Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет15/43
Дата03.03.2017
өлшемі3,94 Mb.
#5588
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43

ƏДЕБИЕТ 
 
[1]  Лессинг  Г.  Воспитание  человеческого  рода //  «Лики  культуры» :  альманах / Пер.  М.  Левиной. — М.:  Юристъ, 
1995. 
    
[2] Лихачев Д.С. Очерки по философии художественного творчества. –СПб.: Высшая школа, 1999. – 190 с. 
[3] Новая философская энциклопедия. М.: Мысль, 2010.- 780 с.  
[4]  Волошин  М.  О  самом  себе. // Воспоминания  о  Максимилиане  Волошине.  Сборник.-  М.:  Советский  писатель, 
1990—720 c 
[5] Қирабаев С. Ұлт тəуелсіздігі жəне əдебиет. Алматы, 2001.-245 б. 
[6] Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. –Алматы: Жазушы, 1978.-308 б.  
[7] Мүсірепов Ғ. Таңдамалы үш томдық шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1980. – 270 б. 
[8] Августин А. Исповедь. История моих бедствий. М.: Республика, 1992.-336 с. 
[9] Гусев В.И. Память и стиль. Теоретическая критика. М.: Прогресс, 1981.-280 с.  
[10] Хализев В. Теория литературы. М.: Высшая школа, 2000.-398 с. 
[11] Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.: Художественная литература, 1975.-504 с.  
[12] Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғаты. – Алматы: Ғылым, 2001. – 338 б. 
[13] Бабенко Л.Г. Лингвистический анализ художественного текста. –Екатеринбург: изд-во Уральского гос. ун-та, 
2005. – 496 с. Хайдегер М.  
[14] Шеффер Ж.М. Что такое литературный жанр? –М.: Едиториал УРСС, 2010.-192 с.  
[15] Хайдегер М. Исток художественного творения. — М.: Академический проект, 2008.-334 с.  
[16] Жирмунский В.М.Введение в литературоведение. Курс лекций. –М.: Едиториал УРСС, 2004.-464 с.  
[17] Лотман Ю.М. Об искусстве. –С-Пб: Искусство-СПБ,2005.-704 с.  
[18] Эпштейн М. Природа, мир, тайник Вселенной. –М.: Прогресс, 1990.-178 с.  
[19] Тюпа В.И. Анализ художественного текста. – М.: Академия, 2006. –336 с. 
[20] Майтанов Б. Көркемдік нəрі: Əдеби-сын мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1983. – 184 б. 
 
REFERENCES 
 
[1] Lessing G. Vospitanie chelovecheskogo roda // «Liki kul'tury» : al'manah / Per. M. Levinoj. — M.: Jurist#, 1995. 
 
[2] Lihachev D.S. Ocherki po filosofii hudozhestvennogo tvorchestva. –SPb.: Vysshaja shkola, 1999. – 190 s. 
[3] Novaja filosofskaja jenciklopedija. M.: Mysl', 2010.- 780 s.  
[4] Voloshin M. O samom sebe. // Vospominanija o Maksimiliane Voloshine. Sbornik.- M.: Sovetskij pisatel', 1990—720 c 
[5] Қirabaev S. Ұlt təuelsіzdіgі zhəne ədebiet. Almaty, 2001.-245 b. 
[6] Mүsіrepov Ғ. Suretker paryzy. –Almaty: Zhazushy, 1978.-308 b.  
[7] Mүsіrepov Ғ. Taңdamaly үsh tomdyқ shyғarmalar. – Almaty: Zhazushy, 1980. – 270 b. 
[8] Avgustin A. Ispoved'. Istorija moih bedstvij. M.: Respublika, 1992.-336 s. 
[9] Gusev V.I. Pamjat' i stil'. Teoreticheskaja kritika. M.: Progress, 1981.-280 s.  
[10] Halizev V. Teorija literatury. M.: Vysshaja shkola, 2000.-398 s. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016  
 
 
107 
[11] Bahtin M. Voprosy literatury i jestetiki. –M.: Hudozhestvennaja literatura, 1975.-504 s.  
[12] Aқsholaқov T. Kөrkem shyғarmanyң jestetikalyқ tabiғaty. – Almaty: Ғylym, 2001. – 338 b. 
[13] Babenko L.G. Lingvisticheskij analiz hudozhestvennogo teksta. –Ekaterinburg: izd-vo Ural'skogo gos. un-ta, 2005. – 
496 s. Hajdeger M.  
[14] Sheffer Zh.M. Chto takoe literaturnyj zhanr? –M.: Editorial URSS, 2010.-192 s.  
[15] Hajdeger M. Istok hudozhestvennogo tvorenija. — M.: Akademicheskij proekt, 2008.-334 s.  
[16] Zhirmunskij V.M.Vvedenie v literaturovedenie. Kurs lekcij. –M.: Editorial URSS, 2004.-464 s.  
[17] Lotman Ju.M. Ob iskusstve. –S-Pb: Iskusstvo-SPB,2005.-704 s.  
[18] Jepshtejn M. Priroda, mir, tajnik Vselennoj. –M.: Progress, 1990.-178 s.  
[19] Tjupa V.I. Analiz hudozhestvennogo teksta. – M.: Akademija, 2006. –336 s. 
[20] Majtanov B. Kөrkemdіk nərі: Ədebi-syn maқalalar. – Almaty: Zhazushy, 1983. – 184 b. 
 
К.М.Байтанасова, Ж.А.Аймухамбет, М.С.Оразбек 
 
Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева 
 
ХРОНОТОП ХУДОЖЕСТВЕННОГО ПРОИЗВЕДЕНИЯ:  
ОСОБЕННОСТИ ВОСПРИЯТИЯ ЭКЗИСТЕНЦИАЛЬНОГО ВРЕМЕНИ 
 
Аннотация. В настоящее время в науке литературоведение усиливается независимое глубокое исследо-
вание  художественного  текста,  его  строения,  компонентов.  Это  доказывает  сложность  строения  художест-
венного произведения, расширение методологии филологического разбора. Экзистенциальное время – поня-
тие, рассматриваемое противоположно природному времени. В жизни человека смысл духа жизни существо-
вания, вопросов разума и понимания глубоки. Таким образом, экзистенциальное время должно быть важнее 
биологического, физического, социального и космического времени. 
Цель исследования – раскрыть особенности категорий времени с целью более широкого рассмотрения 
внутренних художественных методов изображения пространства и времени, сделать уточнения в тексте. 
Методы исследования – анализ, сравнение, обобщение. 
Методологии исследования – в первую очередь были приняты во внимание комплексные исследования в 
области зарубежной и отечественной философии, гуманитарии.  
Заключение.  Хронотоп  раскрывает  художественное  единство  литературного  произведения,  обеспечи-
вает его связь с реальной жизнью и определяет эмоционально-художественные качества. Внутри категории 
хронотопа  вместе  с  общим  смыслом,  настроением  человека,  особо  рассматриваемый  вопрос  о  понятии  и 
восприятии экзистенциального времени, должен перерастать в глубокий филологический анализ. 
Умозаключения, выводы исследования могут служить опорой для студентов и магистрантов, докторан-
тов в ходе анализа художественного текста. 
Ключевые слова: хронотоп, экзистенциальное время, творчество, автор, персонаж. 
 
 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
 
108  
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 6, Number 310 (2016), 108 – 112 
 
S. Chukhanov 
 
Ph.D Student, Faculty of Islamic Studies, Egypt University of Islamic Culture Nur Mubarak 
shohan.kz@inbox.ru 
 
ANALOGICAL METHOD (DALALATU AN-NASS) 
IN THE SEMANTICS OF RELIGIOUS TEXT 
 
Abstract. It is known that the main sources of Islamic law are the Quran and Sunna, ie Muslim bonds. As far as 
the primary sources of the Quran and Sunna are preserved only in Arabic language, in the course of rendering of 
legal judgments according to sheriat people refer only to their originals in Arabic. Because while delivering 
judgement the lexical-semantic content plays a very important rol. In the article the question of the application of the 
method of solution of the problem by analogy in the semantics of the text - one of the main linguistic issues of the 
Islamic law - is regarded. 
Keywords: Islam, Quran, text, semantics, analogy. 
 
С. Чуханов
1
 
 

Нұр-Мүбарак Египет ислам мəдениеті университеті. PhD докторант 
Қазақстан Республикасы, Алматы қ. 
 
ДІНИ МƏТІН СЕМАНТИКАСЫНДАҒЫ  
(ДƏЛƏЛƏТУ ƏН-НАСС) ҚИЯС ТƏСІЛІ 
 
Аннотация.  Ислам  құқығының  негізгі  қайнарлары  Құран  мен  сүннет  екендігі  белгілі.  Құран  мен  сүн-
неттің  түп  нұсқасы  араб  тілінде  сақталғандықтан,  шариғи  құқықтық  үкімдер  шығару  барысында  тек  араб 
тіліндегі  нұсқасына  ғана  жүгініледі.  Өйткені  үкім  шығару  барысында  мəтін  тілінің  лексика-  семантикалық 
заңдылықтары маңызды рөл атқарады. Осы шағын мақаламызда ислам құқығы негіздеріндегі лингвистика-
лық мəселелердің бірі мəтін семантикасындағы қияс тəсілінің қолданылу барысы баяндалады. 
Түйін сөздер: Ислам, Құран, мəтін, семантика, қияс. 
 
Кейбір  ғалымдар  «дəлəлəту  əн-нас»  терминінің  орнына  «дəлəлəту  əд-дəлəлə», «фахуа  əл-
хитаб», «лахну əл-хитаб» сөздерін қолданған. Мутакаллимдер мектебі оның орнына «мафһуму əл-
муафақа» терминін қолданады.  
Мəтіннің  синтаксистік  шартты  мағынасын  əс-Сығнақи: «Мəтінде  келген  үкіммен  мазмұны 
бірдей,  бірақ  онда  айтылмаған  үкімнің  бекітілуі.  Оны  мəтін  тілін  білетін  əрбір  адам  қиндықсыз 
түсіне алады» [1, 1/486 б.], – деп баяндаған. 
Əд-Дəбусидің пікірі бойынша дəлəлəту əн-насс мəтінде келген сөзбен бекітілген үкімнің өзінің 
немесе мағынасының кемшіліксіз сол сөзде де анықталуы. Лексикалық тұрғыда мəтінде келмеген 
мағынаны  кемшіліксіз  қамтиды.  Өйткені  бұл  əркімнің  білуі мүмкін  болған  нəрсе.  Əд-Дəбуси  бұл 
тақырыпты кейінгі ғалымдардың барлығы мысал ретінде келтірген «Ал егер ол екеуінің бірі немесе 
екеуі  де  жандарыңда  кəрілікке  жетсе: “Түу”  деме»  (Исра, 23) аятымен  түсіндіреді.  Аятта  ата-
анаға «түу» деп айтудың тыйым салынғандығы анық келген. Негізінде «Түу» деп айту ата-ананы 
ренжітуді  білдіреді.  Оларға  «түу»  деп  айту  тыйым  салынса,  оларды  ұру,  оларға  тіл  тигізу,  сөгу 
секілді  жапа  шектіретін  істер  үзілді-кесілді  тыйым  салынатындығы  белгілі.  Аяттың  ұғындырмақ 
болған бұл мағынасын əрбір адам түсіне алары сөзсіз. Сол секілді, əд-Дабуси тақырыпты бірнеше 
мысалдармен түсіндіреді [2, 142 б.].  

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016  
 
 
109 
Əс-Сарахси: «Дəлəлəту  əн-насс – назмның  тілдік  мағынасымен  білінбей,  ойланудың  нəтиже-
сінде  белгілі  болған  мағына.  Назм – форма  болса,  мақсат  етілген  нəрсе – мағына.  Бұл  мағынаны 
түсіну  өте  жеңіл  болғандықтан,  қияс  тəсілімен  түсінудегі  қиындық  туындамайды», – деген [3,  
1/241 б.] 
Əл-Бəздəуи: «Дəлəлəту  əн-нас – ижтихад  жəне  истинбат  жолымен  емес,  мəтіннің  тілдік 
мағынасымен бекітілген семантикасы. Тақырыпқа қатысты жоғарыда келтірілген аятты əл-Бəздəуи 
де  мысал  ретінде  беріп: «Аятта  келген  «зиян  тигізу»  мағынасы  мəтіннің  сыртқы  формасынан 
(заһир)  да,  мағынасынан  да  белгілі.  Бұл  мағынаны  рай  жəне  ижтихад  өкілі  болмаған  адамдар  да 
түсіне  алады.  Оған  «ұру»  сөзінен  «ауырту»  мағынасын  түсінуді  мысал  ретінде  айтуға  болады. 
Сондай-ақ,  ол  ұрып-соғу  мен  балағаттау  мағыналарын  да  қамтитындығы  белгілі.  Бұл  мағына 
тікелей мəтіннен (сөзден) көрінбегендіктен, бұған мəтіндік (насс) деп айтылмайды. Бірақ онымен 
мəтінде  (насс)  келген  үкіммен  амал  еткендей  амал  жасалады.  Истинбат  тəсіліне  жүгінбей,  тілдік 
тұрғыда анықталғандықтан «дəлəлəт» яғни «семантика» деп аталады [4, 1/268 б.].  
Мəтіннің  синтаксистік  шартты  мағынасының  құқықтық  үкім  шығарудағы  əсерін,  пайғамбар-
дың (с.а.с.) жұма күні құтпа оқылып жатқан кезде сөйлеуден тыйған: «Жұма күні имам құтпа оқып 
тұрған уақытта, жаныңдағы (сөйлеп отырған) адамға «сөйлеме» деп айтсаң, бос сөз айтқаның» 
деген  сөзінен  көре  аламыз.  Ханафи  ғалымдары  хадис  мəтінінің  синтаксистік  шартты  мағынасы 
жұма  намазының  құтпасы  барысында  кез  келген  сөзді,  сондай-ақ,  намаз  оқуды  да  қамтиды  деп 
түсінген.  
Мəтіндегі  үкімді  мəтіннің  синтаксистік  шартты  мағынасы  арқылы  түсіну,  оны  аналогиялық 
тəсілмен түсінуге ұқсайды. Мысалы: «Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кəрілікке 
жетсе: “Түу” деме» (Исра сүресі, 23), – деген аятта:  
1. Мəтінде нақты айтылған нəрсе (мантуқ): Ата-анаға «Түу» деп айту. 
2. Үкімі: Тыйым (харам) 
3. Себеп (Илла): Ренжіту, зəбір көрсету 
4. Мəтінде келмеген үкім: Ата-анаға қандай да бір зиян беру [5, С. 80-81]. 
Алайда,  жоғарыдағы  ғалымдардың  анықтамасынан  жəне  əс-Сығнақидің: «Ижтиһад  пен 
рационалды зерделеуге жəне аналогиялық тəсілге (қиясқа) жүгінбей, мəтіннің тілдік мағынасынан 
айқындалу  жолын – дəлəлəт  əн-насс  (мəтіннің  синтаксистік  шартты  семантикасы)»  деп  атадық. 
Аналогиялық тəсілге жүгінілмеу себебі, қияс – мужтаһидтің рационалды зерттеулеріне негізделеді. 
Өйткені, ортақ себепке байланысты, мəтінде үкімі келмеген мəселені үкімі нақты келген мəтінмен 
салыстырып, үкім шығарылады» [1, 1/487 б.], – деген сөзінен дəлəлəту əн-насс арқылы үкімге қол 
жеткізу, аналогиялық (қияс) тəсілден өзгеше екендігін түсінеміз.  
Негізгі  айырмашылық,  дəлəлəту  əн-наста  ортақ  себепті  (иллə)  анықтау  қиындық  туындат-
пайды,  яғни,  зерттеуді,  ой  жүгіртуді  қажет  етпейді.  Ал,  аналогиялық  тəсілде  (қияс)  ортақ  себеп 
(иллə) ижтиһад пен зерттеу арқылы белгілі болады. Нақтырақ айтсақ, дəлəлəту əн-наста (мəтіннің 
синтаксистік  шартты  семантика)  мəтінде  келген  сөз  бен  мəтінде  келмеген  мағынаның  ортақ 
мазмұнын (иллə) мəтін тілін білген əрбір адам түсіне алады, яғни, фиқһ маманы болу шарт емес. 
Ал,  аналогиялық  тəсілде  салыстырылатын  екі  компоненттің  ортақ  себебін  ижтиһад  жасауға  ша-
масы жеткен адам ғана ұғына алады. 
Жоғарыдағы Құран мəтінінде келген «түу» сөзі жек көргенде, ұнатпаған жағдайда айтылатын 
одағай  сөз.  Сөздің  мазмұнына  терең  ой  жүгіртпей-ақ,  оның  лексикалық  мағынасынан  ұрып-соғу, 
балағаттап зиян тигізудің де тыйым салынғанын түсінеміз. Өйткені ұрып-соғу не балағаттау, «түу» 
деп  моральды  тұрғыда  адамды  жаралап,  көңіліне  қаяу  түсіруден  əлдеқайды  зиянды.  Бірақ  бұл 
сөздің  мағынасын  білмей,  басқа  мақсатта  қолданған  адам  мен  оны  жақсы,  болымды  мағынада 
қолданатын қауымға тыйым салынбайды.  
 Сол  секілді:  «Негізінен  сондай  жетімдердің  малдарын  зұлымдықпен  жегендер,  олар 
қарындарын отпен толтырған болады» (Ниса сүресі, 10), – деген аят мəтінінің тура мағынасынан, 
зұлымдықпен  жетімдердің  малын  жеудің  харам  екендігі  түсінеміз.  Ал,  мəтіннің  синтаксистік 
шартты  семантикасынан:  жетімдердің  малдарын  өзгелерге  тарату,  жою,  тартып  алу  секілді, 
жетімнің малына қол сұғудың барлық түрі харам болатындығын білеміз. 
Ханафи  ғалымдары  бұл  мəселеге  хадистен  мысал  келтіреді.  Пайғамбар  заманында  отбасылы 
Мағиз  деген  кісінің  зина  жасағандығы  үшін,  оған  рəжім  жазасының  қолданылғандығы  жайлы 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
 
110  
хадистер  жеткен.  Əс-Сығнақи: «Оған  рəжім  жазасының  қолданылуы  мəтінде  нақты  келген.  Ал 
одан  басқа  отбасылы  адамдар  зина  жасайтын  болса,  оларға  да  рəжім  жазасының  қолданылуын 
мəтіннің синтаксистік шартты семантикасынан түсінеміз. Хадисте аталған жаза, ол Мағиз болғаны 
үшін, не сахаба яки араб болғаны үшін берілген жоқ. Барлық ғалымдар, жазаның оның отбасылы 
болғандығы  үшін  тағайындалғанына  келіскен.  Бұл  себептің  жалпыға  ортақ  болуын  мəтіннің 
синтаксистік шартты семантикасынан білеміз», – деген [1, 1/492 б.].  
Бұл  тұрғыда  Шамсулəймма  да: «Біз  Мағиздің  отбасылы  болғаны  үшін  ғана  оған  жаза 
қолданылғанын  білеміз.  Егер  осы  үкім  басқа  біреуге  қолданылатын  болса,  ол  қияс  арқылы  емес, 
хадис мəтінінің семантикасына (дəлəлə) сай бекітілген болады», – деген. Яғни, Шамсулəймма мен 
əс-Сығнақидың пікірі бойынша, Мағизге  жазаның қолданылуы – мəтіннің номинативті мағынасы 
(ибарату əн-насс), ал оның жазаға тартылуына себеп болған нəрсенің кімде де болса орын алуы – 
мəтіннің синтаксистік шартты мағынасынан (дəлəлəту əн-насс) ұғынылады [3, 1/242 б.].  
Мəтіннің  синтаксистік  шартты  мағынасы  арқылы  белгілі  болған  үкімнің  дəрежесіне  келетін 
болсақ,  əл-Бəздəуи,  əс-Сарахси  секілді  ханафи  ғалымдары  дəлəлəту  əн-насс  нақты  үкімді 
білдіретіндігін  айтқанымен,  кесімді  немесе  болжамды  дəлел  болатындығына  тоқталмаған.  Олар, 
мəтіннің синтаксистік шартты семантикасы (дəлəлəту əн-наста) мен аналогиялық тəсіл арасындағы 
айырмашылыққа баса назар аударған. Бірақ, əл-Бəздəуи: «Мəтінде келген үкіммен амал еткендей, 
амал  етіледі», – деген  сөзімен  мəтіннің  синтаксистік  шартты  семантикасының  кесімді  үкімді 
білдіретіндігін  меңзеген.  Оны  əл-Ахсикаси  «Мəтіннің  синтаксистік  шартты  семантикасы  қарама-
қайшылық  туындамаған  жағдайда,  мəтіннің  қосымша  меңзеген  мағынасы  секілді  нақты  үкімді 
білдіреді.  Сондай-ақ,  жаза  мен  кəффарат  түрлерін  де  бекітеді»,–  деп  түсіндірген.  Жоғарыда 
мəтіннің қосымша мағынасының көп жағдайда кесімді, нақты үкімді білдіретіндігін сөз еттік. 
Мəтін мазмұнының кесімді дəлел болуы – мəтінде нақты айтылған үкімнің кесімділігімен жəне 
оның мəтін мазмұнында келген үкімді білдіруімен байланысты. Яғни, мəтінде келген нақты мағына 
мен  мəтіннен  ұғынылатын  мағынаның  байланысына  байланысты.  Мысалы:  «Ол  екеуіне  «Түу» 
деме»  деген  аят,  ата-анаға  «түу»  деп  кейіс  білдіруден  нақты  тыйса,  мəтінде  келмесе  де  оның 
мазмұнынан айқындалатын: ұру, соғу, балағаттау секілді іс-əрекеттердің де нақты тыйым салына-
тынын түсінеміз. 
Ал,  рамазан  айының  оразасында,  əдейі  аузын  ашқан  адамға  кəффарат  өтеудің  міндеттілігін 
бекіткен мəтін мазмұны болжамды дəлел болып саналады. Бұл – ханафи жəне мəлики мəзһабының 
көзқарасы.  Олар,  сонымен  қатар,  көзқарастарын  осы  мəселеге  қатысты  жеткен  хадистермен 
қуаттаған. Шафиғи жəне ханбали мəзһабында кəффарат өтеу міндетті емес [6, 2/664 б.]. 
Əс-Сығнақи жоғарыда аталған Мағиздың оқиғасында келген үкімнің жалпыға қатыстылығын 
жəне  гомосексуалдық  қатынасқа  түскендердің  жазасы  да  зинаға  қатысты  мəтіннің  синтаксистік 
шартты  семантиксынан  түсінілетіндігін  келтірген.  Яғни,  дəлəлəту  əн-наспен  айқындалған  үкім – 
нақты  мəтінде  келгендей  кесімді.  Сол  секілді,  кəффарат  үкімдеріне  қатысты  да  нақты  үкімді 
білдіретіндігін  мысалмен  баяндаған.  Оған,  пайғамбардың,  рамазан  оразасы  кезінде  əйелімен 
жыныстық қатынасқа түсіп қойған далалық (бəдəуи) арабқа кəффарат өтеуді бұйырғандығы жайлы 
хадисті  келтірген.  Пайғамбар  оған  далалық  араб  болғандығы  үшін  емес,  рамазанда  тыйым 
салынған  нəрсені  жасағандығы  үшін  кəффарат  тағайындаған  болатын.  Мəтін  мазмұнынан  бұл 
үкімнің  басқаларға  да  қатысты  екендігін  түсінеміз.  Ханафи  ғалымдары  мəтіннің  синтаксистік 
шартты  мағынасынан,  тыйым  салынған  нəрсеге  ортақтасқандықтан  əйел  адамға  да  кəффарат 
өтеудің  міндеттілігін  түсінген.  Сол  секілді  əдейі  ішіп-жеген  адамның  да  кəффарат  өтеуін  мəтін 
мазмұнынан  түсінген.  Өйткені  ханафи  ғалымдары  бұл  іс-əрекетті – оразаны  бұзатын  айыпты 
əрекет деп қараған. Кəффарат – сол айыптың өтеуі деп білген [1, 1/496 б.]. Ал, шафиғи ғалымдары, 
оны – оразаны  бұзатын  айыпты  əрекет  деп  санамағандықтан,  аталған  жыныстық  қатынаста  əйел 
адамға жəне əдейі ішіп-жеген адамға кəффарат өтеу міндеттелмейді [7, 2/85-86 б.]. 
Сол  секілді,  əс-Сығнақи  ұмытып  ішіп-жеген  адамның  оразасы  бұзылмайтындығын  білдірген 
мəтіннің  мазмұнына  сай,  ұмытып  əйеліне  жақындаған  кісінің  де  оразасы  бұзылмайтындығын 
айтқан.  Бұл  ішіп-жеуге  салыстыру  (қияс)  арқылы  рұқсат  етілген  болып  табылмайды.  Өйткені 
рамазан  оразасы  кезінде  ұмытып  ішіп-жеу,  рамазан  айында  күндіз  ішіп-жеген  адамның  оразасы 
бұзылатындығына  қияс  қылынбай,  пайғамбардың:  «Кімде-кім  ораза  кезінде  ұмытып  ішіп-жесе, 
оразасын  жалғастырсын,  Өйткені  оны  Аллаһ  тамақтандырып,  сусындандырды», –  деген 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016  
 
 
111 
хадисіне  жүгінілген.  Негізінде,  қандай  жағдайда  да  болсын,  ораза  кезінде  ішіп-жеудің  оразаны 
бұзатындығы белгілі. Оған қияс қылынса, ұмытып ішіп жеу де оразаны  бұзуы керек еді. Алайда, 
ханафи ғалымдары аталған хадисті негізге алады. Дегенмен мəселе қияс тəсіліне сай келгендіктен, 
оған  екінші  бір  мəселе  қияс  қылынбайды.  Яғни,  ұмытып  ішіп-жеу  қияс  тəсіліне  сай  келіп,  өзі 
тармақ болуы ықтимал болғандықтан, оған ұмытып жыныстық қатынасқа түсу қияс қылынбайды. 
Демек, ол мəтіннің синтаксистік шартты мазмұнымен бекітіледі. 
Кейбір  үкімдер  мəтінде  келсе,  соған  байланысты  қалған  үкімдерді  мəтіннің  синтаксистің 
шартты  семантикасы  қамтиды.  Ішіп-жеу,  жыныстық  қатынас  оразаны  бұзатын  жəне  бұзбайтын 
жағадайда да бірдей үкім алады.  
Мəтіннің синтаксистік  шартты мағынасы (дəлəлə) мен мəтіннің қосымша меңзеген мағынасы 
(ишара) қарама-қайшы келуі мүмкін. Қосымша мағына, айтып өткеніміздей, көп жағдайда кесімді 
дəлел  болады.  Əл-Ахсикаси: «Мəтіннің  синтаксистік  шартты  семантикасымен  бекітілген  үкім – 
мəтіннің  қосымша  меңзеген  мағынасымен  бекітілген  үкімге  тең», – деген.  Өйткені  екеуі  де 
ижтиһад  тəсілдеріне  жүгінбей-ақ,  мəтін  барысынан,  ондағы  сөздердің  лексика-семантикалық 
өрісінен ұғынылады. Демек, мəтіннің қосымша меңзеген мағынасымен бекітілген үкім кесімді де, 
болжамды да болу мүмкін болса, мəтіннің синтаксистік шартты семантикасы арқылы анықталған 
үкім де сондай сипатта болады. Ал егер, екеуі қарама-қайшы келген  жағдайда мəтіннің қосымша 
меңзелген  мағынасы  жоғары  тұрады.  Бұл  тұрғыда  əс-Сығнақи: «Қосымша  мағынаны  меңзеу – 
мəтін  құрылымы  мен  оның  тілдік  мағынасына  байланысты  болса,  синтаксистік  шартты  мағына – 
оның  тек  тілдік  мағынасына  ғана  қатысты.  Мəтіннің  қосымша  меңзеген  мағынасы  мəтін 
мазмұнына мағына үстеп, одан бір саты жоғары тұрады. Сондықтан қарама-қайшылық туындаған 
жағдайда мəтіннің қосымша меңзеген мағынасына (ишарату əн-насс) бірінші кезекте жүгініледі», – 
деген [1, 1/500 б.]. 
Бұны келесі мысалдан түсінуге болады. Шафиғи ғалымдары Құран Кəрімнің: «
 َلَتَق  ْنَمَو
 
 ًأَطَخ اًنِم ْؤُم
 ٍةَنِم ْؤُم ٍةَبَقَر  ُريِرْحَتَف» «Біреу бір мүмінді қателесіп өлтірсе, онда бір мүмін құл азат етуі керек...» (Ниса 
сүресі, 92), – деген аятының синтаксистік шартты мағынасына сүйеніп, əдейі адам өлтірген кісінің 
кəффарат  өтеуін  міндетті  деп  біледі.  Яғни,  аятта  қателікпен  адам  өлтірген  кісіге  кəффарат  өтеу 
міндетті болса, бұл қылмысты əдейі істеген кісінің кəффарат өтеуін дұрысырақ деп санаған. 
Ал, ханафи  ғалымдарының  көзқарасында, аталған  аят  мəтінінің  мазмұны  əдейі  адам  өлтірген 
кісінің кəффарат өтеуін міндеттегенімен, ол « ُهَنَعَلَو ِهْيَلَع ُ ﱠﷲ  َبِضَغَو اَھيِف اًدِلاَخ  ُمﱠنَھَج ُهُؤاَزَجَف اًدﱢمَعَتُم اًنِم ْؤُم  ْلُتْقَي  ْنَمَو
اًميِظَع اًباَذَع ُهَل ﱠدَعَأَو» «Кімде-кім бір мүмінді əдейі өлтірсе, оның жазасы, ішінде мəңгі қалатын тозақ 
болады.  Сондай-ақ  оған  Алланың  ашуы,  қарғысы  болып  жəне  оған  зор  үлкен  азап  дайындаған» 
(Ниса сүресі, 93), – деген аяттың қосымша меңзеген мағынасына қайшы келеді. Өйткені екінші аят 
–  зұлымдықпен  адам  өлтірген  кісінің  ақыреттік  ауыр  жазасымен  ғана  шектеліп,  оған  кəффарат 
өтеуді міндетті етпейді. Бұл бірінші аяттың мазмұны арқылы анықталған үкімге қайшы келеді. Ал, 
жоғарыда бекітілген қағида бойынша, мəтіннің қосымша меңзеген мағынасы мəтіннің синтаксистік 
шартты мағынасынан қуаттырақ саналады. Демек, зұлымдықпен адам өлтірген кісіге қылмысының 
кəффаратын өтеу міндетті болмайды.  
Қорыта айтқанда ислам құқығы негіздерінде компаративистикалық қияс тəсілі лингвистикалық 
мəселелерде де қолданыс табады. Яғни мəтіндегі үкімді мəтіннің семантикасы арқылы түсіну, оны 
аналогиялық  тəсілмен  түсінуге  сəйкес  келеді.  Алайда  негізгі  айырмашылық, «дəлəлəту  əн-наста» 
ортақ себепті (иллə) анықтау зерттеуді, ой жүгіртуді қажет етпейді. Ал, аналогиялық тəсілде (қияс) 
ортақ  себеп  (иллə)  ижтиһад  пен  зерттеу  арқылы  белгілі  болады.  Нақтырақ  айтсақ,  мəтін 
семанткиасында мəтінде келген сөз бен мəтінде келмеген мағынаның ортақ мазмұнын мəтін тілін 
білген  əрбір  адам  түсіне  алады,  яғни,  фиқһ  маманы  болу  шарт  емес.  Ал,  аналогиялық  тəсілде 
салыстырылатын екі компоненттің ортақ себебін ижтиһад жасауға шамасы жеткен адам ғана ұғына 
алады. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет