Нанокіріспе: «Төменнен-жоғары» әдістер. Олардың түрлерін келтіріп, рөлін түсіндіру



бет8/12
Дата06.10.2022
өлшемі1,39 Mb.
#41604
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Нанокіріспе

Электрлік жарылысты түсіндіру.

Бұл жұмыстың жалпы принципі: электр сымдары үлкен қысым мен температураны тез көтерген кезде, тез қызуға шыдай алмай, жарылады. Жарылған кезде нанобөлшектер түзіледі, және бастапқы жарылған кезде ауыр нанобөлшектер бір камераға,одан соң одан жеңілдері вентилятор әсерінен келесі бөлікке түседі.

Яғни, жіңішке сым арқылы(d>1мм) қуатты ток испульсі өткен кезде өткізгіш тез қызуына және жарылған кезде буланып нанобөлшектер түзілуіне әкеледі.

Нанобөлшектер 20 нм-100мкм аралығында түзіледі.


Жалпы артықшылықтары:

  1. Оңай қолданылатын техника, өнімділік жоғары;

  2. Металл бөлшектерін активті түрде алу;

  3. Бөлшектер сфера түрінде түзіледі;

  4. Энергия аз жұмсалады

  5. Процесті оңай басқаруға болады

Кемшіліктері: ток өткізетін материалдарды ғана қолданады, өлшем бойынша нанобөлшектер әртүрлі болады.






  1. Крекинг пен пиролиз әдістерінің артықшылықтарын бағалау.



  • Каталитикалық крекинг-бұл көмірсутектің ауыр молекулалары тиісті катализатордан өткен кезде (әдетте қызған кезде) жеңіл молекулаларға ыдырайтын технологиялық процесс.

Қазіргі заманғы каталитикалық крекинг алюмосиликатты катализаторларды қолдануға негізделген, оларда жұқа кристалды алюмосиликаттар – цеолиттер бар аморфты матрица болып табылады. Нанотехнология-жеңіл мұнай өнімдеріне өңдеу үшін ауыр мұнай шикізатын крекинг катализаторларын жетілдірудің негізгі әдістері. Каталитикалық крекинг үдерісінде дисперсті көміртекті фаза түзіле алады. Бұндайкөміртекті фаза 2CO=CO2 + Ск (көміртегі монооксиді жағдайында) реакция типі катализдің арқасында жүзеге асатын, температуралар мен қысымдарда көмірсутектердің немесе көміртегі монооксидінің каталитикалық ыдырауының нәтижесі болып табылады. Осыған ұқсас үдерістерде Fe, Ni, Co және олардың қышқылдары, сонымен қатар, осы металлдардың балқымалары аса тиімді катализаторлар болып табылады.

  • Көмірсутек шикізатының пиролизі-қанықпаған көмірсутектермен байытылған көмірсутек газын алу мақсатында термиялық крекингтің ең қатаң түрі.

  • Көмірсутектердің каталитикалық пиролизі көміртекті нанотүтікшелерді (КНТ) өндірудің перспективті әдісі болып табылады. Бастапқы көмірсутектер ретінде метан, этилен, пропилен, ацетилен, ксилол, пропан, бутан, бутадиен, н-гексан және басқа көмірсутектер қолданылады. Көмірсутектерден көміртекті наноқұрылымдардың түзілу процесі күрделі және газ фазасында катализаторды құрайтын металл оксидтерінің бетінде, каталитикалық белсенді металл бөлшектерінің көлемінде және бетінде жүретін көптеген элементар түрлендірулерді қамтиды.



  • Пиролиз 1 кгс/см төмен қысыммен және жоғары температура кезінде (700-800°С және одан жоғары) өтетін процесс.

  • Крекинг жоғары қысымда және төмен температурада(480-540°С).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет