Намаз үйренейік шымкент-2015


БАЛА-ШАҒА АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТІМІЗ



Pdf көрінісі
бет17/21
Дата06.10.2023
өлшемі358,65 Kb.
#113249
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
«Намаз үйренейік» К.К

БАЛА-ШАҒА АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТІМІЗ
Бұл дүниенің қызығы мен қуанышы, өмірдің жалғасы – 
перзент сүю. Ата-ананың перзенттері алдында хақтары бар екен. 
Олар төмендегілер:
1) Жақсы ана таңдау, хадисте: «Діндарын тауып ұтып 
шық», - деген. Яғни, болашақта болатын перзенттің жақсы 
болуына әйел үлкен рөл атқарады. Ғұламалар әйелді жер 
анаға ұқсатқан: жақсы құнарлы жерге егілген егіннен жақсы 
өнім алады, ал жердің құнары болмаса – ол жерде өнімді ала 
алмайды екенбіз. Сол секілді, жақсы жар таңдай білу керек.
2) Перзент туылған кезде ұл-қыз арасын ажыратпау 
керек. Бұл Құдайдың бергені деп біліп, шүкіршілік етуіміз 
ләзім. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Кім үш қызы 
болса, оларға жақсы тәрбие беріп өсірсе, оған тозақтан перде 
болады». Сонда бір сахаба: «Екі қыз болса?», - дегенінде, ол 
кісі: «Иә, екеуге де солай», - деді. Тағы бірі: «Бір қызға?», - 
дегенде: «Оған да тозақтан перде болады», - деді.


26
3) Перзент туылған соң, жақсы ат қою керек. Есімнің 
жақсы-жаман болуы үлкен әсер етеді. Өйткені, қоғамда 
немесе достарының арасында үнемі тартқыншақтап, өзінің 
есімінің жаман болуы себепті қысылады.
ЕСІМІ ЖАҚСЫ БОЛУЫ ҮШІН 3-НӘРСЕ 
БОЛУ КЕРЕК

Мағынасы шариғатқа қарсы болмау;
Яғни, серік, күпірлік, күнә есімдер болмау.
- Ерге еркекше, қатты ат қою. Ал, қыз балаға – нәзік, жұмсақ 
ат қою керек;
- Айтуға және атауға оңай болуы шарт.
- Нәрестеге ат қою үшін жақсылап дәрет алып, нәрестенің оң 
құлағына азан шақырады. Содан соң, сол құлағына Иқамат айтады 
да, үш рет сенің есімің «пәленше» деп қайталайды.
- Перзенті үлкен болып, өзін-өзі асырайтын халге дейін 
бағып-қағу ата-ананың міндеті.
- Ата-ана бірінші кезекте өздері өрнек болуы керек. Яғни, 
күнделікті жүріс-тұрыста, ұсақ-түйектің барлығында өрнек болуы 
үлкен рөл атқарады.
- Ұл-қызына білім үйрету және өзі таңдаған кәсіпке бейімдеп 
барынша көмектесіп, жол көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет