Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары



бет1/15
Дата20.12.2022
өлшемі133,11 Kb.
#58483
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау


Шаруашылық субъектілердің нарытық экономикаға өтуіне байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайы үлкен мәнге ие болып,оны іскерліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында,оның қаржылық жағдайын жоғарылату жолдарын іздестіруде.
Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары.Батыс елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,әр бір жеке фирма әр түрлі жағдайлардан банкротқа ұшырауы мүмкін.Бірақ бұл жерде кез келген банкроттыққа ұшыраудың алдын-алудың әмбебап жолы бар ол кәсіпорынның жұмысына жүйелі түрде қаржылық талдау жүргізу.
Талдау-жалпы адам іскерлігінің ғылыми-тәжірибелік негізінде қаралатын терең мағыналы түсінік.Аналитикалық әдістер өте кең таралғанына байланысты көбінесе талдау сөзінің мағынасында кез келген зерттеу жұмыстарын түсінеді.Талдаудың әдістемелері кез келген ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарының құрамына кіре отырып,көптеген жағдайларда оның бірінші деңгейінде көрініс табады.
Қаржылық жағдайды талдау-банкроттықтың орын алуына әкелетін іскерліктің әлеуетті қауіпті жақтарын анықтау,болуы мүмкін өндіріс барысындағы іскерліктің әр түрлі үзілістерінің алдын-алумен байланысты болатын қаржылық талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау-шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысының барысындағы басты мәселенің бірі және шешім қабылдаудың негізін құрайды. Кез келген экономикалық субъект өз қатарында ішкі және сыртқы құраушыларының арасындағы күрделі байланыстан тұрады. Тәжірибе үшін осы қарым-қатынастарды сипаттап қана қою жеткіліксіз.Маңыздысы:талдау әдістерінің көмегімен іскерліктің мәндірек және маңыздырақ бағыттары анықталып оның болашағына болжаулар ұсынылып,осы жоспарлардың негізінде нарықтық және өндірістік белсенділіктің болжамдары анықталып және олардың орындалуын қадағалайтын іс шараларды өңдеп дайындау.
Барлық экономикалық ғылымдар үшін жалпы зерттеу объектісі болып өндірістік қарым-қатынастар табылады,және олар жүйелі түрде бір-бірімен тығыз байланысты.Өндірістік қарым-қатынастар мен экономикалық байланыстардың даму дәрежесіне байланысты жеке шаруашылық субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдаудың де рөлі жоғарылай түсті.Ол өз қатарында жаңа теориялық базалар мен жаңа әдістемелерді қажет етті.
Нақтылай келгенде шаруашылық субъектінің қаржы-шаруашылық талдауының объектісі болып кәсіпорындағы ақпараттық ағымдардың мәні мен құрылымын зеттеу табылады.Жалпы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайы туралы сөз қозғағанда келесідей ерекшеліктерді ескеру қажет:
Біріншіден, кәсіпорынның іскерлігі мен оның іскерлік белсенділігінің жалпы жүйелі сипатта қарастырылуы қажет.
Екіншіден, шаруашылық үрдістің жүзеге асуында оған көптеген объективті және субъективті факторлар әсер етеді.
Үшіншіден, кәсіпорынның жағдайына толық баға беру үшін,оның іскерлік белсенділігінің сандық параметрлерімен қатар сапалық та параметрлерінің маңызы зор.
Төртіншіден, кәсіпорындарда талдауға қаржылық және өндірістік аямен қатар, заңдық, әлеуметтік және экологиялық аспектілер де кіреді.
Бесіншіден, бухгалтерлік есеп іскерлігінің аясымен қаржы-шаруашылық қызмет аясын теңдестірудің қажеті жоқ.Бірақ екеуі де шаруашылық субъектілердің шаруашылық іскерлігін зерттесе де біріншісі үшін қаржы көздерінің және оның қаржылану көздерінің қозғалысын ақшалай түрде үздіксіз тіркеу болса,ал екіншісі үшін басты мәселе-шаруашылық іскерліктің нәтижесін бағалау,осы кезеңде орын алған жетістіктер немесе шығындар әсер еткен факторларды анықтау,сонымен қатар болашақтағы кәсіпорынның іскерлігін болжау мен жоспарлау жатады
Ұйымдағы аудиттің басты бағытының бірі оның қаржылық жағдайына талдау екені анық. Ұйымның қаржылық жағдайы оның қаржы-қаражатының құрылу көздерімен қолданылуын көрсететін кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштерінің жиынтығы.Нарықтық экономикада кәсіпорының қаржылық жағдайы оның іскерлігінің соңғы нәтижесін көрсетеді.Ұйымның іскерлігінің соңғы нәтижесі ұйымның құрылтайшыларын,оның іскерлік серіктестерін және салық органдарын қызықтырады.
Құрылтайшылар қаржылық есептілікті өздерінің пайдасын жоғарылату және ұйымның оң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында талдайды.
Кредиторлар мен инвесторлар қаржылық есептілікті қарыз қаражаттар мен салымдар бойынша тәуекел деңгейін төмендету үшін талдайды.Қабылданатын шешімдердің барлығы тек қана талдаудың нәтижесіне сүйенеді деп анық айта аламыз.
Кәсіпорынның іскерлігіне қаржылық талдауда ақпараттың негізгі көзі болып бухгалтерлік есепілік табылады.Ұйымның есептілігі қаржылық есептіліктің ақпараттарының негізінде жасалып ұйымды қоғаммен және іскерлік серіктестерімен байланыстыратын ақпараттық буын болып табылады.
Бухгалтерлік есептілік бухгалтерлік есеп беру құжаттарының толық жинағынан тұрады,сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгатерлік есептілікті қадағалауға арналған нормативтік актілеріне сәйкес арнайы формалардан тұрады.
Соңғы жылдары есептілік формаларында мазмұнды және сандық аспектілері бойынша да біртіндеп оңайлату үрдісі байқалуда.Бұл өзгерістер бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттардың талаптарына байланысты орын алып отыр.Есептілікте тлдаушылардың үлкен қызығушылығын тудыратын оңдаған ақпараттар бар.Қаржылық жағдайды бағалау қаржылық көрсеткіштерге анықтап тұрып талдау жасап алмай мүмкін емес.
Тек қаржылық талдау жасау негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы күшті және әлсіз жақтарын анықтау арқылы оларды күшейту мен жоғалту шаралардың тізбегін жүзеге асыруға болады.
Біздің Қазақстан Республикасы көбінесе Ресей мемлекетінің тәжірибесіне сонымен қатар батыс тәжірибесіне де сүйенеді.
Бұл мәселе бүгінгі таңда өте актуалды және үлкен дамыту жолында,оның мақсаты кәсіпорынның қаражатын дұрыс орналастырудың,пайдаланудың жолдарын іздеп, яғни оптималды пайда мен минималды шығынға қол жеткізуге барынша ұмтылу.Теориялық негіздемесіне келетін болсақ бүгінгі таңда біздің елімізде әдебиеттер жазылған,бірақ қазақ тіліндегі әдебиеттер шамалы екенін айта кеткен жөн,сонымен қатар бізде интернет жүйелерінен біршама ақпарат алуға болады,онда әсіресе ҚҚА мен KASE және т.б сайттарды көптеп қолдануға болады.Мұндағы ақпарат көздеріне тағы кәсіпорынның қаржылық есептілігі,оның балансы,табыстар мен шығындар туралы есептілігі және ақшалай қаражаттар туралы есептіліктері ұсынылады. Зерттеу әдістерінде онда жалпы талдаудың бір түрін (көлденең, тікелей, SWOT талдау және т.б) жүргізіп, яғни бұл жерде сәйкесінше экономика-математикалық, статистикалық әдістердің біреуі қолданылады, қаржылық коэфиценттерді есептеу жолымен кәсіпорынның толық қаржылық жағдайына баға беру және оны жақсартужолдарын ұсынып оларды жүзеге асыруға қадам жасау.
Осы дипломдық жұмысымның басты мақсаты — жоғарыда ұсынылған принциптермен әдістерді басшылыққа ала отырып ЖШС СП «FIAL» кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.
Дипломдық жұмысым кіріспеден,яғни кіріспе бөлімінде жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңыздылығы оның бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы рөлі мен алар орны сипатталған.
Бірінші бөлімінде жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайына түсінік және қаржылық талдауда қолданылатын ақпарат базалары көрініс тапқан.
Екінші бөлімінде, ЖШС СП «FIAL» мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау қарастырылған.
Үшінші бөлімінде,жүргізілген талдау нәтижесі бойынша оны жетілдіру жолдары ұсынылды.
Қорытынды бөлімінде жалпы дипломдық жұмыста қарастырылған барлық мәселелердің түйіндісі мен оны дамытудың ұсынылған жолдары жинақталып жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет