Нанокіріспе: «Төменнен-жоғары» әдістер. Олардың түрлерін келтіріп, рөлін түсіндіру


Наноматериалдар мен наноқұрылымдардың жіктелуі



бет3/12
Дата06.10.2022
өлшемі1,39 Mb.
#41604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Наноматериалдар мен наноқұрылымдардың жіктелуі.

Жалпы наноматериалдар өлшемдеріне байланысты және құрылымына байланысты бөлінеді. Өлшемдеріне байланысты 0Д,1Д,2Д,3Д. Нөл өлшемді наноматериалдарда барлық жағынан бірдей наноөлшемді болады,оған жататын материалдар: фуллерендер, кванттық нүктелер, көміртекті нүктелер. Бір өлшемді наноматериалдар дегеніміз бір бағытта ғана өлшемі болатын наноматериалдар. Оған жататын материалдар: нанотүтікшелер, наносымдар, нанобелбеулер, наномұртшалар, наноталшықтар. Екі өлшемді дегеніміз кеңістікте екі бағытында өлшемі болатын материалдар.Мысалға, графен, метал оксиді негізіндегі нанобелбеулер. Үш өлшемді наноматериалдарда үш бағытында да өлшемі болатын материалдар.Мысалға, аэрогельдер.

нөл өлшемді (0D)-құрамында бірнеше ондықтан бастап бірнеше мыңға дейін атомдар бар топтасқан немесе байланыстырылған нанобөлшектер (квантты нүктелер, коллоидты ерітінділер, нанокристалдар және фуллерендер) жинағы. Бұл жағдайда барлық үш өлшеулер (ұзындығы, ені, биіктігі) нанометрлі болады;
бір өлшемді (1D)- көміртекті нанотүтікшелер,наножіпшелер,наносымдар – яғни бір өлшемі бірнеше микрон және екі өлшемі наноөлшемді болатын цилиндрлік обьектілер;
екі өлшемді (2D)- қалыңдығы бірнеше нанометр болатын жабындылар және пленкалар.Бұл жағдайда тек қана бір өлшемі нанометрлі,ал қалған екеуі макроскопиялық өлшемді болады(графен);
үш өлшемді (3D) - наноматериалдарға көп қабатты наноөлшемді дислокациялық құрылымдар, сверхрешеткалар, нанокерамика, поликристалдық материалдар жатады.
Нанофазалардың табиғатына (құрылысына) байланысты наноматериалдардың жіктелуі:
- Көміртекті (фуллерендер,нанотүтікшелер);
-Полимерлі - нанокомпозиттер және дендриттік полимер негізіндегі, органикалық және бейорганикалық нанопленкалар;
-Металдық (нанобөлшектер, наноұнтақтар, нанокристалдар, металдақ нанопленкалар мен олардың қосылыстары, қорытпалары);
- Керамикалық (кешенді қосылыстар нанокомпозиттер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет