Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет43/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,06 Mb.
#5909
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58

REFERENCES 
 
[1]     Aimkulov K., Doing business in the state language. Independent Kazakhstan. Almaty 2         June 
[2]      Dutbaev G., Official language is an urgent need for each. 
[3]      Law and era 1999y 
[4]   T.Khordabayev., Transformation and the development of knowledge of the Kazakh language. 
[5]     Muhamadieva., Training business papers. 
[6]     Salagaev V., Doing business papers. 
[7]     Muhamadieva N.K., Business kazakh language textbook. 
[8]     Dvoreckaya O.V., Elective course for 10-11 from school profise. 
[9]     Dvoreckaya O.V., Book for the teacher to the manual  business english 
          For school textbook.  Obninsk – 2009 
[10]  .Bogackii I.S ., Business English course. Dictionary reference. 
[11]   Debolski M., Psychology of business communication. 
[12]   Carnegi D., How to win friends and influence people. 
[13]   Suharev B.A., Being a business man. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
[1]     Әлімқұлов Қ Мемлекеттік тілде іс жүргізу Егеменді Қазақстан.Алматы 1999ж, 2 маусым 
[2]         Дутбаев Г., Государственный язык  насущная потребность каждого, 
[3]         Заң және Заман1999ж.,  4 бет. 
[4]        Т.Қордабаев, Қазақ тіл білімінің қалыптасу,даму жолдары»Алматы, Рауан,1995ж. 
[5]  Мухамадиева Н.К., Чабаева А., Іс қағаздарын оқыту, Алматы, 1999ж.,  Дәнекер, баспасы 19-21 беттер. 
[6]        Салагаев В, Шалабай Б., Іс қағаздарын жүргізу, Алматы ,Рауан ,2000ж
[7]        Мухамадиева Н.Қ Іскерлік қазақ тілі  Оқу құралы Астана Фолиант 2010.  
[8]  Дворецкая О.В., Казырбаева О.Б., Новикова Н.В. Деловой английский для школы./Business English for Schools; 
Учебное пособие. Элективный курс для 10-11кл. профильной школы. - Обнинск; Титул,2006-124 с. 
[9]        Дворецкая  О.В.,    Казырбаева  О.Б.,  Новикова  Н.В.  Книга  для  учителя  к  учебному  пособию,  Деловой 
английский  для  школы.    Business  English  for  Schools;  Учебное  пособие.  Элективный  курс  для  10-11кл.  профильной 
школы. - Обнинск; Титул,2006-80 с. 
[10]      Богацкий И.С., Дюканова Н.М. Бизнес-курс английского языка. Словарь-справочник. -К: ООО, ИП Логос-
М,2007. 
[11]      Дебольский М. Психология делового общения-М;1992. 
[12]      Карнеги Д. Как завоевать друзей и оказывать влияние на людей. - Киев,1990г. 
[13]      Сухарев В.А. Быть деловым человеком. - Симферополь,1996г. 
 
 
Многоязычное образование это основа образования мультикультурного общества 
 
Шохаева К.Н. 
Казахский национальный технический университет 
shohaeva1976 @ mail.ru 
 
Ключевые слова: профессиональная ориентация, концепция многоязычие,компетенция 
Аннотация. В этой статье рассматривается концепция многоязычие в современном обществе. Деловой английский 
предоставляет  нам  возможность  расширить  свой  кругозор,  реализовать  интерес  к  предмету,  проверить  свою 
профессиональную ориентацию и утвердиться в сделанном выборе. 
Значение  английского языка как средства международного общения  трудно переоценить. Сложно представить, как 
бы существовал бы мир современного бизнеса, не будь у деловых людей возможности понимать друг друга, без проблем 
обсуждать  по  телефону  любые  вопросы,  вступать  в  партнерские  и  иные  деловые  отношения,  составлять  сложнейшие 
контракты и просто беседовать за ужином. Английский язык играет важную роль в современной жизни. 
Значение  английского  языка  в  современном  мире  настолько  велико,  что  его  знание  не  является  привилегией  и 
роскошью. 
 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
258  
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015), 292 – 296 
 
Letters of Golden Horde khans: epistolary genre and the research problems 
 
O. Tuyakbayev, O. Sapashev 
otuyak_76@mail.ru 
 
Al-Farabi Kazakh National University, Faculty of Oriental studies, Chair of TURKSOY. Almaty, Kazakhstan. 
 
Кey words: Epistolary genre, Yarlīq of Khans, Golden Horde, Turkish language, linguistics.  
Abstract. The article reveals actual aspects of complex studying of XV-XVI c.c. epistolary texts and epistolary 
narratives  in  the  contexts  of  documents.  Our  target  task  is  determining  the  yarliq’s  macrostructure  analyzing  the 
epistolary  genre.  This  aspect  of  macrostructure  is  directly  relevant  to  the  larger  question:  who  is  the  author  of 
Yarlīqs, Khan or writer as bitikshi, bakhshi or munshi’? Epistolary genre is mostly apparent in the letter of Toqtamis 
to  King  of  Poland  W.  Jogaila  (1393),  yarliq  of  Temir  Qutluq  (1397),  letter  of  Ulug  Muhammad  to  sultan  of  the 
Ottoman Empire Murad II (1428) and letter of Mahmud sultan to Mehmet Fatih Sultan (1466). Most of the khanate 
documents use Turkic literature language rather than following the normal language of epistolary discourse, but other 
aspects  of  the  khanate  documents  reflect  that  genre  as  well,  when  documents  mention  the  author  and  both  the 
recipients,  and  the  opening  greeting  in  revelation  is  a  customary  epistolary  salutation.  While  the  Yarlīq  has  been 
associated  with  a  genre  of  literature  that  took  the  form  of  elaborate  epistles,  it  can  also  connote  didactic  texts 
composed for regular scribes and styles on matters of political and bureaucratic procedure. 
 
ӘОЖ 94(574).02/08:821.512.1 
 
Алтын Орда хандарының хаттары: эпистолярлық жанры және зерттеу мәселелері 
 
Ө. Тұяқбаев, О. Сапашев 
otuyak_76@mail.ru 
 
әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түріксой кафедрасы. Алматы, 
Қазақстан 
Тірек сөздер: эпистолярлық жанр, хан жарлықтары, Алтын Орда, түрік тілі, лингвистика 
Аннотация: Алтын Орда хандарының хаттарында хаттың басталу, аяқталу, баяндау дәстүрі, құрылымы 
толық  қалыптасқан.  Түрік  тілі  ресми  құжат  тілі  ретінде  орныққан.  Хан  хаттарының  негізгі  мазмұны  нақты 
бұйрықтардан,  өтініштерден,  талаптар  мен  шешімдерден  тұрады.  Ортағасырлық  түрік  тіліндегі  бұл  жазба 
мұраларда эпистолярлық тілдің барлық ерекшеліктері көрініс табады.  
Мақалада  Алтын  Орда  кезеңіндегі  хан  хаттары  мен  жарлықтары  эпистолярлық  мұра  ретінде 
қарастырылады. Бұл құжаттардың эпистолярлық стильін, мазмұнын, тақырыптық ауқымын, жазылу түрі мен 
тілдік өзгешеліктерін өзара салыстырмалы түрде қарастырудың ғылыми маңыздылығы талқыланады. 
 
Хан  хаттары  мен  жарлықтарына  текстологиялық,  палеографиялық,  дипломатиялық  талдаулар, 
т.с.с. арнайы зерттеулер XIX ғ. бірінші жартысында-ақ басталды. Арнайы зерттеулер И.Н. Березин, В.В. 
Григорьев, В.В. Радлов, Н.И. Веселовский, А.А. Бобровников, А.Н. Самойлович, М.Д. Приселков және 
т.б. бірнеше ғалымдар тарапынан жүргізілді. Әсіресе, ХХ ғ. екінші жартысында бұл саладағы нәтижелі 
деректанулық  зерттеулер  бірін-бірі  толықтырып,  хан  жарлықтарында  қозғалған  мәселелер,  ондағы 
тілдік,  құжаттық  үдерістер  айтарлықтай  деңгейде  талқыланды.  Ә.  Марғұлан,  М.А.  Усманов,  А.П. 
Григорьев,  И.  Вашари,  Ф.В.  Кливз,  Т.И.  Султанов,  А.М.  Ибатов,  З.К.  Картова  еңбектерінде  хан 
жарлықтарының қалыптасуы әр түрлі концептуалдық тұрғыдан қаралды. Алтын Орда кезеңіндегі құжат 
тілінің Орыс патшалығының іс-қағаз жүргізу ісіндегі әсерін көрсеткен Ф.М. Хисамова, А.Х. Маннапова 
еңбектері,  моңғол  тілі  мен  түрік  тілінің  өзара  қатынасын  зерттеген  Д.Кара,  А.Ш.  Қадырбаев,  Б.З. 
Базарова еңбектері де хан жарлықтарының зерттелу ауқымын кеңейтті.  
Алтын  Орда  кезеңіндегі  құжаттарға  зерттеушілердің  қызығушылығы  артуының  басты  себебінің 
бірі  –  хан  хаттары  мен  жарлықтары  –  ресми  актілі  іс  құжаттар.  Хан  хаттарының  лексика-
фразеологиялық  құрамында  көбінесе  саяси-дипломатиялық    сипаттағы  сөздер,  әскери-әкімшілік 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
259 
терминдер жиі ұшырасады. Ол ортағасырлық заң құжаттары жинағы ретінде де, мемлекеттің жүйесінен, 
әлеуметтік  құрылымнан  мол  мәлімет  беретін  тарихи  дерек  ретінде  де  бағалы.  Ғалымдардың 
қызығушылығы нәтижесінде түрлі елдердің архивтерінен әлі де тың деректер табылып, олардың саны 
артып келеді. Өткен ғасырдың 70-жылдары ғалымдарға Жошы Ұлысы хандарының ХVI ғ. дейінгі 8 ғана 
хан жарлығы белгілі болса, бүгінде оның саны 60 дейін артты [1, б. 8]. Алайда, олардың басым бөлігі 
орыс,  француз,  латын,  т.б.  тілдердегі  аударма  нұсқасында.  Түпнұсқасында  сақталғаны  саусақпен 
санарлық.  
Аударма  құжаттың  тілі,  құрылымы  түпнұсқада  сақталғандармен  қаншалықты  жақын  деген 
мәселеде әуелі, түпнұсқа құжаттардың тілін, негізгі құрылымын қарастыру орынды. Бұл құжаттардың 
тілдік  ерекшелігі  әр  кезеңде  қаншалықты  өзгерістерге  ұшырады  деген  сұраққа  да  лингвистикалық, 
стилистикалық  зерттеулер  жауап  берсе  керек.  Ал  құрылымдық  өзгешеліктерін  дипломатиялық 
зерттеулер анықтайды.   
XІV  ғасырдағы  хан  жарлықтарының  тілін  зерттеген    ғалым  –  А.  Ибатов  Алтын  Орда  дәуірінде 
жазылған жазба мұралар жалпы түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін зерттеп тануда ерекше 
орын  алатынын  атап  көрсетеді.  Ғалымның  пайымдауынша,  ұлттық  тіл  дәрежесіне  жеткен  бұрынғы 
қарлұқ,  оғыз,  қыпшақ  тілі  топтарының  құрамындағы  түркі  туыстас  тілдерінің  бәріне  ортақ  тіл  ХІ  ғ. 
бастап қалыптасып, XV-XVІ ғғ. дейін, яғни халықтық тілдердің қалыптасуына дейін жалғасқан [2, б. 5]. 
Алайда, бұл пікірге бірқатар түркітанушы ғалымдардың пікірі келісіп жатса, енді бірінікі қайшы келеді. 
Мысалы, А. Самойлович ХІІ-XIV ғғ. Сырдарияның төменгі жағы мен Хорезм, Алтын Орда жерлерінде 
әдеби  тіл  әбден қалыптасып болмаған  «аралық кезең»  (промежуточное  звено)  деп  санаса,  [3, б.15],  Э. 
Наджип XIV ғ. Алтын Ордада аралас әдеби тіл қалыптасқан деп санайды [4, б. 88]. А. Зайончковский: 
«ХІІІ-ХV  вв.  сложился  единый    тюркский  литературный  или  письменный  язык»  -  деп,  Алтын  Орда 
кезеңінде  бір  әдеби  тілдің  қалыптасқанын  кесіп  айтады  [5,  б.  93].    Ғалымдардың  пікірлері  бұндай 
әрқилы  болуының  себебі  –  Алтын  Орда  кезеңіндегі  жазба  мұралардың  аралас  тілді  болып  келуі, 
олардың тілінде әр түрлі тілдік элементтердің қатар қолданылуы болды.   
Түркі жұртының ортақ тілін нақтылауда хан хаттары ең сенімді дерек бола алады. Олай дейтініміз, 
хат – көнеден бүгінгі таңға дейін әлеуметтік жағынан алғанда мәдени және тарихи мәні зор жазба тіл 
мен  ауызекі  тілдің  ежелгі  формаларының  бірі  саналады.  Хаттарда  әдеби  тіл  қалыптасуының  негізгі 
үрдістері  мен  жазба  түрлерінің,  оның  ішінде  эпистолярлық  стильдің  эволюциялық  үрдістері  көрініс 
береді.  Хан  жарлықтарына  тарихи-лингвистикалық  зерттеулер  жүргізу  бірқатар  сұрақтардың  бетін 
ашатыны  мәлім.  Сондықтан,  хан  хаттарын  зерттеп  тану,  стилін,  мәтін  құрылымын  стильдік  тұрғыдан 
қарастыру,  грамматикалық,  стилистикалық,  лексикалық  т.б.  ерекшеліктерін  зерттеу  -  бүгінгі  күннің 
өзекті мәселесі болып қала бермек. 
Құжаттардың  құрылымдық-композициялық,  тілдік-стилистикалық  ерекшеліктерін  саралауда 
эпистолярлық жанрын қарастырудың мәні зор. Оны маңыздылығы мынадай мәселелерде көрінеді: 
- құжаттардағы  кітаби, ресми тіл мен ауызекі тілдің араласу жағдайын бақылауда; 
- құжаттардағы лексемалардың, тілдік бірліктердің қолдану аясын анықтауда;  
- құжаттардың тақырыптық, стилистикалық диапазонын нақтылауда; 
- құжаттардың дәстүрлі  құрылымы мен әр кезеңдегі өзіндік өзгешеліктерін айқындауда; 
- хат мәтініне әсер еткен экстралингвистикалық белгілерін анықтауда. 
Көптеген  ғалымдар  еңбегінде  хаттың  эпистолярлық  феноменін  теоретикалық  нақтылауда 
«Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр», «Эпистолярлық мәтін», т.с.с. 
терминдерді  кездестіреміз.  Алайда,  бұл  терминдердің  дефинитивтік  ұғымы  әлі  де  болса  ғылыми 
тұрғыда  нақтылана  қойған  жоқ.  Жалпы,  Эпистолярия  сөзінің  түбірі  –  гректің  «еріstole»,  яғни  «хат» 
деген  сөзінен  шығатыны  мәлім.  Демек,  «Эпистолярлық»  деген  сөзден  «хатқа  тән»;  «хат  түрінде 
жазылған»;  «хаттан  тұратын»  деген  ұғымдарды  түсінуге  болады.  Қазақ  Совет  энциклопедиясында: 
«Эпистолярлық  әдебиет,  эпистолография  (грекше  жолдау,  үндеу)  –  сан  алуан  хат  түрінде  жазылған 
шығарма.  Эпистолярлық  әдебиетке  жеке  адамдардың  бір-біріне  жазған,  мәдени  маңызы  бар,  әдеби 
мұраға айналған хаттары да жатады» - деп жазылған [6, б. 453]. 
Эпистолярлық  жазба  тілін  зерттеген  ғалымдардың  анықтауынша  мынадай  стильдік,  лексика-
грамматикалық ерекшеліктері бар:  
- адресант (хат жазушы) пен адресаттың (хат алушы) болуы; 
- ойдың, іс-қимылдың бірінші жақтан (көпше немесе жекеше түрде) баяндалауы, 
-  ресми  стильмен  қатар  қарастырылып  келген  эпистолярлық  стильдің  мазмұны,  көлемі,  жазылу 
түрі жағынан өзгешеленуі;  
- белгілі бір қалыптасқан үлгіде, құрылымда баяндалып жазылуы; 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
260  
-  лексика-фразеологиялық  құрамы  (әкімшілік  терминдер,  тұрақты  тіркестер,  т.б.)  өзгеше  болып 
келуі; 
- ойдың логикалық жүйелігін сақтау мақсатымен сөйлемнің күрделі құрылуы; 
- эмоционалдық сөздер мен бейнелеудің аз, тіпті мүлде қолданылмауы [7].  
Хан жарлықтарында адресант пен адресат нақты көрсетіледі, ой, іс-қимыл бірінші жақтан (көпше 
немесе жекеше түрде) баяндалады, ондағы нақты талаптар, бұйрықтар, өтініштер, шешімдер белгілі бір 
қалыптасқан  үлгіде,  құрылымда  баяндалады,  эмоционалдық  сөздер  мен  әдеби  бейнелеулер  аз 
қолданылады.  Бұл  хан  жарлықтарында  эпистолярлық  тілдің  ерекшеліктері  мол  екенін  көрсетеді. 
Сондықтан, жоғарыда көрсетілген бірқатар ерекшеліктері мен хан хаттарының құрылымына жеке-жеке 
тоқтала кетейік.  
Алтынордалық  құжаттардың  кіріспе  бөлімі  (invocatio)  көп  жағдайда  Құдайға  мадақ  айту, 
бабаларды ұлықтаудан басталады және ол әр кезеңде әр қандай болған. Мысалы, Алтын Орданың ханы 
Өзбек  ханның  (1313-1342),  Келдібек  ханның  (1361)  пайзысында  және  «Нар  мойыны  Бердібекте 
кесілген»  дүрбелең  жылдары  (1359-1379)  билік  құрған  Абдулла  ханның  (1360/61-1370)  пайзысында 
«Möngke Tаngri-yin küčün-dür» (Мәңгi Тәңірiнiң күшi-дүр) деген Шыңғыс хан тұсынан белігілі дәстүрлі 
сөз  тіркесін  көрсек  [8],  кейінгі  Алтын  Орданың  құлдырау  кезінде  билікке  келген  Ұлық  Мұхаммед 
(1424-1437)  пен  Махмуд  ханның  (1459-1465)  хатында  Жаратушыны  мадақтаудың  мұсылмандық  және 
түркілік дәстүр арасындағы үлгіні көреміз («لايتازجعم ربماغيب لايتيانع ىلاعت قح» «Хақ Тағаланың жәрдемімен, 
пайғамбар  кереметімен»  [9,  б.  8];  «ةيدمحملا  تازجعملاب  و  ةيدحلأا  ةوقلاب  وه»  «Ол  бір  (Алланың)  күшімен  және 
Мұхаммедтің  кереметімен  (бастаймын)»)  [10,  б.  38].  Тоқтамыс  (1379-1395),  Темір  Құтлық  ханның 
(1395-1399)  хаты  мен  жарлығында  инвокация  мүлде  жоқ.  Соған  қарағанда,  инвокация  құжаттың 
табиғатына, ханның шешіміне қарай жазылатын бөлім болғанға ұқсайды.  
Алтын Орда кеңсесінің хаттарында іntitulatio, inscriptio (адресант пен адресат) екі үлгіде: моңғол-
түрік және османдық немесе мұсылмандық үлгісінде көрсетіледі. ХІV ғ. хаттарында: «Toqtamïs söz-üm, 
Yaγayl-a-γa»  (Тоқтамыс  сөзім,  Ягайлоға)  [11];  «Temir  Qutluγ  söz-üm  оŋ  qol  sol  qolniŋ    oγlanlariγa  ...» 
(«Темір  Құтлық  сөзім,  оң қол,  сол  қолдың оғландарына...»)  [12],  «اقدارم  يزاغ  نيد دمحم»  («Мұхаммедтен 
Ғази  Мұратқа»)  [13,  б.  8]  деп,  адресант  пен  адресатты  қысқа  қайыру  орын  алады.  Алтын  Орданың 
кейінгі  кезеңдерінде  билік  құрған  хан  хаттарында:  «اغ  يزاغ  دمحم  مظعأ  ناطلس  نيملاعلا  بر  ةيانعب  نيطلاس  رورس» 
Әлем  Раббысының  көмегімен  сұлтандар  көсемі,  Ұлық  Сұлтан  Мұхаммед  Ғазыға»)  [14,  б.  38]; 
«راكمك  دمحم  ناطلس  ميشادرق  مظعأ  راكدناودخ»  « ұдайына  қараған  ұлық  қамқор  қарындасым  Сұлтан 
Мұхаммедке») [15, б. 48] сияқты адресант пен адресатты көрсетудің жаңа үлгілерін көреміз. 
Моңғол-түрік үлгідегі хаттарда адресант пен адресаттың аты ғана аталады. Адресаттың хан атағы, 
лауазымы,  беделі,  орны  көрсетілмейді,  оған  мақтау,  дәрежесіне  лайықты  көтерме  сөздер,  теңеулер 
қолданылмайды.  Бұндай  хаттардың  тілі  ресми  тіл  стилімен  ерекшеленсе,  кейінгі  осман-мұсылмандық 
үлгіге  жақын  хаттарда  керісінше  құбылыс  байқалады.  Адресатқа  «сұлтандар  көсемі»,  «араб-ажам 
сұлтандарының  сұлтаны»,  «үмбеттің  билеуші  патшасы»  т.с.с.    кітаби  тіл  үлгісіндегі  мақтаулар, 
көркем сипаттаулар, теңеулер қолданылады. Эпистолярлық мәтіндегі бұл сөздер хатты ресми стильден 
ерекшелеп, көркем әдеби стиліне жақындатады.  
Моңғол-түрік дәстүрінде жазылған хаттарда адресант пен адресат көрсетуде белгілі бір үлгі барын 
көреміз; алдымен құжаттың кімнен екені, кейін кімге берілгені көрсетіледі (Тоқтамыс сөзім, Ягайлоға, 
Мұхаммедтен Ғази Мұратқа). Ал, османдық немесе мұсылмандық үлгідегі хаттарда тек адресат қана 
көрсетілген.  Бұдан  моңғол-түрік  үлгісіндегі  хаттарда  Алтын Орда  хандары  өз  беделін,  орнын  жоғары 
қоятынын  аңғаруға  болады.  Ал,  Алтын  Орданың  құлдырау  шағында  билік  құрған  Махмуд  хан  мен 
Ахмад ханның хаттарында ол үрдіс байқалмайды.  
Бұдан  байқайтынымыз,  мемлекеттің  саяси-дипломатиялық  және  экономикалық  жағдайы,  әскери 
қауқары  хан  кесесінің  тіліне  әсер  еткен.  Хат  мәтіндерінің  құрылысы,  жазылу  мәнері  саяси-қоғамдық 
өзгеріспен тығыз байланысты болғандай әсер қалдырады.  
Сәлемдесу, амандық-саулық сұрау бөлімінде де (salutatio) алтынордалық хаттарда жоғарыдағыдай 
екі үлгіні көруге болады: «ملاس اقدارم يزاغ نيد دمحم» (Мұхаммедтен Ғази Мұратқа салем!) [16, б. 8] және 
«
  و  ةوخلأا  ةبحم  ضرع  زا  دعب
ةيحتلا  ميمتت  غيلبت
»  («Махаббат  пен  бауырмалдық  көңілімізді  білдіріп,  ыстық 
салемімізді жеткізген соң...») [17, б. 48].  
Алтынордалық  хаттарда  сәлемдесудің  өзіндік  реті  бар.  Нақты  бұйрыққа,  талапқа  құрылған  хат 
мәтінінде  амандық-саулық сұрау (salutatio) болмайды. Мысалы, Тоқтамыс хатында Ягайлодан «biz-ge 
baqar  el-ler-niŋ  čïqïs-larïŋ    čïkarub,  barγan  elči-ler-ge  bergil  qasina-γa  tegürs-ün-ler»  («Бізге  бағынатын 
елдердің  салық-шығыстарын  шығарып,  барған  елшілерге  беріңдер,  қазынаға  жеткізсін!»)  [18]  деп, 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
261 
салықты  мезгілінде  жинап  беруді  талап  етеді.  Демек,  бұндай  құжаттарда  ханның  сұсын  көрсету 
мақсатында  адресатқа  қарсы  ешқандай  жылы  лебіз  білдірілмейді.  Ал,  Ұлық  Мұхаммед  (1420-1445), 
Махмуд (1459-1465), Ахмад хан (1465-1481) хаттарында бұйрық жоқ, өтініш, ұсыныс басым. Олардың 
хаттарында Осман империясымен «бұрынғы жақсылардың жосыныша елші алмасып», сауда-саттықты 
жандандыру,  достық-қарым-қатынасты  жақсарту  сөз  болады.  Махмуд  ханның  тілімен  айтсақ,  « يغاروا
ا اجنونوسوي زيميرلا يشخي
 ﯥﭽلي
لاك
 ﯥﭼ
يشيليك زيميرلا
وم ياغلوب قاسروت اشيليب ينكيل لاكوت كيلناسيا بوشوروي زيميرلاشيغرا ناكرزاب ب
» 
«аруағы  жақсыларымыз  жосынынша  елшілеріміз  келісіп,  базаршы  саудагерлеріміз  жүрісіп,  есен-
түгендікті білісіп тұрсақ болмай ма?» [19, б. 38] деген өтініш жасалады. Демек, Алтын Орда хандары 
хаттарында мүдделік танылса, соған сай салютация орын алған.  
 Алтынордалық хан хаттарында көтерілетін негізгі ой, мақсат, ұсыныс (notificationarratio) бірден 
айтылмайды.  Алдымен  соған  қатысты  хабарлама  жасалады,  мән-жай  баяндалады,  себеп  түсіндіріледі. 
Мысалы, Тоқтамыс Ягайлоға  елші жіберу  мақсатын түсіндірмес  бұрын, бұйрығын  жарияламас  бұрын 
мән-жайды  былай  түсіндіреді:  «Ұлық  таққа  отырған  билігімді  аңғартып  білдіру  үшін     ұтлы  Бұқа, 
Хасан  бастаған  елшілерді  жіберген  едік.  Сен  (де)  тағы  елші-тілшіңді  бізге  жіберген  едің.  Бұрынғы 
жылы  Бекболат,   ожамедин  бастаған  бірнеше  оғлан-бекзадалар  Бекіш,  Тұрдұшақ,  Берді,  Дәуіт 
бастаған  бектер  Едіге  атты  кісіні  Темірге  алдын  ала  (астыртын)  шығарып  жебіріпті.  Ол  тіл  тіл-
хабарымен келген екен. Олардың ала  бөтен көңілі жайында  және тыңшы енгізіп, ел шекараларына  
жетіп  келгендігі  білініп,  ел  жиналып  соғыспақшы  болып  тұрғанда,  ол  жаман  кісілер  бұрынырақ 
сезіктенгендіктен,    ел  соғысқан  еді,  ол  істің  соңы  тағы  сол  кездерде  (солай)  болған  себебі  сол  еді. 
Тәңірі  бізді  жарылқап  дұшпандық  қылған  Бекболат,   ожамедин,  Бекіш,  Тұрдұшақ,    Берді,    Дәуіт 
бастаған  бектерді мұқалтты. Енді бұл жайтты түсіндіріп білдіру үшін Асан, Тұлұ,  ожа бастаған 
елшілерді жібердік» [20]. Сол сияқты, Темір Құтлықтың Мухаммед атты кісіге 1397 ж. жарлық беруінің 
себебі  былай  түсіндіріледі:  « арлық  тура  тархандық  жосынымен  жүріп,  атасы   ажы  Байрам 
қожаны біздің хан ағаларымыз сойырқап (ұсынып) Тархан қылған мәнін аңғартып өтініді» [21, б. 27]. 
Жарлық  беру  мән-жайы  баяндалғаннан  кейін  Мұхаммед  оғландары  иелігіне  қандай  жерлер  берілгені 
хабарланады:  «...бұ  күнде  ілгері   ырым  мен   ырық  Йердің  төменінде  Судақ  атты  кенттің 
айналасында  бұрыңғы  заманнан  бері  мүтехаддыр  (қазірге  дейін)  тархан  болған  Індірчі  саласы  мен 
мәшһүр  болған  саласыдан  бұрынғылардың  жосынымен  жер  сулармен  бірге  Мұхаммедтің  оғландары 
ілкі үлкені – Мұхаммед және Махмұдқа азат тархан болсын» [22]. 
Ал,  Ұлық  Мұхаммед,  Махмуд,  Ахмад  хан  хаттарында  Осман  империясымен  екі  жақты  достық 
қарым-қатынас  орнату  мәселесі  бұрынғы  Алтын  Орда  мен  Осман  империясы  арасында  қалыптасқан 
сауда-саттық, саяси байланыстар тарихына қысқа шолудан басталады: «Бұрынғы хан ағаларымыз (бен) 
Сіздің  Рум  уәлаятының  сұлтан  аталарыңыз,  ағаларыңызбен  елші  алмасып,  сый-сәлем  алысып, 
базаршы  (саудагер)  ортақ  жүрісіп,  жақсы  барыс-келіс  қылар  еді,  соңыра  хан  ағамыз  Тоқтамыс  хан 
Сіздің ұлық бабаңыз Ғазы Баязид бек пен бұрынғы жақсы жосынша елші алмасып сый-салем етісіп, 
екеуі  тағы  достық,  жақсылықпен  Тәңірі  рахымына  бардылар»,  немесе  «...  біздің  ұзақы  (бұрынғы) 
бабаларымыз  бен  Сіздің  бұрынғы  жақсыларыңыздың  елшісі  келісіп,  саудагерлер  керуені  (арада) 
жүрісіп, бөлек сый-сияпат етісіп, есендіктерін, түгелдіктерін білісіп, достық қарындастықпен Тәңірі 
Тағаланың рақымына барды» [23, б. 38-48].  
Алтын  Орда  хандарының  хаттарында  өткен  ата-бабаларынан  сөз  қозғауы  өздерінің  Шыңғыс  хан 
ұрпағы,  Алтын  Орда  тағының  заңды  мирасқоры  екендігін  куәландырудың,  олардың  дәрежесін,  ішкі-
сыртқы  саясаттағы  іс-әрекетін  көрсету  арқылы  өз  дәрежесін,  дәл  сондай  құқыққа  өзі  де  ие  екенін 
баяндаудың бір жолы болған сияқты. 
Ал  хан  хаттарындағы  ұйғарым,  шешім  (dispositio)  екі  түрде:  бірі,  экспрессивтік-эмоционалдық 
реңкі бар бұйрық райда (« азынаға жеткізілсін!»; «Ұлық Ұлыстың тұрыс-жағдайына тағы да жақсы 
сый-сияпат    болсын»;  «Кiм  еш  табынбаса,  ол  жойылсын,  өлтірілсін!»,  «жеріне...  кім  болса  да  қол 
сұқпасын!»,  «Салық  борыш,  харадж  алмасын!»),  енді  бірі,  инверсияға  құралған  өтініш  күйінде 
Бұрынғы  жақсыларымыз  жосыныша  келді-берісті  арамызда  елші  алмасып,  сәлем-сыйлық  етісіп, 
базаршы  ортақларымыз  жүріссе»;  «...есен-түгендікті  білісіп  тұрсақ»;  «...біздің  арамызда 
ағайындықты  арттыруға  негізделсе,  ол  істің  тездетуіне  дайын  болуға  машғұл  болсаңыз»;  т.т.
беріледі.  
Алтынордалық хаттардың графикалық жазуына қарай өзіндік ерекшелікке ие болатыны байқалады. 
Мысалы, көне ұйғыр жазуымен жазылған құжаттарында мынадай ерекшеліктер айқындалады: 
- адресат (intitulatio) пен адресант (inscriptio) ешқандай ұлықтаусыз, мақтаусыз көрсетіледі; 
- мәтін интитуляциямен (intitulatio) басталады; 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
262  
-  жағдаятты  хабарлау  (notificatio),  баяндау  (narratio)  кезінде  әдеби  тілдің  нормалары 
қолданылмайды, ресми ұстамды тілмен баяндалады; 
- құжатта көрсетілетін шешім, талап қысқа, әрі нұсқа баяндалады;  
- құжат әшекейленбейді, ою-өрнекпен, түрлі-түсті бояумен көркемделемейді; 
- мөр хан аты көрсетілген жерге соғылады; 
-  мөрдің  соғылғаны (corroboratio) және  оның түсі  (қызыл,  алтын, қара) құжатта жазбаша түрде де 
көрсетіліп, расталады;  
- құжаттың жазылған жері, күні, басқа да қысқа мәліметтері (datum) соңында көрсетіледі; 
-  құжаттың  жазылған  уақыты  жануарлар  циклі  бойынша  түрікше  жыл  қайыруымен  де 
мұсылмандық хиджра жыл санауымен де көрсетіледі. 
Ал, XІV ғасырдан кейінгі араб графикасында жазылған құжаттарда мынадай өзгерістер байқалады: 
-  адресант  (intitulatio)  пен  адресат  (inscriptio)  кітаби  тіл  үлгісінде  мадақталады,  дәрежесі 
ұлықталады; 
- мәтін инскрипциямен (inscriptio) басталады; 
- жағдаятты хабарлау (notificatio), баяндау (narratio) кезінде әдеби тілдің нормалары қолданылады; 
- ойдың логикалық жүйелігін сақтау мақсатымен сөйлемдер құрылысы күрделі болып келеді; 
- діни лексемалар көп кездеседі; 
- құжатта шешім, талаптан көрі өтініш, ұсыныс басым болып келеді; 
-  мөрдің  соғылғаны  (corroboratio)  және  оның  түсі  құжатта  жазбаша  түрде  көрсетілмейді, 
расталмайды. 
 Бұл  екі  ғасырға,  XIV  және  XV  ғғ.  тән  құжаттар  арасында  тілдік  этикет  формаларының  стильдік 
жағынан  да  бір-бірінен  айырмашылықтары  бар.  Алайда,  бұл  хаттардың  эпистолярлық  стилі  ауызекі 
сөйлеу  стиліне  жақындығын  қарапайым  сөздердің  жұмсалуы,  субъектінің  (ханның)  тікелей 
көзқарасының  берілуі,  сөйлем  құрылысының  ауызекі  сөйлеу  тіліне  тән  инверсияға  құрылуы,  т.б. 
ерекшеліктері  ортақ  екенін  көреміз.  Мысалы,  « يشخي  كنينزس  يداملك  يدلوب  كوجن  كودليب  ياكلك  يشيك  لاربوس  نيدزس
يل ناكروت ناما ينزكنتا
كودلب نيدرلاكيب لام يجاح ينك
  »  «Сізден сумен (яғни, су  жолымен)  кісі келер (саудагерлер) 
деп  білдік,  не  болды  келмеді.  Сіздің  жақсы  атыңызды,  аман  тұрғаныңызды  қажы,  молла,  бектерден 
білдік  (яғни,  діни  адамдар  мен  ресми  өкілдер  арқылы  ғана  хабар  алып  отырған)»  [24,  б.  8]  -  деген 
түрікше сөз саптауында ауызекі сөйлеу стилі анық.  
Жалпы,  ғалымдар  эпистолярлық  жанрдың  әр  кезеңге  тән  табиғатын  қоғаммен  тығыз  байланысты 
қарастырады. Әлеуметтік  жағдай,  қоғамдағы өзгерістердің  эпистолярлық  жанрға,  эпистолярлық  жазба 
тілінің  дамуына  ықпал  еткендігі  жайлы  айтады.  Мысалы,  Ғалым  Н.И.  Гайнуллина:  «Эволюция 
эпистолярного жанра непосредственно связана с групповой дифференциацией общества, его сословным 
делением и общественно-политическими установками пишущего. И не последнее место в этом наборе 
причин  занимает  отдельная  языковая  личность,  ее жизненная  и  общественная позиция,  ее  влияния  на 
общий ход развития не только в обществе, но и в языке в целом» - деп жазады. [25, б. 428] 
Қорыта  келе,  Алтын  Орда  хандарының  дипломатиялық  хаттарын  –  эпистолярлық  мұраның  мол 
көзі  деп  сансақ  болады.  Оған  әр  кезеңдегі  әлеуметтік  жағдайлардың,  экстралингвистикалық 
факторлардың әсері болып тұрған, хат жолдаушының дәрежесі эпистолярлық жанрға өзіндік ықпалын 
тигізіп  отырған. Аталмыш  мақалада  қаралып  отырған  әр  ғасырдың  актілі  құжаттардың лексикасы сол 
замандағы тілдік қолданыстардың үрдісінен хабар беретін тарихи дереккөздер екені анық.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет