Этикет деловых отношений
Шохаева К.Н.
shohaeva1976@mail.ru
Казахский национальный технический университет
Ключевые слова: этикет делового общения, коммуникативная компетентность, закрепление лексики .
Аннотация. В этой статье автор отмечает, что язык является средством общения и то, что язык основа речевой
деятельности. Язык сближает нации. Язык и коммуникация является одним из границ человеческого мира, который
является внутренним. Только люди способны говорить. Люди могут получить доступ друг к другу с помощью языка. В
настоящее время наша страна независима, и известен всему миру в качестве независимого государства. Таким образом, в
целях улучшения цивилизации страны необходимо изучать иностранные языки, так как важно наладить отношения с
зарубежными странами. Это означает, что для Казахстана, для молодых людей выучить английский язык и науку,
экономику вызывает необходимость дальнейшего развития бизнеса.
Без сомнения, английский язык стал одним из ведущих языков в сфере международной деловой коммуникации в
современной реалии. Процесс глобализации охвативший сегодня все сферы жизни во всем мире.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
293
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 3, Number 301 (2015)
UDC 78(574)09
Personality marked with a distinct ethnic hearing
A.Zh. Kaztuganova
zhasaganbergen@mail.ru
M.O.Auezov Institute of Literature and Art., Almaty
Key words: singer, composer, ethnic hearing, kui, orchestra.
Abstract. The article describes some issues of formation of personal qualities and spheres of activities of
N.Tlendiev, that have been determined through ethnicity hearing. The range of issues include the analysis of
performing and composing activities, stage behavior, as well as innovative performance style, introduced by the
famous kuishi into Kazakh music.
УДК 78(574)09
Ерекше этникалық есту қабілет дарыған тұлға
(Н.Тілендиевтің туылғанына 90 жыл)
А.Ж. Қазтуғанова
zhasaganbergen@mail.ru
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Алматы қ.,
Тірек сөздер: орындаушы, композитор, этникалық есту қабілеті, күй, оркестр.
Аннотация. Мақалада Н.Тілендиевтің этникалық есту қабілеті арқылы анықталған жеке тұлғалық
қасиеттері мен қызметтеріне қатысты кейбір мәселелер қарастырылған. Бұл мәселелердің шеңберінде атақты
күйшінің орындаушылық және композиторлық қызметі, сахнадағы тұлғасы, сондай-ақ қазақ музыкасына
енгізген орындаушылық стиль жаңашылдығы сараланған.
«Мен білемін сендер мені сүйетіндеріңді,
бірақ мен сендерді одан да қатты сүйемін»
Нұрғиса Тілендиев
Уақыт өткен сайын бұл жолдарды шынайы сезініп, ақиқат екендігіне көз жеткіземіз. Тек үлкен
сүйіспеншілікпен жасалған құндылықтар мәңгі сақталып, өміршеңдігінмен ерекшеленеді. Нұрғиса
Тілендиевтің халыққа деген үлкен махаббаты, біріншіден алуан түрлі жанрда шығарған
туындыларының бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай орындалатындығынан және
тыңдалатындығынан көреміз. Ал, екеншіден өзі құрған «Отырар сазы» оркестрінің ұжымы қарқынды
дамып, оны жоқтатпай белсенді қызмет атқарып келетіндігінен байқаймыз. Сондай-ақ оның
сүйіспеншілігін қызметтес болған адамдардың жақсы пікірлері мен ыстық лебіздері аңғартады.
Нұрғиса Тілендиевтің (1925-1998) шығармашылық ауқымы өте кең: көпшілікке арналған әннен
бастап кәсіби тыңдармандарға бағытталған күрделі операға дейін, аспаптық өнерде домбыра күйінен
бастап оркестрлік туындыны қамтиды. Оның шығармашылығы мен қалдырған мұрасы тек
музыкатанушылардың ғана емес, сондай-ақ тәжірибелік ізденістер жүргізген орындаушылардың,
ғылыммен тұрақты түрде айналысқан әдебиетшілердің, деректі фильм немесе көпшілік үшін арнайы
жазатын газет-журналдар тілшілерінің назарына алынған. Әрине шығарылған еңбектерге, қорғалған
диссертацияларға, түсірілген бейнебаяндар мен деректі фильмдерге және олардың авторларына (бұл
ретте ірі тұлғалардың тарапынан биік бағаланғанын ескеру қажет
1
) қарап Нұрғиса Тілендиевтің өмірі
1
Ол туралы шығарылған кітаптардың аталуынан, яғни: «Қаһарман – Нұрғиса», «Ғасыр сазын тербеткен» жеке
мақалалардан: Д.Қонаевтың «Туа біткен дарын», Л.Измаилова, А.Мухамбетова «Зрелость таланта», Ж.Кәрменов «Менің
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
294
мен шығармашылығының қыр-сырлары ашылған сияқты болып көрінеді. Себебі барлығының көз
алдында Нұрғисаның соңғы жылдарындағы бақытты бейнесі қалған. Осыған қарап бұл бақытқа ол еш
қиындықсыз жеткен сияқты болып көрінеді. Дегенмен 1930-40 жылдардағы қуғын-сүргін заманында
өмірі қалай өткені, сұрапыл соғыс жылдарында майданға аттанған кезі мен ауыр жарақаттанып өлім
аузынан қалай аман қалғаны немесе соғыстан кейінгі, репрессияның екінші толқыны болған кездегі
уақыты жабулы күйінде тұр. Өмірінің көлеңкеде қалған тұстарын көзі тірісі кезінде баспасөз беттерінде
жарияланған Нұрғисаның берген сұхбаттары (қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шыққан),
шығармаларының шығу тарихы туралы жазылған қысқа мақалалары, замандастары мен әріптестерінің
естеліктері арқылы қалпына келтіруге болады
1
. Бұл мәселе ғылыми мақаланың шектеулі ауқымына
сыймағандықтан келешекте іргелі еңбек ретінде ізденістерді талап етеді. Сондықтан мақалада
Н.Тілендиевтің этникалық есту қабілетіне қатысты кейбір мәселелерге тоқталамыз.
Нұрғиса шығармаларының көпшілікке танымалдылық алып, халықтық туындыға айналып, ғасырдан
ғасырға көшіп, өзектілігін жоғалтпауының сыры неде деген сауал туады. Бұл сұраққа оның дәстүрлі дала
мектебі
2
мен кәсіби қала мектебін
3
қатар алып жүргендігінен деп жауап беруге болады. Себебі бұл екеуін өз
шығармашылығында тікелей пайдалану арқылы ол шеберлігін, біліктілігін және сүйіспеншілігін көрсете алды.
Бұл ретте оның дала мектебінен – этникалық есту қабілетінің беріктігі болса, қала мектебінен – кәсіби білімінің
тереңдігі байқалады. Этникалық есту қабілетінің беріктігін айтқанда И.Земцовскийдің «этнослух» мәселесіне
қатысты айтқан жолдары ойға оралады: «... становление слуха – процесс не односторонний: мы развиваем наш
слух (и все наше окружение, так или иначе, сознательно и бессознательно, участвует в этом развитии), но и
он, этот слух, развивает и создает нашу личность» [2, 6 б.] – деген. Бұл ретте И.Земцовский адамның есту
қабілетінің антропологиясында тыңдау (немесе есту қабілеті) мен мінез-құлқының, танымы мен сөйлеген
сөзінің біртұтас екенін баяндайды. Осыған байланысты ғалымның біртұтасқа енетін тараптарын негізге алып
Н.Тілендиевтің бойындағы қабілеттері мен қызметтеріне келтіріп көруді жөн көрдік: тыңдау арқылы ол
дәстүрлі музыканы бойына сіңіре алды және орындаушы ретінде атадан қалған мұраны жеткізді; қай жерде
және қай кезде болмасын (сахнада, қызметте, демалу барысында, отбасында және т.б.) өзін-өзі сал-cерілерге
тән еркін ұстау мінез-құлқын тәрбиелей алды және сол мінезінің арқасында істеген ісінен нәтиже шығарып,
биік жетістіктерге жете білді; танымы арқылы сарқылмас музыкалық қазына қалдырып, тыңдармандардың
жүрегінен орнын тапты, сөйлеген сөзі арқылы көпшілікпен тіл табысып, этнографиялық оркестр құрып, оны
халықаралық деңгейдегі байқауларға қатыстырып, ұлттық мұраны насихаттады.
И.Земцовский белгілеген адамның есту қабілетінің
антропологиясындағы біртұтастық
Н.Тілендиевтің этникалық есту қабілеті арқылы
қалыптасқан қасиеттері мен қызметі
тыңдау (немесе есту қабілеті)
орындаушылық мұраны жеткізгені
мінез-құлқы
сал-cерілерге тән еркін тұлға ретінде қалыптасты
таным
композитор ретінде төл туындыларын қалдырды
сөйлеген сөзі
ұйымдастырушылық қызметі арқылы оркестр құрды
пірім – Нұрғиса», М.Әлімбаев «Жарқынсың жұлдызындай жаңа жаққан», Қ.Мырза Әли «Құбылыс», М.Қаратаев
«Толғаныстан толғаныс», Р.Бердібаев «Ғасырлар сазы», К.Нақып «Аңызға айналған азамат» және т.б. байқалады.
1
Қаһарман – Нұрғиса: очерктер, поэмалар, эсселер, өлең-жырлар / Құраст. С.Әбдірайымұлы. – Алматы: Санат, 1999. –
352 б.; Ғасыр сазын тербеткен: Нұрғиса Тілендиев туралы естеліктер / Құраст. С.Әбдірайымов, Ж.Шәкәрім,
Д.Тілендікеліні, Б.Иса. – Алматы: Білім, 2007. – 280 б.; Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы: ұсыныстық библиографиялық
көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы құраст. Д.Ә.Қыстаубаева, Ш.Б.Үсенбаева. – Алматы, 2015. – 217 б.
2
Нұрғисаның әкесі Тіленді белгілі күйші Жетісу өңірінің күйшілік дәстүрінің негізін қалаған Байсеркемен талай күй-
тартысқа түскен, ал анасы Салиха әйгілі Кенен Әзірбаевтың тәтесі, гармоньмен ән салған екен. Ол өмірінің соңына дейін
анасының гармон аспабын көзінің қарашығындай сақтаған. Нұрғиса жастайынан өзінің әкесі мен анасынан басқа
дәстүрлі өнердің ірі өкілдерімен кездесіп, өнер алмасқан. Соның біріне тоқталып өтсек, 1938 жылы Нұрғиса академик
Ахмет Жұбановтың қолынан домбыраны сыйға алғаннан кейін, сол жылдың күзінде ол жыр алыбы Жамбыл және бір топ
өнерпаздармен жүздеседі, бұл туралы Н.Тілендиев: « әкең бізге аталас, жақын кісі. Өнер жиыны өтіп жатқан тұста
әкем Тілендінің туған інісі Тілегеннің әйелі қыз туып, шілдехана қуанышына құтты болсын айтуға, қасына бір топ
өнерпаз ақындар Кенен, Иса, Үмбетәлі, Шашубайды ертіп амбыл ата біздің үйге келді.
Үлкендер енді бір кезекте маған күй тартқызып қызықтады. Мен әу баста қысылып абдырап қалдым да жұрттың
«ұялма, сал барыңды» деген кеу-кеуімен, әкеңнің өзінің Бекболат батыр көтерілісі туралы шығарған дауылды «Ұран»
күйін соқтыра жөнелдім. Бәрі сілтідей тынып тыңдай қалыпты, күй біте «ау, бәрекелді», тағы да тарт десті. Енді
Тәттімбет, ұрманғазы күйлерін, әкеңнің «Ой, дүние-ай» күйін тартып бердім» [1, 361 бет] – деген.
3
Нұрғиса Тілендиев 1949-50 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында, ал 1950-52 жылдар аралығында Мәскеу
мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетінде профессор Н.П.Аносовтың класында оқиды.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
295
Нұрғиса Тілендиевтің шебер импровизатор, суырып-салма өнерін жетік меңгергендігі туралы жиі
атылғанымен, оның орындаушылық шеберлігі үнемі ұмытылып кетеді. Нұрғиса Тілендиев фолькорлық халық
күйлерден бастап өзіне дейінгі күйшілердің шығармаларын бұлжытпай жеткізген және олардың түпнұсқасы
мен авторларының сақталуына үлкен жауапкершілікпен қараған күйші. Бұл ретте Нұрғиса Тілендиевтің есте
сақтау қабілетімен қатар, күйлерге жауапкершілікпен қарағандығы кәсіби біліктілігінің арқасы дейміз. Ол,
халық күйі «Ақсақ құлан» (II нұсқасы), Байсеркенің күйі «Жекпе-жек», әкесі Тілендінің күйі «Арман»,
Жамбылдың күйі «Ой, дүние-ай», Қатшыбайдың күйі «Баламишка», Темірбектің күйлері «Жетім бала»,
«Шернияз» және т.б. жеткізген. Қазіргі кезде бұл күйлердің тең жартысы Нұрғиса Тілендиевтің күйлері
ретінде айтылып жүр. Нақты айтсақ концерттік бағдарламалар мен Мемлекеттік тапсырыспен жарыққа
шыққан «Қазақтың 1000 күйі» (2010) 41 CD топтамасының 35-ші дискте «Жекпе-жек», «Баламишка»
Н.Тілендиевтің авторлығымен берілген. Ал Е.Тұңғышұлының «Атадан мұра» жинағында бұл күйлерді
жеткізген орындаушы ретінде көрсетілген, тіпті, оның үстіне бұл кітаптың алғы сөзін Н.Тілендиевтің өзі
жазған екен [3]. Мұнда дәулескер күйшінің дүниеден өткеніне 20 жыл толмай-ақ, көзін көрген адамдардың бар
болғанына қарамай-ақ келеңсіз жағдайлар болып жатқанын көреміз. Мұндай түсінбестіктер келешек ұрпақты
шатастырып, Нұрағаң туралы бұрыс пікірді қалыптастыруы мүмкін. Біздің ойымызша Н.Тілендиевті күйші-
композитор деп атауға өзінің күйлерінің саны да, сапасы да жеткілікті, сондықтан Н.Тілендиев жеткізген
күйлерді оның төл туындылары ретінде қарастырудың қажеті жоқ деп білеміз.
Оның сал-cерілерге тән өзін еркін ұстау мінез-құлқы туралы айтқанда бірден көз алдымызға сахнадағы
дирижерлік келбеті елестейді. Ол дирижер ретінде жеке орындаушы мен оркестрді ғана емес, сонымен қатар
тыңдармандарды да, яғни бүкіл залды өзіне қаратып, «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстайтын.
Оның концерттерін талай жүргізген П.Аравин, сахнадағы жүріс-тұрысы туралы: «...Поведение его порой было
неординарным, не академичным. Он мог на какое-то время вообще перестать дирижировать, и только
строгий, иногда лукавый, а чаще призывный взгляд на ту или иную группу оркестра, на того или другого
солиста говорил о его постоянном контроле над ситуацией...
Его коронный, ярко театральный прием: в середине произведения, перед репризой, повернуться к
оркестру спиной, как бы давая музыкантам полную свободу исполнительского творчества, и
изящными пасами руки то назад к оркестру, то в публику создавать удивительный эффект сомыслия,
соучастия, сотворчества для всех, находящихся и на сцене, и в зале, и музыкантов, и слушателей. А
когда он солировал на домбре свои виртуозные импровизации, то умел нагнетать такое напряжение
ожидания, что вступление оркестра по энергичному взмаху его руки казалось взрывом эмоций,
прорывом чувства радости, вдохновения, и публика с восторгом отзывалась шквалом аплодисментов»
[4, 12 б.] – деп, концерттегі шығармашылық үрдіске тыңдармандардың атсалысып, қатысуына
мүмкіндік сыйлайтындығын дәл тауып айтқан.
Қазақтың музыка мәдениетіне Нұрғиса Тілендиев композитор ретінде өлшеусіз үлес қосты. Оның
жүрегінен шыққан төрт жүз әні бір емес, екі ғылыми зерттеменің, яғни кандидатық диссертациялардың
нысаны ретінде алынып, жан-жақты сараланды
1
. Ал оның қалған туындылары, яғни «Достық жолы»
балеті, «Ортеке» балет-поэмасы, «Алтын таулар» операсы (Қ.Қожамияровпен бірлесіп жазған),
«Қайратты Отырар сазы», «Көңілді бикеш» увертюралары, «Бостандық таңы», «Ордабасы», «Жеңіс
салтанаты», «Махамбет» күй поэмалары, сондай-ақ, 19 көркем фильмге («Қыз Жібек», «Қилы кезең»,
«Менің атым – Қожа», «Құлагер» т. б.), 20-дан астам драмалық спектакльдерге (М.Әуезовтың «Қаракөз»,
«Абай», Ш.Айтматовтың «Жәмилә» т.б.), 17 мультфильмге («Қарлығаштың қүйрығы неге айыр?», «Ақсақ
құлан», «Қырық өтірік» т. б.), деректі фильмге («Академик Сәтбаев», «Ыбырай Алтынсарин» т. б.) шығарған
музыкасы мен жеке домбыраға арналған күйлері жаңа ғылыми ізденістерге жетелейді. Осыған қарап
бұл шығармалар мемлекеттің қабылдаған жаңа оқу жүйесі бойынша жазылатын тек магистрлік қана
емес, Phd докторлық диссертация жұмыстарына негіз бола алады.
Мәселен, Нұрғисаның музыкалық танымындағы өте бай дыбыстық қордың өзіне жеке зерттемені
арнауға болады. Өйткені, оның шығармаларында көрініс тапқан құстардың бейнеленуін: алуан түрлі
әндерінде шырқалуын, дауыспен еліктеуін («Ақ шағала», «Бозторғай», «Құстар әні» және т.б.), күйлері
мен оркестрлік партияларда құстың самғап ұшуы мен дауысын аспаппен келтіруін, немесе
конофильмдердегі («Қыз Жібек») және мультфильмдердегі («Қарлығаштың құйрығы неге айыр»)
үзінділерде құстарға байланысты жасалған әдіс-тәсілдердің қолданылуын салыстырмалы талдасақ
1
Айтуарова А. Народные традиции в массовой музыке Казахстана: (На прим. творчества Н.Тлендиева). Автореф. дис. …
к.иск. – Ташкент, 1993. – 26 с.; Искакова Г.Н. Национальные истоки песенного творчества Н.Тілендиева. Автореф. дис.
… к.иск. – Алматы, 2010. – 27 с.
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
296
этникалық есту қабілеті арқылы қабылданған музыкамен бейнелеу әлемінің маңызды құпияларын
ашамыз. Сондай-ақ домбыра күйлердегі аттың жүрісі, шабысы, кісінеуі, мысалы «Ата толғауы» күйінің
алғашқы тактілерінде естілетін алыстан келе жатқанын Жамбылдың мінген атының жүрісі суреттелуін,
«Махамбетте» аттардың адуынды шабысының бейнеленуін, «Бандыны қуған Хамит» кинофильміндегі
немесе «Ақсақ құлан» мультфильміндегі аттар түскен көріністің көркемделуін саралағанда ой-өрісінің
ұшаң-теңіз танымын аңғарамыз. Осыған байланысты Нұрғиса этникалық есту қабілеті арқылы аздың
астарынан көпті көре білгендігі анық
1
. Ойымызды дәлелдеу үшін И.Земцовскийдің тағы бір пікірін
келтіре кетеміз: «Иметь этнослух означает иметь способность за немногим слышать многое, то есть
иметь, так сказать, богатое культурное слуховое воображение. тнослух делает музыку культурно
значимой для нас – в меру нашей собственной культурности, то есть нашей способности
проникновения в культуру (свою или чужую) вообще» [2, 8 бет].
Нұрғиса Тілендиев сөйлеген сөзінің нәтижесінде «Отырар сазы» атты этнографиялық оркестр
құрып, қалыптастырды десек, бұрыс айтқан болмаспыз. Дегенмен бұл мәселеге арналған еңбектер
болғандықтан, этникалық есту қабілеті арқылы оркестрге енгізген жаңашылдығына тоқталғанды жөн
көрдік. Ол қазақтың музыкалық дүниетанымына жат болған оркестрге ұлттық аспаптармен қатар,
оркестрлік орындаудың тембрлік бояу ауқымдылығына домбыра күйлеріне тән құрылымдық,
драматургиялық, ырғақтық, интонациялық ерекшеліктерді пайдалану арқылы жаңа орындаушылық
стильді енгізді. Яғни жеке орындаушының суырып-салма дәстүрін еркін көрсете алатын бөліммен
оркестрдің қатал заңдылыққа бағынатын бөлімін ұштастырған. Бұл тұрғыдан алғанда да,
Н.Тілендиевтің дала мен қала мектебінің әсері аңғарылады.
Жаңа орындаушылық стильде шығарған күйінің біріне «Әлқисса» жатады. Осы күйдің жеке
орындаудағы нұсқасын талдау арқылы қалыптастырған орындаушылық стиль жаңашылдығын
белгілейміз.
«Әлқисса» күйі ашық ішектен тұрақты «соль-ре
1
» дыбысына секірмеден басталады. Бұл бастаманы
күйдің құлақ бұрау дейміз, себебі ол күйдің басында, негізгі әуені мен тараулардың арасында және
күйдің соңында кездеседі. Суырып-салма дәстүріндегі тараудың негізгі әуендік желісі төменгі қағыспен
«ре» ішегінде өрбиді. «Соль» ішегінде тізбелектеле өрілген әуен жоғарыдағы «соль
1
» дыбысына
тұрақталып, қасындағы «ля
1
» дыбысына тоқталып кері қайтады. Әуеннің төмен қарай қайтар бағытында
мажор мен минор жүйесінің ұштасқаны аңғарылады. Осы тараудан кейін оркестрмен орындалатын
тұрақты тарау тұңғыш рет жеке орындауда өтеді. Мұнда композитор есте қалатын қысқа әуенмен
қайырады. Бұл ретте терцияның маңызы алдыға шығады: терциялық екідауыстылық, терция ауқымында
өрбіген интонация, терциялық секірме т.с.с. пайдалану арқылы негізгі әуенге келеді.
Екінші суырып-салма дәстүріне негізделген тарау көне күйлерге тән бурдон «ре» дыбысы – ашық
ішегінің алынуымен ерекшеленеді. Техникалық шеберлікті танытатын бұл тарау алдыңғыдан қарағанда
ұзақтығы ыдыратылған: бірінші тарауда сегіздіктер болса, мұнда он алтылықтарға көшкен. Осы арқылы бұл
тараудың екпіні жылдамдықты береді. Осы адуындылықпен күйдің шарықтау шегіне жетіп, оркестрлік
әлқиссаға ұласады. Күйдің соңында жеке орындаушы мен оркестр бірігіп, үйлесімді жалғаса, бірге аяқталады.
Н.Тілендиев «Әлқисса» күйін шерткендегі суырып-салма тараулары бірін-бірі қайталамайды. Яғни
ол әрбір концертке шыққан сайын оның суырып салма тараулары жаңарып, дамып, өзгеріп тұрған.
Сондықтан қазір оның архив қорларында сақталған концерттік орындауларын қағазға, яғни нотаға
түсіру қажет, сонда біз бір күйдің бірнеше нұсқасын алуымыз мүмкін. Сол арқылы біз келешек ұрпаққа
дәулескер күйшінің суырып-салма шеберлігін насихаттаумен қатар, күйлерінің нұсқалық түрін
дәлелдей аламыз.
Н.Тілендиев осы «Әлқисса» күйін шерткенде суырып-салма дәстүрін өзі жиі пайдаланғандықтан,
соңғы кездері жас күйшілер де оның ізін жалғастырып өздерінің суырып-cалма өнерлерін көрсетумен
қатар, қиянат келтіріп жүргендерін де байқаймыз. Бұл күйге Н.Тілендиев өзі шертіп жүрген нақты
құрылымнан ауытқып, жаңа тарауларды қосып жүргендері де бар. Дәлірек айтқанда күйдің соңына
қарай «ре» ішегінде өрбитін және сол төменгі «ре» дыбысынан түсетін тараудың қосылғаны байқалып
келеді. Егер Нұрғиса «ре» ішегіндегі тарауды қажетсінде өзі қосар еді, өйткені оның композиторлық
қабілеті де, орындаушылық шеберлігі де, мүмкіндік берген. Ал қазір оның көзі кеткеннен кейін өзі
1
И.Земцовский адамның есту қабілетінің қалыптасуы мен тәрбиеленуінің бірнеше факторын белгілейді. Оның
теориясының негізінде Н.Тілендиевтің есту қабілетіне байланысты жаңа мәселелердің басы ашылады. Дегенмен ол жеке
зерттемені талап етеді. Нұрғиса Тілендиевтің есту қабілеті Б.Асафьевтің «Слух Глинки», Н.Тифтикидидің «Слух
Затаевича», Е.Назайкинскийдің «Слух Асафьева» сынды еңбектерге тән келешекте зерттеменің жазылуына негіз салады.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
297
қоспаған тарауды қазіргі жастар қосып, Н.Тілендиевке «соавтор» болудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
Сосын жоғарыда айтылып өткендей Н.Тілендиев даламен қатар, қала мектебінде білім алғандықтан ол
жазбаша дәстүрдегі кәсіби композиторлардың құрамына кіреді. Ал жазбаша дәстүрдегі кәсіби
композиторлардың шығармаларына ешкім өзгешелік енгізе алмайды, мысалы шетелде орындаушылар
дыбыс емес, дыбыс бояуын өзгерткені үшін жауапкершілікке тартылады.
Осыған ұқсас жағдайларды, соңғы кездері күй-тартыс
1
үрдісінде кездесеміз. Н.Тілендиевтің
күйлері күй-тартыс үстінде түрлі өзгеріске ұшырап жатады. Оның себебін бір жағынан түсінуге де
болады, өйткені біріншіден шығармашылық үрдіс деп қарастырсақ, екіншіден Нұрғисаның өзі
импровизацияны еркін пайдаланған. Дегенмен күй-тартыс барысында авторлық туындыны қолданған
жағдайда композитордың түпнұсқасынан ауытқуға болмайды. Себебі Б.Аманов айтқандай күй-тартыс
түрлерінің өз талабы бар
2
. Қазіргі кезде орындаушылық шеберлікті көрсету күй-тартысы кең таралған.
Мұнда күйшілер дәстүрлі күйші-композиторлардың туындыларын орындау арқылы өз шеберліктерін
танытады. Бұл ретте есте сақтауы мен техниканың меңгерілуі сыналады, ал авторлық туындыға
импровизация жасап, өзгешелік енгізу құқығы берілмеген, сондықтар күйшілер анық білуі тиіс күй-
тартыстың қай түрі бойынша сайысқа түсетіндерін.
Мақаланы қорытындылай келе, саралау арқылы анықталған тұжырымдарды ұсынамыз:
1.
Н.Тілендиевтің шығармашылығы мен музыкалық мұрасы туралы көптеген басылымдар мен
зерттемелер жазылған. Олардың көлемі әйгілі күйшінің өмірі мен шығармашылығының қыр-сырлары
ашылғандығы сияқты пікір қалыптастырады. Алайда оның өмірінің кейбір тұстары көлеңкеде қалған
және шығармашылығы әлі күнге дейін толық зерттелмегені аңғарылды. Н.Тілендиевтің өмірі мен толық
шығармашылығы келешекте ғылыми тұрғыдан игеріліп, құжаттық және деректемелік тараптардан
дәлелденіп, жеке монографиялық еңбек ретінде жазылуы тиіс.
2.
Н.Тілендиевтің тұлға ретінде қалыптасуында бір жағынан этникалық есту қабілетінің беріктігі
септігін тигізсе, екінші жағынан – кәсіби білімінің тереңдігі негіз болған. Оның шығармашылығының қандай
да бір бағыты, яғни орындаушылық, композиторлық, дирижерлік немесе ұйымдастырушылық тарапынан
алғанда этникалық есту қабілеті арқылы және кәсіби біліктілігі зор міндет атқарғаны анықталды. Ал
музыкалық шығармаларында суреттеген бейнелік танымының бай өрісі, тақырыптық желісінің кең шеңбері,
қолданған музыкалық әдіс-тәсілдерінің алуан түрлі ерекшелігі және зерттеу нысанына алынбаған аспаптық
күйлерімен қатар, күрделі туындылары келешекте жаңа ізденістерге жетелейді.
3.
Бүгін Нұрғисаның қазақтың музыкасына қосқан үлесі Жамбылдың алыптығымен байланысты
(ассоциациялық түрде) ойға оралады. Нұрғисаның Жамбылмен өмірінде бірнеше рет кездесіп, бата
алып, ақылын ескергені
3
, Жамбылдың күйлерін жеткізгені, Жамбылға арнап «Ата толғауы» атты
күйінің шығарғаны, концерттерінде Жамбылдың есімін атап өткені, үнемі Жамбылдың мұражайына
барратындығы, дүниеден озар алдында Жамбылдың басына барып құран оқытқаны, бақилық болғанда
Жамбылдың қасынан топырақтың бұйырғаны кездейсоқ емес, дейміз. Осы тұрғыдан алғанда
Жамбылдың алыптығы Нұрғиса Тілендиевтің қалыптасуы мен дамуына септігін тигізіп, оның
орындаушылық шығармашылы, композиторлық мұрасы, мінез-құлқы мен ұйымдастырушылық қызметі,
танымы, есту қабілеті, тіпті сөз құдіретін ұғу тарапынан алғанда да алыптығын аңғарамыз. Нұрғиса мен
Жамбылдың этникалық есту қабілеттері бір арнадан нәр алып, халқына үлкен сүйіспеншілікпен қызмет
атқарғандарына, теңдесі жоқ мұра қалдырғандарына, ұлттық музыкаға қосқан маңызды үлестеріне
қарап алаштың алыптары дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |