Нарыќтыќ ќатынастарєа ґту кезеѕінде экономикалыќ реформаны сјтті жїзеге асыру кјсіпкерлікті жан-жаќты дамытуды ўйєарады, ал Ќа


Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі



бет3/3
Дата10.12.2022
өлшемі34,08 Kb.
#56276
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлықка қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті

Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі қағидалары «Мәңгілік ел» ұлттық идеясында, «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында бекітілді. Осы құжаттарды жүзеге асыру үшін 2016 жылы аталған институт алғашқы рет заңнамалық деңгейде бекітілді және білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстарын өткізуге бағытталған. Әр бағыт бойынша нәтижелерді қарастырайық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – өскелең ұрпақ тәрбиесімен байланысты болғандықтан, бұл өте маңызды бағыт. Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесінде барлық білім беру деңгейлерінің оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мәселелері енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен 266 мың мемлекеттік және азаматтық қызметші, соттар, құқық қорғау органдарының және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, кәсіпкерлік және азаматтық секторлардың, діни және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қамтылды. Олардың қатысуымен 5000-нан астам іс-шара өткізілді. «Мемлекеттік органнан мемлекеттік органға» және «Әкімдіктен әкімдікке» жобаларының шеңберінде жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша көшпелі кеңестер ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында мемлекеттік органдардағы және елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жағдайы туралы ақпарат түсінікті, интерактивті үлгіде жеткізілді. Қоғам назарына ілінген қылмыстар бойынша ұсталған, сонымен қатар жазасын өтеп жүрген және жасаған істеріне өкінетін тұлғалардың сөйлеген сөздері бар бейнесюжеттер көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруда ақпараттықтүсіндіру жұмыстары өте маңызды болып табылады. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен тиісті байланыс жолға қойылды. Журналистермен, блогерлермен, газеттер мен телеарналардың бас редакторларымен 40-тан астам кездесулер өткізілді. Республикалық және аймақтық БАҚ-та 80-нен аса тақырыптық айдарлар құрылды («Сыбайластықпен күрес», «Адал өмір сүру», «Фемида», «Закон и порядок» және басқалар). 3000-нан мыңнан астам мақала жарияланды, шамамен 1700-ге жуық бейнесюжеттің транляциялануы ұйымдастырылды. Интернетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 8000-ға жуық материал орналастырылды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасының деңгейі өсті және оны әлеуметтік зерттеулердің деректері растайды. Мысалы, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сенімінің деңгейі 18%-ға ( 55%- дан 73%-ға дейін) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жеке үлесін қосуға дайын азаматтардың көрсетікіші 10% ( 43%-дан 53%-ға дейін) артқан.

Қорытынды


Тәуелсіздік жылдарында қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай келетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі қалыптасты. Тарихта Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қалыптасуын үш негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бастапқы кезеңде әлеуметтікэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге басымдық беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес фрагменттік және эпизодтық сипатта болды. Екінші кезең ұлттық экономиканың қарқынды деңгейде өсуіне негізделіп, нәтижесінде бюджеттік түсімдер саны айтарлықтай артты, бұл олардың қолданылуын бақылау қажеттілігін талап етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган құрылып, оның тәуелсіздігі және тікелей мемлекет басшысына есептілігі қамтамасыз етілді. Аталған органның жұмысы бірінші кезекте нақты сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау мен олардың жолын кесуге бағытталды. Жаңа жаһандық тегеурінді талаптар мен жылдам өзгеріп келе жатқан әлеуметтік-саяси жағдайларды ескере отырып, «Қазақстан-2050» стратегиясы қабылданды. Онда 2015- 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс тапқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері белгіленді. Оның ерекшелігі жемқорлықтың салдарымен күрес тәсілінен жемқорлықтың себептері мен жағдайларының алдын алу жүйесіне өтуі болып отыр. Осылайша, Стратегияны жүзеге асыруда екі жыл ішінде елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, әкімшілік кедергілер мен тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мейлінше төмендеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы артты. Заң үстемдігі мен жазаның бұлтартпастығы қағидаларының іске асырылуы қамтамасыз етілді. Мемлекеттік қызметшілерді этикалық бақылаудың тиімді тетіктері қалыптасты. Мемлекеттік аппараттың айқын болуына қатысты элементтер енгізілді. Азаматтардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі артып, мемлекет пен азаматтық қоғамның конструктивті диалогы реттелді. Сонымен бірге бұл кезеңде бірқатар стратегиялық міндеттерді шешу қажет. Бірінші кезекте, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою керек. Сервистік тәсілдің негізінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын түбегейлі арттыру қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жаңа жұмыстар бүкіл қоғамды қатыстыру арқылы жүргізілуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет