Нанотехнология және наножүйелердегі негізгі түсініктерді атаңыз


Нанокатализаторлар туралы не білесіз?



бет7/42
Дата15.11.2023
өлшемі2,92 Mb.
#123530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
Нанотехнология негіздері (4)

6. Нанокатализаторлар туралы не білесіз?
Көптеген жылдар бойы нанотехнология ғылыми-фантастикалық туындылар авторлардың жазуы бойынша жеке атомарға әрекет жасай алатын өте кішкентай жасанды молекулярлық роботтар ретінде елестейді. Алайда адамдар көптен бері табиғи молекулярлы монтажшыларды қолданып келеді және олар катализаторлар деп аталады. Катализатолар – бұл химиялық реакциялардың жылдамдығын арттыратын,бірақ нәтижесінде өздері жұмсалмайтын және химиялық өзгермейтін заттар.
Табиғи катализаторлар,энзимдер,репакцияның азырақ активтендіру энергиясымен ба лама жолмен өтуіне мүмкіндік береді.Өнеркәсіптік катализаторлар табиғи катализаторлар сияқты жақсы сипаттамалармен ерекшеленбейді. Әдетте, катализаторлардың беттік қабатының көлемге қатынасы үлкен болады және инертті тасымалдаушыда таратылады.
1920 жылдан бастап өнеркәсіпте кездейсоқ өлшемде таралған металл бөлшектер түріндегі катализаторлар қолданылады.
Ғалымдар бөлшектердің өлшемі мен олардың арақашықтығы катализатор тиімділігі н үщін маңызды рөл атқаратынын дәлелдеді.Тәжірибе жүзінде ауданы 0,5см2 болатын кремний оксиді табаншасында биіктігі 15-20 нм нанокристалдар платинасын 100 нм қашақтық сайын орналастыру арқылы дайындалған катализатордың каталитикалық белсенділігі дәл осындай мөлшердегі тегіс катализатормен салыстырғанда 20 есе артық болатыны анықталған.Осы және басқа жаңалықтар ғалымдарға жақында аса тиімді катализаторлар дайындауға мүмкіндік береді.
Нанотехнологиялар химиялық, мұнай өңдеуші, автомобильді, фармацевтикалық және тамақ өнеркәсіптері үшін жаңа катализаторлар дайындауға арналған үлкен потенциалға ие. Биологиялық құрылымдармен әрекеттесе алатын арнайы катализаторлар энзимдер мен дәстүрлік жасанды катализаторлар арасындағы маңызды байланыстырушы үзбе ретінде пайдаланыла алады.


  1. «Чиптегі зертхана» туралы не білесіз?

«Кристалдағы - жүйелер», SoCжобалау стилі 1С сатысындағы 350-250 нм өндірісіндегі технологиялық үдерісті меңгеру кезеңінде қолданыла бастады. Ол кезде бір кремниилі астары барнегізгі цифрлық компоненттер интеграциясын жүргізу мүмкін болатын. Ұялы телефондар құрылымында да осы технология қолданылды.Қазіргі бірнеше чиптардан(интеграцияланған чипсет) құралған жиынтық, келешекте өндірістің күн санап дамуының нәтижесінде толық интеграцияланған SoC жүйесі болып қалыптасады.Соған орай SoC жобалауын күрделі интегралды схема деп анықтай аламыз, ол толық түпкi өнiмнiң барлық негiзгi функционалдық элементтерін бiр чип немесе чипсетте бiрiктiреді. Жалпы алғанда SoC жоба кем дегенде бір бағдарламаланатын процессордан, ішкікристалданатын есте сақтау құрылғысынан, апаратты орындайтын функционалды элементтерден, сонымен қатар қосымша немесе сыртқы ортамен байланысатын интерфейстерден тұрады.Жобалаудың өнiмдiлiгiн арттырудың iргелi әдiстерінің ішінде интеллектуалды өзіндікті (IP ) қайта қолдану ұсынысы жасалды.Екінші - үшінші ұрпақтарда IP-ді осы әдіспен қолданудан кейін жартылай өткiзгiш өндiрiсі дамып,көптеген танымал модельдердің пайда болуына себепші болды. Ол төмен сатыдағы (0-30 %) SoC жобалауынан өте жоғары сатыға (90-99%) көшуге аяқ алғызады. SoC дамуында маңызды фактор болып (VSIA )Virtual Socket Interface Alliance жетекшi электрондық фирмасының құрылуы болды. Бұл фирма IP қайта қолдануын жетілдіре отыра, IP стандартты қажеттіліктерін, интеграциясын дамытты.Екінші маңызды фактор болып Mentor Graphics и Synopsys компаниясы құрастырған «IP «soft» үшін бірнеше рет қайта қолдану әдіснамасы(Synthesizable RTL) » табылды. Осы әдіснама негізінде Reuse Methodology Manual (RMM) бақарылуы пайда болды. Бұл әдіснама 1997 жылы қолданысқа кірді,1998 жылы Майкл Кеатинг пен Пьер Брикод көпшілікке жариялады.
SoC жобалауының дамуына көптеген мемлекеттер куә болды. Алғашқылардың бiрi және бұл бастамалардың әйгілісі 1997 жылы пайда болған Элба жобасы саналды. Бұл жоба Шотландияда SoC жобалауды қолдау мақсатымен құрылып, сол кезде көп сұранысқа ие болған 1С өндірісін толықтырды. Эльба жобасы Шотландияның басты университеттерін біріктірді. Олар: Glasgow, Strathclyde, Heriot-Watt және Edinburg. Сонымен қатар жүйелік сатыда интеграциялайтын институт құрды. ISLI (Institute for System-Level-Integration) - SoC және SLI жобалау салаларында оқу мен асперантураға шақырды. Бұл жобалардың негізгі ерекшелігі болып SoC жобалау өндірісін дамытып, инфраструктураларын құрудағы үкіметтің қолдауы мен қаржыландыруы, сонымен қатар ғылыми-зерттеу институттары мен өндірістік кәсіпорындардың бірігіп жұмыс атқаруына себепші болуына негізделген.
SoC жобалауында ІР блоктарды құру әдістері, аттестаттау және ІР блоктарды қолдану берілген SoC жобалауы стиліне айтарлықтай тәуелді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет