Нарыќтыќ ќатынастарєа ґту кезеѕінде экономикалыќ реформаны сјтті жїзеге асыру кјсіпкерлікті жан-жаќты дамытуды ўйєарады, ал Ќа


Айыппұл санкцияларын қолдану сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазалау шарасы ретінде



бет2/3
Дата10.12.2022
өлшемі34,08 Kb.
#56276
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлықка қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті

Айыппұл санкцияларын қолдану сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазалау шарасы ретінде. Сыбайлас жемқорларды жазалау әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық салдарларын шектеуді де ұйғарады. Қазақстанда парақорлықтың барлық түрлері бойынша жазалаудың баламалы шарасы паралардың мөлшеріне еселес ретінде айыппұлдар енгізілді. Осы саясат халықаралық қылмыстық-құқықтық стандарттарға сәйкес келуін ескеру керек. Осы орайда, айыппұлдарды қолдану Жапония, Германия, Франция, Австрия, Норвегия және де басқа елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шара болды. Түрмедегі халықты төмендетуден басқа, жазалаудың осы түрі бюджеттік табыстың бөлігін көбейтуге ықпал етеді. Қазақстанда 2016 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар 470 тұлғаға қатысты қолданды, айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 2,5 млрд. теңге.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстармен келтірілген шығынды өтеу 2016 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша аяқталған қылмыстық істердің шығыны 22,1 млрд. теңге сомасын құрады, оның ішінде 5,4 млрд. теңге немесе 24,4 % өтелді. Келтірілген шығынды қамтамасыз ету үшін 5,9 млрд. теңге сомасындағы мүлікке қамау жасалды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасау нәтижесінде мемлекетке келтірілген айтарлықтай шығын сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресу акценттерін оның дер кезінде ескертуіне назар аудару қажеттілігін растайды.
Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімдері туралы ұсынымдар және Әдеп кодексінің негізгі талаптары бойынша жадынамалары дайындалып, таратылды. Жадынамалар мазмұны мемлекеттік қызметшілерге, азаматтарға да қарапайым тілде және бағыт көрсетуші ретінде жасалды. Олар әдеп стандарттарын тез әрі оңай игеріліп алуына, сондай-ақ кең қоғам тобы арасында таратылуға бағытталды. Әрбір азамат халыққа қызмет көрсететін тұлғалардан не күтілетінін білуі тиіс. Жаңа әдеп стандарттары туралы ақпаратты кеңінен тарату үшін тиісінше мобилді қосымша әзірленді. Ол Әдеп кодексінің негізгі талаптары, әдеп жөніндегі уәкілдер, әдептілікті анықтауға бағытталған тесттер және сыйлықтар бойынша жадынама туралы2016 жылы әдеп кодексін ақпараттық сүйемелдеу жүйелі жоспар-кестесі ақпараттарды қамтиды. Осы қосымшаның болуы мемлекеттік қызметшінің әдепсіз мінез-құлқы бойынша уәкілетті мемлекеттік органға дереу шағымдануға мүмкіндік береді. Ол тегін таратылады және тиімді пікірді иемдене отырып қолданылады.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторингті және бақылауды жүргізу үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда (құқық қорғау органдарынан басқа) әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілді. Олар мемлекеттік қызмет саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарының және Әдеп кодексінің, шектеу мен тыйымдар, сондай-ақ жалпы қабылданған әдеп нормаларына сәйкес әріптестер арасында мәдениетті қарым-қатынас орнатуы бойынша кеңестер береді. Осы функциялар әріптестер арасында құрметке ие қызметшілерге жүктелді. 2016 жылы оларға мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар шағымданды, оның ішінде орталық мемлекеттік органдарда – 139, жергілікті атқарушы органдарда – 306 адам. Олармен Әдеп кодексінің талаптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын түсіндіру бойынша 993 семинарлар өткізілді, БАҚ-та 867 жариялымдар мен телесюжеттер орналастырылды. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қалпына келтірілген деректер де бар. Осыған орай, жаңа институт өзінің тиімділігін көрсетті және әрі қарай қоғамның сенімін жоғарылатуына мүмкіндік жасайды.
Алайда, олар басты назарды негізгі жұмысқа салып, негізгі жұмыстан босатыла алмай осы функцияларды тиісті дәрежеде жүзеге асыра алмайды. Олардың жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдердің дербес лауазымын енгізу жоспарлануда. Жергілікті деңгейде әдеп құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары таратылған тәртіптік кеңестің орнына құрылған Әдеп жөніндегі кеңестерге жүктелді. Әдеп жөніндегі кеңесті құрудың басты мақсаты болып қызметшілердің тәртіптік істерін қарау кезінде басымдықты жылжыту, мемлекеттік органдарда жоғары әдеп стандарттарын және әдептік құқық бұзушылықтарының алдын алу қамтамасыз етілген. 2016 жылы олармен 158 отырыстар өткізіліп, 1002 сұрақтар қаралды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет