Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет11/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,06 Mb.
#5909
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58

 
Akshataeva Zhanna Baybekovna  
Candidate  of  Law,    Associate  Professor  of  the  chair  of  civil  Law  and  procedure,  M.  Auezov  South  Kazakhstan  State 
University, Akshataeva_J@mail.ru 
 
Поступила 15.04.2015 г. 
 
 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015) 
 
UDC 336.741.28  
 
Problems of improving the state regulation of agriculture RK 
 
A.
 
Jangabulova, R. Erezhepkyzy 
Zarya_kz@mail.ru 
Kazakh national university named after Al-Farabi, Almaty, Kazakhstan 
 
Ke ywords: agriculture, government regulation, state support, agricultural products, agricultural producers. 
Abstract.  The  article  is  devoted  to  problems  of  perfection  of  state  regulation  of  agriculture.  Need  of  state 
regulation of agricultural production is caused by that the state is responsible before the citizens for creation by it of 
normal  conditions  for  life,  providing  with  the  food  and  other  agricultural  goods.  Regulation  of  agriculture  is  a 
complex system of economic, legal, organizational, administrative and social activities. According to the law of the 
Republic  of  Kazakhstan  «On  state  regulation  of  development  of  agriculture  and  rural  areas":  state  regulation  of 
development of agriculture and rural areas is aimed at ensuring food security, sustainability markets of agricultural 
products,  the  formation  of  an  effective  system  of  entrepreneurship  support  competitive  advantages  of  domestic 
production, as well as increasing the standard of living of the rural population through the creation of conditions for 
the development of crop, livestock,  fisheries, processing of agricultural raw  materials and food industry, providing 
veterinary  and  sanitary  and  phytosanitary  safety  of  technical  equipment  and  other  related  fields  of  activity,  the 
development of social and engineering infrastructure of rural areas». 
This  article  discusses  the  purpose  and  direction,  and  the  improvement  of  state  regulation  of  agriculture, 
measures of state support of agricultural producers. 
To  illuminate  the  problems  stated  in  the  article,  the  author  of  widely  used  methods  of  analysis  of  normative 
legal acts that regulate food safety issues, comparative historical and other methods of scientific research. 
The article explores the concept and objectives and improving the state regulation of agriculture, food security 
issues and ways to solve these problems. 
The  author  proposes  to  revise  some  of  the  methods  and  directions  of  state  regulation  of  agriculture  and 
improvement of state support for agricultural producers. 
       
УДК 336.741.28 
 
Проблемы совершенствования государственного регулирования 
агропромышленного  комплекса РК 
 
A.
 
ДжангабуловаР. Ережепқызы 
КазНУ им. аль-Фараби,  юридический факультет, г. Алматы, Республика Казахстан 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
70  
Ключевые  слова:  агропромышленный  комплекс,  государственное  регулирование,  госуарственная  поддержка, 
сельскохозяйственная продукция, сельскохозяйственные товаропроизводители.  
Аннотация. 
Статья 
посвящена 
проблемам 
совершенствования 
государственного 
регулирования 
агропромышленного  комплекса.  Необходимость  государственного  регулирования  сельскохозяйственного  производства 
обусловливается тем, что государство ответственно перед своими гражданами за создание им нормальных условий для 
жизни, обеспечение продовольствием и другими сельскохозяйственными товарами. Регулирование сельского хозяйства 
представляет  собой  сложную  систему  экономических,  правовых,  организационно-административных  и  социальных 
мероприятий. Согласно закона Республики Казахстан «О государственном регулировании развития агропромышленного 
комплекса и сельских территорий»: государственное регулирование развития агропромышленного комплекса и сельских 
территорий  направлено  на  обеспечение  продовольственной  безопасности,  устойчивости  рынков  продукции 
агропромышленного  комплекса,  формирование  эффективной  системы  предпринимательства,  поддержку  конкурентных 
преимуществ отечественной продукции, а также повышение уровня жизни сельского населения через создание условий 
для  развития  растениеводства,  животноводства,  рыбного  хозяйства,  переработки  сельскохозяйственного  сырья  и 
пищевой  промышленности,  обеспечения  ветеринарно-санитарной  и  фитосанитарной  безопасности,  технической 
оснащенности  и  других  сопутствующих  сфер  деятельности,  развития  социальной  и  инженерной  инфраструктуры 
сельских территорий. 
В  статье  рассматриваются  цели  и  направление,  и  совершенствование  государственного  регулирования 
агропромышленного комплекса,  меры государственной поддержки сельскохозяйственных товаропроизводителей.  
Для  освещения  проблемы,  заявленной  в  статье,  автором  широко  использованы  методы  анализа  нормативно-
правовых актов, которые регулируют вопросы продовольственной безопасности, сравнительный исторический и другие 
методы научного исследования. 
В  статье  исследуется  понятие  и  цели  и  совершенствование  государственное  регулирования  агропромышленного 
комплекса, проблемы обеспечения продовольственной безопасности и пути  решения данных проблем.  
Автор,  предлагает  пересмотреть  некоторые  методы  и  направления  государственного  регулирования 
агропромышленного  комплекса  и  совершенствование  мер  государственной  поддержки  сельскохозяйственных 
товаропроизводителей.     
 
Агроөнеркәсіптік  кешен  нарық  жағдайында  салааралық  бәсекелестікке  толық  және  тең  дәрежеде 
қатысуға  мүмкіндік  бермейтін  ерекше  жағдайға  ие.  Ауыл  шаруашылығының  аз  пайда  әкелетіндігі  табиғи 
факторларға  және  айқын  көрінетін  мерзімділік,  циклдық    сипаттағы  өндіріске  байланысты,  сонымен  қатар 
технология жағынан басқа салаларға қарағанда салыстырмалы түрде жеткілікті деңгейде дамымағандығы. Ал 
ауылшаруашылық өндірістің дамуы тікелей елдің азық-түлік қауіпсізідігімен байланысты.        
Ауылшаруашылық өндірістің дағдарыстан шығуы және өркендеуінің негізгі шартының бірі  осы саланы 
мемлекеттік  реттеуді  жетілдіру.  Мемлекеттің  қызметінің  бұл  нысаны  екі  бағытан  тұрады,  олар  отандық 
ауылшаруашылық өндірісті реттеу және ауылшаруашлық тауарларды сыртқа шығаруды реттеу.     
Агроөнеркәсіптік  кешеннің  дамуын  мемлекеттік  реттеу  дегеніміз  нормативтік  актілер  қабылдау 
арқылы аталған салада комерциялық ұйымдардың шаруашылық қызметін ұйымдастыруға мемлекеттің 
мақсатты  бағытталғын  әсер  етуі.    Бұндай  реттеудің  негізгі  құралдары  болып  мемлекеттік  сатып  алу, 
салық, баға, несие, сақтандыру, сыртқы экономикалық саясат табылады.    
Ауыл шаруашылығын реттеу экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық-әкімшілік және әлеуметтік 
шаралардың  күрдделі  жүйесін  білдіреді.    «Агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды  дамытуды 
мемлекеттік  реттеу  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес:  агроөнеркәсіптік  кешенді  және 
ауылдық  аумақтарды  дамытуды  мемлекеттік  реттеу  азық-түік  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  агроөнеркісптік 
кешеннің өнімдерінің нарығын тұрақтандыру, кәсіпкерліктің тиімді жүйесңн қалыптастыру, отандық өнімнің 
бәсекеге  қабілетті  жақтарын  қолдау,  сонымен  қатар  өсімдік  шаруашылығын,  мал  шаруашылығын,  балық 
шаруашылығын  дамытуға  жағдай  жасау  арқылы  ауыл  халқының  өмір  сүру  деңгейін  көтеру,  ветеринарлық 
және фито-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету,  техникалық жарақтандыру және т.б. қызмет салаларын 
дамытуға бағытталған.   
Ауылшаруашылық  өндірісті  мемлекеттік  реттеу  қажеттілігі  мемлекеттің  өз  азаматтары  алдында 
өмір  сүруге  қажетті  жағдаймен  және  керек  ауылшаруашылық  тауарлармен  қамтамасыз  етуге 
жауаптылығынан туындайды.   
Қазақстан  Республикасының  «Агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды  дамытуды 
мемлекеттік  реттеу  туралы»  Заңына  сәйкес,  агроөнеркәсiптiк  кешендi  және  ауылдық  аумақтарды 
дамытуды  мемлекеттік  реттеудiң  мақсаттары:  1)  ауылдық  аумақтардың  әлеуметтiк  және  инженерлiк 
инфрақұрылымын  дамыту  және  ауыл  халқын  қолайлы  тұрмыс  жағдайларымен  қамтамасыз  ету;  2) 
мемлекеттiң  азық-түлiк  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету;  3)  агроөнеркәсiптiк  кешендi  және  ауылдық 
аумақтарды  тұрақты  экономикалық  және  әлеуметтiк  дамытуды  қамтамасыз  ету;  4)  бәсекеге  қабілетті 
ауыл  шаруашылығы  өнiмiн  және  оның  қайта  өңдеу  өнiмдерiн  өндiрудің  экономикалық  жағдайларын 
жасау болып табылады [1].   

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
71 
Материалдық  және  қаржылық  ресурстардың  жетіспеуі,  төмен  техникалық  деңгей,  еңбекке 
ынталандырудың  әлсіздігі,  салааралық  байланыстың  әлсіздігі,  ауылдың  әлеуметтік  жағдайының 
төмендігі  аталған  саланы  мемлекеттік  қолдаудың  қажеттілігін  көрсетеді,  өйткені  бұл  сала  өз  бетімен 
дағдарыстан шыға алмайды.   
Реформалаудың  негізгі  бағыттары  болып  агроөнеркісіптік  өндірісті  тұрақтандыруға  байланысты 
шараларды  жүзеге  асыру,  ауылшаруашылық  өнімдердің  бағасын  реттеу,  халықты  азық-түлікпен 
қамтамасыз  ету  жүйесін  қалыптастыру,  жер  реформасы,  аграрлық  экономиканың  баға,  салық,  несие, 
бюджеттікғ кеден және тағы басқа реттеу құралдарын іске келтіру, нарықтық инфрақұрылымды жасау, 
агроөнеркәспәтәк  кешенді  басқарудың  жүйесі  мен  әдістерін  қайта  қарастыру,  ауылдық  аумақтардың 
әлеуметтәк  жағдайын  көтеру,  ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерді  мемлекеттік  қолдау  шараларын 
жүзеге асыру механизмін қалыптастыу, кадрларды дайындау және т.б. табылады.   
       Мемлекеттің  аграрлық  саласының  дамуы  елдің  әлеуметтік  және  әкономикалық  дамуында 
маңызды орын алады. Өйткені, бұл саланың өнімі  – ауылшаруашылық тауарлар – шикізат өнімі және 
халықтың  тұтыну  өнімі.  Ауылшаруашылық  тауар  өндіруді    жүзеге  асыратын  тұлғалар 
ауылшаруашылық  тауар  өндірушілер  болып  табылады.  Агроөнеркісіптік  кешенді  мемлекеттік  реттеу 
нысанының  бірі  –  оны  мемлекеттік  қолдау,  яғни  ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерге  қажет 
материалдық  және  қаржылық  көмек  көрсету.  Ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерді  мемлекеттік 
қолдау  –  ауылшаруашылық  тауар  өндірушілердің  кірістерін  тікелей  көтеру  мақсатында  мемлекет 
тарабынан  көрсетілетін  экономикалық,  қаржылық  және  әлеуметтік  шаралардың  жиынтығы. 
Ауылшаруашылық  тауар  өндірушілер  ауылшаруашылық  тауар  өндірісін  жүзеге  асыру  арқылы  пайда 
табуды көздейтін аграрлық кәсіпкерлер.  
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары агроөнеркәсіптік кешен және осы 
саладағы  кәсіпкерлікті  жүзеге  асыруды  реттеуге  бағытталған  Қзақастан  Республикасының  заңдарында 
бекітіледі.  Қазақстан  Республикасының  «Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  Заңына  сәйкес,  жеке  кәсіпкерлікті 
мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті 
дамытуды  ынталандыру,  қолайлы  құқықтық,  экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайлар  жасау  жөніндегі 
мемлекеттік шаралар кешені. Жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және 
мемлекеттік  емес  заңды  тұлғалар.  Жеке  кәсіпкерлік  субъектілері:  шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне;  орта 
кәсіпкерлік  субъектілеріне;  ірі  кәсіпкерлік  субъектілеріне  жатқызылуы  мүмкін.  Жеке  кәсіпкерлік  -  жеке 
кәсіпкерлік  субъектілерінің  кіріс  алуға  бағытталған,  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  өздерінің  меншігіне 
негізделген  және  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  атынан  олардың  тәуекелімен  және  мүліктік 
жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі [2].  
Ауылшаруашылық  тауаур  өндірушілер  осы  бастамашылық  қызметті  ауылшаруашылық  тауарлы 
өндірісте жүзеге асырады. Аталған заң, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке 
кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасау  және  жеке  кәсіпкерлікке  әкімшілік  етуді  енгізу 
жолымен мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.  
 «Жеке  кәсіпкерлік»  туралы  ҚР  заңы  бойынша,  жеке  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  мынадай 
негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

 
 жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру; 

 
 жеке  кәсіпкерлікті  қолдау  орталықтарын,  бизнес-инкубаторларды,  технологиялық  парктерді, 
индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру және 
дамыту; 

 
 бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-
әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету. 
Жеке  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  және  дамыту:  мемлекеттік  органдардың  жанынан  жеке 
кәсіпкерлік  мәселелерін  зерделеу  және  оны  дамыту  ұсыныстарын  әзірлеу  жөніндегі  ғылыми-зерттеу 
институттарын құру;  
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің 
қызметін ұйымдастыру; жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру; бизнес-
инкубаторлардың  және  индустриялық  аймақтардың  қызметін  ұйымдастыру;  жер  учаскелерін, 
ғимараттарды,  үй-жайларды  сату  не  тұрғын  үй-жайларды  Қазақстан  Республикасының  заңдарына 
сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады. 
Ауылшаруашылық  қызметті  жүзеге  асырушы  жеке  кәсіпкерлердің  ішіндегі  шағын  кәсіпкерлер 
мемлекет  тарапынан  қолдау  шараларын  аса  қажет  етеді.  Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау 
мыналарды:  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  мемлекеттік  қаржылық,  статистикалық,  материалдық-

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
72  
техникалық  және  ақпараттық  ресурстарды,  сондай-ақ  ғылыми-техникалық  әзірлемелер  мен 
технологияларды  пайдалануы  үшін  жағдайлар жасауды;  шағын  кәсіпкерлікті дамытудың  мемлекеттік, 
салалық  (секторальдық)  және  өңірлік  бағдарламаларын  әзірлеуді;  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін 
мемлекеттік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеуді; оңтайлы салық салу режимін 
белгілеуді;  шағын  кәсіпкерлікке  кредит  берудің  бағдарламаларын  қабылдауды;  шағын  кәсіпкерлікті 
қолдау  мен  дамыту  үшін  инвестицияларды,  оның  ішінде  шетелдік  инвестицияларды  тарту  мен 
пайдалану  жүйесін  жасауды;  мемлекеттік  мұқтаждар  үшін  тауарларды  (жұмыстар  мен  көрсетілетін 
қызметтерді) сатып алудың кепілдендірілген көлемін  қамтамасыз етуді; жұмыс істеп тұрған оқу және 
зерттеу  орталықтарын,  консалтингтік  ұйымдар  мен  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамытудың 
ақпараттық  жүйелерін  дамыту  және  жаңаларын  құру  жолымен  кадрлар  даярлауды,  қайта  даярлауды 
және  олардың  біліктілігін  арттыруды  ұйымдастыруды;  ұлттық  даму  институттарын  құру  бағыттары 
бойынша жүзеге асырылады [2].  
Ауылшаруашылық  тауар  өндiрушiлердi  мемлекеттiк  қолдау  шараларын  төрт  негiзгi  топтардан  
тұрады  -  ауылшаруашылық  тауар  өндiрушiлер  сатып  алатын  ресурстарды  субсидиялауға  қатысты 
шаралар;  дотациялардың  берілуі;  шығарылған  өнiмін  өткiзу  кезінде  ауылшаруашылық  тауар 
өндiрушiлердiң  кірістерін  арттыруға  қатысты  шаралар;  бюджет  алдындағы  мiндеттемелер  бойынша 
ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен төленетін  ақшалай қаражаттардың сомасын азайту.  Мысалы: 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  «Ауыл  шаруашылығын  қолдауға  берілетін  кредиттер  бойынша 
сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысы. 19 сәуір 2012 жыл. №488 [3].    
Қазіргі  таңда  Қазақстанда  белгілі  көлемде  агроөнеркәсіптік  кешенді  мемлекеттік  қолдау  шаралары 
бекітіліп жатыр. Бірақ, бұл шараларды жүзеге асыруда ұйымдастырушылық мәселелермен қатар мемлекеттік 
қолдауды  жүзеге  асырудың  құқықтық  тетігін  жетілдіру  мәселелері  бар.    Көп  жағдайда,  мемлекеттік  қолдау 
шаралары оларды жүзеге асыру тетігінің жетілмеуі салдарынан тиісті нәтижеге жетпейді.    
Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдау тетiгi күрделі, яғни бұл процесске көп 
субъектілер  қатысады  және  өзара  келісуді  қажет  ететін  қатынастар  да    күрделi.  Сонымен  қатар,  бұл 
тетік  (механизм)      нарықтық  жағдайларда  ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерге  залал 
келтірмейтіндігіне  кепілдік  бермейді  және  нормативті  түрде  бекітілген  мемлекеттік  қолдау 
шараларының толық деңгейде орындалуына жағдай жасалмаған.  
Б.А. Ворониннің пiкiрi бойынша, қазiргi таңда аграрлық-құқық ғылымының зерттеулерiнiң басым 
бағыттары  болып,  бiрiншiден,  аграрлық  кешенді  мемлекеттік  қолдаудың    тұрақты  жүйесін  құру, 
екiншiден,    ауыл  шаруашылығы  және  қызмет  етушi  салаларының  сала  аралық  қатынастарын 
қалыптастыру,  үшiншiден,  агроөнеркәсіптік  кешеннің  ішкі  салалық  экономикалық  қатынастарын 
жетілдіру, төртiншiден, ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерге несие берудiң сенiмдi және қол жетімді 
жүйесiн  қалыптастыру,  бесiншiден,  шығарылған  өнiмді  кепiлдi  өткiзілуіне  жағдай  жасау.  Демек, 
аталған  басым  бағыттарының  төртiншісі  мен  бесіншісі  ауылшаруашылық  тауар  өндiрушiлердi 
мемлекеттiк қолдау мәселелерiмен тiкелей байланысты [4].   
Сондықтан,  ауылшаруашылық  тауар  өндiрушiлердi  мемлекеттiк  қолдауды  кірісті    арттырудың 
әмбебап  әдістерін  қолдану  арқылы  жетiлдiру  қажет,  мысалы,  дотациялар,  несие  пайыздарының  бір 
бөлігін  субсидиялау,  әртүрлі  мемлекеттік  қолдау  бағдарламаларын  жүзеге  асыруды  әкімшілік 
қамтамасыз етудің шығындарын азайту, бюджет қаражатын бөліп беру тетігінің ашық, жариялылығын 
қамтамасыз  ету.  Ауылшаруашылығын  мемлекеттік  қолдауды  жетілдірудің  негізгі  бағыттары  болып 
агроөнеркісіптік  өндірісті  тұрақтандыруға  байланысты  шараларды  жүзеге  асыру,  ауылшаруашылық 
өнімдердің  бағасын  реттеу,  халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  жүйесін  қалыптастыру,  жер 
реформасы,  аграрлық  экономиканың  баға,  салық,  несие,  бюджеттікғ  кеден  және  тағы  басқа  реттеу 
құралдарын  іске  келтіру,  нарықтық  инфрақұрылымды  жасау,  агроөнеркәспәтәк  кешенді  басқарудың 
жүйесі  мен  әдістерін  қайта  қарастыру,  ауылдық  аумақтардың  әлеуметтәк  жағдайын  көтеру, 
ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерді  мемлекеттік  қолдау  шараларын  жүзеге  асыру  механизмін 
қалыптастыу, кадрларды дайындау және т.б. табылады.   
   
 
ӘДЕБИЕТ 
[1]
 
 Қазақстан  Республикасы.  Агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды  дамытуды  мемлекеттік  реттеу 
туралы  08 шілде 2005 жылғы Заңы Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы.  2005. - N 12. - 52-құжат.  
[2]
 
 Қазақстан  Республикасы.  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  31  қаңтар  2006  жылғы  Заңы  //  Қазақстан  Республикасы 
Парламентінің Жаршысы. - 2006. - N 3. - 21-құжат.  
[3]
 
 Қазақстан  Республикасы  Үкіметі.  Ауыл  шаруашылығын  қолдауға  берілетін  кредиттер  бойынша  сыйақы 
ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы 19 сәуір 2012 жыл №488 қаулысы // Егемен Қазақстан, 2012 жылғы 26 
сәуір. - № 188-192 (27266).  

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
73 
[4]
 
 Воронин Б.А. Актуальные проблемы аграрно-правовой науки в РФ. – Екатеринбург, 2000. - С.4. 
 
REFERENCES 
 
 [1] The Republic of Kazakhstan. The Law on State Regulation of development of  agriculture and rural areas from July 8, 
2005. 
Bulletin 
of 
the 
Parliament 
of 
the 
Republic 
of 
Kazakhstan, 
2005. 

13. 
Art. 
52. 
        [2] The Republic of Kazakhstan. Law on private enterprise by 31 January 2006. Bulletin of  the Parliament of the Republic 
of Kazakhstan. 2006. -№ 3. Art. 21. 
[3]  The  Government  of  the  Republic  of  Kazakhstan.  On  approval  of  the  Rules  of    subsidizing    interest  rates  on    loans 
granted  to  support  agriculture  from  April  19,  2012    №488.  Kazakhstan  truth,  of  26.04.2012,  №  117-118  (26936-26937). 
       [4] Voronin BA Actual problems of agro-science of law in Russia. - Ekaterinburg, 2000. – C.4. 
 
 
ҚР АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
А. ДжангабуловаР. Ережепқызы 
1
ҚазҰУ әл-Фараби атындағы 
 
Негізгі  сөздер:  агроөнеркәсіптік  кешен,  мемлекеттік  реттеу,  мемлекеттік  қолдау,  ауыл  шаруашылығы  өнімі, 
ауылшаруашылық тауар өндірушілер. 
Аннотация.  Мақала  Қазақстан  Республикасында  агроөнеркәсіптік  кешенді  мемлекеттік  реттеуді  жетілдіру 
мәселелеріне арналған. Ауылшаруашылық өндірісті мемлекеттік реттеу қажеттілігі мемлекеттің өз азаматтары алдында 
өмір  сүруге  қажетті  жағдаймен  және  керек  ауылшаруашылық  тауарлармен  қамтамасыз  етуге  жауаптылығынан 
туындайды.  Ауыл  шаруашылығын  реттеу  экономикалық,  құқықтық,  ұйымдастырушылық-әкімшілік  және  әлеуметтік 
шаралардың күрдделі жүйесін білдіреді.  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік 
реттеу  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес:  агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды 
дамытуды  мемлекеттік  реттеу  азық-түік  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  агроөнеркісптік  кешеннің  өнімдерінің  нарығын 
тұрақтандыру,  кәсіпкерліктің  тиімді  жүйесңн  қалыптастыру,  отандық  өнімнің  бәсекеге  қабілетті  жақтарын  қолдау, 
сонымен  қатар  өсімдік  шаруашылығын,  мал  шаруашылығын,  балық  шаруашылығын  дамытуға  жағдай  жасау  арқылы 
ауыл  халқының  өмір  сүру  деңгейін  көтеру,  ветеринарлық  және  фито-санитарлық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету, 
техникалық жарақтандыру және т.б. қызмет салаларын дамытуға бағытталған.   
Автор,  агроөнеркәсіптік  кешенді  мемлекеттік  реттеудің  кейбір  әдістері  мен  бағыттарын  қайта  қарастыру  және 
ауылшаруашылық  өндірісті  дамытуды  жүзеге  асыратын  ауылшауашылық  тауар  өндірушілерді  мемлекеттік  қолдау 
шараларын жетілдіру жолдарын ұсынады.    
 
Dzhangabulova  Arailym,  Candidate  of  Jurisprudence,  associate  professor  of  the  Department  of  Customs,  Financial  and 
Ecological Law of the Law Faculty of the Kazakh National University named after al-Farabi. zarya_kz@mail.ru 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет