалы  да  едəуір  жылдар  өтіп  кетіпті.  Бұрын  сал 
бөкселеніп,  шұбатылып  өтетін  айлар  мен  жылдар  от  арбадай  заулап  өтіп  жатыр.  Шəкірттер  өсіп 
қанат  қақты.  Аға  ақынның  жауапкершілігі  молая  түсті.  Заманын  от  арбаға,  адам  ойының  өсуін 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
 
106  
аспанға  ұшумен  теңейтін  ақынның  өз  өлеңдері  де  уақыт  тілегін  толықтыра  түсіп  жатыр» [5,95]. 
Уақыттың мəні, ауыспалылығы кілт жылдамдап кетеді. Ақынның болмысы, эмоциялық көңіл-күйі 
өзгере  бастайды.  Шығарманың  негізгі  идеясы,  түйінді  ойы  осы  үзіндіден  байқалады.  Ақынның 
қарбалас істердің ортасында жаны байыз таппай жүрген кезін көрсетеді. Оның қандай да игілікті 
істері  келешекке  арналған.  Енді  өзіне,  өз  ісіне  ғана  емес,  ізінен  ерген  шəкірттеріне  деген 
жауапкершілік қосылды. Ақын өлеңдері де ұштала түсті. Сол ұшқырлық пен серпілісті енді ақын 
шəкірттерінен  де  күтеді.  Сюжетті  құрайтын  оқиға  өзара  түрліше  деңгейде  байланысады.  Көп 
жағдайда сол шығарманың өзегін құрайтын оқиға басымдық иеленеді де, сол əрі қарайғы оқиғаның 
негізін,  жүйесін  ұстап  тұрады.  Мұндай  сюжетті  бірыңғай,  орталық  оқиғаны  құрушы  дейміз [18]. 
Бұл  ерекшелікті  қаламгер  Ғ.Мүсіреповтің  аналар  туралы  шығармаларынан  көреміз.  Қаламгер  əр 
шығармасында  өзінің  түпкі  ойын  шағындап,  сыналап  беріп  отырады.  Ол  жинала  келе  тұтасып, 
бүтін бір өзекті, орталық идеяға айналады да, осыдан жазушының ұстанымы туады [19]. Мекеншақ 
əдеби  шығарманың  көркемдік  бірлігін,  оның  шынайы  өмірге  қатынасын  қамтамасыз  етеді  əрі 
эмоционалдық  жағынан  бейнелі  болады.  Бірыңғайлы,  бір  жүйедегі  сюжеттен  көп  салалы  сюжет 
өрбіп отырады да, ол уақыттың немесе мекеннің сипатына əсер етеді [20,48].  
XX ғасырдағы қазақ прозасы заман мен адам құбылысының терең сырларына бойлай отырып, 
олардың  арасындағы  диалектикалық  үндестік  пен  қарама-қайшылықты  қатынасын  көркем 
шығармаға  өзек  етті.  Қазіргі  ғылым  рухани  əлем  үш  негізгі  құбылыстан:  мінез-құлық  актісінен; 
сезінген  cубъективті  пайымнан;  психикалық  құбылыстан  тұрады  деп  дəлелдесе,  бұл  адам 
болмысының  айнала  қоршаған  ортаға,  онда  өтіп  жатқан  уақыт  өзгерісіне  əр  түрлі  көңіл-күймен, 
зердемен келетінін айғақтай түседі.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет