«Нағарашы орта мектебі» кмм



бет2/3
Дата06.04.2023
өлшемі25,83 Kb.
#79981
1   2   3
Барысы

Уақыты

Коуч әрекеті

Тыңдаушылар әрекеті

Топқа бөлу

1 минут

1 топ: «Бастау» әдістемелік бірлестігі.
2 топ: «Эврика» ж»не «Тіршілік» әдістемелік бірлестігі.
3 топ: «Лингвист» әдістемелік бірлестігі.
4 топ: «Мұрагер» және «Салауат» әдістемелік бірлестігі.

Ұжым аталған топтар өз пәндері бойынша топтасып отырады.

Ширату сұрақтары

7 минут

1-топ: Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?

2-топ: Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты, SMART–қа негіздеу ) мақсаты не?


3-топ: Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер? Қандай әдіс-тәсілдері бар?

4-топ: Кері байланыстың күтілетін нәтижесі.



1 топ жауапты қыс мезгіліне бағыттап жауап береді.


2 топ- көктем мезгілімен сипаттап жауап береді.


3 топ- жаз мезгілімен сипаттап жауап береді.
4 топ- күз мезгілімен сипаттап жауап береді.

Таныстырылым

3 минут

Слайд. Кері байланыс. Түсінік беру ойларын толықтыру.




Кері байланыс

8 минут

1 топ: Кері байланысты, кері байланыссыз мұғалім.


2 топ: «Бір сөзбен» әдісі


3 топ: Бір шумақ өлең жолдарын құрастыру.


4 топ: «5 жолды өлең» әдісі

1.(Сахналық көрініс арқылы бейнелеу)
2.12 сөздің ішінен, сабақтағы кері байланысты қалай сипатайсыз және сипаттау сөзінің мәнін түсіндіріңіз.
3.сөздер
«5 жолды өлең» әдісі арқылы тақырыпты қорытындылау


Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек. Рефлексияның төмендегідей түрлері бар: -оқу материалының мазмұнының рефлексиясы -көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы - іс-әрекет рефлексиясы Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Оқушылардың әрекеті - зерттеушілік әрекет болу үшін мұғалім нақты мақсаттар қоя білуі керек, ал ашып айтатын болсам, оқушыларға ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін, нені ашу керектігін, қандай әдіс арқылы, қандай нәтиже алу керектігін үйренуге жетелеу. Танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Танымдылығы мықты балада өзіндік мақсат, нәтиже болады. Яғни, қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы. Оқушының адами әлеуетінің өсуі. Өзін - өзі немесе «Менін» көрсетудің бір жолы - оқу екендігі және оның басты мақсат екендігін Маслоудың пікірінен аңғаруға болады. «Мен» тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді.
Нәтижесінде «Мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез- құлықтарымызды бағыттайтын, өзін -өзі реттеуге жетелейтін әлеуметтік стимул екендігі айтылған. Осы сындарлы оқытудың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде заман талабына сай білімді ұрпақ қалыптастыру мүмкіндігі жеткілікті болады. Ғұлама ғалым әл - Фараби «Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді.
Рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады.
Қорытындылай келгенде, рефлексия- көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады. Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ: Оқушылар үшін: 1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; 2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз; 3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; 4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.


Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет