Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары



бет8/15
Дата20.12.2022
өлшемі133,11 Kb.
#58483
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Таза айналым капиталы кәсіпорынға айналым активтерінің жылдамдығы төмедеген жағдайда(мысалы,дебиторлық міндеттемелердің жабылуы тежелген кезде немесе өнімді өткізуге байланысты қиын жағдайлар туындаған кезде),айналым активтерінің құнсыздануы немесе олардың жоғалтулары орын алғанда(мысалы, дайын өнімге бағаның төмендеуі, дебитордың банкротқа ұшырауы) үлкен қаржылық тәуелсіздікпен қамтамасыз ете алады.Таза айналым капиталының оптималды сомасы кәсіпорынның іскерлігінің ерекшеліктеріне, кәсіпорынның көлеміне, өнімнің өткізілу көлеміне,материалды-өндірістік қорлармен дебиторлық міндеттемелердің айналым жылдамдығына,салалық ерекшеліктері мен шаруашылық конъюнктурасына да байланысты.Кәсіпорынның қаржылық жағдайында оның шамадан тым көп болуы немесе шамадан тым аз болуы да теріс әсер береді.Бұл қаражаттардың жеткіліксіздігі кәсіпорынның банкроттығына әкелуі мүмкін,өйткені ол оның қысқа мерзімді міндеттемелерін жаба алмауының белгісі.Оның жеткіліксіздігі шаруашылық іскерліктегі шығыстардан, қамтамасыз етілмеген дебиторлық міндеттеменің өсуімен,негігі құралдардың қымбат объектілерін, алдын ала осы мақсатқа ақша қорын жинақтамай сатып алған кезде,сәйкес пайданың орын алмауында дивиденттердің төленуі,кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерін жабуға қаржылық қамданудың орын алмауынан болуы мүмкін.Ал оның мәнінің шамадан тыс үлкен болуы қорлардың тиімсіз қолданылуының белгісі.Оған мысал болып келесілер табылады: шаруашылық іскерлігінің қажеттілігінен жоғары мөлшерде несие алу немесе акциялар шығару, негізгі құралдарды сатудан айналым қаражаттарының жинақталуы немесе амортизациялық аударымдардың оларды жаңа құрылғыларға ауыстыру орын алмай тұрып жинақталуы,шаруашылық іскерліктен түскен пайданың тиімсіз қолданылуы.Біздің қарастырып отырған кәсіпорнымызда оның мәні біршама жоғарылаған.Оның динамикасының өсуі банктерден алынған несиенің көлемінің жоғарылауынан орын алып отыр.
Іскерлік белсенділік көрсеткіштеріне тоқталайық:
№3 кесте-іскерлік белсенділік көрсеткіштері (2005 жыл бойынша).

Іскерлік белсенділік көрсеткіштері

Формуласы

Жолдын коды

Мәні

1активтер айналымы

Таза пайда/
Активтердің орташа жылдық сомасы

39.001/024жб-023жб+024жа-023жа

3

2.дебиторлық міндеттеменің айналымы

365/өнімді өткізуден түскен таза пайда/сатып алушылардың таза орташа жылдық дебиторлық міндеттемесі

365/39.001/018 орт мәні

12

3.кредиторлық міндеттеменің айналымы

365/сатылған өнімнің өзіндік құны/жабдықтаушыларға ортажылдық кредиторлық міндеттеменің сомасы

365/39.002/036/2

31

4.материалды-өндірістік қорлардың айналымы

365/сатылған өнімнің өзіндік құны/материалды-өндірістік қорлардың орта жылдық құны

365/39.002/015жб-019жб+015жа-019жа

25

5.операциондық циклдың ұзақтығы

Күнмен көрсетілген дебиторлық міндеттеменің айналымы+күнмен көрсетілген материалды-өндірістік қорлардың айналымы

П2+П4

37






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет